Сабыр түбі сары алтын, сарғАЙҒан жетер мұратқА ! Ата-жолы, Ақиқат бастауы 1-кітап; 3-ші бөлім. Алматы қаласы



бет3/7
Дата25.12.2016
өлшемі1,51 Mb.
#4694
1   2   3   4   5   6   7

ШАЙТАННЫҢ САУДАСЫ.

Көп дін танушы ағайындар баспасөз, көгілдір терезе беттерінде қазақта дінді танынтатын басылым, шығармалар аз деп шағым да айтып сондықтан ислам туралы насихаттарды өзге елден көшірумен ғана айналысады. Ал шындығына келгенде жалпы дінді тек Аллаға құлшылық-деп, құлшылықты намаз оқу деген надандықтан осындай пікір қалыптасқан. Қазақтың бұрынғы өткен қай ақынын, жыршысын немесе жазушыларын, би, хандарының өсиет, өнегелерін, насихаттарын, астарлы сөздерін түсіне білген оқушыға дін туралы яғни ар-ұят, ұждан, әдептен шариғат, киелі кітаптардан ғибрат айтпағаны жоқ десек өтірікші болмаймыз. Енді Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қазақтың шариғатының ертеден қалыптасқанынан ғибратнама жазып кетіпті. «Сұңқардай биік шыңды мекен қылмай, Шақылдап көзге түстім сауысқандай. Түлкінің қызылдығы өзіне сор, Болғандай, болдың маған өнер-білім!.. Бір нақыл, жұрқа таңсық, жәдігер сөз, Хазірет Ғайса рухолла пайғамбардан;.. Базарға жұрт жиналған келе жатқан, Лағына (шайтан) жол үстінде ұшырапты кез..Ол малғұн келеді екен жолмен айдап, Он қашыр, бес есекке жүгін артып. –Жаныңа шын сөйлесең пайда,-дейді. Дінің қатты, құр тілің майда,-дейді. Сұрады тақсыр Ғайса тұра қалып; «Барасың,-Лағынға айтты,-қайда?»-дейді. –*Сен шықтың тура жолдан асып,-дейді. Біздерге жол қисығы нәсіп,-дейді. «Жалпақ жұрт бара жатқан ду базарға, Барамын мен де қыла кәсіп»,-дейді. -Топыраққа бас ұрмаймын деп қылап ар, Бұрынғы дәуреніңе (періштелік) сен болдың зар. Басқа жұрт тері-терсек, жүн сатады, Сататтын, малғұн, сенің, не пұлың бар? –*Жүгім бар көрмеймісің он бес көлік, Келемін айуанға артып екі түлік. Жұртта тыныштық, бүтінін ойламаймын, Саламын көп бас қосқан жерге бүлік. –Қашырды есекпенен танып тұрмын, Өтірікті шындай қылдың, нанып тұрмын. Біле алмай артқан жүгін не екенін, Тамаша айран-асыр қалып тұрмын. -*Артқаным бір есекке ылғи жалған, Жалғанда өтірік жоқ мұнан қалған. Нанбасаң еріп бірге көр көзіңмен, Базарға қызығымды қалай салған. Күншілдік-бір есекке тиеп артқан, Жібек, кендір арқанмен буып тартқан. Базарға бұрын көп барғанмын. Жерім жоқ бұл саудамнан залал тартқан. Артқаным бір есекке өңкей зорлық, Есепсіз мал табамын қылмай ұрлық. Мен алмай, оның малын кім алады, Иттер бар көріп жүрген малдан қорлық. Пайдасыз бос орынға жүрмейміз тек, Көрінген бір жерім жоқ ешкімге тек. Мастанып артқандықтан-тәккәпарлық, Жүре алмай бара жатыр мынау есек. Естумен тақсыр Ғайса таң қалады, Көзбен көріп, көңілмен аңғарады; -Киер киім, ішер ас, тамақ емес. Керек қып бұларыңды кім алады? -*Базарға айдап барып салам қатар, Алдымен жетіп келер алып сатар. Түк қоймай өтірігімді талап алып, Ол да алдар көрінгенді, дәмін татар. Көтерме өтірікпен менен алған, Олар да бар әлінше сөйлер жалған. Кім болса бұл заманда сол әкетер, қор болып қашан өтірік жерде қалған. Білмейді ешкім менің улығымды, Майлықпен көріп бірдей сулығымды, Қатынның ең жаман, ит ап кетер, Талау мен мікір-хайла, (қулық-айла, ит мінездік) қылығымды. Закон (ата заң) жоқ жерде мұны қалдыруға, Бұларға өзім ерікті алдыруға. Білмеймін дәнемені жаман ұстар, Мікірмен (ұятсыздық) алдар бойын нандыруға. Базарға алып барса не қалады, Қараумен әр нәрсеге көз талады. Білетін күншілдіктің қадір құнын, Оқыған көп оқуды молда алады. Шаршарсың базар барсаң, басың қатып, Сөйлеп тұр өз білгенін әркім шатып. Жұрт билейтін ұлықтар таласумен (партия құрып), Алады зорлығымды пұлға сатып. Неге болыс болады малын шашып, Қашан болып шықанша жанталасып? Текке тиын біреуге кім береді, Зорлықпен алдамаса үкімі асып. Қарсы келсе бетіне басын шайнар, Құнсыз, бұлсыз кедейдің соры қайнар. Өзі апарып ұлыққа тығар малын, Ішпес, жемес, шық бермес Шығайбайлар. Біреу ұн, біреу пұттап май алады, Біреу қой, біреу тайынша, тай алады. Тәкәпарлық, жүгімді қалтасы мол, Жетілген надандыққа бай алады. Томпайтып қалтасына жүрген сыймай, Беруге ешбір жанға көзі қимай, Алған соң тәккапарлық сатып менен, Дүрдиер өз үйіне өзі сыймай. Бай біткен болғандықтан қара бауыр, Арқасы ер салмастан болар жауыр. Не айтып, не қойғанын білмес өзі, Тырнадай өзіне-өзі болып ауыр. Сиырдай қатып жүрер дәл болған құрт, Көмейде жоқ, бос сөзбен толтырып ұрт. Желбірер ентігумен екі танау, Семіз деп құр көрумен айтсын деп жұрт. Жүргенін білмес өзі батпақ саздап, Үлкендік айтып қояр аздап-аздап, Арлан тазы бұтындай бұлтиюмен, Едірейіп екі көз шыға жаздап. Ғайса айтты: -тоқта, малғұн, болды,-деді, Айтқан сөзің құлаққа қонды, -деді.-Апарып оны қайда өткізесің, Он қашыр тиеп артқан пұлды?-деді. Бұл күнде тіліңді алған жас пен кәрі, Азған жұртқа тура сен ем, дәрі. Жүгің не он қашырға артып алған, Немен толып жатқан соның бәрі. -*Ол бір жүк шиыр емес, соны-деді, Бұлардан он есе артық құны,-деді. Бұл жерде алушы жоқ шаршамаймын, Өткізіп қайтқанда айтам оны,-деді. Мұнымен шайтан-дағы базар барды, Он бес көлік жүкпенен топты жарды. Лезде апа-сапа қылды бәрін, Ұйқы-тұйқы көбейтіп дауды- шарды. Алдынан алушылар даяр жетті, Қолдан-қолға түсірмей талап кетті. Қайтқанда тағы ұшырады рухоллаға, Мән жайын саудасының баян етті. -*Бес есек өзді-өзінің орнына өтті, Жүк еді он қашырда бір ретті, Артқаным бәріне де тамин (дәме, тілемсектік) еді, Біреуін тілеушілер (намазхандар) талап кетті. Иіне ала қоржын салған алды, Қайыр сұрап жұрт тынышын алған алды. Пірге қол берген сопы, бірәдарлар, Жұртан пұл жинап, қажыға барған алды. Бір қашыр жүк бәріне түгел жетті, Тоғызы өтпей біраз тентіретті. Қожа, молда, ишандар елді жеген, Дағдарып тұрған шақта солар жетті. Ақсақал, қажы, қожа саттым шалға, Бейнетпен мал таппаған жүріп жалға. Қожа, молда көтеріп алды бәрін, Еңбексіз тапқұан жұртан тегін малға. «Біз үйде қалай шыдап жатамыз,-деп, Мұны алсақ, қарық олжаға батамыз,-деп, Шайтаннан көтерме алған бұл тамтиғы (дәмесі) Қыдырып үйден-үйге сатамыз»,-деп. Бұл пұлмен бірі мешіт салмақ болды, Бірі мүлгіп ишан боп қалмақ болды. Біреуде шай, біреуде ет қайнаттырып, Жұртан пайда шығарып алмақ болды. Олардың және айтайын қылған ісін, Бұлдайды кейбіреуі көн терісін. Бас-басына бір мисуақ омырауында, Егер өткір қылуға тамиғ (дәме) тісін. Басына дағарадай сәлде салды, Жұрт қоршап, «ой, тақсыр» деп ортаға алды. Түлкінің құйрығындай бұлғаңдатып, Құйрығымен сәлденің тапты малды. Тәпсіні жыбыр-жыбыр серпіп тастап, Надандық қисық-қыңыр жолға бастап, Онысы-жерге шашқан бидай, тары, Торғайды келу үшін торғай бастап. Бұлардың қылған ісін қылмайды ұры, Құйылған кеудесіне шайтан қоры. Мол қылып жайнамазда жайып салып, Алғуам, кәл һауымға (көршілікке, шәкіртікке) жайған торы... Тамиғтың (дәменің) тырнауышы болсын деп сол, Қажы барып алып келген сақал тарақ. Қапшығын қайыршылық тоқып алған, Өнер жоқ (мақтан, дәреже) бұлар білмей қапы қалған. Жұртан зекет алуды дұрыстауға, (заңгер, қаржыгер) Байлар бала оқытты жиып жалған... Жүзі қараның айттам деп арсыздығын, Қылмайын ақ қағаздың жүзін қара. Шайтаннан қылды сауда көтерме алып, Орнына бұлар жүрді, шайтан қалып. Басында бақ, үйінде дүние мол, Алдына жүздеп, мыңдап малын салып. Байқамай жазып өттім бес-алты жол, Еркіме қоймаған соң қызығып қол.. Дін қайда осы күні, ғылым қайда, Тұрған жоқ анық көңілім бір құдайда. Лақ (шайтанмен) пен тоқты (сабыр қуаты) алам деп жүрген жаннан, Ойлайсың тиеді деп кімге пайда. Айт, тауып жастанайын босағасын, Молданы бала оқытқан Құдай үшін... Айтсаң тіліңді алмайды қатын, бала, Енді мұны айтамын кімге ғана? Өзіңді «жынжы» дейді, «шайтан» дейді, Не қылсаң өзің қылдың хақ тағала... Хақлықта, (нақтылық, шындық) туралықта тұрамын деп, Жалғанда жалғыз қалдым жанға жақпай... Махұрым ете көрме Раббым қадыр, Рахмет қазынаңнан құр қалдырып, Дүниенің фитнәсіне шырмалдырып, Кірлетпе абыройымды тілеймін көп...Дариядай кемімейді аққан бұлақ, (дін ғылымы) Бір күні миллион шелек төккенменен. Бергені бір құдайдың нық болмаса, Болама құр көбікше көпкенменен...» Бұл ғибраттан ұқанымыз шайтан адам баласын аздыру үшін 15-түрлі жүкпен жүректі кірлетеді екен. Оның төртеуі надандық есекктік мінез болып; жалғандық, күншілдік, тәккәпарлық, зорлық болып, ал бесіншісі қатындық қулық-айла, сатқындық қазіргі таңдағы ерккектерге де тән иттік мінез екен. Шайтан жүгінің екі түлікке бөлінуінің өзі бірі надандық, сауатсыздықпен, екіншісі көп оқып, артын тексермеген дәреже қуған, мақтанға айналдырып, халықты аздырған пайдасыз іліммен байланысты. Сондықтан он қашырлық жүк; жаратылыста ақ пен қараның 10 ғана жұбы болып, осы ақпен қараның өлшемін жоғалтқан, ала жіпті атаудан пайда болатын; тектік, гендік азудың ұлт болмысын, жыныстық, кәсіптік жоғалтуға бағыталған адамның жалған білімінен және ой жорудан пайда болған дәмелендіру, билікке құмарлық, өзге елдің әдетіне, жылтырына еліктеушілік, «жұлдыздық», мақтаншақтық жүктер екен. Оның бірін надандар тобы яғни қол жайып тілегіштікті «намазхандар», пірәдарлар, бел ауыртып жұмыс істемей, жұртың есебінен күн көретін, ауырдың асты, жеңілдің үстімен жүруге құмарлар және атақ дәреже арқылы қызметке құмарлар мен түрлі дәрежедегі ет ауыртып жұмыс істемейтін, тек дайынға құмар сыпайы қайыршылар алады екен. Осы бес түрлі жаман қылықтан арылу үшін де Абай атамыз; « Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол!» деп сақтану жолын да көрсеткен.Және шайтанның саудасын ел болып жабылып жүргізетін заманның келе жатқанын болжап; «Шошимын кейінгі жас балалардан. Терін сатпай, телміріп, көзін сатып, Теп-тегіс жұртың бәрі болды аларман.» «Саудасы-ар мен иманы, Қайрат жоқ бойын тыйғалы. Еңбекпен етті ауыртпай, Құр тілмен жиғаны (намазхан, әнші)... Сиырша, тойса-мас болып, Өреге келіп сүйкенер. Күлмеңдеп келер көздері, Қалжыңбас келер өздері. Кекектеп, секек етем деп, Шошқа туар сөздері.» деп, еңбектің қадірі кетіп дәме мен тіленшілік дертінің жастарды меңдеп келе жатқанын ескерте отыра; «Ел бұзылса, құрады шайтан өрмек, Періште (рух) төменшіктеп, қайғы жемек, Өзімнің иттігімнен болды демей, Жеңді ғой деп шайтанға болды көмек. Сыртсынбақ, қусынбақ, өршілденбек, Сыбырмен топ жасап бөлек-бөлек. Арамдықпен бар ма екен жаннан аспақ, Өзімен-өзі бір күн болмай әлек Өзін түземей ел түзегіш, топтарға бөлінген, діншілдер, партияшыл, түрлі гендіршілдерді де осы шайтанның қызметшілері дейді атамыз. Осындай қоғам дертінің асқынып; «Уайым аз, үміт көп, Ет ауырмас бейнетке, Бүгін-ертең жетем деп Көңілге алған дәулетке... Құйрығы шаян, беті адам, Байқамай сенбе құрбыға! Жылманы сырта, іші арам Кез болар қайда сорлыға.» деп адамзатың, дәме босқа үміт мастық дертінің белең алуымен, үлкендердің де әсіре әйел затының шайтанға айналған кейпі құйрыққа май жинап, шаянға ұқсағандардан және жалпы қайқы құйрықтардан абай бол деп ескертеді. Шыңғысқан атамыз кезінде қайқы құйрық адамдарды кім болса да, «бұдан тек азғын құл туады»-деп таңба басып, қара жұмыс, бейнет істейтін құлдардың қатарына қосып, «құйрығын жегіздіріп» қан тазаруын қалыптастырған екен. Абай атамыз болашақта шайтанның саудасының үстемдігімен сөз қадірінің кетіп, халықты надандықтың түнегі басатынын, діннің азатынын да ескертіпті. «Наданның көңілін басып тұр, Қараңғылық пердесі. Ақылдан бойы қашық тұр, Ойында бір-ақ шаруасы. Кітапты (аян, түс, шарио) молда теріс оқыр, Дағарадай сәлдесі. Малқұмар көңілі бек соқыр, Бүркітен кем бе жем жесі? Жүректе айна жоқ болса, (жүрегі ашылмаса) Сөз болмайды өңгесі. Тыңдағыш қанша көп болса, Сөз ұғарлық кем кісі Осындай сөз қадірінің, тілдің қуаты жоғалуымен халықтардың жүрек айнасы яғни есту, түсінік қабілеттері жоғалып, кісіліктің бұзылатынын қазіргі қазақ елінің нақты бейнесін көрсетеді. Қазіргі таңда 10 қашырдағы «дәме» жүгінің бірі жалпы мақтан бүкіл халыққа ортақ болып, ал қалған 9-қашырдағы шайтан жүгі, елдің мәдени және әлеуметік қызмет саласындағы ғалымдар, оқығандар, дін ғұламаларының еншісіне тиіп, көтере сатып алып, шайтанның саудасын жүргізіп, шайтанға өзі істейтін қазақ елінде жұмыс қалмай ұзақ уақытқа демалысқа жібердік. Шайтанның нағыз сыбайласы оқығандармен, басшылар арасынан шығатын, 9-түрлі «кісімшілік» бұзықтық істердің, «үміт, мақтан, дәме» жүгінің де өз егесін тапқанын жоғарыда білдіңіз. Бірақ оның қатары қәзіргі заманда, бұрынғы аталар дәуірінен 10-есеге артқанын және жүгенін сыпырып, «еркін жүр»- деп, шешіндіріп көшеге шығарып жіберген әйел затыда қалмай жартысына жабысып, шайтан саудасын жүргізіп қан қоймай, шайтаның ұрпақтарын құйрықтарында өсіруге көпшілік алдында «к..н» ашып жабыла кіріскенін өтірік дейтін ақылды қазақ болмас. Абай атамыз бұл жағдайды шайтанның сөзін сатушылар деп; «Көп Тәңірі атқан мақтай ма, Ол Тәңірі атқан болмаса? Жоқты-барды шатпай ма, Көптің өзі оңбаса?.. Жұртың бәрі сөз сатқан, Сатып алып не керек? Екі сөзді Тәңірі атқан- Шыр айналған дөңгелек.» Тәңір атқан көп елдің әдетімен, сөзін сатып алмай-ақ тағдырыңа нәпсі болып жазылған, 2- түлік нәпсілік (аяқтың арасы мен екі ерін арасын) сөзіңді түзеу үшін, ұлтық шариғатың «шарыңды» түзе, тәңір атқан көпке ілесіп шайтан сөзін алма деп ескертеді. Бұл біздің Абайшыл діншілермен, ақын, жазушы, тілшілердің ауылына да айтылған ескерту болар. Құранның, Інжілдің сандық мәнімен жалпы 10-саны; әдет-әдеп, ынталандыру, айтар ақыл, сенімен жүректі бекемдеу, бос ойлар, үмітену, қасиеттерді меңгеру т.б болып табылады. Ал 9-саны; сенім, кісілік, нәсіп, нәпсіден тазару, жүректегі сезім, қажет нәрселер орны, еркектің қабілеттер, білімсіз хабарларды жеткізу т.б болып аяттар оқылады. Бес есектік жүк адамзатқа өнерге, нәпсіге берілген негізгі қуаттар саны. «Бесті беріп, алтыны аласың!» Алтыны «ойпатардан» (зират орындарынан) іздейді. Осы қарапайым мысалдан ғана қазақта дін ғылымын меңгермеген немесе аталарымыз тура жолын таппаған деп, қандай діншінің оқымай, зертемей айтуға аузы барады? Жалпы адамзатқа берілген дін ғылымына жүгінсек бес парызбен, тоғыз тәубе сатыларымен тақуалықтың қағидасы шығады. Намаз оқу осы тәубенің бірі ғана екенін біле бермейміз. Ал жүректің тақуалығы, жан ғылымының негізі шайтан жүгін өртеу арқылы (15+рұқ=18, оң қол) ірге тасы болып; күнәдан ақталу, артық хайыр жасаумен қаланатынын, «ақ жолдың» інжілден басталатынын ұмытпаңыз дінші болсаңыз. Пайғамбарымыз шайтан қанда болады деп ескерткен екен. Мемлекет тұтас дене болса оның қаны ата заңы болып табылады. Енді өзін-өзі яғни шайтанын өлтіруге Құдайдан пәрмен келіп, көп қазағымыз ұмыт қалаған ғұрпымызды жалғастыруды бастап елді, дін шайтандарының айдап салуымен, ел басқаратын шайтан адамдар халыққа шайтанын өлтіруге тиым салып, болмаса ұлықсат қағазбен ақша төлейтін заң шығарып, әлемде шайтанына дем беретін алғашқы мемлекетке айналдық. Осындай шайтан туысқандарынан жапа көрген; «Елге көнсем, ақ жолдан адасамын, Көнбей жүрсем, көп итпен таласамын, Тек отырсам, тепкілеп шыдатпайды, Енді қайтіп бұл елмен жарасамын. Бір момынның (Тәурат) ұстасам түзу ісін, Жөндейін деп ғаріптің (аруақтың) жөн жұмысын, Ақтан(аруақтан) безген ары жоқ өңкей залым, Ырылдатып жабады ит пен құсын.» деп Шәкәрім атамыз өз мұңын шағып, өзін енді «Мұтылғанмын» деп атап кетіпті. Ұлағатты сөз ешқашан өлмейді. Сондықтан қазақтың дінің тура жолының кірпіші болып қаланған, қайтпас қара шалдары «Мұтылғандары»-да ешқашан өлмейді, тірі! Оны сезбейсің, түсіңде көресің, сөзін естисің!

МҰҢЛЫ ШАЛ-МҰТЫЛҒАНДАРМЕН СҰХБАТТАСУ.

Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, алыстық жұлыстық, тартыстық--әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің байлаусызын көрдік, бәрі қорлық екенін білдік. Ал, қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.

Ел бағу? Жоқ елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!

Мал бағу ма? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздерінше керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жағдайым жоқ.

Ғылым бағу? Жоқ ғылым бағарға да ғылым көзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз –күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып, шер тарқатар кісі болмаған соң, ғылым өзі тез қартайтатұғын күйік.

Софылық қылып дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елде, осы жерде не қылған софылық!



Балаларды бағу? Жоқ баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай қарекетке қосайын? Баларымның өзіне ілгері өмірдің, білімнің пайдасын тыныштықпен қөрерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым.

Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ- деп ұлы Абай атамыз назын айтып қалай жол табудың, қазақтағы болатын рухани аурудың турлерін көрсетіп қара сөзге, ақылға айналдырып кетіпті. Сондықтан да Абай атамызды; Ел, Мал, Дін ғылымын және тақуалықты меңгеріп мінезді, нәпсісін яғни «баласын» баға алмады деп айта да алмаймыз. Керісінше нәпсіні бағу туралы Абайдан атамыздан ақыл-ғылымын, ал Шәкәрім атамыздан ішкі құпия нәзік сырын, білімін іздеп үйрену керек екені болашақта анықталатын ақиқат екендігі даусыз. Біздің дін ғұлама «сауаттыларының» халыққа ұсынып отырған; «Әркім білген, көпке тараған көрінгеннің қолында болған заттың құны түседі.» дегендей әбден ғасырлар сынынан өтіп, тозығы жеткен жаңалауды, жаңғыртуды қажет ететін ілімнің білімі ғана. Араптардың білімін таратып, дәріптеушілер егемендік алғаннан бері, ешқандай қазақтың рухани құндылығына, сөз өрісін кеңейтіп, жаңадан рухани байлықтың, көк қазынасының ашылуына септігін тигізе алған жоқ, тек өзіміздің қанымызда, жанымызда қалыптасқан ескі дүниені қайтадан жаңғыртып, керісінше тек «ерекшелену» әдетін ғана қалыптастырды. «Ерекшелену ғалымдыққа лайықты іс емес, ғалым адамдардың міндеті адамдарды алаламай, тегіс бірдей көру. Сондықтан да білімнің мөлшері емес, оның сапасы маңызды, ең қажеттісін білмей-ақ өзе көп нәрсені білуге болады.» «Бұл кездегі діндердің бәрі нашар, Ешбірі түзу емес көңіл ашар, Өңкей алдау, жалғанды дінім дейді, Тексерсең, ойың түгіл жаның сасар. Әлемдегі діндердің түп мақсұты; Үш нәрседе бұлжымай құшақтасар; Құдай бар, ұждан дұрыс, қиямет шын, Еш діннің мақсұүты жоқ мұнан асар. Дін адамды бір бауыр қылмақ еді, Оны бөліп, дұспандық қару жасар. «Інжіл» «Құран»- бәрі айтып тұрса-дағы, Адасып ардан күсіп қара басар, Сөйтіп бұзып бүлдіріп есіл дінді, Дін десе білімділер тұра қашар, Ешбір дін өйтіп дұспан бол демейді, Қанеки бұл сөзіме кім таласар?»-деп Шәкәрім атамыз болашақ ұрпақтарына аманат қалдырып, сол аманатты мен енді жалғап көрсем деймін. Ол үшін қазақ шариғатының араптан емес, құдай танумен сонау Інжілмен, Ғиса пайғамбармен жалғанып, ал тамыры одан да әріден басталатынын дәлелдеу. Әуелі арамызда жүрген қара ұжданы бар шалдарымызды тыңдап көрейік те құрандағы қиямет білімінің растығымен салыстырып көрсек, мүмкін бізге қажет нәрселер табылып қалар. Құдайға шүкір, қазақта жалпы елге бейбіт өмір, не ішем не жеймін еркімде деген өмір туды. Абай атамыздың жоғарыдағы сөзіндегі жеті түрлі жағдайды түсіндіре білетін, жасынан көк жиекті көріп өскен, болмаса ел қамы, жер қамы, ұрпақ қамы деп өмірмен алысып, арпалысып әйтеуір жақсы, жаманды тағдыр сынақтарынан иілгенмен сынбай өткен қара шалдарымыз жеткілікті де. Тек көп шалдың арасынан көңіл бөліп іздесеңіз, саясатты айтып зейнетақысының ғана қамын жеген, қай жерде тамақ береді деп дастархан аңдығандардан емес, дін-баласын, ғылым, сөз баққандардың арасынан әйтеуір бір өзіңізге сәйкес келерін тауып аларыңыз сөзсіз. Менің де кейде білгенімді айтып, білмегенімді сұрап болмаса, үлкендігіне қарамай шартта-сұрт бәрін бүлдірген сендердің қатарларын деп кінәлап, айып тағып, уақыт айналып ештеме болмағандай: «Ағасы бардың жағасы бар» дегендей қайта жағалап, сырласатын, сұхбаттасатын қазақтың бір екілі қара шалдарым бар. Сол қара шалдармен болған әңгімелерімнің кейбір сәттерімен оқырмандармен бөлісем мүмкін «естушіге» пайдасы да тиіп қалар. Және саясатпен, өсек сөзді аңдығаннан басқа шаруасы жоқ, намазымен, үлкендікке тән амалы жоқ, қолынан «нәпсісін» яғни бала да бағу да келмейтін көпшілік, жат елдің тәрбиесімен сүйегі қатайып, қазақ екенін мойындап, шалдықтың өнегесін көрсете алмай жүрген «әкімшіл» қара шалдарға да үлгі болсын. Бір шалым бар, өз ойымен ғылым баққан, бірақ Абай атамыздык пікірімен қарасақ, ғалымдықты баққан деген жөн болар. Оны кейде өзімше «ерке шал», «тентек шал» деп те атағым келеді. Оған себеп; әйтеуір Алланың нығметіне бөленіп, ғалымдықты меңгергесін, дәреже де атақ та бар, үкіметтен берілетін қаражатта аз емес, соған сай тыныштығы да бар, енді сәл жетіңкіремейтіні Абай атамыз айтқандай сопылық қылып, болмаса жасына сай, дін бағуы аздық қылады да сондықтан кейде жастар сияқты ойланатын тентектігі байқалып қалады. Ал менің сырласудан бір ғанибет алатын екінші шалымды «момын» шал деп атадым. Кезінде білімде жинап, әртүрлі қызметтер істеп, өнердің де бірлі жарым түрлерін меңгеріп, жаста, маста болған, сонан уақыт өте келе бәрінен шаршап, қажымаса да әлі қайраты бар дінмен баланы бағуға кіріскен шалдардың бірі десе де болғандай. Халықтың көзіне түсетіндей көп нәрсе тындырмағанымен жақсы, жаманның бәрін електен өткізіп, бәрін ішіне тоқып, өмірден көп тәжірбие жинағанға ұқсайды. Өз ақылымен жүйелей білетін білімі де бар, үнемі оқып, өмірдің тынысын тыңдап отыратындардың қатарынан. Тек кілтін тауып сөйлете білмесеңіз сыр сандығын ашуда қиын. Қош әуелі шалдардың момынынан бастап, кезек кезек сырларын өмірге деген көз қарастарын суырпақтап тартып көрейік. Тіршіліктің қамымен көп кездесіп сырласуға қол тие бермейді, кейде іздеп барсаң орнын сипап қаласың да. Сондай бір сәтті кездесудің бірінде, бірақ мен үшін бір жайсыздау оқиға болып, мұңымды шағайын деп момын шалымды іздеп бардым. Әдетті амандасу сұхбатынан кейін менің бір көңілсіз жағдайда келгенімді байқады да;

-Неден түнеріп жүрсің?-деп сұрақты төтесінен қойды «момын» шалым.

-Ақсақал дін туысқандарымды іздеп барып, қазақтың дәстүрі түгіл, дінге жат қылықтардың куәсы болып қайтым-дедім де, үлкен мешітің біріне жазған мақаламда апарып, ондағы діни лауазымды жас жігіттің «әкесін талға байлап сабайтын» қылығына кездескенімді, соншалықты сөзді түсібейтін наданға айналған жастардың болашағы дініміз қалай болып, қайда бара жатырмыз? дегендей мұңымды шақтым.

-Е, онда дұрыс болған екен деді-шалым.



-Балаңмен жасты, әрі діннің қызметкері болып, халықтың несібесінен күн көріп отырған, астына тақ беріп, халыққа үлгі болып, елдің мұңын тыңдайтын қызметкердің, жағаңнан алып, желкелеп мекемесінен қарауылдарымен айдап шықса, көрер едім не дейтініңізді?-дедім.

-Мен үйде отырып, көп ұзаққа шықпағанмен одан да зорына куә болып, іштей жұтып жүрген жайым бар, өтпейтін пышақпен күнде санаңды тілгеннен, сондай надандардан таяқ жеген, түйгіштегені жеңілдеу сияқты дегені. Дінде туысқандық, бауырмалдық болмаса дін қандастық деген болады деп бір әңгімені бастап кетті. Үйде отыр дегеніммен, жастықтың буымен, елемей өткен, кейде жалқаулықпен мойын бұра алмаған, енді соның орнын толтырсам деген менің де шаруам жеткілікті. Әлде де жұмыс істеп, табыс табуға мүмкіндігім бар, бірақ заманның ағымына ілесем деп, ақылдың да жетімсіздігімен баларыма да, жұбайыма да көп нәрселерді үйретіп көрсетіп бере алмаған жайым бар. Бұл қайғы ма қайғы! Артының немен аяқталатынын біліп, оған қолыңнан келер нақты ісің, тоқтау салар күш қайрат, билігің болмағанда, Абайдың қайғысын ұғынып, түсінгендей болған жайым бар. Мыңмен арапалысу ол Құдайдың бұйырған «бірлерінің» ғұлама даналардың ғана шаруасы екен. Енді аз да болса сол қателікті түзеу үшін, немерелеріңмен көбірек шұғылдану керек екен. Абай атамыз «алтауын» бағу қолымнан келмейді-деп, сол заманның өзгерісін меңзегені, ал біздерге керісінше бала бағатын, жастарды болашақ заман бәйгесіне қосатын күн келе жатыр. Ең болмаса есейген баларыңның алдында үлгі болып; тазалықты, қарттықты, адамгершілік қағидаларын өлгеніңше көрсетіп кетсең, әйтеуір, қырықтың қырқысынан асып ақылдары толғанда «әкем марқұм, осылай жасайтын еді» деп үлгі тұтып, іштей мақтаныш қылса да жеткілікті емес пе? Барлық жағдайға дін туысқандық жағынан қарап, Құдайдың құдіретін естен шығармасаң жүрекке де салмақ түспейді. Жаратқан ие, әрбір пендесіне бір себепті жаратып, сол арқылы иманын да дайындап қойған. Жатқан тастың астына су бармағанындай, діншімін деп, жат жұртың жетегінде кеткен жастарымызға үлгіні көрсететін «орта топ» мына сендер әлі піспей жатырсыңдар. Оған себеп өз топырақ-рұхтан нәр ала білмейсіңдер. Дінмен, жер егіз ұғым. Екеуімен ғана ел болып, халық өркендейді. Жерді сатқасын, жастарымыз дінді де жекешелендіріп, дінге сатылып жатқаны қазақта болмаған әдетті ойлап тапқан саясатшылар қателігінен. Жердің қадірі кетсе жесірдің, жетімнің, елдің де қадірі жоғалады. Жер, сол елдің тұрғындарына ортақ меншік болмайынша жаратқанның несібесі де кем болып, сынақтармен жазалап отыру тарихтың негізгі шындығы. Қазіргі тойғандарына мәз болып, көштен қалмай жүрміз деген бос мақтан жаратқанның болашақта жазаң дайын деген ескеруінің белгісі яғни діндегі «өлі ара». Қанша намаздың қожасымыз деген ислам елдері, білімге мән бермей, еңбектен жұрдай болып, намаз оқи берсек Құдай өзі әкеліп береді деген дінді бөлшектегеннен, арты қасіретке ұшырап жатқан жоқ па? Оған қарағанда жартысынан көбі кәпір болып, бірақ ғылым, біліммен, еңбекпен табыс табуды әдетке айналдырған өзге елдер, халықты жалпы сауаттандыру, білімнің арқасында тыныштығын сақтап отыр. Құдайға шүкір көп қазақта білім бар, бірақ бірлік жоқ. Оған себеп, сол білімді аталған ортамыздың өзі жат елдің рухани құлдығында жүр. Менің ермегімнің бір көгілдір терезе. Әлемдегі, елдегі бар жаңалық өзгерістерді үзбей тыңдап, көріп отырам. Іштей елдің жетістігіне қуанып, жамандықтарға Алладан жәрдем сұрап, әйтеуір тілектес болып отырамын. Арасында жақсы сөздер, ән, саздарды да тыңдаймын, бірақ көбін теріс қарап, бір жұмыспен шұғылданып отырып тыңдауға тура келеді. Қарайын десең жас қыздарымыз да, толысқан әйелдерімізде, кейде еркектерімізде жын, пері, шайтанның кейпіне еніп, төстері салбырап, талтайып отырып, бей әдеп қылықтарымен көңіліңді былғап, имныңа қаяу түсіреді. Бірақ әйтеуір Құдайға шүкір басқаратын тұтқасы бар, шектен шығып бара жатса, ауыстыра қойуға болады. Екінші бір тыңдайтын тағы көгілдір терезем бар ол, мешітте. Жұма намазына біреулер алуға барса, мен құлшылығыммен жинаған дүниемді «бес бересімді» қатарға тұрған жастарға беруге барамын. Мүмкін біреуінің иманына себеп болып, жүгін жеңілдетуге септігім тиер дегендей. Имамызда сол сенің таяқ жеп жүрген діншілеріңнің қатарында деседе болғандай. Әйтеуір кітапқа жазылғанның, араптан келгеннің бәрі дұрыс деп, арап ұлтының Ыбырайым пайғамбардан кейін «Арилықтармен», «Ад» қауымымен сабақтас, құтқарылған иман келтірген әйелдің ішінде келген баладан тараған «Ап» қауымының және олардан қыз алып, Ысмайыл пайғамбардан өрбіген ұрпақтардан «арлармен» бірігумен құдайдың құдіретімен бергі заманда «арап» болып қалыптасқанымен шаруасы жоқ, бәрі араптардан тарады деп жастарды ұйытқанымен тұрмай кейде, қазақтың дін дәстүріне, әдетіне, тарихына, әулиелеріне де тас лақтырған сөздер шығып кетіп жатады. «Қап! мына жастардың жүрегіне сіңіп кететін болды»,- деп қайғырғанмен, қылар шараң жоқ. Бейне көгілдір терезеде отырғандай, имамның сөзін бөле алмайсың, сұрақ қойуға болмайды, басқа тақырыпқа ауыстыратын басқаратын тұтқа, түймесі де жоқ. Іштей дін қандасың үшін, болашақ күтіп тұрған азаптары үшін қайғырасың әрине. Одан сенің жағдайың жеңілдеу, жүрегіңе салмақ түспейді. Жүрегімді жұма сайын сөзбен жараласа да дін қандасың, ол үшін емес Алланың ризалығы үшін жұмаға, сол қателіктерін қайталамаса екен деп тағы, тағы жылдан, жылға жалғасып жатқан жайы бар. Енді сондай бір көшенің бойында бір жақыным бар. Қазақтың дәстүрлі діні деп, халықты зиратауға, арақ ішпеуге уағыздап, құрбандық шалып, әйтеуір жүрекке жылы тиетін істерді атқарып жүр. Бірақ сол нағыз дін туысымның келеңсіз жағы бар. Әйелі «аққумын» дейді де, бес-алты жылдай болды білгеніме, бірде етегін жапса, төбесі ашық, төбесін қымтаса абыройын айрандай төгіп, борбайын ашып, етегін түріп алғанын көріп, іштей олар үшінде де қайғырамын. Ерінің де сиқы дінге, қазақтың әдетіне жат. Жазда шайтан дамбал, баста ылпа да жоқ, ауызда темекі, боқтықты араластырып қойып, дінде жүрмін дегенінен, ол үшін қандас қазақ ретінде жерге кіргендей боламын. Сондықтан көздеріне түспеуге тырысып, жүрегіме салмақ түпесін деп қашқақтап жүремін. Оған себеп, ондай бей әдепті шайтанның әскеріне айналғанды, сынап айтпасаң немесе қасында бірге болсаң иманың әлсірейтіні даусыз. Құранда «шайтан адамдармен сыбайлас болма, аятты мазақтаса кетіп қал!»-деп бұйырған. Ал енді көршіңнен үнемі бұғып, тығылып жүру де оңай шаруа емес, мұсылмандыққа да жат. Іштей олар үшін де; Алла сондай қасиет, нығметтерді дінімді аздырып, бұйрығыма қарсы тұрып, теріс өнеге көрсетіп шайтанға жәрдем бер демеген шығар- деп қайғылымын, болашақтарында ойлап қамығамын, орға құлап бара жатқанын білсем де, қол ұшын соза алмағаныма да қапаланам. Бұл да қазаққа келген үлкен қасіреттің бірі. Қазақтың дәстүрлі дінің, жын-шайтанның қылығымен мазақтағандай көрінеді. Бір жағынан нағыз дін қандасым, екінші жағынан ата жауым, одан мешітті жағалаған жастардың қылығы жүреке жылы көрінеді. Бірақ екі жағы да, бір-бірінен жақсы жағын үйренсе деген үмітім бар. Үшінші бір ағайыным бар, ол бәрінен де жақын. Бес уақыт намазы, халыққа қызметі, Алланы дәріптеуі бәрі де ұнамды көңілің марқайып қалады, бірақ істерінің болашағына көңілім томайды. «Нақшпанди жолындамыз» деген бір ұғымға байланып, тура жолды сонымен ғана табамыз деген жалған ұғымға табынған. Құранмен қателіктерін көрсетіп, айта бастасаң ашуланып, кейде әулиелерге де тілдері тиіп кетіп жатады. Біреулері тіптен Нақшпанди Мұхаммед пайғамбарымыздың тікелей ұрпақтары болады дегенде тіптен жағамды ұстадым. Арапқа қожалық Мұса пайғамбардан, Ғиса пайғамбар шәкіртері арқылы келгенін, түп атасы Маңғыстауда, негізгі атасы Балқашта жатқанын, ал қожа деген Қазақ бабамыздан тарағанын айтып көрдім де ақыры өкіндім. Мұхаммед пайғамбар ешкімнің де әкесі емес!- деп құранда ескерткенін қаперлеріне де алмайды. Пайғамбарымыз ешкімнің қандас әкесі емес, бірақ бүкіл әлемдегі, үмбетерінің рухани әкесі дегім келеді яғни исламдағы «Масих» тазартушы, шапағатшы «рахметулла». Менің осы арыздарымды, сұхбатымды дінді ізденген жастарға назымды, өзің атыңнан жазып көр- деді «момын» шалым.

-Айта көрме, ақсақал бұған ұқсас жағдай қазақ болғысы келген, тамырын іздеген бәріміздің басымызда бар жағдай. Мен де мешітке барып жұмамды өтеймін. Құдайға шүкір, имамымыз жас болса да әке тәрбиесін көп көріп, үлгі алған мың болғыр! Жұма намазының артынан аруақтарға құран бағыштауды да ұмытпайды, айтқан уағызы да қазақтың намысына тимейді. Ал менің де бір көшенің бойында «ата-жолы» деп шауып жүрген таныс аққу, сұңқарларым бар. Жас болса да өнегелі, үлгілі киімдеріне істеріне, бала-шағаларының әдептеріне қарап іштей сүйсінем. Сондай үлгі болатын жастар көбейсе, мына біздей адасқан «орта топ» өкілдеріне сабақ болар еді, нағыз діннің, тура жолдың көрнісін халық түсінер еді деймін. Менің де Нақшпандидемін, Ясауи тобындамын деген дін қандастарым бар, діншіге тән ізеттіліктерінен басқа сырт көзге оғаш қылықтарын байқамадым. Ішкі дүниелеріне Құдай көріп, бағасын берер, сырын алдырмағанға өзім барып қол сұқаным тағы да болмас. Бұндай мақаланы жазармын, бірақ мені жақсы танитындар, сондай ізгілікті жақсы адамдарға күйе жағыпты деп қате түсінер. Олар қайдан білсін, қазақтың мұңының, қасіретінің көп жағдайда бір-біріне ұқсастығын. Сол, менің дін қандастарым менен бұрын дінді, тазалықты түсініп, иман іздеп сауап алғандар. Менің өзімен өзімен іштей екі бөлініп алып, қалай арпалысқанымды, ақырында құдайдың құдіреті жеңіп, имам келтірген оқиғаларды өзіңіз жақсы білесіз. Ал сізге Алланы тануға қандай себеп, құдірет себеп болды? Әлде тұқымыңызда «қожалық» бар ма?-деп әңгімені басқа жаққа бұрып қисықтау сұрақ қойдым.

-Адамның басы Алланың добы, басыңды қожа қылама, төре қылама, өзі білетін Алланың орнына үкім шығарып, серік қосып, құран аяттарына ортақ қосушылар негізінен «қасиеттілікті», жанға, нәпсіге, кітапқа иелікті қожадан болмаса араптан ғана таратушылардың яғни шайтанның салған ылаңы. Адам баласы, мейлі пайғамбар болып өмірге келгенімен, бекзат болып өмірге келмейді. Тек Адам атамен, Ғиса пайғамбар ғана рух негіздерінен жаратылған. Жалпы адамзатқа жақсылықпен жамандық нәпсіге жазылатындықтан, дін жолында күнәдан ақталу деген ұғым бар. Ал тумысынан қожа болу деген ешқандай ақылға сыймайды. Әуелі жаратқанға құлшылық, қызмет жасау арқылы «құл» болып еліңе, жеріңе отаныңа еңбек сіңіріп, еліңді, жеріңді, дініңді қорғау барысында және ұрпақ сабақтастығын қалыптастырып, балаларыңа қандай тәрбие беріп, өсіріп алған зейнетіңе қарай тіршілік намаздарыңмен ақталуың керек. Ал онан кейін ғана жаныңды өсіріп, баптау жолында намаздарыңды жетілдіре білсең қожалыққа лайықсың ба жоқпа?- ағарту тек Құдайдың ісі. Егер жаратылыстан күнәсіз, қожа болып туылдым десең, жаратылыс ғылымын, нәпсіні жоққа шығарып, онда құдай саған сотаушы емес яғни құдайдың әділетсіз болғаны. Нағыз жан ғылымын, пайғамбар өсиетін теріске шығарып, дінге қарсылық білдірген шайтанның лаңы. Қазақ халқының бір қасіреті де, талай сынақтарға түсіп аштықтарға, азаптарға ұшырап, қырылуға дейін апарған сынақтың негізі осы тәккәпарлық пайымдауларымызда, ала жіпті атаған, бір-бірімізді кемсітіп, болмаса өзімізді асыра бағалап, бөлшектенуімізден пайда болып тұрады. Оған шежіреден айқын дәлелдер бар емес пе? Ысқақ пайғамбардан Рабиға анамыздан егіз ұл туып, Жақыпты Алла таңдап пайғамбар етті де, Есауға батаны қабылдамағасын пайғамбарлық берілмеді. «Оны мен ұнатпадым» деп ескерткен емес пе? Құранда да әкесі бұтқа табынғанан туылған, жер бетінің қожалығына уәде берген Ыбырайым пайғамбарымызға да сенің кейбір ұрпақтарың, азады қожа бола алмайды деп ескерткен емес пе? Жаратқанның жоқтан бар жасауына күмән келтіру надандық әрі кәпірлік! Қожа дегенің өзі жер бетінің қожалығына рухани қызметке тұрдым, дінде уахи алып жеткізуші, әмір иесі «әмби» деген мағынаны білдіреді.

- Ақсақал, қожаның ұрапағы емессіз, бірақ сол қожамын, төремін болмаса пірлікке жеттім деп, ұстаз болып өзін-өзі ағартқандардан, әлде қайта жоғары діннен хабарыңыз бар, сондай кезінде кеңес үкіметінің «дін-апиын» деген белсенділерінің бірі болдыңыз, сонда қандай мұқтаждық сізді осындай жағдайға әкелген. Бір себебі болу керек қой?-дедім.



-Сен де адамның жанды жерін қасығанды жақсы көресің ау?-деп күліп алды да. Кеңес үкіметінің қазаққа бергені де көп, ал кейбір өзіміздің азғындығымызды сол кеңес үкіметіне жаба салу, ол сылтаудың бірі. Егер кеңес үкіметінің саясаты қазаққа мүлде жат болса, қаншама ғұламалар, ғалымдар шығып, өндірістер дамып, біздер әлемдегі сауатты елдердің қатарында жүрмес едік. Маған да, ауылдағы қарапайым баласын оқытпақ түгіл күнін зорға көрген, шаруаның от басынан шығып, үкіметтің есебінен оқып, ел қатарына қосылуға, талай жұрт қатарлы қызметтер атқарып, өнерлерді еркін меңгеруге мүкіндік берді сол кеңестердің одағы. Ал қазіргі заман талабымен, европадан алған еркіндіктердің үлгісімен, ондай дәрежеге жету мүмкін емес. Және сол замандарда әйелдеріміз дәл қазіргідей азып, ұрпақтарымыз мүгедектікке, жастарымыз мәңгүттікке ұшырамаған еді. Көше, мекеме мәденеитіне қатаң талап қойылып, мейрамханаға, көпшілік орындарға, оқу орындарына жалаңаш-жалпы кірмек түгіл, қазіргі тырысып тұратын «дженси» шалбарымен де кіруге ерлерге де ұлықсат бермей, ал көшеде жастарға ойына келгенін істетпейтін еді. Мұғалімдеріміз оқушының алдында қәзіргідей жын-шайтан бейнесінде болып, ал әйел затына орамал тартуға ешқандай мекеме де мектепте тиым салмаған. Сондықтан да қазіргі уақытағыдай, бірі дінмен, бірі үкіметпен қудаланғандай әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізді де толық жоғалта қойған жоқпыз. Кейіннен ғана жат жұртқа деген сағынышымыз басым болып, еліктеушілікке түскен өзіміздің қазақи «әйелдік» жіңішке мінезіміздің басымдылығынан көруіміз керек. Әйтпесе көрші өзбек елі мен түркімен елі қайта сол уақытта діндерін мықты ұстап отырды емес пе? Дінді тек намаз оқу деп түсінетін, кейінгі араптар жақтан келгендердің саясатынан, барлық жақсы үлгілі ұлтық рухани болмысымыздың, адамгершілік әдеттердің арасына сына қағып, ақырында дұрыс дінді де, тілді де, сөзді де жоғалтып ала жаздап, құдайдың рахымымен енді ес жинап келеміз. Сол кеңес үкіметінде қызмет жасап, шаңырақ көтеріп, бала өсіргеннің бір менмін. Үкімет маған арақ іш, тіліңді өзгерт, жат жұртың әдетін, даңғаза у-шуын меңгер деген жоқ. Орыс тілін меңгеру алда болғанмен қәзіргідей мәңгүттенген жоқпыз. Әдебиетіміз қазіргі замандағыдай тоқырауға түскен жоқ. Қазақша қандай жазушының еңбегі бар, кітапханадан еркін алып оқыдық, бір-бірімізбен оқып жарыстық. Керісінше жалқау болма, ұрлық қылма, білімді тегін меңгер деп, денсаулығыңды тегін түзе деп, бар есікті ашып мүмкіндік жасап қойды. Дұрыс меңгеріп, игере алмаған тағы өзіміздің қазаққа тән жалқаулығымыздан ғана. Қазақтың рухани байлығына қасірет орыстан емес, өзіміздің ішіміздегі ел басқарған, мәдениет саласындағы сатқын, жарамсақ ағайындарымыздан келді. Үкімет қана асырау керек деген пиғылдан, жұмысқа барып кешке дейін ойын ойнап, әңгіме айтып айлығым жүрсе болды деп азғындыққа түскесін, Құдай осылай болсын, енді өздерің адам болыңдар деп еншісін ажыратты. Сол кеңес үкіметі ыдырағаннан кейін, әйелдеріміз базаршыл, еркегіміз қазаншыл болып кеттік емес пе? Менде сол қиындық-қыспақтарға түсіп, білім де, тәжірибе де жайына қалып, кімде Алланың берген қасиеті бар, сол жақсы табыс тауып, жағдайын түзеп, ал қуларымыз көбірек қарпыған заман болды. Ол кезде жат жұртың әдеті де дүниесін тасыған қалталармен бірге келіп, бұрын жалаңаш жүрмек түгіл, ер адамның алдында шалбарлануға қысылатын, ұялатын әйелдеріміз енді өздерінің әйел екенін де ұмытып қалған заманға тап болдық емес пе? Қазанның қақпағы ашылғасын бәріміздің де ұятымыз кетіп, ақша деп жатып, ақша деп оянып, әйтеуір елден қалмай дүние жинайтын жарысты да көрдік. Қойшы әйтеуір бұл науқанда саябырсып, мешіттер салынып, халық әйтеуір рухани байлықты да ескере бастаған уақыттар болатын. Сонан шаңырағымыз мықталып, енді шалқып өмір сүруге кәсіптің де көзі ашылды, тек ерінбей жұмыс істесең болды деген жайбарақаттықпен бірге, бір көңілде мазасыздық пайда болды. Үйге келсем бір нәрсе жетпейді де тұрады. Соған байланысты әйелдің көңілі секемшіл ғой, қанша жыл отасқан жарына не болды?- дегендей мазасыз сұрақтар болып, арты кесе-шәйнектің шылдырына да ұласып кеткен уақытар да болды. Сонда не жетпейді? Жардың төсегі де суып бара жатқандай. Сонан кейде жалпы халықпен, көпшілік көліктермен жүргеннің де көп пайдасы бар екен. Көпшілік арасында кездесетін орамалын тартып, етегін жапқан әйел затын көрсем, соған бір әзіл айтып, сұхбаттасқым келетінін іштей байқадым. Мән жай отың басы ошақтың қасында екенін іштей ұққаннан, енді үйдегі қамқоршымның етегін жабу қиын болмағанымен, орамал мәселесі ұзаққа созылып, әйтеуір дұрыс шешімін тапты. Сонан кейін ғана жоғалған махаббатымның үйде жүргенін шаңырақтың жылуы кіріп, көңілге бір жайлылық шуақ, әйелдің нәзіктігімен, сыртқы періштелік сипатымен пайда болатынын түсіндім. Бұл да маған құдайдың берген бір нығметі шығар, әйтпесе қазір жұмыста да, көшеде де, үйдеде әйелдің түрлі әлсіз болғанымен, шайтан ұя салып, қара қуатпен көздің майын жейтін, сұқтандыратын көрністерден, қаралай еректің қабілеті де, ұрығы да азып жатқанынан әйелдеріміздің өздері себепші болып, сонымен үрім бұтақтарына балта шауып жатқанын білер ме? Әйел затын Інжілде нанмен, балықпен астарлап суреттеген Ғиса пайғамбарымыз. Әйел періште еркектің несібе азығы. Ет тазалығын қалыптастырушы тұзы және ана сүтінің баламасы ақ уызбен, үмінімен қамтамасыз етіп отырушы анасы десе де болады. Ал әрбір жақсы, көркем нәрсенің шама, шегімен пайдаланбаса түбінде адам баласы әлсіз, жақсы өмірден де жалығатын қасиетіміз бар. Сондықтан есі дұрыс еркектің әйел мүшесінің көрнісінен қаралай жиркенішін тудырып, және оның білімін, жаман жақтарында шайтан есіне салып тұрса, үйіндегі зайыбынан да безіп, некелі төсектеріне қырау тұрып, әйелдік қасиетің аяқ асты болған заманда өмір сүріп жатырмыз. Қырықтан асып ақылы толған еркекті әйтеуір бір рухани өлім күтіп тұруы сөзсіз. Сол өлімнен қайта тірілу де, немесе әрі қарай азып, құдыққа құлау да әйел затына тәуелді. Сондықтан аталарымыз «Ауру астан, дау қарындастан» деген. Рухани өлімнен, ордан шығармау амалының, одан сорақысы білімді, ғалымдарымыздың жалпы дәрігер қауымының надандықтарында. Әйел затының басынан, қанымен бірге еркектің ұрығының да иісі шығып, тамақ арқылы балалардың, күйеулерінің ішектеріне құрт түсіп жатқанын білмейді. Қарапайым ғана «натрий мен хлордың» өнімі адамнан, иіс болып шығып тұратынын тапса, әйел басынан адам ағзасына қауіпті иістің шығатынын білер еді. Сондықтан қазақта әйел бас киімін жаулық деп атайды. Әйелдің басы ашық болса адамзатқа басты жау сонан нәр алады. Ал шалбар киіп, ерекек құсап өсірген қыздың да қылығы, ойлау жүйесі, нәзіктігі өзгергесін еркектік геннің көбейуімен және балтырдағы сүт бездері тілініп, хлордың қалыптасуымен сүттері ашып, ол төске ісік болып байланып, немесе құйрық майларға аюларда болатын қоңыр майлар пайда болып, адам аулаушы аюларға айналғаннан одан пайда болған ұрпақтарда, некелескен ерлер де, өмірінің соңы бәрібір қайғы қасіретпен аяқталары да даусыз. Алғашқы белгілері басталып, ұшырап та жатыр. Құдайдың құдіретінің де негізгі қаруы нәзіктікпен, әсемдікпен, жұмсақтықпен әлемді түрлендіреді. Әйелдерден нәзіктік кетсе, қасиетінен жұрдай болып, тозақта шырқырап жатса, онда еркектердің қара басы жанатқа кіріп, үміттенгеннен не пайда, не бітіреді? Жаннатымызда сол әсем, періште әйелдердің қылығымен, жұбайларымызбен ғана көрікті. Ай жоғалса көп ұзамай күн де сөнетінін ұмытпағанымыз жөн. Кезінде аталарымыз тайпалық өмір сүрген заманында осындай белсіздік жұртына тап болып, ерекек балалар әлсіз, болмаса мүлде туылмай төсектерінен безген заман болған. Сонда жаратқанның ескертуі келіп, бүкіл бақсылар, емшілер жиналып, ала арқанды керіп қойып бір-бірімен қатыстырмай емдеу шараларын жүргізіп, халықты жаппай қырылудан аман алып қалған. Адамзаттың ақылдылығынан соншама бас киім, аяқ киім ойлап табылған жоқ, керісінше аспанның жерге жақындап «құс шөлдеген» деген жұт болған. Адамдар ыстыққа шыдай алмай тек киім арқылы ғана жан сақтаған екен. Сол заманнан қалған әдет Қазығұртың төбесіне бұлт келсе әйелдер басын қымтап жаба бастайды екен. Осыдан барып қазақ әйелдерінің де, қыздарының да жалаң бас жүруі үлкен айып болып есептелген. Құдайдың нығметімен адамзатқа берілген діні арқылы ғана білімнің пайда болатынын шайтан мүлде ұмыттырып, керісінше енді ғылымды, табиғаттан адамдар өзі үйреніп алдыға келіп, тегіміз маймыл-деп, мақтанға айналдырдық. Құранға жүгісек, адамзатың жүрегі бұрын қойдың жүрегіне ұқсас болып, кейінен ғана осындай жүрекке ие болғанымызды білген ғалымдарымыз, керісінше адамның қылығынан маймыл, доңыз, хайуан т.б басқалар пайда болатынын білер еді. Еркектің өмір жасы әйел жасының ұзақтығына , әйелдік қуатына тәуелді екенін біздердің оқыған білімізде әлі зертелмеген. Енді осы жалаңаш жүру әдетіне тағы сынақ келді. Ол киелі кітаптар мен пайғамбарлар ескертулерінен «Шығыстан әлемді жалмайтын от шашқан айдаһар келеді» деген. Сол ыстық от сәулесі Жопон елінен басталып, жерге жұтылып, күнмен бүкіл әлемге тарайтынын, күннің жерден, теңіз бетінен нәр алатынын әлі ғылымда белгісіз. Адамзатқа қасірет себетін терінің күйік ауруы күтіп тұр алда. Қазақтың еркіншіл, европашыл, орамал тартып, етегін жапқандарды жауындай көріп және «жұлдызбын» деп арсыздық, дінсіздікті дәріптеушілерге алдымен осы қасіреттің келетіні сөзсіз. Сонда ешқандай адамзат білімінің, жаратқанның құдіретінің алдында қауқарсыз екендігі дәлелденеді де құдайын іздеуге құранда ескерткендей; «Адамдар топ-топ болып ислам дініне кіруге жарысады» деп қайырды «момын» шалым.

-Олай болса, Ислам танытушы ғалымдарымыз дінде неге тек намаз оқуға басымдылық танытып, ақырында жастарымыз дінді тек намаз оқу деп қабылдап, «намазхан» атану мақтанышқа айналып, дінді бүтіндеудің, түп негізге «ман»-ға оралудың орнына қайта бөлшектеп, әрқайсымыз бір-бір діннің бөлшегін алып кете берсек ақыры немен аяқталады деп ойлайсыз?-дедім

-Дініңде уақытқа, заманға байланысты түрленіп, жеміс бертін ағаш сияқты табиғатпен тұтас мезгілі бар. Төрт мезгілге бағынады. Қазақ елі осы мезгілдің қысынан әлі көктемі шықпай, бірде мейіз, бірде киіз болған созылмалы дін қысының аяғына тап болдық. Қазаққа Құдай құдіретін көрсетіп, ойланыңдар дегендей белгілер түскеніне он бес жылға таяп қалды. Осы құдіретті сыртан келген, астыртын іріткі салушылар мойындатпай, жан-жақтан жұлмалап, қазақтың негізгі қалыптасқан дін мінезін өзгертуге тырысып бағуда. Әрине әр халықтың ұлтық мінезі- көкте жинаған қазынасы, рухани байлығы. Пайғамбарымыздан бір кісі: -Дін деген не?-деп сұрағанда: -Ол, көркем мінез,-деп жауап қатыпты. Әлгі адам айналсоқтап кетпей, бір қойған саулын неше мәрте қайталаса да, пайғамбарымыздан: «Көркем мінез» деген жауап алған; -Сонда іс-амалдардың қайсысы жақсы?-деп сұрағанда да Мұхаммед пайғамбарымыз; -Көркем мінез, деген. Тағы бір хадистерінде; -Алла бұл дінді өзіне тән қылды. Сендердің діндеріңе жомартықпен көркем мінезден басқасы жараспайды. Осы екі қасиет арқылы діндеріңізді көркемдеңіздер,-деп үйреткен. Адам баласының мінезі алты негізден құралса, халықтың мінезі төрт негізден көрінеді. Ол енді әдет-ғұрып, салт-дәстүр деп аталады. Осы төртеуін өзгертуге қазақ еліне талай өзге жұрттан шабуылдар, соғыстар ашып, бәрібір жеңілісін тауып, төртеуді үнемі түгелдеп отыруды, алтауды араздастырмау біздің негізгі ұранымыз, бабалар аманаты деседе болады. Дінің жариялығы болып, мешіттер салынып, халықты иманға шақырғаннан, намаз оқытқаннан ұтылған жоқпыз. Бұл жағынан мешіт, тағы басқалай діншілер көп еңбек еткенін мойындау керек. Бірақ асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын дегендей дінді науқанға, артын қасіретке айналдырып алған жайымыз бар. Орыс халқынан алған теріс қылығымызды былай қойғанда, өзге исламның ақталу заңдылығы, тәубе амалдары арқылы аруаққа арнап мал жұмсап, зираттап, Алла жолында соғысу амалын «шерік қосқан», «серік қосу» деп жала жауып, қазақтың ғана емес, әлем дінінің ірге тасы Алланы еске алып шомылу, тазару рәсімін қудалап, соттап, өзіміз отырған бұтағымызды өзіміз кескен әпендіге ұқсаймыз. Қаражатыңды ортаға салып, ел аралап, мал жұмсап, бір-біріне жомартық, хайыр жасауды көтерген көбіне, жастарымыз бен жетім –жесірлер еді. Сол арқылы қаншама шаңырақтың түтіні түзеліп, ел бір-біріне қызмет жасап, ниетес жастар аруақтың батасы арқылы бірін-бірі тауып, қосылып, қанның тылсым арқылы араласуымен, өмірге қасиетті ұрпақтардың келуіне себепші болып, халықтың «демографиясы» біршама түзеліп қалып еді, шайтанның сыбайластары заңмен тарқатып тынды.

-Ау, олар кілең оқыған, данышпандар емес пе? Құранның аяттарын түсібегендері ме?

-Інжілде Ғиса пайғамбарымыз данышпан, оқымыстыларды Құдай құлағынан ұстайды –деген екен. Сондықтан да кітапты көп оқып, ғайыптың үніне құлақ салуға, жер кезіп ел аралап табиғатты, тау тасты аралап тұрмаған адамның тылсым сырын есту қабілеті тоқтап, әйелдер сияқты тек көріп ойланатын, жазылған қағазға ғана сенетін, ішкі сезімдік қабілеті басым болады. Ондайларға қолына ұстатып, көзіне көрсеткенімен күдігі басым болып, бәрібір сенбейді. Алла Тағала оларды нығметін, жақсылығын, білімді беріп, сонымен сынаққа салып қойған. Болмаса сонша тіл, сөз мамандары дін басында ел тұтқасын ұстап жүргендер, дүниені шайтан, жын, перілер басқаратынын, ал керісінше өлімді еске алудан қашатынын білмегені ме? Адасты деген християндардың өзі мойына өлімнің белгісін тағып, жын-шайтандарды қорқытып, «коса» деген сөзден қашатынын біліп, қиналғанда үнемі зират басына барып, арақтарын ішсе де, өсіп өніп білімдері дамып келеді. Біздің діншілеріміз керісінше тура дінін іздегендерді жын-шайтанмен қорқытып, мәңгүтке айналдыруда. Әсіресе жын-шайтанмен қорқытатын теріс дін қазақта басым. Діншіден шайтан қорқып, тығылып қашпаса қандай ол дінші болмақ? Бұл ислам ғалымдарының қарапайым қателігі, үлкен қасіретке ұласып, бүкіл халыққа ата-бабасынан тазармай қалған жын қуаттары мініп, өздерін-өздері өлтіріп, алды жынданып жатыр. Намаз оқу шомылу рәсімінің негізі. Бірақ ол жан сүнетелгенінен кейін ғана толық нәтижеленетін амал. Намаз оқу орнымен пайдаланған мұсылманның тылсымға кірер қақпасы, жаратқанның мұсыман қауымына берген үлкен сыйы. Бірақ сол шайтан адамдары намаз оқудың беделін түсіріп, бала-шаға, қыз-қатынның ермегіне айналдырып, басқа елдердің алдында ислам дінін қиялы ертегіге айналдырып көрсетуде. Намаз оқудың сан түрлі дәрежесі, орындау орны белгілі мақсаттары бар. Ақсақалдың намазы мен, жас баланың намазын қатар қойуға немесе Ясауи бабамыздың 63-жыл жер астындағы оқыған намазымен, қазіргі жоғарғы дәрежелі шейх, пір атанғандардың намазы ширегіне де татымайтынын білген абзал. Намаз оқуды дінің негізі қылып, бала шағаның ермегіне айналдырған, ақталу тәубе, намаздарды тіршілік арқылы орындауын ұмытқан, ислам елдері енді қасіретке тап болғанын бәріміз күнделікті куә болып жатырмыз. Дінің қайғысы, ол әлемнің қайғысы, ешқандай мемлекетті айналып өтпейді.

-Жақында бір Жетісу арнасынан тілшісінің дін сұхбатын жүргізіп; «Алламен адам арасында делдал жоқ» деп тұжырым жасап аяқтағанынын естідім, бұған қандай уәж айтар едіңіз?

-Осындай жан ғылымына қарсылық білдірген, кітаптарды, адамзаттың даму сатысын жоққа шығыру надандық қасіретінің, елдің дінінің азуына бірден-бір себепші билік басында отырған, өз қазағымыздың оқығандары себепші болып жатыр. Әйтпесе жаратушы біздерді жарату үшін жаратқанын жаратты деген қарапайым ұғымды түсібейтін ғалымдарымыз, жазушыларымыз, діншілеріміз жеткілікті. Қазіргі сондай ақпарат басында жүргендердің қарапайым сөз тұжырымдау, философиялық ұғымдардан айрылып, араби надандық қақпанына қалай түсіп жатқанына ауылдың саутсыз деген шалдары да бастарын шайқап отыр. Оларды негізінен адасқан шамалы ғана халықтың бөлшегі тыңдайды. Қалған негізгі ақылы сау қазақтар; «ит үреді, керуен көшеді» деген бейтараптық жағдайда. Бірақ бұл жағдайда ұзаққа бара қоймас. Құранда да басқалай түсірілген кітаптарда да, жаратылыстың «себеп» яғни тәңірлік қуат деген ғылымға байланып, себепсіз су да ақпайтыннын есімізден шығармауымыз керек. Егер жаратушымыз жаратқанының ісін қияметке дейін білімін белгілеп, өзін-өзі басқаруын қамтамасыз етіп, шектен шығып бара жатқандарына азабын, жақсыларына сыйын дайындап қойып, енді әрбір іске араласып, біреуін жазалап, біреуін мақтап, дәрежелеп отырады деген ақылға сыймайды, әрі жаратушының хикметті түсірген білімін жоққа шығарып, Алла мені қарауылдап, өзінің жаратқан шайтан, жындарынан күзетіп тұрады, деп Аллаға теңдес жасау, ортақ қосу болып табылмай ма? Алламен арада делдал яғни себептік жоқ деп ұғынудан; Алла біздерді ойыншық үшін жартты деген ұғым пайда болады. Ал Құранда Алла біртұтас тілектерді қабыл алушы және жеке пенделерді емес, әлемдерді бақылаушы деп ескерткен. Сондықтан елді залым ғалымдармен, жалған дүмшелер бұзады-деп аталарымыз бекер ескертті ме? Олар шайтанның, жынның өкілеттігін алған халықты босқа ойдан шығарған жақсылықтармен дәмелендіруші, керісінше сау ақылды аздырушы пенделер деп түсінгеніміз абзал. Сондай дін қандастарымыздың болашағының қасірет болатынына түсініп, зұлымдықтарынан құтқар деп дұға жасайық, жаратқаннан тілейік деп ақыл сау қазақтарға замандастарыма өтініш айтайық. Елдікке, бірлікке шақырайық тура жолдың қисығын іздеген дін қандастарымызды.

-Сөзіңізді менде тірілтіп қойсам, адам баласы өзін-өзі басқаруы мүмкін емес, бүкіл әлем ғұламалары таза ақылмен, яғни сыртан берілетін «интелект», қарапайым қазақтың түсінігінде «аруақ» арқылы басқарылады деп тұжырымдаған. Әл- Фараби атамыз осы аруақ сөзінің ғылыми негіздеп кетіпті: «



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет