Сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу»



бет3/3
Дата18.05.2017
өлшемі321,52 Kb.
#16304
түріСабақ
1   2   3

Үй жұмысын тексеру:

Математикалық диктант

  1. Екі қабырғасы ғана ____параллель___ болатын ___дөңес төртбұрыш­­­­­____ төртбұрыш тарпеция деп аталады.

  2. Трапецияның ішкі бұрыштарының қосындысы __3600_ тең.

  3. Трапецияның түрлері: _тік бұрышты, тең бүйірлі, ____________________________________________________

  4. трапециясының AB, BC, CD, AD кесінділері _____қабырғалары_________ деп аталады.

  5. Төртбұрыштың түрлерін жаз. _тік төртбұрыш,_квадрат, ромб, параллелограмм, трапеция___

  1. Жаңа сабаққа кіріспе:

  1. Топқа бөлу (топтың мақсаты: зеттеру және шығармашылық)

  2. Топ аттарын анықтау

  1. Жаңа сабақ:

  1. Постермен жұмыс: а) өмірде кездесетін төртбұрыштар; ә) төртбұрыштардың анықтамасы; б) төртбұрыштардың қасиеттері.

  2. Басқа топтарға өз тақырыптарын түсіндіру;

  1. Сергіту сәті (математиканың сәнділігі)

  2. Жаңа сабақты бекіту:

Деңгейлік тапсырмалар (барлық тақырыптар бойынша дәптерге, тақтаға орындау)

А тобындағы есептер:

№1. Параллелограмның бір бұрышы 500 – қа тең. Қалған бұрыштары неге тең?


Жауабы: 1300, 500, 1300
№2. Тіктөртбұрыштың периметри 22 см, бір қабырғасы екіншісінен 3 см ұзын. Тіктөртбұрыштың қабырғаларын тап.               

     Жауабы: 4 және 7 см.


№3. Ромбының бір қабырғасы 10 см. Ромбының периметрін табыңдар.
Жауабы: 40 см
№4. Трапецияның орта сызығы 8 см, бір табаны 6 см. Басқа табаны неге тең?
Жауабы: 10 см

№5. Квадраттың диагоналы 10 см болса, диагоналдары қиылысқанда шыққан кесінділердің ұзындығын тап

Жауабы: 5 және 5 см
В тобындағы есеп

№1 Бер: АВСД тең бүйірлі трапеция


ВС=8 см, <А=60 , АВ=10 см
т/к Р =?
Шешуі: АВ=СД=10 см, А=60, Д=60
ВЕ, АД
AЕВ тікбұрышты үшбұрыш
АВЕ=90 - 60 =30 (30 - қарсы жатқан катет гипотенузаның жартысына тең.)
АЕ= 5 см, АЕ= ҒД=5 см
АД=АЕ+ЕҒ+ҒД=5+8+5=18 см
Р=АВ+ВС+СД+АД
Р =10+8+10+18=46 см
Жауабы: 46 см.

№2. Параллелограмның екі бұрышының айырмасы 700. Параллелограмның бұрыштарын тап. Жауабы: 550, 1250

№3. АВСД – ромб берілген, ∠АВД = 60ºболса, ромбтың барлық бұрыштарын тап . Жауабы: 1200, 600, 1200, 600
№4. Тіктөртбұрыштың диагоналы бұрышты 1:2 қатынасында бөледі, оның кіші қабырғасы 6 см тең. Берілген тіктөртбұрыштың диагоналын табыңңдар Шешуі: Егер бұрышты 1:2 қатынасында бөлсе, онда олар 600 және 300 тең болады. 300 қарсы жатқан катет гипотинузаның жартысына тең, яғни 12 - ге.

Жауабы: 12 см



№5.
Праллелограмның периметрі 70 см, бір қабырғасы екіншісінен 7 см ұзын. Параллелограмның қабырғаларын тап.

Шешуі:

Бір қабырғасын x деп белгілесек, екіншісі - (x+7)cм

P=(x+x+7)*2

P=70


(x+x+7)*2=70

4x+14=70


4x=56

x=14 – екі

1)14+7=21см - ұзындығы

Жауабы: 21см,14см.



  1. Физикалық минут

  2. Сабақты қорытындылау:

  1. Рефлексия (топтар бір біріне сұрақтар қояды);

Сабақтан кейін бақылаудағы оқушыларға қоюға ұсынылатын сұрақтар


1. Саған сабақта бәрінен де не ұнады?




2.Сен нені үйрендің?



3.Бұрын істей алмағандарыңнан қазір нені істей аласың? Нені жақсырақ істей аласың? Қаншалықты жақсы?




4.Оқытудың қай бөлігі сен үшін барынша тиімді болды?




5.Егер дәл осы сабақ басқа топта өткізілетін болса, нені өзгертер едің?




6.Неліктен бұл бөлігін өзгертер едің?







  1. Үй тапсырмасы: Төртбұрыштардың түрлері мен қасиеттерін қарастырып келу, №

  2. Бағалау.


Тексерілді:

Сабақты талдау.

Пән: Геометрия, 8 сынып

Тақырыбы: Бізді қоршаған ортадағы төртұрыштар (тік төртбұрыш, параллелограм, квадрат, ромб, трапеция)

Күні: 23.10.13 ж

Мұғалім: Бейбитбаева А.Е.
Сабақ құрылымы: мен сабақты мектепте қолданылып жатқан жаңа әдіспен өткіздім. Мақсатым оқушыларды сабаққа деген қызығушылығын ояту болатын.

Сабақты үйреніп жатқан әдістердің ішінде Lesson Study – мен жүргіздім. Сабақтын құрылымын қарастыру кезінде А, В, С деп бөлінетін оқушылардың деңгейлерін шатастырып мақсат қойдым:



/Оқушылар үшін оқу нәтижелері /А/

Өмірде кездесетін төртбұрыштар (төртбұрыш, параллелеграм, квадрат, ромб, трапеция) туралы мәлімет алу

/Оқушылар үшін оқу нәтижелері /В/

Төртбұрыштардың төбелері, қабырғалары, диагональдары, бұрыштары туралы мағлұмат алады.

/Оқушылар үшін оқу нәтижелері /С/

Тік төртбұрыш, квадрат, параллелеграм, ромб және трапецияның түрлерін және қасиеттерін ашып түсінеді

Оны сабақты талдау барысында түсіндім.

Сабақтың барысы:

Оқушылармен амандасып, үйге берілген тапсырма сұралды. Өткен тақытырқа байланысты диктант беріліп, оқушылардың өздеріне тексеру ұйымдастырылып, бағалау парағына баға қоюды сұрадым.

Тақырып қоршаған ортамен байланысы болғанмен сыни тұрғысынан ойлау пайдаланып тақырып айтылды, бірақ сабақтың мақсатын айтпадым.

Жаңа сабаққа кіріспес бұрын сыныпты топқа болу орындалды. Топқа бөлуді дұрыс уйымдастырмадым. Оқушыларға: «Қандай фигураны алсандар сол тақырыпта жұмыс жасайсындар», - деп айтылды.

Топқа бөлініп болған сон әр топ өз тақырыптарында жұмыс жасады. Топтық жұмысқа 7 минут уақыт берілді. Топтық жұмысты бақылау барысында параллелограмды қарастырып отырған Есболат (А деңгейдегі оқушы) амандық пен Еркежанды (С деңдейдегі оқушылар) тыңдағысы келмей: «Өзім салам, өзім жазам» деді. Мен қастарына нұсқау беру барысында: «Есболат топпен жұмыстың мақсаты жалғыз өзін сызып, қарастыру емес, сіз сызбасын салсаңыз олар қасиеттерін жазсын», - дедім. Біраз уақыт өткенде Есболат Еркежаннан «қасиеттерін қарастырып, жаза берші, мен жалғыз үлгермейтін секілдімін» деп көмек сұрады.

Жұмыстарын қорғайтын уақытта басқа топтар тек екі адамнан ғана шыұғып қорғап жатса трапеция тақырыбында жұмыс жасаған топ төрт оқушы да шығып, трапецияның өмірде қайда кездесетінін, оның қасиеттерін кезектесіп барлығы бірге қорғады.

Сергіту сәті екі кезеңнен тұрды. Жұмыстарын қорғап болған соң, «математиканың сұлулығы» тақырыпта ойды демалту кезеңі өтті. Слайдтар біткен соң В, С топтағы оқушылардан алған әсерлері жайлы сұрадым.

Тақырыпты бекітуге А (жеңіл) және В (орташа) топтағы есептер берілді. Мұндағы тапсырмаларды әр оқушы өзі орындау керек болатын, мұндағы байқағаным С деңгейдегі оқушылардың көңіл күйлері түсіп кетті.



Уақытқа үлгермедім. Қоңыраудың соғып кетуіне байланысты А топтағы есептер үйге беріліп, оқушылардың топтағы жұмыс жасауын өздеріне бағалаттым да, сабақтан алған әсерлерін тыңдадым.

Өз сабағымды орташа деген бағамен бағалаймын.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет