Бақылау сұрақтары
1. Седиментация дегеніміз не?
2. седиментациялық талдауды қандай жүйелер үшін қолданады?
3. Седиментациялық талдау қандай заңдылыққа негізделген?
Зертханалық жұмыс №15.
Молярлық массасын қату температурасының төмендеуі бойынша анықтау
Жұмыстың мақсаты: Сұйықтардың қату температурасын анықтауды үйрену.
Керекті заттар: калориметр, термометр, араластырғыш, шыны түтік (тұз салатын), қыстырғыш, ұстағыш, тығын, калориметрді орналастырғыш, Н2О болмаса С6Н6 еріткіштер, стакан.
Жұмыстың барысы: Сұйықтықтың қату температурасын анықтауға арналған құрылғыны құрастырып болған соң калориметрге (1) салқындатқыш қоспа (мұз) (II) салынған су құяды. Онан соң стаканға (10) еріткіш (9) Н2О немесе С5Н6 құйып, калориметрге орналастырып ұстағышпен (6) еппен қақпақты жабады, оған термометр (2), орналастырғыш орналастырады. Термометр қоспаның температурасын өлшеу үшін қажет, термометрдің жоғарғы ұшын штативтің қыстарғышына (5) бекітеді. Ал калориметрді орналастырғышқа (8) бекітеді (1-сурет).
1-сурет. Сұйықтардың қату температурасын анықтауға арналған құрылғы. 1-калориметр, 2-термометр, 3-араластырғыш, 4-шыны түтік (тұз салатын), 5-қыстырғыш, 6-ұстағыш, 7-тығын, 8-калориметрді орналастырғыш, 9-Н2О болмаса С6Н6 еріткіштер, 10-стакан.
Құрылғы жұмысқа даяр болған соң пробиркадағы бензолды немесе суды араластырғышпен араластыра отырып салқындатады.
Салқындау барысында да, әсіресе еріткіш ретінде суды пайдаланғанда да, аса салқындатудың нәтижесінде сұйықтықтың қату температурасы шын мәнінен төмендеп, кристалдар түзіле бастайды. Кристалдану жылуының бөлінуіне байланысты температура қайтадан қату температурасының шын мәніне дейін көтеріліп, біршама тұрақталады. Осы температураны дәл жазып алады да пробирканы (бензол не болмаса су) кристалдарын ерітіп, қайта орналастырып, қату температурасының шын мәнін тағы да анықтайды. Тәжірибені 3 рет қайталап, еріткіштің қату температурасының шын орта мәнін табады. Таза еріткіштің қату температурасын анықтап болған соң молекулалық массасы (азобензол, 2-нафтол, нафталин, шарап қышқылы т.б.) 1-2 гр. өлшеп алады да, шыны түтік (4) арқылы стаканға тұзды салады, араластырғыш арқылы араластырып ерітінді даярлайды. Ерітіндінің де қату температурасын 2-3 рет анықтап, орта мәнін табады.
Ерітіндінің қату температурасының төмендеуі: t қ.т.=t1-t0 теңдеуімен, ал еріген заттың молярлық массасы (6) теңдеу бойынша есептеледі. Алынған мәліметгерді төменгі үлгіде жазады:
1. Бос пробирканың салмағы- m1, гр.
2. Бензол құйылғаннан кейінгі пробирканың салмағы-m2, гр.
3. Бензолдың салмағы-G, гр.
4.3ерттелетін заттың салмағы-m1, гр.
Достарыңызбен бөлісу: |