Сабақтың тақырыбы: Өрнектер. а+7, а-7
Сабақтың мақсаты:1. 7 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру. Сандар құрамы туралы оқушылар білімін кеңейту.
2. Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру. Есте сақтау қабілеттерін, қосу және азайту амалдарының өзара байланысы негізінде логикалық ойларын дамыту.
3. Ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, көрнекілік, ойын
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі:
1. Сыныпты сабаққа дайындау.
2. Психолгиялық дайындық.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
- Әр тапсырмаларды орындау арқылы жаңа мәліметтер ала аласыңдар.
Тапсырмалар құпия сандықшалар арқылы берілген. Тапсырмасын орындасаң сандықша ашылып, киелі 7 саны туралы мәлімет ала аласың.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Жеті күн: 1.Дүйсенбі 2.Сейсенбі 3.Сәрсенбі 4.Бейсенбі 5.Жұма 6.Сенбі 7.Жексенбі. ІV. ІV. Өткенді қайталау.
Санамақ
Менің туған күнімде Бөлем Бекен келді,
Келді бірім-бірімдеп. Жездем Шәкен келді,
Балнұр тәтем келді, Әпкем Сәпен келді,
Арнұр көкем келді, Достарымнан бесеу келді.
Үлкен атам келді, Ұстазым кештеу келді,
Нағашы әпкем келді, Барлығы нешеу келді?
Жауабы: 13
Жеті ата: Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.
Сергіту сәті
Ал, балалар тұрайық, Солға қарай иіліп,
Алақанды соғайық. Бір отырып, бір тұрып,
Оңға қарай иіліп, Орнымызды табайық.
V. Жаңа сабақ: Өрнектер. а+7, а-7
«Ой шақыру» стратегиясы
6 мен 8 сандарын Балақайлар, табайық
Шақырды дос көршісі. Қонақ қай сан екенін? (7)
Оқулықпен жұмыс №1. Кестелерді толтыр.
а
|
0
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
а
|
10
|
9
|
8
|
7
|
а+7
|
|
|
|
|
|
а-7
|
|
|
|
|
Жеті қазына: Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл- білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, жүйрік тазы, берен мылтық.
№2. 7 мен а сандарының айырмасын жаз. А=7; а=0 деп алып, өрнектің мәнін тап.
7-а, а=7, а=0 . 7-7=0 7-0=7
Жеті жұт: 1.Құрғақшылық, 2. Жұт(мал қырылу) 3. Өрт, 4.Оба(ауру),
5. Соғыс, 6.Топан су 7. Зілзала( жер сілкіну).
№3
Шарты: Шарты:
Пломбир-6 Қайың-4
Эскимо-4 Қарағай-6
Барлығы-? Б Барлығы-? ағаш
Шешуі: Шешуі:
6+4=10 6+4=10
Жауабы: 10 б Жауабы: 10 ағаш
Достарыңызбен бөлісу: |