4.Жаңа білімді қалыптастыру Тапсырма. https://itube.kaztrk.kz/kz/videos/46887/jylqy-qazaqtyn-ruhyБейнематериал мазмұны бойынша «Ұлы даланың жеті қыры» деген тақырыпта кластер сызыңыз. Бейнематериалды көріп, тапсырманы орындап болсаңыздар, жауаптарыңды тыңдайық. 1. Атқа міну мәдениеті. 2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия 3. Аң стилі 4. Алтын адам 5. Түркі әлемінің бесігі 6. Ұлы Жібек жолы 7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны.
5.Сабақты қорытындылау. Бағалау 4-тапсырма. Kahoot бағдарламасы арқылы төмендегі сілтемеге өтіп, тест орындаңыз.
«Синквейн» тәсілі бойынша бес жолды өлең жазыңыз. Ұсынылатын сөз «Дала»
6. Рефлексия: » «Сөздер бұрқасыны» тәсілін қолдану арқылы рефлексия өткіземін.
7.Үй тапсырмасын беру. «Ұлы даланың жеті қыры» зерттеу жұмысы
А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі
Оқу сабағының жоспары №10
Диктант
(сабақтың тақырыбы)
Модуль /пән атауы ЖБП 01 Қазақ тілі _____________________________________
Педагог Таналиева К.С дайындады
"08" ___04_________2024__ жылы/ года СКД
"09" ___04_________2024__ жылы/ года қазақ топ
"10" ___04________2024__ __ жылы/ года Хаб.
Жалпы мәліметтер
Курс, топ _І курс_________________
Сабақтың түрі аралас
2. Мақсаты, міндеттері: Есте сақтау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру.Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.Өз ісіне ұқыпты, мейірімді, кешірімшіл болуға тәрбиелеу.
4. Қажетті ресурстар Қазақ тілі, 10-сыныпқа арналған оқулық.
5. Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқушылардың зейінін аудару.
Тақтаға бүгінгі күнді жазып қоямын.
2.Диктант Даланы сағыну
Қызуы азайған дала күні қала жақта көлденең сұлап жатқан көксұр белге төніп, аспанның арғы шалғайына өрт жібергендей, батыс көкжиек әлдебір оқыс лап еткен алкүрең шұғыламен арайланады.
Жайлауда ауыл - ауыл боп жағалай қонған, Көктөбенің іргесін көмкере ойдым - ойдым қотандасып тігілген ақбоз үйлер; үйден үйге кіріп қарбаласқан, ауылдан ауылға бара жатқан үлкенді - кішілі әйел - еркектер, қыз - келіншектер; ауыл сыртына алтыбақан орнатып, әлпеншек тепкен, ән салып күй тартқан, мың бұралып би билеген көңілді жастар; одан әрі сонау сарқырама бұлақ бойында, мынау көк айдын қоғалы көл жағасында ат ойнатқан, ит жүгіртіп, құс салған шабандаоз сері жігіттер; бәрінен аулақ ошарылып, бірақ жайлау шетін тегіс басқан, түгел жапқан қара - құрым мал, ауыл адамдарының әніне үн қоса жамыраған жас төл: боздаған бота, маңыраған қозы, кісінеген құлын... Бәрін ертегідей мұнарта кіреукелеген торғын шымылдық тәрізді жұқа қызғылт нұр...
Осынау жан тебірентер жақсы көрініске қыр үстінен қызыға, сүйсіне қараған Мұхтар ойдағы жайлау көркінен көпке дейін көз ала алмады. Көңілі көтеріңкі. Ойы өрбіп, қиялы сергіп алысқа алып қашқандай.
Сондықтан Мұхтар бүгінде қалада жүріп даланы сағынады. Түбінде Мұхтардың мұхтарлығы дәл осы далаға деген сағынышта жататын шығар. «Отан отбасынан басталады» дегендей, Мұхтардың отбасы да осы далада, демек, отаны да осы дала. Тірі кісі жыл өткен сайын ілгерілейді, өседі десек, Мұхтарды ілгерілететін, өсіретін осынау далаға деген сағыныш болса керек. Даласын сағынып өсіп келеді Мұхтар...
Зейнолла Қабдол. (208 сөз).
Мәтінді бір рет оқып беремін, оқушылар тыныс белгісін қояды.
Үйге тапсырма: Қайталау.
Достарыңызбен бөлісу: |