ГИПЕРМӘТІН № 5 Мүгедектіктің «жаңа» парадигмасы мүгедектік түсінігін мүлдем қабылдамайды, ғылыми қауымдастықта жақын арада мүгедектіктің әлеуметтік модельдерінің идеологиясы «кешегі күнгі идеология» деген тақырыпта дебаттар басталды. Мүгедектіктің жаңа парадигмасының пайда болу уақыты келді. Зерттеушілердің ойынша, бұл пікірдің дұрыстығын растау үшін негізгі үш сыни ескертулерге тоқталған дұрыс:
- мүгедек пен қоғамның әлеуметтік өзара байланыстарын талқылау аурулар мен зақымдар кеңістігінде жүргізіледі;
- мүгедектік индивидтің ауруы немесе кемістігі бар болуының себебі ретінде модельденген соң қоғам дені сау көпшілік пен «басқаларға» (ауру, әлсіз) бөлінеді. Онда келесі бірлесу дұрыс болар: «қоршаған ортаның қолжетімдігі мүгедектік», мұнда акцент мүлдем басқа кеңістікке ауысады: мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды идентификациялауда мүгедектік, олардың басқа қасиеттеріне қатысты, негізгісі ретінде қарастырылады.
Бұл сынауды ескере отырып, қазақстандық авторлар А.С.Думбаев және Т.В.Попова мүгедектік пен әлеуметтік саясатты қабылдаудың бірнеше даму траекториясын болжайды:
1) егер мүгедектердің өз құқықтарына күресі жеңіспен аяқталса, онда ешқандай кедергілер қалмай, мүмкіндіктерді шектеу де болмайды. Мүмкін, мүгедектердің басты айырмашылығы болып жаңа технологияларды белсенді қолдану болып табылар, сондықтан кейбір зерттеушілер мүгедектіктің техникалық моделін ұсына бастады.
2) Мүгедектікті қарастырудың жаңа парадигмаларына «жұмыссыздық мүгедектік моделі де қосылады. Бұл модельдің шеңберінде келешекте «мүгедек» түсінігі жойылып, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жұмыссыздармен мағыналық негізде бірігуі мүмкін. Мұндай жағдай да іске асырылуы мүмкін, егер қоғам барлық кедергілер түрлерін жойса, бірақ қоғам барлық мүгедектерді қамтуға жағдай жасай алмайды. Яғни, еңбектене алмайтын немесе жұмыссыз мүгедектер халықтың басқа сегменттерінен ерекше деп идентификацияланып, басқа жұмыссыздармен қатар жұмыссыздық жәрдем ақысын алады. «Жұмыссыздық» түсігінігінің мағынасы кеңейеді, өйткені мүгедектер мен дені сау адамдардың «жұмыссыздық» негізде бірігуі арқылы «жұмыссыз» категориясы жаңа мағынаға ие болады. Қоғамның көзқарасы тұрғысынан жұмысы бар мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың басқалардан ешқандай айырмашылығы болмайды.