Зертханалық жұмыс №7
Гетерогенді жүйедегі химиялық тепе-теңдікті анықтау
Жұмыстың мақсаты : Гетерогенді жүйедегі химиялық тепе-теңдікті
анықтау.
Керекті заттар: Милливолтьметр, реттегіш, кварцты ампула, термопара.
2-сурет. Жоғарғы температурадағы гетерогенді реакцияның тепе-теңдігін түсіндіретін құрылым.
Кальций көмірқышқылы өлшемдік мөлшері бар кварцты ампула 1 пештің ыстық кеңістігінде 2 орналасқан. Пеш жылу жылдамдығын сатылы реттегішпен 3 (ЛАТР) қамтылған. Температура милливольтметрмен 5 қосылған термопара 4 көмегімен өлшенеді.
Термопараның суық қосылған жағы Дьюар (6) ыдысына батырылған және оның температурасы бөлме температурасына сәйкес. СО2 қысымы 100-120 мм сынап бағ. дейінгі кезде жабық манометр көмегімен 7, ал жоғары сынап бағ. болса, ашық монометрмен 8 өлшенеді. Ескерту: жабық монометрдегі айырма деңгейі жүйедегі қысымның абсолюттік шамасын көрсетеді, ал жабық монометр — жүйедегі қысымның атмосфералық қысымнан аз екендігін көрсетеді.
Жұмыстың орындалу барысы
Тәжірибе пештің қосылуымен басталады. СО2 қысымын анықтауды жүйе 600°С температураға жеткенде ғана бастау қажет. Милливольтметр 600°С температураны көрсеткен соң пешті қыздыруды тоқтатады. Қыздыру тоқтатылған соң да инерция күші әсерінен милливольтметр стрелкасы оңға жылжуын тоқтатпайды. Милливольтметр көрсеткен максималь температураны және сәйкесінше монометрдегі максималь қысымды жазып отырады. Өлшемдер анықталған соң тағы да пешті қосады. Келесі әрбір өлшем 10-20°С арқылы жүргізіледі. СО2 қысымы 300-350 мм сынап бағ. жеткенде өлшемдер тоқтатылады. Пешті суырып, 500°С-қа дейін суытады. Өлшем нәтижелерін таблицаға жазады.
Алынған нәтижелер негізінде lgKp-l/T координата жүйесінде график тұрғызып, реакцияның жылу эффектісін анықтаймыз. 1-сурет.
Сонымен қатар үш температура интервалындағы DH0 шамасы (1) теңдеуі бойынша есептеу қажет. Оның орташа мәнін алып, график бойынша табылған мәнмен салыстырамыз. DH0 және Кр шамалары бойынша (1) теңдеуінен кез-келген бір температурадағы тұрақтығын есептеу керек. Алынған теңдеу көмегімен диссоциация температурасын яғни "СО2" қысымы 1 атм (105 Па)-ға тең болғандағы температураны есептеу керек.
теңдеуі көмегімен тәжірибе нөтижелерін қолдана отырып, беірлген реакция үшін изобарлық процесс өзгерісі G0 мен энтропия өзгерісі S0 шамаларын табу керек. Оларды анықтамадағы мәнмен салыстыру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |