Сабақтың тақырыбы: Өнімдерді аспаздық өндеу тәсілдері
Сабақ мақсаты: Білімділік – оқушыларға жаңа сабақты мазмұндау. Дамытушылық – оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Тәрбиелік – алған білімдерін өмірде қолдана білуге, ұқыптылыққа, жинақылыққа үйрету.
Сабақтың түрі Аралас.
Сабақтың әдісі Түсіндіру, сұрақ – жауап.
Көрнекілігі Слайдтар
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру бөлімі 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушыларды сабаққа дайындау.
Өткен сабақты қайталау
1.Тамақ дайындау технологиясы пәні нені оқытады?
2. Тамақ дегеніміз...
3. Шикізат дегеніміз...
Жаңа сабақты түсіндіру Көпшілік тағамдарды дайындау (әзірлеу) кезінде өнімдер әртүрлі жылумен өңдеу әдістеріне ұшырайды, бұл олардың жұмсаруына және адам ағзаларының жақсы сіңіруіне септігін тигізеді. Бұдан басқа өнімдер ұнамды иіс, дәм, хош иіс алады. Бұл адамның тамақтану кезінде сілекей және қарын сөлінің күштірек бөлінуін тездетеді. Нәтежиесінде астың сіңірілуін жоғарылатады. Жылумен өңдеу астың залалсыздануына септігін тигізіп, жоғары температурада микроорганизмдер-ді жояды. Өнімдерді жылумен өңдеу: негізгі, құрамды және көмекші болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |