СабақТЫҢ технологиялық картасы № І блок «Мақсаттылық» Пәні



бет11/12
Дата07.11.2022
өлшемі92,25 Kb.
#156782
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
14 - Кіріктіріп оқыту

ГИПЕРМӘТІН № 4
Мүгедектіктің әлеуметтік моделі. 20-шы ғасырдың 70-жылдарында Скандинавияда «медициналық модельдің» альтернативасы ретінде «қалыптандыру» түсінігі пайда болды. Қалыптандыру концепциясы даму ерекшеліктері бар баланы жаңа бағыттан қарастырып, ол тұратын қоғамда қабылданған мәдени ережелерге сай тәрбиелеуге назар аударды. Бұл кезең дамуында ерекшеліктері бар балалардың қалыпты құрдастарының қатарына интеграциялану процесімен байланысты. Интеграция бұл контекстте ассимиляция процесі деп қарастырылды (адамның доминантты мәдениетке сай ережелерді қабылдап, өз іс-әрекетінде оларды орындауы). «Қалыптандыру» түсінігінің негізінде келесі ережелер жатыр: мүмкіндігі шектеулі балалар – түрлі іс-әрекеттерді меңгеруге қабіллетті, дамып келе жатқан адам. Яғни, қоғам мұны мойындап, қалыпты жағдайға мүмкіндігінше жақын өмір сүру жағдайын қамтуы тиіс.
Қоғамның көзқарасын өзгерту мақсатымен, қысым көрсетпей баланың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғауға, баланы оқуға және күш-жігерін жинақтауға бағытталған модель - «қалыптандыру» моделі. 1981 жылдан бастап (мүгедектердің Халықаралық жылы) мүгедектіктің әлеуметтік моделі кеңінен пайдаланыла бастады: мұнда мүгедектіктің өзінің әрі оны реабилитациялауда қоғамның ролінің маңыздылығы негіз деп саналды. 1990 жылдары мүгедектіктің анықтамасына оның еңбектену қабілеттілігімен қатар өмірлік іс-әрекеттерінің басқа да жақтары қосылды. Бұл бағыттың мағынасы 1991 жылы АҚШ-та қабылданған мүгедектер туралы заңда былай деп берілген: «мүгедектік» - бір немесе одан көп тұлғалардың негізгі өмірлік іс-әректтерін шектейтін, қалыптылықтан ауытқыған физикалық немесе ақыл-ойдың дамуындағы ауытқушылық. Әлеуметтік модельдің авторлығы (оны кейде «интерактивті модель» немесе «өзара байланыс моделі» деп атайды) мүмкіндігі шектеулі адамдардың өздеріне тиесілі. 1976 жылы «Физикалық кемістіктері бар адамдардың бірлестігі шеттетуге қарсы» атты ұйым Пол Ханттың идеяларын әрі қарай дамытты. Бұл ұйым мүгедектіктің (UPIAS) жаңа анықтамасын ұсынды. «Мүгедектік» - физикалық кемістіктері бар адамдарға аз мөлшерде немесе мүлдем назар аудармайтын заманауи әлеуметтік құрылымның әсерінен пайда болған кедергі немесе белсенділікті шектеу, яғни ол кедергі мүгедектердің қоғамның негізгі әлеуметтік іс-әрекетіне қатысуына жол бермейді. Бұл модельдің назарында – нақты адам мен оны қоршаған ортасы арасындағы байланыс. Әлеуметтік модельге сәйкес, мүгедектігі бар адам қоғамдық қарым-қатынастың тең құқылы субъекті болуы тиіс, және де қоғам оған тең құқықтар, тең мүмкіндіктер, тең жауапкершілік және оның ерекше қажеттіліктеріне сай еркін таңдау беруі керек. Бұл модель көптеген дамыған мемлекеттерде ресми түрде мемлекеттік деңгейде қабылданған (АҚШ, Ұлыбритания, Швеция). Әлеуметтік модель мүгедектікті медициналық бағытта қабылдауға альтернатива ретінде құрастырылған. Сондықтан ол мүгедектігі бар адамдарды шеттету кедергілері мен қоғамның толыққанды мүшесі болдырмау себептерін анықтауға бағытталған. Біз қарастыратын классификацияның авторлары (А.Е.Думбаев, Т.В.Попова) бойынша түрлі әлеуметтік модельдер арасынан келесілерін бөліп алуға болады:
А) Материалистік модель
Б) Тәуелсіз өмір моделі
В) Handicap моделі (концепциясы)
Г) Кіші топтар концепциясы
Д) Психоәлеуметтік модель
Е) Мүгедектіктің мәдени моделі
Ж) Адамдар түрлілігі моделі
Мүгедектіктің бұл моделінде үш негізгі постулаттар бар:
- мүгедектер соқтығысқан қиындықтардың бастауы, бірінші кезекте, әлеуметтік жағдайлардың нәтижесі;
- қоршаған ортадағы көптеген қажетті жағдайларды қоғам мен нәтижелі саясат қамти алады;
- демократиялық қоғамда саясат мүгедектерге қатынасын бейнелеумен қатар оларға деген дұрыс қатынастың қалыптасуына белсенді әсер етуі керек.
Қоғамда әлеуметтік модельдің орнығуы мүгедектікті ауру мен еңбекке қабілетсіздік деп қабылдау стереотиптерінің жойылуына әкеліп, ұжымның үйлесімді дамуына негіз болады. Сонымен қатар, бұл мемлекеттік саясаттың жүйелі шаралар орындауын талап ететін ұзақ процесс. Қазіргі уақытта мүгедектіктің әлеуметтік моделі мүгедектік мәселелерін бұзылған әлеуметтік байланыстарды қалыптандыру аспектінде қарайтын бірқатар халықаралық құжаттарда бейнеленген. Мүгедектерге медициналық көмек берумен қатар, маңызды рольді басқалармен тең мүмкіндіктерге қол жеткізуді қамту алады. Білім беру саласында инклюзивті білім берудің приоритеті басты деп саналып: мүгедектер «білім алуда ерекше қажеттіліктері» бар адамдар деп қарастырыла бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет