Сабыр түбі сары алтын, сарғАЙҒан жетер мұратқА ! Ата-жолы, Ақиқат бастауы 1-кітап; 3-ші бөлім. Алматы қаласы



бет4/7
Дата25.12.2016
өлшемі1,51 Mb.
#4694
1   2   3   4   5   6   7
Қаракетшіл интелек өзіне ілескеннің бәрінен жоғары, ал сол қаракетшілдің түгел басын қоссақ, материалдық заттардан анағұрлым биік тұрар. Мұны үңги түссек, материалдық заттар қатарындағы аспан денелері табиғат әлемінен биік саналады. Ал, мұнан жоғарының санатына өзінің тіршілігіне себепшіні ғана жатқызамыз. Тіршілік иесінің мұндай себепшісіз болуының өзі ақылға сиымсыз.» деп адам баласының серігі иманының өте күрделі дүниені қамтитынын, тіршілік иесінің себепшісіз, серіксіз болмайтынын ескертіпті.

-Осы Әл-Фараби атамыздың бір ғана өсиет, тұжырымын жоғарыда ел, дін басқарып отырғандар, ғалымдар отырып талқылап, құран аяттарының мағынасымен салыстырып, түсінетін бір пайдалы жиналыс жасаса, кім біледі бірін-бірін босқа мақтаған дін жиындарынан әлде қайда пайдалы болар еді. Бұндай ғұламаларымызбен әлем алдында мақтанбақ түгіл, Бауыржан атамыз айтып кеткендей берідегі Абайымызды да ғалымдарымыз 90-пайызын да түсіне алған жоқ. Ал Абайсыз Шәкәрімді білу мүмкін де емес.

- Ақсақал, бұл тақырыпты келесі бірде тарқатсақ, менің де Абай-Шәкәрім атамыздың еңбектеріне әлі толық тісім батпай жатыр. Інжілді дұрыс меңгермей, Абай-Шәкәрім аталарымыздың астарлы сөздерін, жан ғылымын түсіну қиын шаруа екен. Алдыңғы сауалдарды толықтыра кетсеңіз? Жаратқанды сонда Құдай дейміз бе, әлде Тәңір деп түсігеніміз жөн бе?



-Құдайды құранда жалпы ұғыммен Алла Тағала деп атайды. Алла Тағала ұғымы жараттылыс періштелерінің ең жоғарғы сатысы, адам болмысының кемелдік шыңы. Барлық жаннантық сипаттың көрнісі. Ал, Раббымыз жаратушының негізгі нұры болып; бар, баршылық, жақсылық қуат нұры, жарық одан пайда болады. Қарапайым түсінікпен Жаратушы Алла өзінің қуатын Тәңірді сөз қылып жаратып, ал сөзден ақылды яғни нұрды жаратқан. Көркем сөзден Киелі Рухтан пайда болған нұр- Құдай. Құдай дегеніміз Киелі Рух-таза ақыл. Пісірілмеген сүтің ішідегі көрінбейтін майы сияқты. Ал Тәңіріміз-Бір- Ақ –сүт. Тәңірдің ішінде түнекте бәріде бар. Жаратылыс ақтан пайда болып нұрға түрленіп, бастапқы нұрға қосылып отырады. Ал нұрдың ішінде түнек болмайды. Құдайдан Адамды, одан барып Адам атамызды екі сипаттан жаратқан. Сондықтан әрбір пенденің ішінде, өзінде екі сипат болып ақырында құдайлық сипат жеңіп, негізгі ақыл нұрға қосылып отыру керек. Құдайдың құдіреті түнекте пайда болып, күнәні өлтіріп, рухтың өсіп өнімін қамтамасыз етеді. Сондықтан әр адамзатың өзінде бір құдайдың да, тәңірлік те сипатары бар. Әркім әуелі өз құдайлық қасиетін біліп, меңгеріп, тіңірлік қуатын еңбек, өнер арқылы жетілдіріп, көркем мінезге ие болып, Құдайдың нұрына бөленіп, кемел адамға айналады. «Намазхан» дегеніміз негізінен кім көрінгенге таңуға болмайтын қасиетті сөз- кемел адам. Оны шайтан адамдардың намаз оқудың қадірін түсіру үшін 40-қа толып, ақыл қуаты жетілмегендердің бәрін атап, сонан намаз оқу есі жетілмеген баланың да, ал өмірге ұрпақ әкеліп, күйеуіне қызмет жасап, бала тәрбилейтін қыздарымыздың да ермегіне, мақтанына айналып алды. Әрбір намаз оқудың белгілі мақсаты нәтижесін біліп, мақсатын айқындамағандықтан бәрі өзін тура жолдамыз деп есептейді. Сонан барлық игілікті намаз оқудың, құранда жатап алудан, ерекшеліктен, мақтаннан іздегендіктен, одан керісінше жастарымыз мәңгүттеніп рухани өліп, ақталу заңын білмегендіктен жалған ұстаздардың қол шоқпарына айналуда. Жалпы намаз оқу жаратқанға бой ұсынудың тәубенің есігі. Бірақ қалаған 11 тәубенің және оның үш кезеңін, кімнен үйренуміз керек? 12-мен 13-ті табуды сәни дәптерде айқын көрсеткенін бірде-бір хазіреттің жазғанын, дәлелдегенін оқыған емеспін. Ал әрбір пенденің өз қауымының «алтауының» рухани қазынасын қалай толтырады? Сол алтаудың, «серіктің» араздығын тудырып, елдің ірге тасын, бірлігін ешқандай соғыс ашпай-ақ дін арқылы рухын, ата-бабаларымыздың көктегі жинаған қазынасын ішіп-жеп тауысқаннан кейін, халық өзінен-өзі бүлікке ұшырап, топтаға бөлініп ағайындар бір-бірімен соғысып, әртүрлі тілдерге бөліп алу саясатын жүргізуге үкіметіміздің өзі қолдау көрсетіп отыр. Осы себептермен ата дініміз әлсіреп, өкінішке орай жынды әншілердің өзін-өзі, бірін-бірі «жұлдызға» айналдырып алғандай, қазіргі ислам әлеміндегі «жұлдыздар», «намазхандар» бүлікші деген атаққа айналып алды. Жан ғылымының жоғалуының негізгі себебі де, осындай ұлттық мінезімізден, сөз астарын меңгеруден айрылып қалғанымыздан туындайды. Болмаса қарапайым ғана дін имамдары Қабыл мен Абыл аталарымызды мысалға алып; Қабыл атамыз, Абыл атамызды әйелге таласып қызғанышпен өлтірді деп түсіндіреді де, бүкіл адамзаттың жақсысын көбіне араптарды, қожаларды Абылдан, жаманындарын, қан төгетін бұзықтарын Қабылдан деп жартылыс, жан ғылымын масқара, ашықтай қарсы сөздермен, Құран аятарына бүкіл кітаптарға ортақ қосқандарын хазіреттеріміз, теолгтарымыз да білмейді. Қабыл атамыз, Абыл атамызды үйленбей тұрып өлтіріп тастаса, онда қалай ұрпақ тарайды?-деп сұрап көріңіз не айтар екен. Егер өлгеннен кейін ұрпақ пайда болса онда екі Абыл болғаны. Жоқ, Абыл рұхынан ұрпақ тарайды, себебі өлгенен кейін қайта жер басу бар деген Ясин сүресінде. Ал тән шірісе онда қалай тіріледі? Демек әр адамның денесі, өрістік сипаты, айнадағыдай көрнісі яғни шірімейтін ұрығы, көрінбейтін қасиеттік бейнесі аруағы бар деген сөз. Сондай ертегіге айналған тәпсірлермен, ойдан шығарған өз өтіріктеріне өздері тұншығып халық алдында мазаққа ұшырайтын заман, қазаққа дінің көктемі толық шығуымен басталатын шығар.

-Бірақ менің байқағаным 4-5 жыл болды қанша құраннан дәлел келтіріп, мақалаларымды талай баспасөз, ғалым, тілшілерге апарғаныммен, бәтшағарлар ләм-мим деп жауап та қатпайды. Мүлде қарапайым қазақпен үнсіздік ойынына кірісіп алғандай. Мен сияқты талайлар сөздерін жеткізе алмай, ал жазғандарын шығара алмай жатқандары даусыз. Баспасөз бетерін, хабар бөлімдерін жекеге болмаса сыртан қаражат бергендердің ғана мүдесін қалыптастыруға бағытталған сияқты.

-Аталарымыз бұндай жағдайда; «Аққан суға бір тосу, ақ бөкенге бір тосу» деген екен. Сондай несібесін артығымен берген пенделеріне сынау үшін және сол арқылы Құдайдың рақымын мүмкін түсінер деп уақыт беріп қойған шығар. Әлемнің ақырғы заман келіп қалды деп шулап жатқанның да негізі бар. Қиямет мезгілі деген қиямет-қайым емес. Қиямет мезгілі ақ пен қараның теңеліп, таразыға тартылатын, ал көп жерлерде жақсылықтың үстем құрып, дін тазасының жарыққа шығу мезгілін айтады. Ақырғы заман деп аталу ол күнәнкарларға келетін сынақты айтады. Жақсылықтың, ізгіліктің жолында күрескендерге, керісінше жаңа дәуірдің басы болмақ. Жаратушымыз өзіне жақындап, дұрыс жолға түсе білген пендесіне сыйын беріп, адамзатқа үлгі қылатын заман. Сондай үкім қазақ еліне келіп, бекерден-бекер жастарымыздың жүректері ашылып, тылсымнан хабар берілген жоқ. Оны тек жүрегі бітеулерге, көзі бар көрмейтін, құлағы бар естімейтін, алдына қойған қағазға, адам баласының ой тұжырымына сенетін, түс түгіл аян көруден қалған, жүректері мөрленгендер мен немесе шайтандардың сыбайласы залымдарға ғана түсініксіз болар. Адамзатқа алғашқы келген ескі өсиеттің негізі Інжілдің нақты бейнесі, Ғиса пайғамбар құдіреті қазақ елінде әлемде бірінші болып көрінді. Есі түзу, ақылы саулар осыған қайта мыңда бір шүкіршілік етулері керек. Бұл туралы бұрынғы өсиеттерде де, інжілде, құранда да, пайғамбарымыздың өсиеттерінде де, және басқа түсірілген кітаптардың бәрінде де ескертулер бар. Қиямет ұғымында жаратылыстың соңы деп, оны әрбір тіршілік иесінің, қауымның, елдің мемлекеттің және жер бетіндегі тұтастай адамзаттың бір жағдайдан келесі даму жағдайына, ілімнің даму сатысына өтетін белдеуі, көпірі екенін біріміз білсек, көбіміз біле бермейміз. Пайғамбарымыз ондай жалпы дінге келетін жеті қиямет мезгілін:

-Дауғаттары бір (бір елдің) екі үлкен топ өзара қырқыспайынша, ол екеуінің арасында үлкен қырғын болады. (Яғни сүнитер мен шейіттердің бірін-бірі қыруы.)

-Отызға жуық өтірікші тажалдар жіберілмейінше, олардың барлығы өзін «Алланың елшісі» деп атайды; (Отыз түрлі топтың өз пірлерін тек пайғамбар ізбасары деп тануы.)

-Ілім алынбайынша, жер сілкінуі жиілінбейінше, уақыт қысқармайынша, дінсіздік бүліктері бой көрсетпейінше және қаскөйлік пен кісі өлтіру жиілемейінше; (айтпаса да түсінікті)

-Орталарыңда байлық артпайынша, сонда адамдардың асып тасқаны соншалық, мал-дүние иесі садақасын алатын адам іздейтін болады, ол садақасын ұсынғанда, ұсынылған адамы: «Мен оған мұқтаж емеспін деп айтады;

-Адамдар ғимрат салуда өзара жарысқа түспейінше;



-Бір кісі екінші бір кісінің қабірінің қасынан өтіп бара жатып: (басына тұрғызылған ескерткішін көріп) «Осының орнында мен болсам ғой!» демейінше;

-Күн батыстан шықпайынша; Егер күн батыстан шықса, оны адамдар көріп, барлығы иманға келеді. Бірақ ол «бұрыннан иман келтірмеген немесе сенімі бойынша бір қайыр істемеген біреудің иманы пайда бермейтін» кез;..(2103 өсиет) Осы қияметті туындаттын жеті белгінің әрқайсысы жеке-жеке қиямет оқиғалары сынақтары болып, сол уақыт күнәларлың артуымен сынақтардың, адамзаттың өзгерістерін туындатып отырады. Енді осы жеті белгінің бесеуі толық келіп, оған байланысты сынақтардың апаттардың да болып жатқанын оған күнделікті көріп, естіп жатырмыз. Енді тек экономика, байлық қана бақытқа жеткізеді деп ар-ұят, саналық дегенді еркіндікке айырбастап, біздерде әлемдік дүниемен бақытқа жету жарысына қосылып кеттік. Ол мақсатымызға да жақындап қалдық, қазіргі таңда еңбек еткен ақылы сау, ұяты толық пенденің садақаға мұқтаждығы да жоқ. Онда алда тек күннің батыстан шығуын күту қалды. Бірақ ол кезде жалпы адамзаттың да, еркіндіктің буына мастанған және дінді қысқартып жеке пән қылып алған қазағымыздың да көпшілігіне кеш болып азапқа түсері ақиқат.

- Ақсақал, Інжілде де Жохан елшінің хатында; Болашақта дінің үстемдігі жеті азия мемлекеттерінде басталып, тәжі «Алашашегір» деген қалада болады деп ескерткен екен. Және жеті мөр ашылып, көптеген елдердің мүлде жоғалып, халықтардың күнәкарлардың азаптарға түсіп, әлем халқының санының қысқаратынын ескертіпті. Бұған қандай айтар уәжіңіз бар?

- Алашашегір қаласы, алты алашың тұғыры осы қазақ елін айтқаны. Негізінен дінің есігі Есік қаласынан басталған. Соған келіп тірелетіні айқын. Тарих дөңгелегі кері айналмайды, бірақ тарих шеңбер болып, ал дөгеленген нәрсе бұрынғы оқиғаларды бәрібір қайталайды, кездеседі. Оған біздің ғалымдарымызда, данышпандарымызда әзір мән бермеген үш белгі бар қазақта. Бірі өзіңнің дәлелдеп жатқан «Шырағдан» -елшіліктің таңбасы белгісі. Дін елшілігінің жоғарғы дәрежесі десе де болғандай. Мұхаммед пайғамбарымыз осы елшілік, кемелдік белгіні толық меңгерген. Құран бойынша «Таһа» сүресінің таңбасы. Екінші белгі «Алтын адам» деп, асыл анамыз Қазақ, Созақ аталарымызбен Құзын Сауға-Зейнеп анамыздың шешесі Ұлсай Емер анамызға кигізілген алтын киім, жан сауыты. Зәбурдің толық бейнесі, адамзатқа берілген пайғамбарлық таңба, әйелдер арқылы берілетінін көрсетеді. Бұны дінің киімі деп атайды. Әлі ашылмаған құпия есептік, сандық белгілері бар құранмен расталатын. Үшінші белгі иманы жолдас болсын «Ақ ұлға» берілген мөр, ту. Айша ананың кесенесімен 21 жұлдыз жоғарғы ақыл «интелектің» көрнісі. Ол негізінен мемлекет туынан да жоғары тұратын, адамзаттың болашақ тылсым арасындағы елшілік, бітімгершілік ақталудың жалауы болатыны сөзсіз. Оған да үкімет тарапынан тиым салынып, көп әкімшіл қазақ өздеріне болашақтағы қияметің азабын сатып алды. Оған сенде, қазақта ғылым бар ма?- деген мақалаңда біраз мағлұмат беріпсің. Жақында ақпан айында хазіретіміз «Ислам, дін, ғылым» деп жауап жазыпты. Оғанда шүкір, біраз ислам ғұламаларын тізіп жазып, бірақ негізгі тура жолды толық дәлелдеген, қазақтың исламда алатын орнын көрсете алмапты. Абай, Шәкәрім аталарымыздан бастап, қаншама әлі зертеліп, өз бағасын алмай жатқан еңбектер және қазақ бақсыларының көрсеткен хикметтері яғни дін ғылымының негізі көрсетілмеген. Ал исламда теңдесі жоқ тұлғаларымыз, толық еңбегі қалған ғалым-сопы; Ясауи, Әл-Фараби бабаларымызға соңғы жағынан ғана шамалы көңіл бөлінген екен. Жалпы хазіретіміздің жазғаны ол, айқын болған дәлелденген, енді біздерге анықтық тек білім болып есептеледі. Ғылым дегеніміз әлі толық немесе мүлдем құпиясы ашылмаған, белгілі болған, көрсетілген кейде «аномалді» деп атаған нәрселерді айтады. Дәлелденгеннен кейін оны жас бала да меңгеріп, оқып біліп жатса несі ғылым? Ғылым көзі қазақтың бақсыларының көрсеткен хикметті істері мен «Сани дәптерде» және пайғамбарымыздың әлі зертеліп ашылмаған өсеттерінде, Құран мен Інжілде, бергі жағы Абай-Шәкәрім еңбектерінде тұр. Құр ислам әлемдерінің өткен ғалымдарымен әлем алдында мақтанғанмен дінің көші ешқашан орнынан қозғалмайды. Керісінше әлі құпиясы ашылмаған жауһарларды жарыққа шығарумен, барлық діннің негізі, ғылымы тұтастығын дәлелдеумен ғана көш түзеледі.



-Құранды арапша өздері оқып, аударып құран ғылымын меңгердім деп, ал арапша білмейтін пендесін, бауырын көзіне ілмей , «діні сауатсыздар» деп айдар тағып, сұхбат құруға шақырсаң ат тонын ала қашатын діни ғалымдарымыз не бітіреді, осы дін керуенін алға сүйремей?

-Құран немесе Тәурат болсын, күнәларды соған байланысты ескертулер туралы заңдар жүйесі. Адам баласын Құранды қаншалықты мейлі арапша, мейлі аудармадан болсын үгітін терең меңгерген сайын соғұрлым күнәнің салмағын, соған байланысты түскен үкімдерді жазаны ғана білесің. Рухани өлімің қайғың тереңдей түсуіне ғана себепші болады. Ал сол терең ұйқыдан өлімнен ояну үшін, рухты ақтап, тірілту үшін аяттардың құпия, жасырын сызықтық, түсіндірме бейнесін уахи арқылы оқи алмасаң, насихаты дін ғылымы ашылмайды. Ол үшін тақуалықты, сосын сопылық жолдардың мақамын іздеу керек. Олай болса, киелі кітаптар рухани өлімді, яғни ескі күнәкар болмысыңның өлімін ғана туындатады. Қаншалықты күнәлі екеніңді білмесең, содан ұялып, күнәңді мойындап рухани өлмесең, Құдай алдында қалай ақталып, өзіңе тиісті емес нәрсені сұрай аласың? Сондықтан әуелі жан дүниеңді қымтап, көкірегіңді тазартып, сосын тәнің кезек-кезек тазарып, сол арқылы рухани денең, дін киімің қалыптасып, ақылың толған сайын ғана Құраннан қаншалықты күнәлі екеніңді ажырата бастайсың. Өз санаңды, сөз түсіну қалыптастыру арқылы, қаншалықты құранды сіңіргенге байланысты енді сауап, ақталу амалын да жасауың керек. Намаз оқи бергеннен ішкі дүниең тазарып, білімің жетіліп, күнәң толық шәйіліп, жаннатқа кіре саласың деген надандар ойы. Адам өлтіргенде, зина жасаған да, жеңіл күнә жасағанда, тіптен әлі ақылы толмаған мастарға, неке де құрмаған жастарға да бәріне бірдей бес парызбен күнәң жуылады деп алдау нағыз зұлымдық? Және дені сау, несібесін жастықпен заманның тыныштығымен артығымен беріліп қойылған жастарға, берілген нығметті орындамай, халқына отанына қызмет етпей, Алладан ұялмай не сұрайды, тілене бергеннен не пайда? Немесе 40-жасқа жетпей, ақыл қуаты толық жетілмеген жастың, қай күнәсінің жарылқауын тілеп, қандай тақуалық жолды іздеуі керек? Өмірдің ыстық суығын көріп, талай жерден сүрініп, тіршілік сындарынан өтумен әйтеуір ұрпақ, ұлт сабақтастығын жалғаған үлкенмен қатар, аузынан ана сүті әлі кеппеген, ақылы толмаған, білімі жетілмеген жасты сақал қойдырып, тақуа болдың «намазхансың» деп алдау нағыз діндегі кәпірлік! Ғиса пайғамбарымыз «Жас баланы алдап, теріс жолға түсіргеннен аяқ, қолынды шауып тозаққа түскен артық.» деп ескертіпті. Діншілердің жаспен кәріні, әйел мен қыз баланы, күнәлі мен күнәсі жеңілді қатар қойып, бәрін бес парызбен Құдайдың алдында ақталдың деп пәтуа келтіру, Құдайдың әділ соттаушы екенін мүлде жоққа шығару болып табылады. Жаратушы күнәңа қарай немен ақталуды «қырық шілтенді» көрсетсін деп қана бес парызды орындау қажет. Сондықтан да ислам халқына күнәдан тазару Мұхамед пайғамбарымыздың ізгі істері мен өсиеттерінде. Бірақ сол жетінші құран негізін құрайтын пайғамбарымызға түскен кітапты аудармашылар әлі қазақ халқына толық жеткізген жоқ. Онда өздері қалай құраннан пәтуа беретіндеріне мен түсіне де алмадым. Негізінен арапшыл діншілерге пайғамбар өситеттерін толық халыққа жеткізу тиімсіз, себебі өздерінің жалған өтіріктері «шерік, серік» қосу деген айыптары ашылатыны сөзсіз. Ал ол кітапты толық аударғанмен, Інжілді білмей, зертемей тағы да түсініксіз. Інжілді түсіндіретін тағы Абай-Шәкәріміміздей ғалым сопыларымыз бар. Оларды түсіну үшін Абай атамыздай мыңмен жалғыз алысып, Шәкәрім атамыздай тау-тасты кезіп, жалғыздықтың жапасын тартып, тылсымның үнін тыңдай білу керек. Одан әрі Әл-Фәрабидей музыкадан бастап, бүкіл білімді сызықтық бейнесін және санмен оқып, зертеп түсіну керек. Сосын барып Ясауи бабамыздың жалған ғалым, сопыларды ажыратып ұрысып, құдайдың құдіретімен көктегі періштелерден сабақ алып, сәни дәптердің ғылымын түсініп оқу керек. Алдымен құраның үгітін, дінің жалпы болмысын түсіну үшін де, сөз ғылымын зерделеп, қазақтың қаншама ақын, жазушы еңбектерін оқып, сөздің астарын түсіне білуді меңгеру керек. Оған әрине адам баласының ғұмыры да, төзімі де жетпейтіні даусыз. Бірақ заманы сай амалын көрсету Інжілдің басты қағидасы болып, қазаққа бақ келіп, жастарымыз тазарып, аяндар алып, қыздарымыз, әйелдеріміз аққу атанып, үлкендеріміз ақылы толғандар болашақтан хабар түстер көріп, халыққа ақылдан хабар келе бастап еді, көп данышпандардың шайтандары қорқып, өре түре келіп, діннен тәжірибе жинауға кіріскен жетімдер мен жесірлерді, жастарды қудалап, құдайымызға қарсы тұрдық емес пе? Өйткені билік басындағылардың тығылып жатқан күнәлары ашылып, халықтың жалпы сауаттанып, ақ пен қараны ажыратуы ондайлар үшін үлкен қасірет болар еді. Бірақ бәрібір Құдайды жеңу мүмкін бе? Керісінше бұл да болашақ тарихқа үлкен сабақ болатын болды. Құдай қаламаса қаншама данышпан деген бүкіл ғұламаларды, қожаларды, төрелерді адастырып сауатсыз, әлсіз, күшсіз дегендерді үстем қылатын хикметі көрінетін болды жуырда. Тек аталарымыз: «Өтірік айтқан жерде көп отырма!» деп ескерткені бар. Осы іске араласып түрлі баспасөз беттерінде, кітаптар жазғандар өздері орындарын суытпаса, болашақ баларымыздың күлкісіне қалары даусыз. Ғалымдарымызға да осы абыройларымен тұрғанда қара халықтың жағына шығып, сөздерін дұрыстап алса өкініштің де зардабы аз болар еді дегенді жеткізгім келеді.

-Сырт көз сыншыл болар қашанда. Осы қарапайым қазақтың шалдар көзімен ата-жол, ақ жол деп жүрген құдайшыл қауымның да бұндай жағдайға жеткізген негізгі қателіктері бар емес пе? Алла Тағала пендесіне көтере алмайтын сынақ салмайды деп ескертіпті Ғайса пайғамбарымыздан.

-Оның да рас. Жаратқан ие, беріпте, алып та сынайды. Сыртай ғана тілектес емес сол ішінде арлап жүріпте талай келеңсіз оқиғаларды көріп жүрмін. Әлі де жалғасып жатыр. Бата дегеніміз пайғамбарлық сөздерден тұрады. Оның да өз талабы бар. Бағзы замандарда оған жету үшін көптеген діннің сынақтарынан өткен. Оған Інжілді зерделеп оқыған адамға айқын көрсетілген. Иманы жолдас болсын! Енді Қыдырәлі аруақтың соншама халықтың ішінде, жаманымен де жақсысымен де тіл тауып, жүрек ашу хикметін көрсетіп, адасқан халықтың басын біріктіріп, қазақтың дінінің ірге тасын көрсетіп, қараңғылықтан шығатын ізді салып, көрсетіп кеткеніне әрине болашақ тарихта өз орнын бағасын алары сөзсіз. Жақсы патша болсын, қандай пайғамбар болсын шайтан адамдарды жолдас қылып сынақ салып, оған тек нағыз серік ақылды уәзірлердің, сахабалардың көрегендігімен ғана өз мақсатына мәресіне жетері тарихи шындық. Бұл дүние-байлық, ойын-сауық және сұлу әйелдермен түрлі сиқыр мекерліктен өту, тура жолдың міндетті сыны. Пайғамбарымыз бұндай сынақтардың бәрінен өтіп адамзатқа көркем мінез, дінің үлгісін көрсетіп тек өмірден озар шағында : «Менің сендерге ең қалдырған жаман нәрсем болашақтағы әйелдердің дінге тигізетін кесірлігі.» деген екен. Ақ ұлдың да басты сенген өз қасындағы дүние қуған еркектер мен шайтанға ілескен әйелдер болды. Оған дәлел бірде Арыстан баба басына барып түнегенімде түс көрдім. Түсімде біраз халық келіп жатыр екен де, көктен маған: «Мыналарға қара қандай лас, әттең берер едім»-деген уахи келді. Сонан ерте тұрып, намазамды оқып алып шырақшы имамның қасында отырсам, түндегі көрген адамдарым, кіріп келе жатыр. Бастарын орай салғаны, шашы жалбырағаны, шалбарлысы, болмаса беліне орамал ма ақтық па байлай салғаны не сән. Ата жолының зиратшылары екені көрініп тұр. Оның алдында да талай аққу немесе темекісі бұрқыраған еркектеріне ескертіп, біреу үшін халықты ертіп қызмет жасағандай осыған да риза болмайсыз ба, өздерін әрең жеткізгенде?- дегендей сөз естігенмін.

-Ақсақал сөзіңізді менде тірілтейін. Осындай аяндарды менде көргенмін. Әрине сол алдыңғы қатарда ақ-ұлдың негізгі серіктері болғандардың ішінде халыққа үлгі болып, өнеге көрсетіп ата жолдың Айша анамыздың ақ туын қазақ жеріндек желбіреткен көптеген сарбаздары да бар. Ата-баба аруақтарының қолдауымен олардың да еңбегі еленетін кез келер. Бірақ арасында болған дүниеге мас, ақ жолдық деген сұңқар, аққуларын Арыстан баба басында құран орнына, «ойын-сауық» қойып, ән салып би-билеп жатқанын, кейбіреулерінің азғындыққа түсіп дінді теріске бұратынын түсімде көрсетті. Бірақ менің де үлкен қателігім, ол жағдайдың немен қалай аяқталатынын, болашақта күзетшілікке ит байлап қойған мекеменің ауласындағы қарауылдарымен ұрыс-керіс арқылы дәлелдеп, ар жағындағы тура жолға өту керектігін көрсеткенімен, аманатты орнына тапсыруға ынжықтық танытып, ақ ұлдың қиналғанда қасыннан табылып, жанына желеу бола алмадым. Тағдырдың бірден бұндай күрт бұрлысы, сыны болатынын кім болжаған? Оған қамығып өкінгенмен, қасында жүген шайтанның сыбайластары, шындықты бүкемелеп, араға түсіп, шариғатты діннің қағидасын дұрыс ұстағандарды «қуып кетті», «арап болып кетті» деген өз арамызда қудалау болып, дінді толық түсінуге мүмкіндік берді ме?



-Сен мейлі арап, мейлі, еврей, орыс бол немесе қандай дінді ұстансаңда негізгі мақсаты жанның сауыты дінің киімін қалыптастырып, рухтың жүрекке зейнеттелуін қамтамасыз ету шарт. Сондықтан дін жермен, өмір сүрген орта ықылым, ауа райы шаруашылық ішіп-жеммен байланысты. Діншілер осы ерекшелікті мүлде қаперге алмайды да керісінше ұлтына, салтына теріс ақпаратың жүреке зейнетелуімен ғана айналасады. Жаратылыста өз ортасына сай Жаратқаннан берілген ұрықтың да, өзіне тән ақпараты қамтамасыз ететін, гендік ерекшелігін қалыптастыратын жұқа нәзік киімі және қосымша оны сақтайтын қабы бар. Мұсылманның басты қорғаны дәрет болып, ал киімсіз дәрет амалдары қорған бола алмайды. Дәрет намаз оқумен жан қабын сауытын, бойын тазартып, қорғап тұрса, ал оны енді сырқы әсерден көз, сұқ қадалудан қорғайтын ұлтына, салтына өмір суру ерекшелігіне сай қорғаны киімі болу шарт. Ал мұсылманның дәретсіз, оны қорғайтын киімсіз жасалған қандай да бір ісі бос әурешілік. Бой ұсыну дегеніміз мұсылмандықтың басты қағидасы жынысына сай бой қабы, сабыр қуатын қалыптастыруды ескертеді. Өзгенің ерекшелігіне еліктеп, әсіре қызылдықты, жеңілтектікпен, мақтанды қалыптастырып, ұлтық, жыныстық ерекшелікті бұзғаннан керісінше ібіліс сыбайластарымен бауралып кері, теріс өрісті қара рұхтан, тозақтықтардан ғана нәр аласың. Сондықтан Құрандағы киімді негізгі парыз қылып және пайғамбарымыз; «Әйел киімін киген еркек пен, еркек киімін киген әйелді құдайдың қарғысы атады, ондайларды үйлеріңе (әулие бастарына) кіргізбеңдер» деп бұйырған. Пайғамбардың өсиетіне мойынсұнбай, арсыз-ұятсыз қылықтармен әулие басына шапағат сұрап бару нағыз ақымақтық және Аллаға, түсірген құранға, кітаптарға қарсылық болып табылады. Ондайлар сол жерлерде қақпанға түсіп, байлауда тұрған жын-шайтандарды қазанның қақпағын ашып босатып, өздерімен бірге алып шығушы дінді бұзуға қызмет жасаушылар шайтанның сыбайластары болып есептеледі. Абай атамыз осындай ессіздіктің қазақ арасында болатынын болжап; «Көзі барлар ойының Күлер көтін ашқанға, Қасиеті бойының Бекер төгіп шашқанға. Қуанарлық қыз емес Жылтырауық таққанға. Өзгелерді, біз емес Түсірмекші қақпанға. Осы да есеп бола ма Ар, абиыр тапқанға? Миың болса, жолама Бос желігіп шапқанға. Бір бес надан, (жүктелген есек) оңбассың, Нансаң, онын (шайтан жүгі-дәме) қосқанға... Одан үміт кім қылар Жол табар деп сасқанда? Үйтіп асқан жолығар Кешікпей-ақ тосқанға.!» Абай атамыздың осы шағын әулиелік болжамы дінің ең осал, адамзатты құрдымға түсіретінін яғни қазақтың қазіргі жағдайын қалай дөп басып көрсеткен. Сонымен бірге менің байқағаным ондай пенделердің арасында, құдайдың берген қасиетін саудаға салып; тәкәпарлық, мақтаншақтық, өзін-өзі бағалап дәрежелеу, қызғаныш, көре алмастық, өсек, өтірік, дүние қоңыздық, батаны бұрмалап, өзінің ішкі мақсатына, дүние табуға пайдалану және арасында келеңсіз зинаға барғандарын да естіп, көргендер жеткілікті және жалғасуды. Сондықтан ұлтық дінді толық қалыптастыру бір адамның мойына артып қоя салатын шаруа емес, мешіт діншілерінен бастап, бүкіл атқа мінерлер ат салысып, үлгі көрсеткенде, тазалыққа, ізгілікке жарысу арқылы ғана батаның жоғарғы дәрежесіне құранның ашылуына, хикметтермен, жаратқанның сыйына жететін уақытымыз болып еді. Ақ ұлымызға да сынақ түспеген болар еді. Енді сол азғындыққа түскен аққу, сұңқарлардың бар күнәсін көтеріп, Ғиса пайғамбардың қасындағы серігі құсап, айқышқа таңылып кетті. Алланың қазақ еліне берген тосын сыйын өз еркімізбен, жақсылықпен қабылдай алмадық, ал енді жаманшылығымен, көп мойынсұнбаған діншілердің қасіретімен, сынақтармен, жалпы елдің басына түсетін апат құрбандық шығындармен, бәрібір Құдайдың құдіреті арқылы мойындауға тура келеді. Сол сындардан өтіп барып, әлемдегі ең таза дінді ұстаушы қазақ елі болып, дінің тәжі де болашақта қазынадан шығары сөзсіз. Абай атамыздың қара сөзіндегі ел бағуымыз бен, мал бағу (жынды қоралау) осы қазақтың сауатсыз аталған жастарына беріліп, оны да мандытып баға алмай жатырмыз. Оған себептің негізі сопылық құрып, ғылым бақ дегендердің өзі қарапайым сөздің астарын біліп, сөз баға алмай жатыр. Бірақ елде мен сияқты болашақта бәйгеге қосатын бала бағып жатқан қарапайым қазақ шалдар естуімше көбейіп жатыр. Абайдың мұңын жоқтап, жетпегенін толтыратын заман да келді. Ең өкініштісі осы баққан баларымыздың алдарының естері кіріп, айналасын бағалай бастады, аталарын надан деп жаттың тілегін тілеп, қосын жекендер өздері нағыз надан аталып тарихта таңбаланып қалатыны ғана өкінішті.

-Абай-Шәкәрім атамыздың Құранды қалай қарапайым қара сөзбен де, қазақтың қара өлеңімен де сөйлете білгенін дәлелдеп жазып, халыққа таныстыру менің бір арманым әзірше. Ондай күрделі сөз астарын зертемек түгіл осы біздің, діндегі теолг, дін ғалымдары тағдыр дегенге де толық түсінік бере алмай, жамандықтыда, сынақты да Алла алдын ала жазып қойған, сондықтан құласаң «Ақбөкен» құсап тұяқ серіппей жата бер деп түсіндіреді. Бұған қандай уәж айтар едіңіз?



- Негізгінен дінде бөлшектену де осы адамзатқа берілген тағдыр ғылымын дұрыс ғылыми негіздемеуден пайда болған. Ал, оны қарапайым қазақтың мақал-мәтелдерінде бабаларымыз түсіндіріп кеткен. Абайды дұрыс түсіне білген адам бұндай қателікке ұрынбас еді. Жаратылыстан адамзатқа тағдырдың жақсылығы мен жаманшылығы қатар тең дәрежеде өз қабілетіне, ішкі жасырын қасиетіне қарай төрт сөзбен яғни есімдермен жазылады. Сол қасиет қабілеттерді шыңдап, сындарынан жеңіл, оңай және зұлымдыққа түскенде де Раббысынан кешірім алып, бақытты өмір сүру әрбір пендесіне жаратқаннан теңдей берілген несібе. Сондықтан кедейлікті, жамандықты жаратқан Алла, ал кедей қылып, күнә жасатып және ауру қылатын Алла емес,- деген емес пе Абай атамыз? Егер діншілер айтқандай тағдыр адмзатқа билік жүргізетін болса онда Алланың уәдесін теріске, жалғанға шығарып кәпір болды. Адамға берген халифалық осы тағдырды басқару қадірінде тұр. Аталарымыз тағдырды байлық деп; «Әуелі байлық ден саулық, екінші байлық ақ жаулық, үшінші байлық он саулық» деп сандық жүйесі ғылыми негізін көрсеткен. Және ; «Төртеу түгел болса, төбеден келеді, алатау араз болса ауыздағы кетеді» деген мақалдың өзі құран аяттарымен, жаратқанның үкімін растап тағдырдың, адам баласының мінезіне, қылығына, істеріне тәуелді екенін көрсетіп тұр. Адам баласына берген негізгі сын өлім. Өлім уақыт өлшемі. Ғиса пайғамбар осы өлімді қалай жеңіп, мәңгілік өмірдің үлгісін көрсеткенін, енді діншілеріміз ашықтай, астарлы түре жалғанға шығарғанымен қоймай, халықтыда солай адастырып, ақыры ислам елдері тағдырдың тәлкегіне ұшырап жатқаны жуықта айқындалады. Адамзат тек ғылым, білімді меңгеріп, дін ғылымымен теңгеріп, ортасын тауып, өзіне керек пайда, зиянын өлшеу арқылы және түсінде берілген аманаттарға, оқылған аян-аяттарға зұлымдық жасамаса, қанағатшыл, сабырлы ізгілікті болса, жаратқанның адамзатқа берген уәдесін, артық сыйын неге алмасқа? Барлық діннің мақсаты; анық пен танық ғылымдарын яғни іргелі ғылым мен, дін ғылымын меңгерумен өлшенетін болса ғана әлемде бір-ақ Тәңір, Бір Аллаға құлшылық етіп, дінде бөлшектену болмай, адамзат бақытты өмір сүрер еді. Қазіргі қазақтың діндегі, тұрмыстағы, саясатағы еркіндік дегені жалған. Керісінше қара, зұлым күштердің құлдығына түсіп, қызмет жасатып, уақытша байлықтың дүниенің құлы болуды қалыптастырып жатыр. Рухани байлық деген ол салт-дәстүріңді тәрк етіп, жалаңаш-жалпы жүріп, ән-салып, ойын сауық, тәнді шынықтырып қана жаратқанның бергенімен мақтануда емес, керісінше сол бергенді сын деп қабылдап, жасырын ұстап, орнымен пайдаланып, ішкі Құдайлық қасиеттерді дамытып, еңбекті, жанды дамытатын ерекше дарындылықтарды меңгеруде. Сонда ер де, әйел заты да сыртқы бейнесімен, сұлулығымен, тәнін сатқан, әнін сатқан, күшін сатқан, пайда, ақша тапқан дүние жинаған өнерлерімен емес. Керісінше өмірге әкелген ұрпағымен және қалай қоғамға қажет дарында ұрпақ тәрбиеленуімен, отанға берген рухани даму жолындағы еңбегі бағаланып, қоғамда өз орнын алуын, төрге шығарып марапаталуын қамтамасыз еткенде ғана адамзат арасында әділдік орнайды. Еркіндік саясаты керісінше, байға тимей, жан ұя құрып өмір мектебінен өтпеген, өмірге ауру, нақұрыс, әлжуаз ұрпақтар әкеліп және оларға теріс тәрбие беретіндерді төрге шығарып, жат жұрттан келген сығандарды сотаушы, ақтаушы Құдайымыздай көретін әдетті, ойдан шығарған салтты, өркениет қағидасына айналдырдық. Төле би атамыз; «Батырды екі қатынның бірі туады, ал биді мыңның бір туады» деп бекер ескерті ме? Қазір батыр түгіл еркек баланың өзін әлжуаз қылып туып, қатын қылып тәрбилейтін, көрінген сұқ көзді суарған, қырық үйі түгіл, қырық жамау бір үйі де дұрыс емес қыз өсірген, жын-шайтанға тұрақты некеге тұрған, нәзіктен, әйелдік парасаттан жұрдай болған әйел затын төрге шығарып, еркіндік беріп, билікке де араластыратын болдық.

-Ақсақал енді осы жаңа заманның таразы, талқысына түсу үшін, көкжекті көріп өскен сіздердің діншілерге түсіндіре алмай, сөздеріңізді сабырлықпен, уақыт тезінен талай сынбай өткен тектінің сынықтары және талағында биті бар ағайындар жеткізер үмітпенен, әйтеуір жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды тауып тәрбиелей білген халық едік, талаптыға кездессе аталы сөз жерде қалмас-деп шамам келгенше жеткізіп көрейін...



Каталог: upload -> orig -> user -> 225 -> blog
upload -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
blog -> 5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011 Жазбадағы тақырыптар тізбесі
blog -> Дін ділдің, тіл білімі иманның айнасы. Төртеуіміз түгел ме ағайын?
blog -> Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар 4-ші кітап Алматы-2011
blog -> Қиямет мезгілі мен пенделердің тозақтық сипаттары. Ата жолы хикметтері
blog -> Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар
blog -> Ясауи ілімінің намаздары және масһаб білімінің қателіктері. 5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011
blog -> Ұлылардан ұлағат алайық! Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған, Өлді деуге бола ма айтыңдаршы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет