Сабақтың түрі: Ашық сабақ. Білім саласы: Әлеуметтік орта Оқу іс-әрекеті
Дата 18.02.2017 өлшемі 64 Kb. #10006 түрі Сабақ
Бұл бет үшін навигация: Қоршаған ортамен таныстыру Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз» Біздер жақсы баламыз, Өсті ақыл санамыз. Қонақтармен ең алғаш, а Жақсы ниет тілекпен, Бастайық сабақ бүгін біз. «Тал басында тамаша үй». Ұя мен қарғамын, қарғамын, Көп қой менің арманым. Қарқ-қарқ, келе ғой бұлбұлжан. Қонақжаймын аңқыылдаған. Мен торғаймын, торғаймын, Ағаштарды қорғаймын. Мен бүркітпін, бүркітпін, Құстың бәрін үркіииім,ха-ха-ха. Қарлығашпын қалықтаған, Ұшудан ешбір жалықпаған. Туған жерім – қымбат мекен, Өскен ұям ыстық екен. Ешбір әуен жетпейді екен, – деп Сергіту сәті Мынау басым ақылды, Барлық істі атқарған. Барлық істі атқарған. Жарайсыңдар балалар енді орнымызға дұрыстап отырайық. – Ертегі ханшайымы Дидактикалық ойын: «Жақсы мен жаман» ойынын ойнату. «Құстар біздің досымыз».
Сабақтың түрі: Ашық сабақ.
Білім саласы: Әлеуметтік орта
Оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»
Мақсаты: Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту.
Құстарға қамқорлық жасауға, оларға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Баланың ой-өрісін дамытып, сөздік қорын молайту.
Интеграция: Көркем әдебиет, сауат ашу, музыка, ҚМТҚ.
Көрнекілік: Атрибуттар , Құстардың суреті, Тақта, кеспе әріптер, үнтаспа.
Әдіс-тәсілдері: Психологиялық сәт,сұрақ-жауап, түсіндіру, жазу, сергіту сәті.
Біздер жақсы баламыз,
Өсті ақыл санамыз.
Қонақтармен ең алғаш ,
а мандасып аламыз.
Жарқырасын күніміз,
Жайнап тұрсын гүліміз.
Жақсы ниет тілекпен,
Бастайық сабақ бүгін біз.
Ұйымдастыру кезеңі: Ал қане балалар орнымызға отырып, оқу іс-әрекетімізді бастайық.
– Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
– Бір жылда 4 мезгіл бар.
– Қазір жылдың қай мезгілі?
– Қазір жылдың көктем мезгілі.
– Ендеше кім көктем туралы тақпақ айтып береді?
– Осы көктем айларын тақтаға кім жазып береді?
– Бір жылда неше ай бар? Кәне кім атап бере алады?
– Бір жылда 12 ай бар.
– Аптада неше күн бар?Апта туралы санамағымызды айтып көрейікші.
– Бүгін аптаның қай күні?
– Қазір бізде қай сабақ?
– Қоршаған ортамен таныстыру.
– Ал енді балалар менің сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. «Тал басында тамаша үй». Ұя
– Жарайсыңдар, осы ұяны нелер мекендейді?
– Ұяны құстар мекендейді.
– Құстар туралы сендер не білесіңдер?
– Құстар адамға дос. Олар ағаштарды құрт-құмырысқалардан қорғайды.
Осы кезде, ертегі ханшайымы келеді.
– Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендерге құстар әлемінен бір тамаша ертегі алып келдім. Қане құлақ салып тыңңдаңыздар.
Автор: Ертеде бір бұлбұлдың балапаны болыпты. Балапан өсе келе мінез шығарады. Бірде ол:
— Неге ұяны жерге емес, басқа құстардай биікке салмайсыңдар? Неліктен алып құстадай ірі болмайсыңдар?– деп ата-анасының мазасын алады.
Оны естіген ата бұлбұл:
– Саңқылдап сұңқар, қарқылдап қапға, тыраулап тырна бола алмайсың , шырағым. Ақылың болса өз сәніңмен, өз әніңмен ата жолын жалға, – деп өсиет айтады.
Ерке бұлбұл ата сөзіне құлақ аспайды. Өзінің қандай құс екенін білмейтін ол әсем дауысымен баурап алар серік іздеп, ұясын тастап ұшып кетеді.
Ерке бұлбұл құстар әлемін ұзақ аралайды.
Сөйтіп ерке бұлбұл келе жатып қарғаға кездеседі.
– Қарға : мен қарғамын, қарғамын,
Көп қой менің арманым. Қарқ-қарқ, келе ғой бұлбұлжан.
– Бұлбұл: Өзі қап-қара , даусы қандай жаман еді. Ұнамайды маған.
– Сауысқан: Кел бұлбұлым, Сауысқанмын саңқылдаған,
Қонақжаймын аңқыылдаған.
– Бұлбұл: Қалай дауыстайды? Даусы нашар екен.
– Торғай: Бұлбұлжан келе ғой.
Мен торғаймын, торғаймын,
Ағаштарды қорғаймын.
– Бұлбұл: Қызық қой мынау өзі , шамаңа қарашы.
– Бүркіт: Мен бүркітпін, бүркітпін,
Құстың бәрін үркіииім,ха-ха-ха.
–Бұлбұл: қорқыныштысын-ай, үлкенін-ай.
–Қарлығаш: Келе ғой бұлбұл.
Қарлығашпын қалықтаған,
Ұшудан ешбір жалықпаған.
–Бұлбұл: Қандай ідемі құс еді, бірақ неге құйрығы айыр? Ұнамайды маған. Деп ұша жөнеледі.Қанша құстардың сан алуан түрлері мен тіршіліктерін көреді. Бірақ жүрегіне жақын үн , жанына жайлы ұя таба алмайды. Шаршап-шалдығып өз ұясына оралады.
Балапанын көріп қуанған ана бұлбұл құбылтып ән салады. Сазды әуеніне табиғат тамсанады.
Ән тербеген ерке бұлбұлдың бойы балқып, ұйқыға кетеді. Ертеңіне таңмен бірге оянып:
Туған жерім – қымбат мекен ,
Өскен ұям ыстық екен.
Бұлбұл үні – өз тіліме,
Ешбір әуен жетпейді екен, – деп сан алуан ырғаққа салып сайрайды. Ерке бұлбұлдың сазды әуенін барлық құстар қызыға тыңдайды.Осы күннен бастап әнші бұлбұлдың даңқы бүкіл әлемге жайылады.
Сергіту сәті:
Балалар сендер ертегі тыңдап шаршаған боларсыңдар, шаршағанымызды басу үшін сергіту жаттығуын жасап алайық.
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Барлық істі атқарған.
Мынау менің оң қолым ,
Мынау менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
Жарайсыңдар балалар енді орнымызға дұрыстап отырайық.
– Ертегі ханшайымы: Балалар менің әкелген ертегім сендерге ұнады ма?
– Иә.
– Ертегі не деп аталады?
– Ерке бұлбұл.
– Ертегіде қандай құстар кездесті?
– Қарға, қарлығаш, сауысқан, бүпкіт, торғай.
– Жарайсыңдар.Аленді сендер маған жақсы бір ойын көрсетіп беріңдерші.
– Дидактикалық ойын: «Жақсы мен жаман» ойынын ойнату.
– Жарайсыңдар балалар біз осы оқу іс-әрекетінен қандай жақсы нәрселерді үйрендік?
– Құстарға қамқор болуды, оларды күту керектігін т.б. Ендеше бізоқу іс-әрекетімізді
Құстарымыз аман болсын
Бейбіт тыныш заман болсын, деп бір тамаша «Қарлығаш» әнмен аяқтайық. Достарыңызбен бөлісу: