Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру Сабақтың түрі: Аралас сабақ



Дата04.05.2017
өлшемі68,96 Kb.
#15559
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Шамалар және олардың өлшем бірліктері. Шамалармен орындалатын амалдар.

Мақсаты:

1. Шамалар және олардың өлшем бірліктерін, шамалармен орындалатын амалдар туралы білімдерін нығайту, пайдалана білуге үйрету;

2. Танымдылық қабілетін, математикалық тілін дамыту.

3.Ұғымталдыққа, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.



Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдісі: талдау, іздену, ауызша, жұптық жұмыс істеу, салыстыру, СТО.

Көрнекілігі: сызбалар, кестелер, АКТ.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

  • Бүгінгі сабақтан не күтесіңдер?

(Гүл шоғын құрастыру.)

  • Осы гүл шоғына қарағандағы көңіл- күйлерің қай смайликке сай болып тұр?


Мұғалім: -Жақсы көңіл-күйдің белгісі - күлімдеу. Ендеше барлығымыз

бір-бірімізге күлімдеп қарап, сабақты жақсы көңіл-күймен бастайық.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Үйге берілген тапсырманың жауабын оқыту, тексеру. Сұрақтар қоя отырып, үй тапсырмасын қорыту.



ІІІ. Мақсат қою кезеңі. Шамалар және олардың өлшем бірліктері. Шамалармен орындалатын амалдар.

ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс.

Мұғалім: - «Шамалар» деген сөзді естігенде естеріңе не түседі?

«Уақыт», «Салмақ», «Ұзындық» туралы білетінімізді жазып шығайық. Бір бірімізді тексерейік.

Электронды оқулықпен жұмыс. Шамаларға берілген тапсырмаларды орындау.

Оқулықпен жұмыс.

Дәптермен жұмыс. 21 783 санын жазамыз.

- Осы санды разрядтық қосылғыштарға жіктесек, неше қосылғыш болады?

- Оқулықтағы №1 тапсырманы ауызша орындап шығайық. Тапсырма соңында бізге берілген тапсырма бар екен, соны оқимыз.

1 сағатта 60 минут бар. 1 минутта 60 секунд бар.

1 жылда 12 ай бар. 168 сағатта 7 тәулік бар

1 сағатта 3600 секунд бар 1 аптада 7 күн бар.



Мұғалім:-Балалар, хатта былай деп жазылыпты: Бірде пайғамбардан періштелер былай деп сұрапты «Білім артық па, дүние- байлық артық па?»

Мұғалім: - Не деп жауап бергенін сабақ барысында тапсырмаларды орындай отырып білетін боламыз.

2. Есептеулерді орындау.

Үш оқушы тақтаға шығып орындайды. Басқа оқушылар орнында отырып дәптерге жазады.

Тапсырмалар дұрыс орындалды. Ендеше «Сиқырлы сандықты» ашып, жауапты оқиық:



Білім артық, себебі ол Пайғамбардан қалған мұра.

3. Кесте бойынша теңдеулер құрастыру және оны шешу.




Қосылғыш

54: х

Х * 5

120

600- 120

1 260

Қосылғыш

11

12 * 9

Х * 3

Х * 6

2 * Х

Қосындының мәні

800: 40

138

375

600

3 000

Тапсырманы талдап, теңдеуді тақтада орындату.

-Тапсырмалар дұрыс орындалды. Ендеше «Сиқырлы сандықты» ашып, жауапты оқиық:



Білімің көп болса, досың да көп болады.

4. Есептің берілгенін оқып, талдау. Шартын құру.



А) 1 тәулікте- 10 000 л ауа

1 айда- ? л

1 жылда -? л

Ш: 10 000 * 30 = 300 000 (л ) 300 000 * 12 =3 600 000 (л )

Ж: 1 айда 300 000 л, 1 жылда 3 600 000 л

Ә) 1 минутта- 60 рет соғады



1 сағатта- ? рет

1 тәулікте- ? рет

Ш: 60 * 60 = 3 600 3 600 * 24 = 86 400

Ж: 1 сағата 3 600 рет, 1 тәулікте 86 400 рет

- Тапсырмалар дұрыс орындалды. Ендеше «Сиқырлы сандықты» ашып, жауапты оқиық:



Білімді іздей берсең, толып көбейеді. Ал дүниені жарата берсең, азайып құриды.
№6.
Есепті шығару. Есептің берілгенін оқып, талдау. Шартын жазу.

1 жылда (365 күн)- 96 360 бірлік

1 күнде- ? бірлік

1 айда- ? бірлік

Ш: 96 360: 365 = 264 264 * 30=7 920

Ж: 1 күнде 264 бірлік, 1 айда 7 920 бірлік

- Тапсырмалар дұрыс орындалды. Ендеше «Сиқырлы сандықты» ашып, жауапты оқиық:



Білімің көп болса, оны қанша ғасыр сақтасаң да іріп- шірімейді, ал дүние ескіреді.
7. Бұрыштарды қалай топтауға болады? Олардың атауларын топтарына сәйкес жаз.

ВАД- тік бұрыш АТК- сүйір бұрыш МКР - доғал бұрыш

-Тапсырмалар дұрыс орындалды. Ендеше «Сиқырлы сандықты» ашып, жауапты оқиық:



Білімді болсаң ел сені құрметтейді, ал , байлығың болса, қызғанышпен қарайды.

- Сонымен, білгеніміздей не артық екен ?



Қорытынды.

ВЕНН диаграммасы.

45 291+9 841 5 ц 82 кг

Айырмашылық.

Ұқсастық

Айырмашылық.










Кері байланыс .

-Не үйрендік?

-Не қиын болды?

-Не қызық болды?



Алма ағашына жазып жапсыру.

Бағалау.

Үйге тапсырма. №5 есеп, 8 тапсырма.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет