Сабденова у. О



бет17/21
Дата12.09.2023
өлшемі1,94 Mb.
#180859
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
физ.колл.химия Лаб.жұмыс
О противодействии коррупции, гост
Бақылау сұрақтары

1. Ұю процесі деп нені айтамыз? Қандай факторлар әсер етеді және


қалай?
2. Ұю құбылысы, ұюдың түрлері
3. Коллоидты ерітіндінің ұю жылдамдығы


Зертханалық жұмыс №10.
Түрлі коллоидты жүйелердің тұтқырлығын анықтау


Капиллярлық вискозиметрмен тұтқырлықты анықтау
Қондырғы және реактивтер: Термостат; вискозиметр; секундомер. 1-пайыздық және 0,5-пайыздық желатин золі; темір (III) гидроксиді золі; ертінділер: 1 н. KI және 1 н. K2SO4.



Сурет -Вискозиметр


Салыстырмалы тұтқырлықты өлшеуге арналған прибор қызметін екі қатынас шыны 1 және 2 түтіктері түріндегі капиллярлық вискозиметр атқарады. Түтік 1 капиллярға 4 өтетін кеңеюге 3 ие; түтік 2 арқылы зерттелуші сұйық өзіндік ауырлық әсерінен түтікке 1 ағады. Кеңеюдің 3 жоғарғы және төменгі жақтарында 5 және 6 белгілері бар. Түтіктің кеңейген бөлігінің көлемі негізінен 3-4 мл-ге тең.


Жұмыс алдында вискозиметр хромды қоспамен және дистелденген сумен шайып, кейін кептіргіш шкафта кептіреді. Вискозиметрді темостатқа вертикаль бағытта бекітеді, онда су белгілі-бір температураға дейін қызып, түтікке 2 зерттелуші сұйықтықтың бірнеше миллилитрін тамызғышпен құяды. Сұйықтық қажетті температураға дейін қызған кезде, оны 5 белгісіне дейін тар түтікпен жоғары сорады. 5 белгісінен 6 белгісіне дейін сұйық деңгейін төмендету үшін қажетті уақытты секундомермен өлшейді. Кейін сұйықтықты қайтадан тар түтік бойымен сорып алып, жақын мәндер алынғанға дейін анықтауды қайталайды. Осылайша, алдымен судың ағу уақытын, ал кейін зерттелуші сұйықтың ағу уақытын анықтайды.
1 тәжірибе. Темір (III) гидроксиді және желатин золдерінің тұтқырлықтарын өлшеу
Тұрақты температура (18 – 200С) кезінде жоғарыда көрсетілген әдіспен лиофобты және лиофилді золдердің салыстырмалы тұтқырлықтарын анықтайды. Алынған нәтижелерді салыстырады.


2 тәжірибе. Ертінді концентрациясының тұтқырлыққа әсері
Ыстық 1-пайыздық желатин золдерінен келесі ертінділерді дайындайды:



Құрамы

1

2

3

4

Желатин золі, мл

20

15

5

2

Су, мл

0

5

15

18

Дайындалған ертінділерді бөлме температурасына дейін салқындатады. Алынған ертінділер тұтқырлықтарын өлшейді. Концентрация өзгерісіне қарай тұтқырлықтың өзгеру қисығын салады.


3 тәжірибе. Температураның тұтқырлыққа әсері
00С кезінде 0,5-пайыздық желатин золінің тұтқырлығын өлшейді, бұл үшін желатин ертіндіі бар вискозиметрді су мен мұз қоспасына орналастырады. Осыдан кейін вискозиметрдегі сұйықтық (20 минуттан кейін) су температурасын қабылдап, өлшеу жүргізіледі. Кейін 20, 40 және 600С кезінде суға вискозиметрді орналастыра отырып, сұйықтың ағу уақытын анықтауды жүргізеді де, температураға тәуелділіктегі тұтқырлықтың өзгеріс қисығын салады.


4 тәжірибе. Тұздар мөлшерінің тұтқырлыққа әсері
Үш сынауыққа 5 мл 1-пайыздық желатин золін құяды да, бірінші сынауыққа 5 мл 1 н. KI ертіндісін, екіншісіне – 5 мл 1 н. K2SO4 ертіндісін, ал үшіншісіне – 5 мл дистелденген су қосады. Барлық үш сынауықтағы ертінділерді мұқият шайқап, шамамен 1 сағатқа қалдырады. Осыдан кейін тұтқырлықты анықтайды.
Алынған нәтижелерді кестеге салып, золь тұтқырлығына аниондар әсері туралы қорытынды жасайды.



Ертінді

Тұтқырлық

1-пайыздық желатин золі
1-пайыздық желатин + KI золі
1-пайыздық желатин + K2SO4 золі






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет