СабақТЫҢ технологиялық картасы № І блок «Мақсаттылық» Пәні



бет5/12
Дата07.11.2022
өлшемі92,25 Kb.
#156782
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
14 - Кіріктіріп оқыту

VІ. Білімді жүйелеу

Жарыс
сөзге шығу

Проблемалық мәселе бойынша өз ойларымен бөліседі.

VІІ. Екінші бекіту кезеңі

Шығармашылық жоба құру

Инклюзивті білім беру модельдері:

  1. 1-топ: «тарихи және заманауи модельдер.

  2. 2-топ: медициналық модель.

  3. 3-топ: реабилитациялық модель.

  4. 4-топ: мәдени-экономикалық моделі.

  5. 5-топ: мүгедектіктің «жаңа» парадигмасы.

VІІІ.
Қорытындылау

Оқытушының қорытынды әңгімесі

Инклюзивті білім берудің негізгі идеясы - баланың білім беру жүйесіне қосылуға дайын болуы емес, жүйенің өзінің кез-келген баланы қосып алуға дайындығында. Яғни, барлық педагогтар мен ата-аналар инклюзивті білім беруді – жалпыға білім беру мектебі мен балабақшаға ашық есік ғана емес, сонымен бірге білім беру нәтижесіне жауапкершілік деп түсінулері тиіс. Оның сапасы мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу қажеттіліктеріне байланысты ұсынылатын қызметтердің сай болуына тәуелді.

ІХ. Бағалау




Сабаққа белсене қатысқан білім алушылардың білімін бағалау және баға қою.

Х. Үй тапсырмасын беру




Дәрісбаянды оқу және мазмұндау.




ТАҚЫРЫБЫ: Кіріктіріп оқытудың формалары және түрлері


Жоспары:
1.Интеграция тұрақты білімдік кеңістікке балаларды кіріктіруге бағытталған күш ретінде.
2.Инклюзивті білім берудің моделі, формалары мен түрлері.
3.Кіріктіріп оқытудың түрлері: әлеуметтік-білімдік; аралас; толық; жартылай; уақытша.

Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беру идеяларының пайда болуы мен енгізілуі п.ғ.д., профессор Р.А.Сулейменованың атымен байланысты. Р.А.Сулейменова даму кемістіктері бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және кәсіби–еңбектік реабилитациялау Республикалық ғылыми-практикалық орталығының негізін қалаушы, директоры, соңынан бас директоры.


Р.А.Сулейменова берген анықтама бойынша, «инклюзивті білім беру – балаларды бөліп қарастыру кедергілерін жоюға бағытталған, барлық балаларды жалпыға білім беру процесіне қосу мен оларды әлеуметтік бейімдеуде жасына, жынысына, этникалық, діни қатынасына, даму кемшіліктеріне немесе экономикалық статусына қарамастан, отбасының белсенді қатысуымен, балаға түзету-педагогикалық және нақты әлеуметтік қолдау көрсету арқылы, адекватты білім беру жағдайларын жасауда, балалардың білім алу қажеттіліктері мен жеке ерекшеліктеріне баланы емес, ортаны бейімдеуге бағытталған мемлекеттің саясаты.
Яғни, бұл анықтамада инклюзивті білім беру жүйесі барлық балаларға, олардың физикалық, интеллектуалдық, әлеуметтік, эмоционалдық, тілдік немесе басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, білім беруді ұйымдастыруда тең мүмкіндіктер жасалуын қамту қарастырылған. Кең мағынада, инклюзивті білім беру дегеніміз – балаларды өздерінен ерекшеленетін құрдастарымен бірге оқыту. Нәтижесінде өсіп келе жатқан адам қоғамның толыққанды мүшесі болып қалыптаса алады.
Инклюзивті немесе «біріктіріп қосылған» білім беру - мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру мектептерінде оқыту процесін сипаттауда қолданылатын термин. Инклюзивті білім беру – адамдардың түрлі қажеттіліктерін ескере отырып ұйымдастырылған жалпыға білім беру процесінің дамуы. Инклюзивті білім беру оқушылардың айырмашылықтарын мойындаудан басталады. Оқытудағы инклюзивті бағытты дамытуда мұндай айырмашылықтар білім беру процесінің негізін құрайды.
Инклюзивті білім берудің концепциясы барлық балалар, олардың мәдени және әлеуметтік деңгейлеріне, қабілеттері мен мүмкіндіктеріне қарамастан бірдей мектептерге баруы керек, оқуда түрлі қажеттіліктері бар балалар индивидум болып табылады - деген пікірлерге негізделеді. Бүгінгі күнде қарастырылатын нормативті-әдістемелік құжаттармен нақты анықталған даму мүмкіндігі шектеулі балалар өзінің мекен-жайына жақын орналасқан, балаға қажетті түзету көмегін көрсетуі тиіс, кез-келген жалпыға білім беру мекемесінде оқи алады. Мұндай оқыту процесі балаға отбасынан, үйінен, туыстары мен жақындарынан, достарынан ажырамай білім алуға, қоғамға қосылып әлеуметтену мәселелерін нәтижелі шешуге көмек береді. Есейе келе, балалар өзіндік ерекшеліктерін қабылдап, басқа адамдардың ерекшеліктерін ескеруге үйренеді. Әлеуметтік–философиялық мағынада инклюзивті білім беру қоғам мен білім беру институттар жүйесі қолдап, дамытатын қалыпты балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың бірге өмір сүруінің түрі (формасы). Бұл контекстте инклюзивті білім беру әрбір оқушы білім алу орнын, тәсілі мен тілін таңдауға құқылы, білім беру мекемесінде мүмкіндігі шектеулі балалардың нәтижелі білім алуы мен дамуына қажетті жағдай жасау, оларды жалпыға білім беру мекемесінің оқу процесіне толық қосу – деп, қарастырылады.
Инклюзивті бағыт балалардың түрлі білім алу қажеттіліктерін түсіну мен қажеттіліктерді ескеру арқылы білім беру процесіне қатысуға керек қызметтерді ұсынуды қарастырады. Бұл процеске қоғам қатысып, білім беру саласындағы сегрегация мен дискриминацияны жою тиіс.
Қалыпты деңгейдегі оқушылар үшін инклюзивті білім беру дегеніміз – инклюзивті және қалыпты сынып арасында таңдау жасаудағы еркіндік, және де, егер бірінші нұсқа таңдалса – баланы білім беру стандартында қарастырылған, білім алу сапасы мен оқу жылдамдығымен қамту, баланың инклюзивті білім беру ережелері мен белгіленген әлеуметтік ұстанымдарды қабылдауы. Осындай жағдайда ғана «инклюзивті қоғамға» көшу іске асырылады, яғни балалар арасындағы айырмашылықтар «өзара байланыста даму» ресурсы деп қарастырылатын әлеуметтік қарым-қатынастар нұсқасында.
Инклюзивті бағыттың жетістіктері:
- мүмкіндігі шектеулі баланың әлеуметтенуіне жағымды жағдайлар жасалады.
- Дамуында түрлі бұзылыстары бар балалардың оқу және оқу іс-әрекетінен тыс байланыстарға түсу мүмкіндіктері қамтылады.
- Педагогтардың квалификациясы жоғарылайды.
- Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде жаңа технологиялар құрастырылып, енгізіледі.
- Арнайы (түзету) ұйымдармен, әлеуметтік және медициналық мекемелермен өзара байланыстар орнатылады.
Инклюзивті білім берудің негізгі идеясы - баланың білім беру жүйесіне қосылуға дайын болуы емес, жүйенің өзінің кез-келген баланы қосып алуға дайындығында. Яғни, барлық педагогтар мен ата-аналар инклюзивті білім беруді – жалпыға білім беру мектебі мен балабақшаға ашық есік ғана емес, сонымен бірге білім беру нәтижесіне жауапкершілік деп түсінулері тиіс. Оның сапасы мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу қажеттіліктеріне байланысты ұсынылатын қызметтердің сай болуына тәуелді.
Инклюзивті білім беруде мүмкіндігі шектеулі бала білімдерді жалпыға білім беру стандартында қалыпты балаларға қатысты қарастырылған мерзімде меңгеруі тиіс екендігін ескеретін болсақ, онда мұндай бағыт психофизикалық даму деңгейі бойынша жасына сай немесе оған жақын балаларға ғана қатысты қолданылады. Н.М.Малофеев бойынша, инклюзивті білім беруді ұйымдастыру мектепке дейінгі кезеңде ең нәтижелі. Білім беру ұйымдары оларға адекватты жауап беруі үшін, нәтижелі білім беру стратегияларын іздеп, модельдеп, келешекте тәжірибеге енгізу үшін сипаттама берулері керек.
Инклюзивті білім беру модельдері:

  1. «Ескі» (дәстүрлі) модель – классикалық, медициналық, реабилитациялық және экономикалық модельдерден тұрады, яғни мүгедектікті «медициналық» бағытта қарастыру.

  2. «Жаңа» (дәстүрліден соң) модель - мүгедектікті «әлеуметтік» бағытта қарастыру.

  3. Мүгедектіктің «жаңаша» парадигмасы.

Заманауи педагогикада интеграциялау процесінің дамуына білім берудегі жаңа құндылықтардың пайда болуы үлкен әсер етті. Білім саласындағы құндылықтар, әлеуметтік жүйе ретінде, адам мен қоғамның дамуына жағдай жасайды. Білім беру жүйесі оқушылардың қажеттіліктерін қамтып, білім алып, құқықтарын қорғай алуға көмек береді. Мұның барлығы жалпыға білім беру жүйесінен шеттетілген балалардың топтарына бағытталған мемлекеттің білім беру саясаты. Инклюзивті білім беруді іске асырудағы қажетті көрсеткіштердің бірі – білімнің сапасы. Мұнда білім алу құқығы тек қолжетімділік ғана емес, сонымен қатар балалық шақтан үлкен болғанға дейін білім алу процесіндегі әр адамның жетістіктерге жетуі.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру кеңістігіне жай ғана физикалық қосу инклюзивті білім беру болып табылмайды. ҚР-ң инклюзивті білім беру концепциясы білім беру мекемесінің түрі мен мүмкіндіктеріне байланысты интеграциялаудың әр түрлі модельдері мен түрлерін қолдануды қарастырады. Бұл жағдай түрлі топтардағы балаларды біріктіріп оқытудың жағымды жақтарын іске асыруға жол ашады. Инклюзивті бағыттың интегративтіден айырмашылығы - инклюзивті білім беруде жалпыға білім беру мектептерінде мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналарына қарым-қатынас өзгереді. Білім беру идеологиясы оқу процесі мен білім берудің тәрбиелік мәнін күшейтіп, ізгілендіру бағытында өзгереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет