Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі
Кесіндіні берілген қатынаста бөлу
Оқыту мақсаттары:
8.1.3.16 кесіндіні берілген қатынаста бөлетін нүктенің координаталарын табу.
Бағалау критерийлері:
Кесіндіні берілген қатынаста бөлетін нүктенің координаталарын анықтайды.
Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Кесіндіні берілген қатынаста бөлу ұғымы
Берілген суретте М нүктесі АВ кесіндісін А нүктесінен бастағанда 1:2 қатынасында бөледі.
Математика тілінде былайша жазады: АМ : ВМ = 1: 2 немесе үйреншікті пропорция түрінде береді. . Кесінділердің қатынасын стандартты түрде гректің «лямбда» әрпімен береді. Біздің жағдайда: немесе =2. Әрине, кесіндіні кез келген бөліктерге жеңіл бөлуге бөлады.
Бекіту үшін 2-ші мысал.
Мұндағы қатынас: . Егер пропорцияны керісінше құратын болсақ, онда мынадай болады: .
Енді қатынаста бөлу жайын түсінсек, практикалық тапсырмалар орындауға көшелік.
Жазықтықтағы кесіндіні берілген қатынаста бөлу формулалары
Жазықтықта A(xA, yA), B(xB,yB) екі нүктесі берілсе, онда оны қатынаста бөлетін M(xM, yM) нүктесінің координаттары , формуласымен анықталады.
Тапсырмалар:
№1. A(5;3), B(-3;-1) нүктелері берілген. АВ кесіндісін 1 : 3 қатынасындай қатынаста бөлетін M нүктесінің координаттарын табыңыз.
№2. К(-2; 1), L(5; -6) нүктелері берілген. Табу керек:
а) КL кесіндісін 2 : 5 қатынаста бөлетін M нүктесінің координаттарын табыңыз;
б) КL кесіндісін 4: 3 қатынаста бөлетін N нүктесінің координаттарын табыңыз.
№3. P нүктесі DH кесіндісінің арасында жатыр. DP кесіндісі НР кесіндісінен екі есе ұзын екені белгілі. D(2; 4), P болса, Н нүктесінің координаталарын табыңыз.
№4. A(-2;5), B(4;17) нүктелері AB кесіндісінің ұштары. Осы кесіндінің арасында М нүктесі жатыр. М нүктесінен А нүктесіне дейінгі қашықтық М-нен В-ға дейінгі қашықтықтан екі есе артық. М нүктесінің координаттарын табыңыздар.
№5. M(2;3) нүктесі AB кесіндісінің ортасы. А нүктесінің координаттарын табыңыз, егер B(7;5) болса.
№6. AB кесіндісі C(4; 1) нүктесімен А нүктесінен санағанда қатынаста бөлінген.
А нүктесінің координаталарын табыңыз, егер В(8; 5) болса.
Үйге тапсырма: №12, ережелерді жаттау
Достарыңызбен бөлісу: |