Негізгі әдіспен қуыру. Бұл өнім бетінде қуырма қабық пайда болғанша 140 – 1500С температурада, аз мөлшердегі майда (өнім массасының 5 – 100 С –ы) өнімді жылумен өңдеу. Бөл әдіс кезінде ошаққа қойылған ыдыста немесе арнайы электротабада май 1500с – 1900с температураға дейін қыздырылады, сосын дайындалған өнім салынады. Барлық бетінде (өнімнің) қуырма қабық алынуы үшін оны аудармалап немесе араластырып, бұғалап отырады.
Қуыру шкафында қуыру. Тайыз ыдысты (суырма таба, таба, тәтті тағам парағы) майлайды да өнімді салады. Сосын оны, 150 – 1700С температурасы бар, қуыру шкафына қояды, өнім төменгі жағынан жылу таратқыш есебінен, ал үстіңгі жағынан қызған шкаф қабырғасынан тарайтын инфрақызыл радиация мен ыстық ауа қозғалысы есебінен қыздырылады.