СабақТЫҢ технологиялық картасы № І блок «Мақсаттылық» Пәні



бет10/12
Дата07.11.2022
өлшемі92,25 Kb.
#156782
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
14 - Кіріктіріп оқыту

ГИПЕРМӘТІН № 3
Жаңа заман моделінің бір түрі - Мүгедектіктің медициналық моделі. Аталған модель бойынша психофизикалық және интеллектуалдық дамуында бұзылыстары бар адам ауру деп саналады. Мүгедектіктің медициналық моделі мүгедектікті медициналық феномен деп анықтайды («ауру адам», «ауыр физикалық кемістіктері бар адам» және т.б.). Бұл модель 18 ғасырда медицинаның әлеуметтік институт ретінде қалыптасуымен байланысты.
Медициналық бағыттың шеңберінде Еуропа мемлекеттерінде әлеуметтік саясаттың патерналистік жүйесі пайда болды. Мемлекет мүгедектікті еңбекке жарамсыздық деп қарастырып, анықталған жағдайда, адамға тегін медициналық қызмет көрсету, зейнетақы, жәрдемақы түрлерінде әлеуметтік көмек көрсетеді.
Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы мектептер мен техникумдар ашылып, мүгедектерге арналған өндіріс орындарына жұмысқа орналастырылған. Патерналистік саясат мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды еңбекке жарамсыз, немесе жарамдығы шектеулі деген түсінікпен теңестірген, ал бұл жағдай олардың өзіндік әлеуметтік белсенділіктерін төмендеткен. Мүгедектіктің медициналық моделі ұзақ уақыт бойы доминантты болып, ерекше ғылымилық пен адамгершілік деп саналған, оны тағы да «әкімшілік» моделі деп аталған, өйткені ол денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту жүйелер негізінде пайда болған (Е.Р.Ярская-Смирнова мен Э.К.Наберушкина). Мүгедектіктің медициналық моделі адамдар арасындағы физикалық және психикалық айырмашылықтарын патологиялық ауытқушылықтар мен кемістіктер терминдері арқылы қарастырылады. Медициналық модельдің ерекшелігі - мүмкіндігі шектеулі адамдарды өзіне жауап бере алмайды, еңбектене алмайды, компетентті емес деп қарастырды.
Медициналық модель жағдайында мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен жүргізілетін жұмыс патерналистік мінезді (қоғамның шектеу қоюы, қамқорлық жасау ұстанымы және адамды өмір сүру үшін емдеу, еңбекпен емдеу, арнайы қызмет көрсету). Мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы оқу мекемелері, арнайы өндіріс орындары және санаторийлер оларды қоғамнан шектетіп, құқықтарының іске асырылуына кері әсер етеді. Мүгедек балаларға арналған арнайы оқу мекемелері медициналық модельді бейнелейді – әр балаға үйінде білім алуға мүмкіндік жоқ.
А.Е.Думбаева мен Т.В.Попованың ойынша, медициналық модельдің негізгі үш түрі бар: классикалық медициналық, реабилитациялық және экономикалық.
А) Мүгедектіктің классикалық медициналық моделі (немесе «әкімшілік моделі») адамдар арасындағы физикалық және психикалық айырмашылықтарды патологиялық ауытқушылықтар мен кемістіктер терминдері арқылы қарастырады.
Мүгедектіктің классикалық медициналық моделінен функционалдық шектеуліктің анықтамасы шығарылады – тұлғаның дені сау адамдармен қатар бірқатар қызметтерді орындай алмауы:
- өзін-өзі күте алмауы;
- қарым-қатынасқа түсудегі, білім алудағы, қозғалудағы, өзін-өзі қадағалаудағы шектеулер;
- экономикалық тәуелділік саясаттың субъекті емес, объекті болуы тиіс.
Медициналық модельдің идеологиясы қазіргі күнге дейін заң шығаруға, әлеуметтік саясатқа және әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыруға әсер етеді. Мүгедектіктің реабилитациялық моделі. Бұл модельдің мақсаты – мүгедекті қоғамға бейімдеу, енгізу, бірақ мүгедектің қызығушылықтарын ескере отырып қоғамды өзгерту және оның әлеуметтік статусын жоғарылату қарастырылмайды. Көптеген зерттеушілер мүгедектіктің медициналық моделі жайлы айтқанда осы екі модельдің аралас мінезді екендігін ескертеді.
Мүгедектіктің медициналық және әлеуметтік модельдерінің дифференциалды көрсеткіштері

Медициналық модель

Әлеуметтік модель

Бала жетілмеген

Әр бала құндылық деп қабылданады.

Диагноз

Бала мен оның ортасы анықтайтын оның күшті жақтары және қажеттіліктері.

Кемістіктердің мағынасын күрделендіру.

Кедергілерді анықтау және қиындықтарды шешу.

Бұзылыс назардың ортасында.

Нәтижеге бағытталған іс-шаралар жүргізу.

Қажеттіліктерді бағалау, мониторинг, бұзылыстар терапиясы.

Қосымша ресурстарды қолдану арқылы стандартты қызметтерді қолжетімді жасау.

Шеттету және нақты, ерекше қызметтер ұсыну.

Ата-аналар мен мамандарды оқыту мен дайындау.

Тұлғааралық қарым-қатынас қажеттіліктері назарға алынбайды.

Бір-біріне ұқсамайтын адамдар арасында қарым-қатынасты орнату.

Қалыптылыққа жақын жағдайда қалыпқа келтіру, болмаса ауруханаларда (интернаттарда және т.б.) дәрігерлердің қарамағында өмір бойы қалу.

Айырмашылықтарға қолдау жасалып, қабылданады. Әр баланы «қосу».

Қоғам өзгеріссіз қала береді.

Қоғам дамиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет