Сабденова у. О



бет10/21
Дата12.09.2023
өлшемі1,94 Mb.
#180859
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Байланысты:
физ.колл.химия Лаб.жұмыс
О противодействии коррупции, гост
Зертханалық жұмыс №5
Гомогенді жүйелердегі (сұйық фаза) химиялық тепе-теңдікті анықтау


Жұмыстың мақсаты: Гомогенді жүйелердегі химиялық тепе – теңдікті анықтау.
Керекті заттар: Сыйымдылығы 50 мл төрт құрғақ колба, кері салқындатқыш, СН3СООН, СН3СООС2Н5, штатив, этил спирті.
Бұл жұмыста күрделі эфирде мынадай тендеу арқылы
СН3СООН + С2Н5ОН СН3СООС2Н52О
түзілетін реакцияның химиялық тепе-теңдігін зерттеуі қарастырылған.
Реакция бөлмелік температурада баяу жүреді. Сондықтан оны тұз қышқылының қатысуында 2-3 сағат бойы 70-80°С температурада жүргізіледі. Төменгі температурада қайнап кететін заттар қыздыру барысында ұшып, кетпеу үшін, реакцияны кері, салқындатқышы бар колбаларда жүргізеді.
Этилацетаттың түзілу жылуы өте аз, сол себепті Ванг-Гоффтың изотерма теңдеуіне сәйкес, бұл реакцияның тепе-теңдік константасы (тұрақтысы) температураға тәуелсіз. Қоспаның құрамының өзгерісін қышқылдың қоспадағы жалпы концентрациясының өзгерісі арқылы байқап отырады.
Тепе-теңдікті тура және кері реакциялардың жылдамдықтарын СН3СООН тура реакция мен СН3СООС2Н5 кері реакциялардың бастапқы концентрацияларының түрлі мәндерінде өлшеу арқылы зерттейді. Әрекеттесуші заттардың концентрацияларының өзгерісін тепе-теңдік орнағанша бақылап отырады.
Жұмыстың орындалу барысы
Сыйымдылығы 50 мл, төрт құрғақ колбаға пробка арқылы штативке бекітілген кері салқындатқыш қосылады.
Ешқандай кемшілік жоқ екеніне көз жеткізген соң тәжірибе жасауды бастайды.
Колбаларды номерлеп алып N 1-не бюреткадан 15 мл 4N СН3СООН, 5 мл 0,5N HC1 және 5 мл этил спиртін құяды. Колбаны салқындатқышқа қосып суда жіберіп, колбаны 70-80°С аралығында ұстайтын термостатқа жайғастырады. Содан соң N 2-ші колбаға бюреткадан 15 мл 2N СН3СООН, 5 мл 0,5N HC1 және 5 мл этил спиртін құяды. Бұл колбада салқындатқышпен қосып, термостатқа қояды. Үшінші колбаға (N 3) 15 мл дистилденген су, 5 мл этил ацетат және 5 мл 0,5 N HC1 құяды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет