Сабыр түбі сары алтын, сарғАЙҒан жетер мұратқА ! Ата-жолы, Ақиқат бастауы 1-кітап; 3-ші бөлім. Алматы қаласы



бет7/7
Дата25.12.2016
өлшемі1,51 Mb.
#4694
1   2   3   4   5   6   7
«Біреу сенер, біреу сенбес шындығымды айтайын, Су сияқты келеді екен талай аруақ байқадым. Бабаларға басымды иіп, сәлем беріп жатқанда, Аруақты көзбен көрген «бақыттымын мына мен»,-деп айта алдым.» «Алла барын ұрпаққа мойындатып, Батасымен пендеге жолын ашып, Көш келген мұнар тау шыңдарына, Пенде менен аруақ араласып. Биіктіктің жолдарына ойлы-қырлы, Өткелі көп пендеге жұмбақ сырлы. Көпірі ол-ниет пен ақыл-ойдың, Шалыс кетсең түсесің түбіне ордың. Алда «ар» мен «уақ»-тың, адам баласының ақыл-ойы мен істерінің өрістік сипаты болып, оны құранның сандық мәнімен су иондарының теріс атомы болып кеңістікте 10 санымен бейнеленетінін дәлелдейміз де. Інжілдегі ақталу қағидасын, елшілердің аян арқылы Ғиса өсиеттерін қарапайым түрде дәлелдеп көрсеткенін білу үшінде, әуелі құранды әбден терең зертеп, сосын інжілмен салыстырып оқу керек. Ал аруақ не береді, қандай жаратушымен себептік байланыс «делдалдықта» тұрады? десеңіз. «Ақ пендесін ақ батамен тербеген, «Арыстанбаб басында түне» деген. Ақ жолыңды бақ жолыңды нұсқайды, Адасқанды кісен салып ұстайды. Бірге болсын тілеуің еліңмен, «Ясауидің басында тіле»деген. Мұсылмандық кәлималы тіліңді, Көсем баба тексереді ілімді. Өр мінез қайсарлықта керекте, Намыс отын жаққызады жүректе, Шын биікке шығар пенде жандардың, Аруағы батыр баба, хандардың. Аруақ біткен адалдықты қолдайды, «Аруақты аттап кеткен» оңбайды. Елің үшін, жерің үшін, бақ үшін, Көшке ілеспей адасуға болмайды. «Адасқанның айыбы жоқ», ақталсын, Ата дәстүр, Ата жолы басталсын. Періштенің ақтың жолы, ауыр сын, Көш керуен Алла нұрын жаудырсын!..» Халықты ата-дәстүріне, елдікке бірлікке тазалыққа шақырып, көп болып бір-біріне көркем қарыз беріп, артық хайыр жасау арқылы нәпсіні өлтіріп, ортақ қазаннан ас ішу ислам дәстүрінің көркем негізін қайта қалыптастыруға сыртан келгендер және атаққұмар, шен, билікке құмарлар халықты партияға, дін топтарына бөліп басқруды көксегендер үшін әрине мұндай халықтың бірлігі қауіп төндіре бастады. Сонан құдайдың пәрменін, құдайсыздардың заңына бағындырып, түрлі ұлықсат қағаздармен, заңсыз зираттауға болмайды қылмыс жасау т. б мешіт діншілерінің айдап салуымен амал жоқ, ақ ұлға дінге қарсы амалға барып, «серіктестік» ашып, құран заңын, құдай заңын үкімет заңына бағыныштылыққа мәжбүрленуіне тура келді. Бұл жаратқаннан қазақ еліне берілген үлкен сынынан сүрінудің үлкені еді. Оған ақ ұлды кінәлау бекер, осы ұлы көшті қалайда қалыптастыру үшін түрлі айла-шарғыға шайтан адамдардың да еркіне көнуге тура келді. Біздердің ұсынған діннің тазалығын, дәрет, киім және тазарту , емшілік амалдарын тастауға болмайтының ескерткенде; маған осы салада бөлек ізденуді тапсырған еді. «Егер көпшілікке, дінге алғашқы алғашқы қадам басқандарды бұл қатаң тәртіпті ұсынсақ, әрең басын иген әлі күнәнің құлдығында жүргендерді қашырып аламыз»- деді. Сондықтан емшілік істерді де, намазды орындау, қамшы, аса таяқ т,б тазару амалдарын толықтай алып жүргендер аз ғана топ болып, көптің арасынан байқалмады да. Тек құдайдың бұйрығына бағынып жүру және өз ағайыныңнан, үкіметіңен жапа шегіп, шыдамдылықпен төзіп, өз бағытыңды құпия болса да жалғастырып, ақырын күту бұл тура жолдың негізгі қағидасы да. Осындай жағдаймен қанша үкімет, діншілердің қудалағанымен құдайдың құдіретінің, аруақтың қолдауымен, ақ жолдың негізгі қабырғасын қалап, қасиеттердің жетілуін, құранның хикметті сырларының, сопылық негіздерінің қағидасының қазақ елінде ірге тасы қаланып тылсымнан айқын көрніс беруіне мүмкін болды. Бірақ үлгі болатындай көп қасиетті жастарды соңымыздан ерте алмадық. Оған себеп арамызда ақпараттық байланыста, бірілікте бір-бірімізге төзімділіктің қалыптаспауы болды. Керісінше арамызда бақталасық пен, іштарлық әлі жалғасын табуда. Сондықтан халықтың басым бөлігі алғашқы жолды бастаушыларда, жеңіл жағында болды.Екінші орта топ шариғатты қалыптастырушыларға қазақтың оқыған, сауатты, ел басқару істерінде жүргендер тартылды да, ал үшінші топ қағидасы қиын ауыр және төзімділікті, сабырлықты қатаң тәртіпті қажет еткесін көп ішінде жасырын немесе «қумалар, «секта» деп өсектеліп көпке мәлім болмай қала берді. Бұл жағдайларды ақ ұл жақсы білгенімен, негізгі тылсымнан келетін таза ақпаратты жеткізуге арадағы ақ жолдың ісін жүргізушілер, ақ ұлдың орынбасарлары білімсіз, аяндарды жорудан, көрегенділік танытудан қауқарсыз болып шықты. Керісінше жылы орыннан айрылатындай, тура жолға ақ ұлдың салмайтынын, ол тек жол басшы болғанын, ал аруақтың әр пендеге артқан жүгін, тапсырмасын, , құранды оқып түсіну арқылы ғана берілген аяндардың құпиясын шешу мүмкін болып және тапсырмалар да жеке-жеке берілетінін ескермеді. Абай атамыз ескерткендей «К..өт-ін көрсеткеннен жол сұрама» деп, бойын, әурет қабын сақтай алмаған ақу, сұңқарда терең сырлы бата да болмайды. Аян болғанмен, құпия түстер, уахилар тоқтайды. Ақ жолда батаны қадірлемей, аяқ асты болып, өз пайдасына бұрмалап, аруақпен ойнау, арсыздық қалыпты жағдайға айналды. Бұндай жағдайды ақ ұл; «Бес атаның аруағы бес жұлдыз боп ұшқанда, Алмағы мен салмағы бар батасында ұқанға. Ақ жолында аманаты «арың болсын» таразы, Әр пенденің жүрегіне тұмар болып тағады. Алла жолын аруақтар қолдайды, Аруақпен ойнағандар отқа түсіп оңбайды. Әр пендеге ашық болған «Ақ жолыңның» есігін, Бабалардың аруағы адалдықпен қорғайды. Имандылық кең тараса өсіп-өнген елімде, Калимасы жүрсе егер әр пенденің тілінде, Ұл-қызыңды адалдықпен арманына жеткізсең, Ата жүгі, әке үміті, ана сүті ақталғаны деп білем. Қандай шәкірт болғанымды біле алмаймын бүгінде, Алла өзі таразылап бере жатар түбінде.» -деп батаға мұқият болуды ескертті де. Бірақ әрбір адам баласының «Алды артарыңнан күзетшілер қоямын, көрсеңдер (батасын, аянын) пайдасы өздеріңе, көрмесеңдер зияны өздеріңе» құранда ескеркендей аяндардың, батаның да тазалығы, тән тазалығына, шариғат заңдылығын қалай толық орындауын байланысты екендігін көбіміз ескермедік. Осыдан тазалықты, жан киімін қалыптастырып, намаздарын толықтыра алмаған аққу, сұңқарлардың тылсыммен байланысы үзіліп, керісінше жалған ақпараттар, баталар пайда болып, тура жолдың қисығына қарай бұрылып алды. Енді ақ жолды құлатуға көмектескен құзырлы орындардың да кейбір аз ғана көрністерінен нақты дәлелдер де бере кетейік; Призидентімізге мешіт діндарлары бір кездесуінде; «Ақ жолдықтар дінді бұзып, Алланы әлсіретуде, соған шара қолданыңыз»-деп сұрағанда, ел басымыз; «Тексеріп анықтап жауабын беріңдер!» деп бұйырды. Сонан діншілеріміз «Орбита» мешітінен екі жас молданы Арыстан бабаны тексеруге жібереді. Ол оқиғаның соңы сол екі молданың жолда апатқа ұшырап, қаза табуымен біздердің сол мешітте құран бағыштауымызбен аруақтарды тексеру аяқталды. Сол тексеруді ұйымдастырған имамдар енді, бірі аруақ бар деп, екіншісі әлі қыңырайған жағынан қайтуға намысы жібермей қызметтерін жалғастырып жатыр. Жазықсыз төктірген қанның сұрауы бәріне жүктелгенін, әр қайсысының жан ұясына келетін қасірет болып есік қағып тұрғанын қаперіне де ілер емес. Және ашықтан-ашық «рухқа» яғни «құранға» табыну шайтани іс дегендей, зираттауды спорт министірлігіне тапсыру керек, дегендей түрлі мәжіліс, мақала пайымдаулардың, қазақ дәстүріне ашықтай қастандықтарға жүздеген мысалдар келтіруге болады. Оны болашақтың үлесіне қалдыра тұрайық. Мүмкін иманға келетіндер бар болар арасынан. Ал үкімет тарапынан қудалаудың мысалынан үзінді келтірсек; Қызылорда обылысында, ақ жол серік қосып, кәпірге, мүшкірікке айналғандар деп ордаларды түрлі арандату істерімен, тексеріп сотқа беріп, құдайдың ісіне неге үкіметтен ұлықсат қағаз алмадыңдар?-деген сылтаулармен айып пұлдар салынды. Ал ұлықсаты бардың өзін жергілікті салық заңына қайшы, дұрыс тіркелмеген т.б түрлі сылтауларымен қоса соттарға жүгініп, қайтара айып пұлдар салғанымен қоймай, баспасөз, көгілдір терезе арқылы үзбестен қаралау хабарлары таратылып, халықтың көңілін тек намаз оқуға шақырып, тура жол осы деп нандырумен, ақ жол деген «секта» деген ұғымды қалыптастырып нандыра білді. Бірде тылсымнан; «Сыр бойынан көтерілген аруақтар, адасқан пенделерді көктен лақтырып етегімен қағып алып, сынар жәйі бар» деген батаны ақуларымыз алғанымен оған түсініп мән де бермедік. Артынша Түмен бап атаның маңында сыр бойында тік ұшақ құлап, арты қайғылы оқиғалардың елімізде жалғасуымен қайталануы да болды. Тек призидентіміздің көрегенділігімен, жедел араласуымен ғана сол себептерге қатысты ел басқарған азаматтарды сынақты ушықтырмай, орындарын ауыстырып, ел алдында масқараға ұшыратпай аман алып қалды. Бұл жәй ғана жүздеген нақты оқиғалардың мысалдардан үзінді ғана, болашақта аруаққа соғыс ашқандарды басын жерге ұрғызып, қазақ елі түгілі әлем діншілерін бас игізетін, жер шары халқы қазақтың дәстүрлі дінін мойындап, таңқалдыратын дайындап қойған сыйы бар аруақтардың. Ұлықсат берген күні оны да көрсететін күн туар. Бұндай сынақтардың болатынын алдын-ала Ақ тұлымыз «өмір өзені» деп атап, халықты, шәкіртерін сабырға шақырған өлең жолдарына үңілсек ; «Кейде баяу, кейде өзенің сарқылар, Бір жағадан, бір жағаға кезі болар лақтырар. Саспа бала, тең ұстағын ескекті, Ақылға сал, суға батып кетпекті. Бір ескегің аруақтың қолдауы, Екіншісі-күш, жігерің бойдағы. Бір ескегің бабаң берген ақ таяқ, Екіншісі-заманыңның ырғағы. Бір ескегің- бойыңдағы қасиет, Екіншісі-бабаң айтқан өсиет. «Заманың түлкі болса, тазы боп шал» Бәріне баға берсін намыс пен ар. Алдамшы өмір арпалыссыз бола ма? Сын көз салып бабаң тұрар жотады. Ақ пен қара айналаңда көпшілік, Қара қылды қақ жарасың бабаң салған тектілік... Түпкі ниет, арман биік талап та, «Бақыт» деген ұлы сөз бар қазақта. Бағың үшін күрескенің азап па? Бағың үшін күрескенің мазақ па? Жеңіс туын тіксең егер мақсат деген биікке, Ұмыт болар кешегі күн, қиыншылық, күйік те, Жеңістің кілті болса қайсарлық пен тапқырлық, Деп білерсің бағың үшін күрескенің батырлық.» (30 шілде. 2000 жыл) Я жылдар өтті талай опасыздық, талай жау жағадан алғанда, аруақтың ақ батаның арқасында батпақтан шығарып, қасиет беріп, дәулетті қылған иттердің өзімізге қайта шауып, етектен тартқанына куә да болдық. Оның бәрі тізгенмен не пайда. Саспа түбі жеңіп шығамыз, көп сөздерге мән берме деп жүріп нағыз жаудың өз ішімізге балақтан кіріп, басқа шауып, ақыры «батыр аңғал бір оқтық», «ерекек тоқты құрбандық» болып аяқталды. Оған діншілер сыртай білдірмесе де іштей қуанып, кейбіреулер «ата жол сектасы» соталды деп мешіттерде ашықтай сүйінші сұрап, біреулер үкімет өлтірді дегендей өсектің отын тұтатқанымен бұл қазаққа келген дін тағдыры болып жазылды. Оған негізгі себеп; «Олар, егер Құран арқылы таулар жүргізіліп, жер бөлшектеніп және өліктер сөйлестірілсе де сенбейді. Алайда барлық іс Аллаға тән. Мүміндер аңғармады ма? Алла қаласа еді, адамдарды тұтас тура жолға салар еді. Қарсы болғандарға Аланың уәдесі келгенге дейін қылықтарының салдарынан үнемі соққы жетеді немесе жұрттарының маңына түседі Күдіксіз Алла сертен таймайды.» (13-31). Талай пайғамбарлардың қолы жетпеген, діннің биік шыңы рухтың несібесі көктен қазақ жеріне май, бал болып төгілгенмен сөздің нәрінен, сырынан ажыраған елдің тұтқасын ұстаған, халықты жақсылыққа бастайтын Құдайдан несібесін артығымен берілген топтың өкілдері ақ пен қараны ажыратуға қауқарсыз болып, нәтижесінде қасіретке айналған көптеген апат, азаптармен амал жоқ мойындайтын діннің шартты сынағына әкеліп тірелді. Бірақ жаратқанның шексіз рахымы болар, пайғамбарлардың, періштелердің, Әулие-әмбилердің, Алла достарының дұғасымен қазақ еліне төнген апатты сынақты уақытша жеңілдетіп, жіберілген арамыздан шыққан елшінің құрбандығымен әзірше тоқтатылды. «Ана қылдым құрбыны да аянмен, Өлген анам тірілгендей қалған ем. Ақ сүт аттап кеткен кезде ол пенде,.. Жақын жанан опасыздық көргенде, Аруаққа дау айтамын өлгенге...». «Әлде пенде адалдықты саттың ба? Күнің үшін аққа қара жақтың ба? Ар алдында, шындық туын жыққызып, Арамдықтың паранжасын жаптың ба? Өзін-өзі әр пенде сынасын да, Өз тіліңді, өз дініңді ұғасың ба? Елің үшін, жер үшін, ұрпақ үшін, Ата дәстүр, ата жолға шығасың ба? Ерте ме, кеш сын сағаты соғылады, «Алла жолы» бағың болып табылады. Күнәңді жу, ар суына бұлаққа, Жауап бер де «кіммін» деген сұраққа!..» деп алдын –ала ата салт-дәстүрінен, дінінен, тілінен безгендерді ақиқаттың ақ жолына шақырып, алда сын сағаты туып, маңында қолтығынан демейтін ұлт жанды азаматардың да қалмайтынын ескеріп; «Күн туғанда қиналғанда сүйеп пе ең? Жақсылық та, жамандықта ниеттен. Қайтармын Алла жазған маңдайға, «Жазымыштан- озымыш жоқ» қандайда» деп шәкіртерінің сатқындықтарының өзі құрбаны болатынын да болжап, бәрібір ар алдында қазақ еліне жамандық ниетіне есеп беретін кездің келетінін ескертіп кетіпті. Діннің ақиқаты шежіремен салыстырумен ғана айқындалады. Сондықтан бұндай оқиғалардың тарихта қайталанса сол оқиғаларға қайта жалғану яғни қиямет мезгілі болып екінші бір діннің даму сатысына өту болып табылады. Оған Інжіден мынандай мысал беруге болады; Кезінде осындай рухтан бата алып, халықты ізгілікке, ақталуға, шақырып «тыныштықтың дәнін» себуші Ғиса пайғамбар көкке көтерілгеннен кейін елшілерін, көмекшілерін Тәураттың парызшылары қудалап, бұл кітапқа түспеген, адасқан дін-деген (қазіргі арапшы «намазхан» діншілердің қылықтары) сылатаумен елшілерді түрмеге жаптырады. Сонан; «Келген, жоғарғы кеңестің алдында тұрған елшілерді бас діни қызметкер тергеуге алды. –Біз сендерге сол Адамның (рухтың, Ғиса аруағының) атынан тәлім беруге қатаң тыйым салған жоқпыз ба? Алайда сендер ілімдеріңді бүкіл Ирусалимге таратыпсыңдар, -деді ол. Петір мен өзге елшілер былай деп жауап берді; -Адамдардың емес, Құдайды көбірек тыңдау керек! Ата- бабаларымыздың сиынған Құдайы сіздер ағашқа іліп өлтірген Исаны қайта тірілтіп, Көсем және Құтқарушы ретінде Өзінің оң жағынандағы ең құрметті орынға көтеріп, отырғызды. Осылай Ол Исраилдің бетін теріс жолдан қайтарып, күнәларын кешірмек. Біз бен Киелі Рухта бұл оқиғаларға куәміз. Құдай осы Киелі Рухын Өзіне бой ұсынғандарға сыйға береді. Жоғары кеңес осыны естігенде қатты ашуланып, оларды өлтіретін ойлары болды. Алайда араларында Гамалиед есімді бір парызшыл орнынан тұрыды; ол елдің бәрі қатты сыйлаған заң мұғалімі болатын. Гамалиед елшілерді біраз уақытқа залдан шығаруға бұйырып, сөз сөйлей бастады.- Қадірлі исраилдіктер, елдестерім, мына кісілерге не істегілерің келетінін жақсылап ойланыңыздыр! Өздерің білетіндей, біраз жыл бұрын Теуда ел алдында шығып, өзін ұлы көсеммін деп жариялап, оған төрт жүзге жуық адам қосылды. Бірақ ол өлтіріліп, ергендер шашырап, жоқ болып кетті. Онан кейін халық санағы кезінде ғалелиялық Яһуда ел алдына шығып,, соңынан көп халық ертіп, көтеріліске шығарды; Оның да көзі құртылып, оған ергендер қуылып, тарап кетті. Ал енді сіздерге айтатыным мынау: бұл кісілерге тимеңіздер, босатып жіберіңіздер. Себебі егер бұл әрекет адам бастаған іс болса, ол өзімен-өзі құриды., бірақ Құдайдан болса, оны құрта алмайсыздар, тіпті Құдайға қарсы күресетін боласыздар.» (Ел... істері 5-тарау 25-39 аят) Осындай қазақ елінен дін заңынан, шежіреден хабардар құраннан сауаты бар, бірде бір ғалым, теолг, сопы шықпағасын Құдайға қарсы, Құранға қарсы ұлтық дінін соттаған заң шығарып, елге келетін апаттарды жеделдетуге, жаратқаның лағнетін шақыруға ғана себепші болатынын ескерту мақсатында, дін, ел басшылардың Құдаймен қарсы күресіп жатқанын дәлелдеген талай мақаларды басылымдарға беріп, онан ешқандай нәтиже бермегесін, кітап қылып шығарып, сол дін басшыларына, ғалым, акедемиктерге дейін өз қолымен апарып та беріп көрдім. Бірақ Абай атамыздың барған жерімнен тек өз даусымның жаңғырығын естідім дегендей, рухани өлімнен, мәңгүттік ұйқыдан оянбаған ел, дін басшыларынан жаңғырықта шықпай, әлі кезге дейін ұйыққа онан сайын батып келеміз. Елдің сенім артқан данышпандарымыз рухани отаршылықтан кейінгі күнәсін түсініп, ескі күнәлі рухы өліп, бірақ одан жарыққа шығарар ата салт-дәстүрінен айрылғасын, діліне жарық түспей, тіріле алмай яғни надандықтың ұйқысынан ояна алмай жатырмыз. Оянғысы келгенін сыртан келген «жанашыр дінші» «данышпандар» жылтыр, мағынасы екі ұшты сөздермен «бағың енді ашылуда» деп тербетіп ұйқтатып жатыр. Сонан ел басқару ісімен айналысқан халықтың «жағаларының» құлақтары созылып, жүректері естімейтін, жан көздері хикмет түгілі түсті көріп жору қабілетінен айрылған «тірі өлікке» айналып, мұрындары тесіліп, дақ түсіп, өзге елдің намысын ту қылып, надандықтың еркіндік деген «еріксіздік» батпағына ұйыққа батып, әзір өздігімен шығатын сыңайлары байқалмайды. Абай атамыздың; «Сөз (дін) түзелмей ел(діл) түзелмейді» деген сәуегейлігі келді. Халықтың жаратқанға жалбарынған, және періштелердің оны естіп дұға қылған көркем сөз жаңбырмен келіп жер көгертер, ал жер көгінен салт-дәстүрің арқылы азық алып сіңіріп, ана тілің арқылы ғана тәнің, етің тазарып рухың ұйқысынан оянар. Сөзі түзеліп, тәні-«жері» көгерген пенденің, қаны тазарып жүрегі тірілсе ғана көк несібесі Бақ қарап, батаменен Қыдыр жүрекке зейнет болып дариды. Елдің-әйелдердің сөзі түгіл арсыздықпен, ар киімі жұқарып, тозып, тесіліп періштелік сипатынан, жын перілік, шайтандық, маймылдық сипатқа ауысып, қара күштің үстемдік құрған, көз нәпсінің жалпы халықтық зинасы әдетімізге айналғанан, еркектердің көзін шел қаптап белсіздіктің, бел суының азғындығына ұшырады. Сонан шала жансар, ауру немесе мәңгүтке айналатын ұрпақтар көбейуде. Ел азғындығын ашық дәріптеу үйреншікті, мақтан салтымызға айналды. Демек, онда алдымызда жаратқаннан азап, ауру, індет, аштық, өлім деген сыны елге қамшы болып жауып, ата дәстүрден безгендердің көбі жазаның құрбан болары сөзсіз. Аруақ арқылы ақталу заңдылығының 9-санымен берілген шарты бар. 9-жыл 3-кезеңнен өтумен, сыналумен, батамен аруақтың жетелеуімен тағдырыңа жаратқанның сыйын аласың. Ал Құдайдың үкіміне қарсылық білдірсең, 9-жыл үш кезеңмен сыналып және ғұмырыңа жазылған бар сыйынан айрылып, ажал болмаса мәңгілік азапқа түсесің. Барлық қазақ бұдан айналып өте алмайды. Аятта; «Екі жүзділерді жылынан бір, екі сынасам да сонда да түсінбей ме?» деген аяттың үкімі басталыпта кетті. Қазақтың «иман жүзі» араптан алған әдетпен қалыптаспайды. Қазақтың бір жүзі әдет-ғұрпында, екінші жүзі салт дәстүрінде, дінінде. Таразы тартылып сын сағаты басталып кетті. Қазақ жеріне әлем таң қаларлық жеті түрлі бақыттың, қасиеттің белгісі келуімен оған қарсы жеті түрлі азап, ауру, індет сыны түсті. Көрінбейтін өрістік сипаттағы зинашылдарды шағатын кенелер, арсыздықты шағатын шегіртке, түрлі жәндіктер, аяғы арамданғандардың табанынан тас болып кіретін, буындарды қатырып, мешелге айналдыратын қара тіккендер, іштегі шыға алмаған қасиеттік қуаттар, теріні күйдіріп тері індеттері, жазылмайтын аурулар көбейіп, бәрін білгіш дәрігерлерге, құдай адамдарынан ұлықсат беруші надандардың, ғалымдардың бәріне сынақ түсіп, жер жүзі тола алтын төлесе де құтыла алмайтын азап келеді. Әсіресе қыздарымыз, әйелдеріміздің сүт бездері, аяқтары, бастары арамданудан жатырларында, жан ұяларында темір тотының пайда болып, туғандары бағзы заманда өткен жаман қылықты нәсілдерді, болмаса рухани сынға төзімсіз, жатып ішер, азғындыққа тез берілетін санасыз ұрпақтарды ғана өмірге әкеледі. Сонымен әйел жынысы арқылы арамданған және жалаңаш жалпы жүріп ыстыққа «радиация» ұшыраған еркектер де, ұрықтары ашып, әйелдерін сонымен қоса аздырып, болмаса некесіз шашқан ұрықтары тасқа, әртүрлі бейнелерге жын-шайтанға айналып, өз жан ұясына қайта келіп, ұрпақтарын азғындауымен, мәңгүттікке, қайғы-қасіретке, өзіне қол жұмсауына соқтырып, және өздерінің де өмір жастарының қысқаруымен, халық арасында белсіздік жұтының белең алуы арта береді. Аятта Дәуіт пайғамбарымызға дін соғысының киімі сауытты тау, тас, құстар үнімен көркем сөзбен тоқытып, солай көрінбейтін жаудан қорғануды адамзатқа үлгі еткен. Сондықтан аятта; «Сендерге көркем несібе киімді ыстықтан (радиция) қорғансын деп жараттым»-деген. Және арсыздықпен, шектен шығу арқылы ата-аналарың жаннатан қуылғанындай шайтан сендерге зұлымдық жасмасын, ол сендерді көрмейтін жерден (әйелдің, еркектің әуретті, ұятты қуыс жерлерінен және жыныс тесіктерінен) көздеріңді өзіне аударып, көздеріңнің қуатын алып, өрістік дін киімдеріңді шештіреді деп ескерткен. Жер, көктен күн сайын артып келе жатқан ыстықтан (ҚА)-ны «Тын»-дырып, тазартатын әйел халқының дін киімі жұқарғандардың, арсыздықпен жоғалтқандардың іштері өртеніп тозаққа, азапқа түсіп басымен қайғы болып, түрлі рухани ауруларға ұшырап, көздері алайып, жүректер ауызға тығылып, тыныстары тарылып, өлім еселеп арта береді. Есесіне етегін жауып, ата салт-дәстүрін тегін тауып, аруағын құрметтеп, құдайдан қорқып, қасиетін баға білгендерге бақ қонып, барлық әлем кілтін таба алмай жатқан аурулардың шипасы да беріліп жатыр. Өліммен, өмірдің арапалысы ешқандай діншіні де, ел басшыларын да айналып өтпейді. «Атасы бөлек аттан түс, атасы бір атқа мін!»деген текті қазақ ұрпағы едік деп, осы алдағы қазағымыздың атқамінерлерін тосып тұрған сыннан оңай өту жолын неге көрсетіп бірлікке, ортақ сұхбатпен пәтуаға шақырмасқа? Аталарымызға; «Әкеңді өлтірсе де, алдыңа келсе кешірім бер» деген әулиелер алдарына апарып жаратқаннан неге кешірім сұратпасқа? Діншілердің «шерік, серік қосу»-кәпірлік-деп атаған, Ақ ұлға келген мұғжизаны «Жүрек ашуды» , пайғамбарлардың көбіне нәсіп болмаған, діннің елшіліктің негізгі биік шыңы болып, құран арқылы, киелі кітаптар арқылы бұрыннан келе жатқан «хикмет» екенін түсіндіріп және намаздың да, тақуалықтың да, сопы ғалымдықтың да, барлық тоғыз түрлі дарындылық қасиеттердің де, жалпы әлем діншілерінің арманы болған істердің қазақтың қарапайым халықтың арасында «Ата жолында» іргесі қаланып, әлі толық жетіліп піспеседе аруақтардың көз тимесін деп тығып, дайындап, болашақ әлемнің рухани көш басшылығына әзірлеп жатқанын нақты істермен дәлелдеп, көрсететін кез келді. Мөр туралы қысқа мәлімет берсек; Адам денесінде жеті желдің есіктері рухтың зейнет есіктері бар. Төбеден, орайдан, екі табаннан, екі алақаннан, екі жаурыннан. Керісінше жыныс, әурет тесіктерінен қара күштердің енетін 7-құпия есіктері бар. Және бойға, дін киіміне берілетін тағы жеті түрлі белгі есіктері бар. Барлығы ақыл есігі болып 21-санымен тұжырымдалады. Бұл құранда 21-ші сүремен толық баяндалған. Ал адам баласы дүниге сәби болып келгенде жүрегі бірінші дәрежедегі періште болып ашық келеді. Ол қасиет естіп, көріп тілді, сөзді меңгеру үшін тылсымнан түс арқылы үйрену үшін қажет. Өсе келе, немесе араммен азықтандыру, дәстүрді сақтамағанда ол мөр уақытша жабылады. Екінші мөр жан тазалығына берілетін түс, аян көруге тылсыммен сырласуға ашылатын мөр. Үшінші киелі кітаптарды меңгеру барысында әр адамға берілетін дін ғылымының мөрі. Яғни ақылдың кемелденуіне жаратқаннан санада сөйлесу дәрежесіне жету. Бұл мөрлерді кезінде көптеген әули-әмбилеріміз меңгерген. Ақ ұлға ерекше хикмет осы екі дәрежені жүректің екі құлағын да еріксіз ашу қасиеті берілген. Ақ жолда аруақ батасымен жүрек ашудың үш сатысы жүріп жатыр. Бірақ кейбіреулерде тазалық, дәрет сақталмағасын және ана тілін таза меңгермеуден, ата салт-дәстүрді ұстамаудан бірінші (жеті сезімді меңгеру) періштелік саты сөзді түсіну құлағы жабылып, шайтанның ықпалына түсуде. Тылсымнан бата беру екінші дәрежесімен (екінші жетімен) атқарылады. Ал бірді қалыптастыра алмаған аққу, сұңқардың тек екімен батасы таза болу мүмкін емес! Екеуін толық меңгергендер емшілік, бақсылық қасиеттер арқылы құранан терең хабар алатын үшінші дәрежесін, көке жалғану жетісін (құпия кітаптан) меңгереді. Ондай қасиетке жеткендер, алғашқы қарлығаштар бар. Батаның да 3-өлшемі, 3-түрі, сандық мәні үндік қуаттық өлшемі де бар. Бата негізінен; 333; 323;313 сандарымен өлшенеді. Және уағыз бата, емдік бата, терең сырлы ақпараттық бата болып анықталады. Қарапайым ғана саусақпен 3 сөздің құралу тербелісімен анықтауға да болады. Болашақта ғылыми негізделетін, құралдармен өлшенетін басқалай да әлі адамзатқа құпия сырлары бар. Бұл жәй ғана білімі ашылған, кезінде құпия хикмет қылып аталарымыздың көрсеткен істердің жүзден бірі ғана. Ақ жолда «серік, шерік қосып», кәпір болып жатыр,-деп халықты алдаған залымдарға, кітаптан басқаны оқи білмейтін ақымақтар мен, жүрегі жабылған надандарға; Ата-жолы Құдайдың ісі болып, жалғасып жатқанына, ақ ұлдың ісінің де, рухының да өлмейтініне мысал болсын деп қана берілген ақпар. Болашақта әлемге ұялмай жариялайтын ақ жолдың, жан ғылымының нұрландыратын Ясауи бабамыздың көріп, біліп айта алмай кеткен, тылсымнан аянмен оқылып, жаздырып жатқан «Тылсым сыры» болып, құран аяттарымен негізделген кітабы да бар! Ал адам баласы берілетін рухтың сыры; Мөрдің жеті сатыдан тұратыны Інжілде көрсетілген. Сондықтан оң қолды қою арқылы кез келген пенденің жүрек көзін ашу Ғиса пайғамбарымыздан басталып, қазақ елінің оны меңгерген рух елшілігінің таңбасы, «шырағдан» Қажы бабамыздың зиратынан табылып, Астанада мұражайда тұр. Ол шырағданның сандық мәні «1874»! Мұхаммед пайғамбарымызда жаурынға қолын қойып жүрек көздерін ашатын қасиет болған. Ол қасиетті санаулы ғана (3-сахаба) меңгерген. Олар кімдер болды? Қазіргі сопылық жолдамыз деп, ұстазын пір санап, қолтығынан өту осы бірінші дәрежелік мөрдің яғни періштедей тазарып, балам болдың деген белгісін береді. Онымен шынында ол періштедей таза болып, тылсымға жалғанып, аян, түс, уахи алу дәрежесіне жетті ме? Өздерін оны сұрап көрсеңіздер болады. Ал Ясауи бабамыз бұл жүрек ашудың терең сырларын, хикметтерін меңгеріп, түркі әлемінде мыңдаған шәкіртер дайындап, сол мұра енді біздерге ұрпақтарына нәсіп болып, кез келген қазақ баласының ондай дәрежеге жету себебі қанымызда, ділімізде хикметің жүрегімізде туғаннан зейнетелуінен деп түсінгеніміз абзал. Мариям анамыздың, және басты 4-елшінің қазақ жерінде жерленуі, қазақ елінде Ғиса пайғамбар хикметін, Ясауи бабамыздың білімін жалғастыратын «Ақ ұлдың» елші болып келгеніне куәлікке жетпей ме? Ақ ұлдың хикметінің саны да «1874» және 21+бір. Ақылмен ғана иман келтіріп, нақты ғылымға, құран насихатына, киелі кітаптарға бой ұсынсақ және дәстүрлі дінімізді мойындасақ, «Ақ ұлдың» рухы қазақ жерінде ту болып желбіреп, өлген жүректерді еріксіз оятқан хикметті істері көптеген дарынды, адал қазақтың ұлдарына нәсіп болып, қазақ дін дәстүрінің әлемге ақыл беретін аға дін болар күні туатыны сөзсіз. Өздігімен дінді меңгеріп күнәлі рухы өліп, қайта жаңғырмаған, оянбаған жағдайда ішкі әлемнің соғысымен, бір күні жарылыс болып, білімсіз, шежіреден хабарсыз пенделердің жынның еркіне беріліп, өзіне қол жұмсауы, өзгені жаруы, болмаса басқа азғындардың жетегіне еріп кету қаупі («намазхандар» арасында да) арта береді. Ал бұндай жағдай жалпы халықтық сипатқа айналғанда, жаратқаннан қан төгіске, соғысқа сынақтар түсіп, жан құрбандығы сол халықтан алынады. Бұл рухани тоқырауға ислам елдері ұшырағанын күнделікті куә болып отырмыз. Ел, дін басшыларының, ғалымдардың арасында жасынан көк жиекті көріп өскен, талағында биті бар ұлт жанды азаматтар болса, негізгі бағытынан адасқан, тура жолдың қисығына бұрылып алған көпшілік ақ жолдықтарды тәрбилеуге ат салысар деген үмітпен және алдағы діндегі «шерік, серік» деген исламдағы жалғандықты әшкерелейтін, басылымның тек қазақ арасында таралып, ақиқатты, құран ғылымын ашылуына қол созар деген ақ ниетпен; Оян қазақ! Атаң келді алдыңа! Атаңменен несібе, батаң келді халқыңа! «Батасыз құл жарымас, баталы құл арымас!» Ниеттенде қолыңды жай; «Алға басып, өркені өсіп келе жатыр адамзат, Не боларын ертеңгі күн болашақ. Бар дүние, бар ғаламат бір Алланың қолында, Алла жолын мойындасаң оңғарылар жолың да. Растығын «Аланың» Абай атам жырлап өткен өлеңмен, Алла жалғыз, Алла шексіз шек келтірме оған сен. «Құдайсыз қурай сынбас» деген сөз ескіден, Шындығына ақ ниетің, ой-өрісің жеткізер.» «Аруақтың пендесімін аманатты жүктеген, Бұйрығын Бабалардың орындайтын көптеген. Алла барын мойындатып, иманды ғып ұрпақты, «Ата жолға елің үшін еңбек терін төк» деген... Аруақ көп, тылсым жақтан ел үшін, Алла жолмен биіктетер ел ісін. Ту көтерді Айша-Бибі періште, Еңбек етер, ұрпақ үшін біз үшін. «Бір жеңнен қол шығарып» бірлесіп, «Бір жағадан бас шығарып» жүздесіп, Айша –Ананың ақ туына ілессек, Жетерміз-ау биіктерге күнде өсіп, Аманатын аруақтың жеткіздім, Ақылға сап, сараптап бір өткізгін. «Өлі риза болмай, тірі байымас» дегенді, Туралықты Бабалар, айтып кеткен тек біздің.» «Жүрегіңде «Алла» болсын бар ғаламды билеуші, Жол көрсетер құран кітап, бір өзіңе жетекші. Аруақтар батасымен болсын қазақ, тіреуің, Сонда ғана жалған өмір сынағынан өтерсің..!»

(21 қазан, 2000 жыл. Қыдырәлі Момбай ұлы) Мамыр айы 2011. Байтасов Тоқберген Кескір ұлы.





Каталог: upload -> orig -> user -> 225 -> blog
upload -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
blog -> 5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011 Жазбадағы тақырыптар тізбесі
blog -> Дін ділдің, тіл білімі иманның айнасы. Төртеуіміз түгел ме ағайын?
blog -> Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар 4-ші кітап Алматы-2011
blog -> Қиямет мезгілі мен пенделердің тозақтық сипаттары. Ата жолы хикметтері
blog -> Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар
blog -> Ясауи ілімінің намаздары және масһаб білімінің қателіктері. 5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011
blog -> Ұлылардан ұлағат алайық! Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған, Өлді деуге бола ма айтыңдаршы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет