СабақТЫҢ технологиялық картасы № І блок «Мақсаттылық» Пәні


Интеграциялық оқытудың бірнеше түрлері мен қалыптары бар



бет6/12
Дата07.11.2022
өлшемі92,25 Kb.
#156782
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
14 - Кіріктіріп оқыту

Интеграциялық оқытудың бірнеше түрлері мен қалыптары бар.
Толық интеграция – қандай да бұзылыс түрі бар балыны қалыпты деңгейде дамып келе жатқан балалармен бірге мектепке дейінгі топтарда, сыныптарда оқыту. Толық интеграция психофизикалық және тілдік дамуы жасерекшелік деңгейіне сәйкес немесе жақын, және де балалардың қалыпты құрбыларымен бірге оқуға психологиялық тұрғыдан дайын жағдайында іске асырылуы мүмкін.
Тұрақты, бірақ толық емес интеграция – мүмкіндігі шектеулі мектеп жасына дейінгі балалар мен оқушыларға да пайдалы бола алады. Ол, психофизикалық дамуы жасерекшелік деңгейі қалыптыдан сәл төмен, жүйелі және түзету көмегін қажет ететін, бірақ бірқатар пәндер аймағында қалыпты дамыған құрбыларымен бірге оқи алатын, олармен сыныптан тыс уақыттың көп мөлшерін өткізетін балалар үшін нәтижелі болады.
«Жартылай» интеграция – қалыпты дамудағы құрбыларымен қажетті іскерліктер мен дағдылардың аз ғана мөлшерін меңгере алатын, сыныптан тыс уақыттың аз ғана мөлшерін балалармен өткізе алатын балалармен нәтижелі жүргізіледі.
Тұрақты, толық емес интеграцияның маңыздылығы мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты деңгейдегі құрбыларымен қарым-қатынасын кеңейтумен анықталады. Жартылай интеграция қалыпты және арнайы топтары бар аралас типті мектепке дейінгі мекемелерде, сонымен қатар даму ауытқушылықтары бар балаларға ашылған арнайы сыныптары бар жалпыға білім беру мектептерінде жүргізіле алады.
Уақытша интеграция – бұл арнайы топтың немесе сыныптың тәрбиеленушілері жеткен жетістік деңгейлеріне қарамастан қалыпты деңгейде дамитын құрбыларымен айына 2 реттен кем емес тәрбиелік мәнді іс-шараларды бірге өткізу.
Уақытша интеграцияның мағыналылығы мүмкіндігі шектеулі балаларға қалыпты деңгейлі құрбыларымен қарым-қатынасқа түсудің алғашқы тәжірибесін меңгеруге жағдай жасау.
Эпизодтық интеграция моделі - мүмкіндігі шектеулі балалармен қалыпты деңгейлі балаларды біріктіріп оқыту мен тәрбиелеу жұмысын жүйелі жүргізуге жағдайы жасалмаған арнайы мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарына арналған. Эпизодтық интеграцияның мағынасы болып анық күрделі даму бұзылыстары бар балалардың құрдастарымен аз ғана мөлшерде болса да өзара байланысқа түсуін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі балалар оқытылатын арнайы (түзету) мекеме жағдайында қалыптасатын әлеуметтік қарым-қатынастағы объективті шектеулерден асу табылады. Сонымен бірге, бұл жағдайды инклюзивті білім беру деп атауға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет