1) Елімізде неке және отбасы қатынастарын мемлекеттік қорғау және қолдау мақсатында 1998
жылы 17 желтоқсанда «Неке және отбасы туралы» Заң қабылданды.
Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес:
отбасы
дегеніміз - некеден, туыстықтан, дүниеге бала әкеліп, оны тәрбиеге алудың өзге де
нысандарынан туындайтын өзара жәрдемдесуге тиісті адамдардың тобы.
Біздің елімізде неке
ер мен әйелдің арасында пайда болады.
Халықаралық құқықтағы неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы қатынастарын реттейтін
нормалар қатарына «Адам құқықтары туралы» Жалпыға бірдей Декларация, «Экономикалық,
әлеуметтік және мәдени құқықтарды қорғау туралы» Халықаралық пакт, «Азаматтық,
отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынастар
және құқықтық көмек
туралы» шықты.
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы құқығында құқықтық қабілеттілік құрамына кіретін
құқықтық мүмкіндіктер көп түрлі. Мысалы некеге отыру, бала асырап алу,
қамқоршы немесе
қорғаншы болып тағайындалу қабілеттіліктері. Бұл қабілеттіліктердің барлығы белгілі бір
жасқа жеткенге дейін құқық субъектісінің өзінің әрекетімен де, оның заңдық өкілімен де
жүзеге асырылмайды.
2) Қазіргі таңда қоғамда отбасы психологиясы өзекті мәселелердің бірі. Отбасы әлемі әр алуан.
Ол ата – аналарға адам
өмірінің кереметін сезінуге, оны түсінуге, өз бар болмысын балалар
үшін ұзартуға мүмкіндік береді. Бірақ, отбасы өмірі – сан қилы , рахаттанумен қатар
қиындықсыз, мәселесіз отбасы болмайды. Отбасы тәрбиелеу көзі. Отбасы мәселелері - бүкіл
қоғам мәселелері. Дәстүрлі отбасының дағдарыстық жағдайы кең құбылыс.
Ата – аналардың балалармен өзара әрекеттестік және
өзара қатынас тарихы отбасы
тарихымен тығыз байланысты. Отбасы – бұл баланың өзі және басқалар туралы ойы
қалыптасатын және оның әлеуметтік табиғи, сондай – ақ рухани мәдениеттің орталығы.
Баланың дүниеге келген сәті сияқты ,
оның мектепке дейінгі жасы, өсуі, дамуы және жеке
тұлға болып қалыптасуы ғалымдар мен психологтардың айтуынша үңіле зейін аударатын
маңызды және жауапты құбылыс. Әсіресе ең маңызды кезеңі мектепке дейінгі балалық шақта
өзіндік
сана дамиды, өзіндік баға және қоршаған ортаға деген қарым – қатынасы
қалыптасады. Дәл осы кезеңде баланың тұлғалық дамуына отбасының қарым – қатынас
стилінің әсері өте маңызды. Балалар ата – аналармен әрекеттестігінде басқалармен қарым -
қатынас әдісін меңгереді. Олар баланың өміріндегі қарым – қатынас
жасаушы субъектілердің
біріншісі және үлгі болатын басымырақ оқытушылары болып саналады.