Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдісі: скт сабақтың тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру



Дата03.02.2020
өлшемі15,82 Kb.
#57096
түріСабақ
Байланысты:
0003e616-b34f0d3f, 12d45874-baef-11e3-b0bc-f6d299da70eeМ.О.Ауезов, m.uezovt-gmeler, mhtar-uezov.-elk-kebek-tragediyasy
Мерзімі

Тақырыбы: Мұхтар Әуезов өмір жолы мен шығармашылығы

Мақсаты: 1. Жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы оқушылардың білімдерін жүйелеу.

2. Өнерге айналған өмірді танып білу, өзіндік тұжырым-пікір жасау дағдыларына үйрету. Адамдық сүйіспеншілік өсиеттерге баулу

3 Азаматтық, гуманистік қасиеттерді дарыту

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: СКТ

Сабақтың тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: қосымша оқулықтар, энциклопедия

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

1. Амандасу, сабаққа дайындалу

2. Сабақ тақырыбын, мақсатын анықтау



ІІ Қайталау

1. Сөзжасам деген не?



ІІІ Жаңа сабақ
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында 1917 ж. Дүниеге келген.

  • Жазушы

  • Қоғам қайраткері

  • Ғұлама ғалым

  • Қазақстан ҒА-ның академигі

Әкесі Омархан мен атасы Әуез сауатты адамдар болған. Алты жасында атасының үйретуімен Абайдың өлеңдерін жаттап, оны ұлы ақынның өзіне айтып берген.Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан орыс мектебінің дайындық курсына ауысады.

Семейде «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығарады.

Қазақ зиялыларын жазалау саясаты күшейіп, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, м.Жұмабаев, М.Тынышбаев, Х.Ғаббасов, Х.Досмұхамедов т.б Алаш қозғалысының көсемдері түрмеге қамалады. Тергеу ісі үш жылға созылады. 1930 ж. 16,09 күні Ә. те тұтқындалады. Оған:

1) Кеңес өкіметіне қарсы астыртын ұйым құрып, қарулы көтеріліс арқылы оны құлатуға әрекет жасады.

2. ұлтшылдық-байшылдық идеологияны қолдап, байларды тәркілеуге және қосшы ұйымын құруға қарсы шықты.

3. ұлтшылдардың Кеңес өкіметі кеңсесіне, жоғары оқу орындарына жасырын түрде қызметке кіруіне үндеу тастады;

4. жоғары оқу орындарына арналған оқу оқулықтарға ұлтшыл-феодалдық пиғылдағы ақын-жазушылардың шығ-н енгізіп, идеологияны арандату әрекеттерін дүргізді.

5. ұлтшыл-буржуазияшыл «Алқа» ұйымын құрды, қазақтың өткен тұрмысын мадақтайтын шығ.р жазды деген айыптар тағылды.


1-оқушы. З.Қабдолов: «Мұхаң – әрі жазушы, әрі ғалым, әрі ұстаз, әрі қоғам және мемлекет қайраткері. Ол осының бір де бірінде осалдық көрсетпеген, бәрінде де орасан күшті, бәрін де қатар және тең ұстаған адам. Ол ғажайып бүтіндіктің, «сегіз қырлы, бір сырлылықтың», Абайша айтқанда «Тас бұлақтың суындай сылдыраған өңкей келісімнің» үлгісі болатын. Демек, шешендік – Мұхаңның көп қырының тек бірі ғана. Қайран Мұхаң... тиіп кеткен жері тәрбие, үлгі-өнеге болатын».
2-оқушы. Ш.Айтматов: «Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттай қалсам, әрқашан қасиет тұтып өзіммен бірге қастерлей ала жүретін екі түрлі ұлттық асылым бар: бірі – «Манас», бірі – Мұхтар Әуезов.

Мен қазақпын ба, қырғызбын ба? Мұны білгісі келетіндерге «Манас» жөнін, М.Ә. жайын айтып беремін. Бұл екеуі – менің қансдас халықтарымның мерейі, осы екеуіне иек артсам болғаны жат жұрт арасында жалым күдірейіп шыға келеді».


3- оқушы: Қ.Мұхамедқанов: «М. – бүкіл қазақ елі үшін мәңгілік зор мақтаныш. Қазақ елі Абай мен Ә. арқылы бүкіл адамзаттық парасат салтанатына өз үлесін қосты және соны мақтаныш тұтады».
4-оқушы. Араб елінің әйгілі ақыны Әбу-Хамисиденнің «Жарық жұлдыз» атты өлеңінен үзінді.
Ән болып шырқап көтерілгенсің аспанға,

Айналғансың Алатаудай заңғар асқарға.

Дауысың сонда саңқылдап жеткен бізге де,

Памирдің қарлы қарт шыңдарынан асқанда.

Мұхтар тірі!

Ол – жүректің төрінде,

Ол – шаттыққа шомылғандар өзінде,

Кіршік шалмай, кірбің тұрмай жайнайды ол,



Өзі туып-өскен қазақ елінде.

ІV Бекіту.

ІҮ Рефлексия

Нені білдім? Нені білгім келеді?
Ү Үй тапсырмасы
ҮІ Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет