СабақТЫҢ технологиялық картасы № І блок «Мақсаттылық» Пәні


Пайдаланған әдебиеттер тізімі



бет8/12
Дата07.11.2022
өлшемі92,25 Kb.
#156782
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
14 - Кіріктіріп оқыту

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Жалпы білім беретін мектептерде арнайы сыныптардың жұмысын ұйымдастыру. Әдістемелік ұсынымдар. – Астана . : Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА , 2016. – 47 б.
2. Елисеева И.Г. Жангазиева Т.А., Амрина Б.Б., Чумакова О.Ф. Организационные основы и формы включения школьников с ограниченными возможностями в общеобразовательный процесс. Методические рекомендации. Алматы. 2013, 83 с.
3. Инклюзивтік білім беру жағдайында 8 санат бойынша ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалардың оқытуын ұйымдастыру. Әдістемелік ұсынымдар. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016. – 64 б.

ГИПЕРМӘТІН № 1
«Табиғаттың мүмкіндігі шектеулі деп есептемейік! Адамның өнері арқылы бұл мүмкіндіктін шектеусіз сипатқа ие болуы да ықтимал», Ж. Ламетри айтқандай, қазіргі таңда барлық әлемде жеке қажеттілікті түзету, педагогикалық қолдау мен бейімдеу баланы емес, балалардың білімдік сұраныстары мен жеке ерекшеліктеріне ортаның, отбасының белсенді қатысуымен білімт беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын барлығы үшін бір мектеп немесе инклюзивті білім беру туралы айтуда.
Инклюзивті білім беру – мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытып үйретудің бір формасы. Бұл арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. Нағыз инклюзив білім берудің екі жүйесін жалпы және арнаулы жүйелерді бір біріне қарама-қарсы қоймай қайта жақындатады. Олардың арасындағы шекараны ашады. Инклюзивті білім берудің Қазақстанда өріс алуы қажеттілік әрі перспективалық іс екенін мойындаймыз. Осы кезде ғылыми ортада педагогикалық қауымдастықтар арасында инклюзивтік білім беру (баршаға қол жетімді және бәріне бірдей білім беру жүйесіне қосу) идеясы кең етек алып келеді.
Дамуында қиындықтары бар адамдардың қоғамға интеграциялануы қоғамның өзінің осы адамдарға қатынасына, мүгедектердің өмірлері, ерекшеліктері жайлы мәліметтеріне байланысты. Әдебиеттерді талдау арқылы анықталды – қоғамның дамуының түрлі кезеңдерінде мүгедектік туралы түрлі пікірлер қалыптасқан: діни, медициналық, әлеуметтік. Зерттеушілер даму мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қоғамдық қатынас модельдерінің түрлі классификацияларын ұсынды.
Біздің ойымызша, ұсынылған классификациялардың арасында қазақстандық авторлар А.Е.Думбаев пен Т.В.Попованың классификациясы мәселені жан-жақты қарастыруға мүмкіндік береді. Зерттеушілер Е.Р.Ярская-Смирнова мен Э.К.Наберушкина мүгедектіктің он екі түрлі тарихи және заманауи модельдеріне негізделе отырып мүгедектік модельдерінің келесідей топтастырылуын ұсынады:
1. «Ескі» (дәстүрлі) модель – классикалық, медициналық, реабилитациялық және экономикалық модельдерден тұрады, яғни мүгедектікті «медициналық» бағытта қарастыру.
2. «Жаңа» (дәстүрліден соң) модель - мүгедектікті «әлеуметтік» бағытта қарастыру.
3. Мүгедектіктің «жаңаша» парадигмасы.
Авторлардың ойынша бұл классификация мүгедектікке байланысты көзқарастар дамуының тек тарихи аспектілерін емес, сонымен қатар тәжірибелік бағытты да қарастырады. Қазіргі уақытта халықаралық және отандық саясатта приоритетті болып мүгедектіктің әлеуметтік моделі саналады, бірақ діни және медициналық модельдер де кейбір жағдайларда қалдықты қалып түрінде көрініс табады.
А.Е.Думбаев пен Т.В.Поповалардың еңбектерінде моральдік (діни) және мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жекелендіру түрлерін қарастыратын модельдер терең сипатталмаған, бірақ аталған модельдер адамзат дамуының ерте кезеңдерінде орын тапқан.
І. Даму бұзылыстары бар адамдарды жекелендіру бірнеше модельдерден тұрады – «адам емес моделі», «қоғамға қауіпті», «аяныш нысанасы», «қамқорлықты қажет ететін нысаны» және т.б.
ІІ. Мүгедектіктің моральдік (діни) моделі – тарихи есеппен ең ерте пайда болған, қазіргі уақытта қолданылмайтын, мұнда мүгедектік «ұят» деп, күнәлары үшін жаза деп саналған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет