Сабденова у. О



бет18/21
Дата12.09.2023
өлшемі1,94 Mb.
#180859
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
физ.колл.химия Лаб.жұмыс

Бақылау сұрақтары



  1. Сұйықтар тұтқырлығы қандай факторларға тәуелді?

  2. Капиллярлық вискозиметр көмегімен тұтқырлықтың абсолюттік мәнін өлшеуге бола ма?

  3. Стокс әдісі бойынша тұтқырлықты өлшеу мәні неде?

4. Тұтқырлыққа жекелеген аниондар неліктен әсер етеді?


Зертханалық жұмыс №11.
Жоғарғы молекулалық қосылыстар ісінуін анықтау


Жұмыстың мақсаты: Табиғаты әр түрлі еріткіштердің жоғары молекулалық қосылыс - каучукке әсерін байқау.
Құралдар мен реактивтер: Этил спирті, сірке қышқылы, ацетон, бензол, толуол, стақандар, ұзындығы 10 см, ені 2 см болатын каучук тіліктері.
Жұмыстың барысы: 7 стакан алып каучук тіліктерін ішіне саламыз. Біріншісіне - 50 мл дистилденген су, екіншісіне - спирт, үшіншісіне – сірке қышқылы, төртіншісіне - ксилол құяды, бесіншісіне – бензол, алтыншысына – толуол, жетіншісіне – ацетон құяды. 30 минуттан соң тіліктерді алып, өзара салыстырады. Қандай еріткіштерде каучук ісінеді, қандай еріткіштерде ісінбейтінін анықтайды.
Еріткіш табиғатына байланысты каучуктің ісіну дәрежесі қалай өзгеретінін байқайды.


Бақылау сұрақтары

1. Ісіну дегеніміз не?


2. Ісіну қандай заттарға тән?
3. Шекті және шексіз ісіну деп нені айтады?
4. Үлкен молекулалық қосылыстар неліктен ісінуге бейім?


Зертханалық жұмыс №12
Фенол-су системасының өзара ерігіштік диаграммасын құру


Жұмыстың мақсаты: 1. Шекті араласатын заттардан тұратын системалармен танысу. 2. Фенол-су компонентті системаның өзара ерігіштік диаграммасын құру.
Жұмыстың барысы: Лаборанттан белгілі қатынаспен даярланған фенол-су қоспасы бар пробирканы алып, стакандағы суда жеке-жеке берілген құрамдағы екі заттың бір-бірінде толық еру (мөлдірлену) температурасын анықтайды. Термометр ыдыс түбіне тимейтіндей етіп орнатылуы қажет. Қыздыру барысында судан шығармай, оқтын-оқтын шайқап ішіндегі қоспаларды араластыру керек. Мөлдірлену температурасын анықтаған соң, стакандағы суды баяу салқындатып, әрбір ампуладағы мөлдір ерітіндінің «лайлану» (бөліну) температурасын анықтайды. Әрбір қоспа үшін мөлдірлену және бөліну температураларын анықтауды үш рет қайталайды. Бөліну температурасы мен мөлдірлену температурасы шамаларының айырымы бір градустан артпауы керек.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет