Оқылым
Тапсырма. Мәтіндегі іріленген грамматикалық бірліктерді теріп оқыңыз, есте сақтаңыз:
Зертхана
Химиялық лабораторияда ыдыстарды қабықтан жасалған тығынмен тығындайды. Мен сауытты сөреге қойдым. Егер тығын таза болмаса, ерітіндінің қасиетін өзгертеді. Зертханада сақтық үшін арнайы киім кию керек. Химиялық зертханада өрт сөндіруге арналған құралдар бар.
Бұл жағдайда студенттер мәтінді оқу барысында кәсіби лексиканы меңгерумен қатар іріленген грамматикалық бірліктерді іздеп тауып, олардың қайсысы қандай мағынада қолдануын түсініп ажыратады.
Тыңдалым
Тапсырма. Сөйлемдерді тыңдап, қайталаңыз. Бір-біріне ұқсас сөздер бар ма? Олар қандай мағынада жұмсалғанын түсіндіріңіз:
Күкірт қышқылы сөреде тұр ма?
Сен отқа жақын тұрма.
Зертханаға біреу келді.
Маған сілтінің біреуі ғана керек.
Бұл жағдай тіл үйренушілерге сөйлем ішіндегі біртектес лексикалық бірліктердің ұқсастығын қабылдауға мүмкіндік бере отырып, айырмашылығын байқатып, түрлі мағынадағы қолданысын көрсетеді. Бірінші сөйлемде Сұраулық шылау мен Етістіктің болымсыз түрі; екінші сөйлемде Белгісіздік есімдік пен Жинақтақ сан есімнің бір мезгілде ұсынылуы туралы ой қорытуға түрткі болады.
Жазылым
Тапсырма. Сөйлемдердегі қара сөздермен берілген бірліктерді ірілендіріп, сөйлем құрастырыңыз.
Жануарлар мен өсімдіктер табиғаттың тірі организмдері болып саналады. Бұрынғы кезде адамдар темірді қалай өндірген? Студент сабақта улы заттар туралы айтты.
Бұл тапсырма бойынша тіл үйренушілер ірілендіруге қатысты лексикалық бірліктерді теріп алып, олардың басқа мағынадағы қолданыстарын іздейді, іріленген бірліктерді сөйлем ішінде пайдалануға машықтанады.
Айтылым
Тапсырма. Көп нүктенің орнына Барыс және Табыс септіктерінің қосымшаларын орнымен қолданып, сөз тіркестерін құраңыз, мағыналарын айтып түсіндіріңіз:
өндіріс....... енгіздім; өндіріс......... істеймін;
зертхана.... барамын; зертхана....... боламын;
ыдыс........ құяды; ыдыс.......... тұр;
сауыт....... сал; сауыт.......... бар;
тәжірибе...... қара; тәжірибе....... көрсетілген.
Ұсынылған тапсырмада аталған септіктерге ортақ қайда? сұрағының жалғауларын бір-бірімен алмастырмай, дұрыс пайдалануға үйретеді.
Тілдесім
Тапсырма. Жақсы лексикалық бірлігінің мағынасын ескеріп, диалог құрыңыз:
- Нәйла, жасаған тәжірибең жақсы нәтиже берді ме?
- Иә, оттегімен жасаған тәжірибем дұрыс болып шықты.
- Ал Ермек қазақ тілінен тесті жақсы жазды ма?
- Білмедім, мен Ермекті көргенім жоқ.
Аталған тапсырма түрі студенттердің лексикалық бірлікті қалай ірілендіру жолын іздестіріп, сөйлем құрайды, оны қазақша сөйлеу үрдісінде орнымен жұмсауға мүмкіндік алады.
ДБІ технологиясына негізделген тапсырмалар жүйесінің кешенді түрде жүргізілуі – студенттердің сөйлеу тілін дамытуға, яғни тыңдалым мен айтылым, оқылым мен жазылым әрекеттеріне қатысты алған білік пен дағдыларын ұштауға себін тигізіп, монологтік және диалогтік сөйлеуін жетілдіруге мүмкіндік туғызады.
Екінші бөлімнің 3.а тармақшасы «Студенттің оқытушымен бірігіп атқаратын жұмысы» деп аталады. Саяхат сабағына қатысты СОӨЖ және СӨЖ жұмысы.
І. СОӨЖ.
Саяхат нысанасы ретінде өлкетану мұражайы алынды.
Сабақ мақсаты: Практикалық сабақта өткен «Ұлттық ақша» тақырыбына байланысты студенттердің танымдық қабілетін кеңейту; білімін тереңдету; алған мәліметтерді жазбаша жұмыста пайдаланып, «Қазақстанның теңге сарайы» атты сұхбат дайындау.
Тапсырма. а) сұрақтарға жауап беріңіз; ә) сөйлемдердегі сырт тұлғасы біркелкі сөздер қандай мағынада қолданылған?
- Теңге сарайы Қазақстанның қай өңірінде орналасқан?
- Теңгені Өскеменнің қай өнеркәсібінде шығарады?
- Аталған өнеркәсіпте теңгеден басқа тағы қандай бұйымдар шығарылады?
- Қазақстанның басқа қай қаласында теңге жасайды?
Тапсырма. Сөйлемдегі көп нүктенің орнына қажетті жалғауды жалғаңыз. Қандай грамматикалық бірліктер топтастырылған?
Егер ұлттық теңгелерді сапалы қағаздан шығар......., ол көпке дейін тозбайды.
Ұлттық теңгені ауыр өнеркәсі....... жанындағы Үлбі металлургия зауытында жасайды.
Тапсырма. а) Мұражайда қандай Ұлттық ақшалармен таныстыңыз?
ә) Ақша айналымындаңы ең алғашқы теңгеліктерді атаңыз. Олардың бетінде кімдердің бейнесі салынған? Әрқайсысына қысқаша сипаттама беріңіз.
СОӨЖ-де студенттер меңгертілетін тақырып бойынша мәліметтерді ала отырып, өздік жұмысына қажетті материалдарды дайындайды.
ІІ. СӨЖ.
СӨЖ сабағында тіл үйренушілер «Ұлттық ақша» және «Қазақстанның теңге сарайы» тақырыбы бойынша алған мағлұматтарын пайдаланып, «Өскемен металлургия зауыты» атты шығарма жазады.
Тапсырма. Шығарма жазуда лексика-грамматикалық бірліктерді ірілендіріп, қолданыңыз: онда, мен, басқа, тәуелдік жалғау, ілік септіктің қосымшасы және т.б.
СӨЖ-ді орындауда тіл үйренушілер берілген тақырыпқа байланысты алған біліммен қоса, СОӨЖ-де орындаған тапсырмалардың негізіне сүйене отырып, арнайы әдебиеттерді, қос тілді сөздікті пайдаланып шығарма жазады.
Екінші бөлімнің төртінші тармағы Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясын жүзеге асыру барысында қолданылатын әдістерге арналған.
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы арқылы тілді меңгерту кезінде қолданылғын әдістер: ассоциация; деформация, салғастыру, сәйкестендіру.
Ассоциация әдісі – сыртқы дүниенің әсерінен ойда жаңа ұғым пайда болып, санада сәйкес, ұқсас бейнелер елесін туғызады.
Мысалы: Күкірт сөзі сіздерде қандай ассоциация туғызады?
ерітінді
1-сурет – Ассоциация әдісі
Бұл әдіс бойынша Күкірт сөзі аталған тақырыпқа қатысты бірнеше үндес лексикалық материалдарды еске түсіріп, анализге жетелейді.
Деформация әдісі – түрі өзгертілген тапсырмаларды дұрыс қалыпқа келтіру. Бірнеше сөйлем түрі беріледі. Сөйлемдерді мағыналарына қарай бір-бірімен байланыстырып, бүтін жүйедегі шағын мәтін құрастыру көзделеді. Негізгі мақсат – сөйлемдердің орын тәртібін дұрыс анықтай білу. Мұндай тапсырмалар студенттердің мәтінді логикалы түрде құрастыру дағдыларын жетілдіреді.
Өйткені тығын неғұрлым тығыз тығындалса, ыдыстың ішіндегі сұйықтық төгілмейді. Зертханада сұйықтық тұрған ыдысты қабықтан немесе резеңкеден жасалған тығынмен тығындайды. Сондықтан әрбір тығынды тек өзіне ғана меншіктеу қажет. Химиялық зертханада сұйықтық құйылған ыдыстар сөрелерде тұр. Егер тығын таза болмаса, ол ерітіндінің қасиетін өзгертеді. Тығынды ыдыстың аузынан сәл үлкендеу етіп таңдау қажет. Химиялық улы заттар арнайы ыдыстарда сақталады.
Бұл жағдайда студенттер сөйлемдерді мағынасына қарай бір-бірімен байланыстырып, қисынын келтіріп, мәтінді бүтіндей құрауға үйренеді. Сөйлесім әрекетін жүзеге асыруда, алған білік пен дағдыларын пайдаланып, өз ойын қазақша түсінікті етіп жеткізуге мүмкіндік алады.
Салғастыру әдісі – біртектес немесе өзара ұқсас ұғымдарды бір-бірімен салыстыру. Сөйлемде іріленген мазмұндағы лексикалық бірліктердің қайсысы қандай мағынада жұмсалғандығын анықтау мақсатында екі сөйлем қатар орналастырылып, салыстырылады.
Кестедегі сөйлемдерді оқыңыз, салыстырыңыз, анализ жасап, ой қорытыңыз:
Мекен
Салақтық, немғұрайлық
адамды кейін тартады.
|
Мезгіл
Тәжірибе туралы
кейін сөйлесеміз
|
септеулік шылау
Тәжірибе жасағаннан
кейін химиялық ыдыс-
тарды жуу керек.
|
Берілген сөйлемдерді бір-бірімен салыстыра отырып, тіл үйренушілер іріленген бірліктердің түрлі мағынада қолданылуын анықтауға мүмкіндік алады. Кейін сөзінің: 1) мекен үстеу; 2) мезгіл үстеу; 3) септеулік шылау қызметінде жұмсалғанын ажыратып, студенттер өздігінен ой қорытындысын жасауға үйренеді.
Сәйкестендіру әдісі – сырт тұлғасы біртектес ұғымдарды бір-бірімен теңестіру. Егер айырмашылығы болса, себебін түсіндіру, сәйкестендіру жолын іздестіру.
Ерітіндіге сынапты ма, әлде күкірт қышқылын құясың ба?
Сауытқа сынапты немесе күкірт қышқылын құйып қой.
Іріленген мазмұнды бірліктері бар сөйлемдерді бір-бірімен теңестіріп, олардың арасындағы сәйкестікті айыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде екі сөйлемдегі іріленген бірліктердің қайсысы қандай мәнде жұмсалғандығын ажыратып, оларды ауызекі сөйлеу тілінде орнымен жұмсауға себін тигізеді. Мұнда әлде, немесе сөздерінің талғаулық шылау мәнінде қолданылып, екі сөйлемде де бірдей мағынаны білдіріп тұрғанына тіл үйренушілердің көзін жеткізу қолайлы.
Ғылыми жұмыстың соңғы тармағында «Қазақ тілін химия факультетінің студенттеріне ДБІ арқылы оқытудың тәжірибесі» деп аталатын тармақта эксперименттің мақсаты – оқу үрдісінде жүзеге асатын ДБІ технологиясының маңыздылығын ғылыми тұрғыдан дәлелдеу. Тәжірибе 2005-2008 жылдары С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да, ШҚМУ жанындағы Біліктілікті арттыру институтында өткізілді. Эсперимент үш кезеңнен тұрды:
1. Химик студенттерінің ДБІ арқылы оқыту тәжірибесіне дейінгі білім дәрежесін анықтау.
2. Қазақ тілінің кәсіби бағытталған лексикасын химиктерге блок тапсырмалар арқылы оқыту.
3. Химия факультетінің студенттерінің оқыту экспериментінен кейінгі лексикалық қорды ДБІ технологиясы арқылы меңгеру дәрежесін бақылау және эксперимент нәтижесін қорытындылау.
Анықтау экспериментінде экспериментке қатысқан студенттер мен мемлекеттік қызметшілер арасындағы ерекшеліктерге басты назар аударылды. ЖОО суденттеріне кәсіби бағыталған лексикалық қор ДБІ технологиясына негізделген арнайы бағдарлама бойынша игертілді. Студенттердің мемлекеттік қызметшілерден іріленген мазмұндағы ақпаратты қабылдауы өзгеше екендігі байқалды. Химиктердің ойлау қабілеті анализдік ойлауға тән болғандықтан, мәліметті тез қабылдап алатындығы көрінді.
Сабақ мазмұны мен онда пайдаланылатын ДБІ технологиясынан басқа да әдіс-тәсілдер көзделген мақсатқа сәйкес сұрыпталды. Тіл үйренушілердің шығармашылықпен, өз бетімен жұмыс орындауы негізгі бағыт етіп белгіленді.
Мамандыққа баули отырып, ДБІ технологиясын қолдануда орыс топтарындағы қазақ тілі бойынша студенттердің білімі олардың қазақ тілін қарым-қатынас құралы ретінде жан-жақты меңгерген ерекшелігін сараптаумен бағаланды. Студенттер қазақша айтылған сөйлемдерді дұрыс түсініп, белгілі бір тақырып төңірегінде өз ойын еркін жеткізе біліп, мәнерлі сөйлеп, сауатты жазып, мәтінді орфоэпиялық нормаға сай оқи алуы алғышарттардың бірі болды.
Студенттердің кәсіби лексиканы ДБІ технологиясы арқылы игеру дәрежесін төмендегі суреттен байқауға болады:
2-сурет – ДБІ технологиясы арқылы оқытудың эксперимент нәтижесі
Сонымен, кәсіби лексиканы химия факультетінің студенттеріне меңгертуде ДБІ технологиясының орны ерекше екендігіне көз жеткізе отырып, мынадай қорытынды жасауға болады:
1. Қазақ тілін мамандыққа бағыттап оқытуда ДБІ технологиясын пайдалану өзара бір-бірімен байланысты лексика-гармматикалық бірліктерді топтастырып бір мезгілде ұсынуға мүмкіндік береді.
2. Өзара байланысты біртектес білімдерді бір сабақ шеңберінде оқытып үйрету тілдік материалдарды жинақы қабылдауға, есте жақсы сақтауға қолайлы жағдай туғызады.
3. ДБІ технологиясына негізделген «Қазақ тілі» бағдарламасы студенттердің сөйлеу тілін коммуникативтік тұрғыдан дамыта отырып, білімді бөлшектеп емес, тұтастай қабылдауға мүмкіндік береді. Тұтас қабылданған білімнің тіл үйренушілердің санасында берік және ұзақ сақталуына көмегін тигізеді.
4. Қазақ тілін мамандыққа бағыттап оқытуда ДБІ технологиясын пайдалану қазіргі кездегі тілді терең меңгертудің жаңа тәсілдерін қолдануға мүмкіндік береді.
5. ДБІ технологиясы негізінде құрастырылған блок тапсырмалар жүйесі студенттердің сөйлеу тілін дамытуға, тыңдалым мен айтылым, оқылым мен жазылым әрекеттеріне қатысты алған білік пен дағдыларын ұштауға себін тигізіп, монологтік және диалогтік сөйлеуін жетілдіруге игі әсер етеді.
6. ДБІ технологиясына негізделген тапсырмалар мен жаттығулар түрлері білімді меңгертумен қатар студенттердің танымдық, интеллектуалдық, шығармашылық қабілетін арттырады.
7. Қазақ тілінің кәсіби лексикасын ДБІ арқылы оқытудың психологиялық негізін анализдік ойлаумен байланысты қарастыру студенттердің ойлау қабілетін күшейтеді, күрделендіреді. Соның әсерінен ойлау жүйесін дамытады, дүниетанымдық өрісін кеңейтеді, жеке тұлға ретінде қалыптасып жетілуіне көмектеседі.
8. ДБІ технологиясына негізделіп, кесте бойынша ұсынылған тапсырмалар біріншіден, студенттердің анализдік ойлауын жетілдіріп, өздігінен ой қорытындысын жасауға жетелейді; екіншіден, тілдік материалдарды тез әрі саналы түрде меңгеруге қолайлы жағдай туғызады.
9. ДБІ технологиясы арқылы оқытуға негізделген кешенді тапсырмалар жүйесі студенттердің алған білімдерін тереңдетеді, сабақтың сапасын жақсартады;
10. Қазақ тілінің мамандық лексикасын ДБІ арқылы оқыту тіл үйренушілердің өз кәсібін жете меңгере келіп, өндіріс ошақтарында кәсіби тілдесімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
11. Қазақ тілінің кәсіби лексикасын ДБІ технологиясы арқылы оқыту, оны басқа әдіс-тәсілдермен үйлестіре отырып ұтымды қолдану студенттердің мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттырады; отансүйгіштікке, елін, жерін аялауға тәрбиелейді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Оразбаева Ф. Тілдік қатынас. Оқулық. -Алматы: Сөздік-словарь, 2005. -72-б.
2 Исаев С. Қазақ тілі жайындағы ойлар. -Алматы: Мектеп, 1997. -223-б.
3 Аханов К. Тіл білімінің негіздері. -Алматы: Мектеп, 1978. -430-б.
4 Эрдниев П.М. Укрупнение дидактических единиц в обучении математике. -Москва: Просвещение, 1986. -260 с.
5 Лысенкова С.Н.. Методом опережающего обучения. -Москва: Просвещение, 1988. -180 с
6 Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Астана, 2004. -390-б.
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер тізімі
Қазақ тілін химия мамандығына баули оқытуда (ДБІ) дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясын қолданудың тиімділігі // «Ізденіс» журналы. -2006. -№1. -244-247 б.
Орыс тілді аудиторияда қазақ тілін Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы арқылы оқыту (химия мамандығына қатысты) // Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті. Хабаршы. «Филология ғылымдары» сериясы. -2004. -№ 3(9). -111-114 б.
Қазақ тілін химия мамандығына бағыттап оқытуда студенттердің сөздік қорын мақал-мәтелдер арқылы байыту // «Жас ғалым – 2007» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. -Тараз: Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, 2007. -89-92 б.
Орыс аудиториясында қазақ тілі сабағында мамандыққа қатысты лексика мен грамматиканы оқытуда ДБІ технологиясын қолдану тәжірибесінен // «С.Аманжолов оқулары – 2004» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. -Өскемен: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, 2004. -391-394 б.
Орыс аудиториясында химия мамандығына қатысты лексиканы оқытудың маңызы // «Қазақстандағы мемлекеттік тілдің бүгінгі ахуалы мен даму болашағы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. -Өскемен: ШҚО әкімшілігі, 2003. -210-214 б.
Бағдарлама. Практикалық қазақ тілі (Жоғары оқу орындарының химия факультетіне арналған). -Алматы: Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, 200. -17 б. (Ф.Ш.Оразбаевамен авторлық бірлестікте).
Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін мамандыққа бағыттап оқытудағы мәтінмен жұмыстың маңызы // «Мемлекеттік тілдің ахуалы, проблемалары және оны шешу жолдары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. -Өскемен: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, 2006. -165-172 б.
Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне ДБІ технологиясы арқылы химия мамандығына бағыттап үйретуде оқу бағдарламасының маңызы // «С.Аманжолов оқулары – 2007» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. -Өскемен: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, 2007. -310-314 б. (Х.Жоканасовамен авторлық бірлестікте)
Қазақ тілі сабағында химия мамандығына қатысты лексиканы оқытуда ДБІ (дидактикалық бірліктерді ірілендіру) технологиясын қолдану жөнінде // «Ұлт тағылымы» журналы. -2006. -№1. -68-71 б.
Химиялық атаулардың түсіндірме сөздігі. -Алматы: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 2006. -38 б. (Ф.Ш.Оразбаевамен авторлық бірлестікте).
Химия мамандығына қатысты лексикалық қорды молайту әдістемесі // «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде» журналы. -2008. -№ 4. -19-23 б.
Қазақ тілін дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы арқылы оқытуда тірек-схемаларды пайдаланудың тиімділігі // «Проблемы совершенствования педагогического мастерства преподавателя вуза в условиях внедрения кредитной системы обучения» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. -Өскемен: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, 2008. -168-171 б. (М.Ж. Хусаиновамен авторлық бірлестікте).
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы арқылы қазақ тілін химия студенттеріне үйрету // «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы. -2008. -№ 7. -75-80 б. (Шакеновамен авторлық бірлестікте).
14 Қазақ тілінен практикалық құрал (Ы.Алтынсариннің шығармалары бойынша). -Өскемен: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, 2005. -63 б. (Б.А.Қырықбаева, А.Ш.Жылқыбаевамен авторлық бірлестікте).
15 Қазақ тілі сабағында химия мамандығына бағытталған лексикалық қорды мәтін бойынша блок тапсырмалар арқылы оқытудың тиімділігі (басқа ұлт өкілдерінің студенттері үшін) // «Қазақстан және Германия: Қазіргі заманғы дамудың өзекті мәселелері» атты ғылыми еңбектер жинағы. -Өскемен: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, 2008.- 216-218 б.
16 Тестер жинағы. -Өскемен: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, 2007. -90 б. (А.Ш.Жылқыбаева т.б. авторлық бірлестікте).
17. Қазақ тілін орыс топтарында жаңа технологиялар арқылы оқыту мәселесі (химия мамандығы бойынша). -Өскемен: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, 2005. -213-220 б.
Резюме
Садыкова Сауле Турсыновна
Методика преподавания казахского языка с помощью технологии УДЕ (укрупнение дидактических единиц)
(для студентов химических факультетов ВУЗа)
13.00.02 – Теория и методика обучения и воспитания (казахский язык в системе начального, среднего и высшего образования)
Актуальность исследования. В нашем независимом государстве, богатом химическими элементами, есть множество промышленных центров по их изучению, которые ждут будущих специалистов (в сфере химии). Будущие специалисты этих предприятий должны не только знать разговорный казахский язык, а также грамотно писать, но и владеть в полной мере терминологией данной сферы. Одной из главных задач вуза является вооружение студентов профессиональной лексикой.
На сегодняшний день в республике издается огромное количество учебно-методических комплексов, компьютерных программ, инновационные технологии обучения внедряются в учебный процесс и дают положительный результат. Например, модульное, уровневое обучение, инновационное обучение, развивающее обучение, индивидуальное обучение, технология обучения в игровой форме, педагогика сотрудничества, технология укрупнения дидактических единиц и т.д. Среди названных инновационных технологий особое место при обучении казахскому языку в русской аудитории по специальности химия занимает Технология укрупнения дидактических единиц (УДЕ).
Применение на практике эффективного метода обучения, обеспечивающего быстрое изучение за короткий срок большего объема научной информации, является потребностью общества на сегодняшний день. Обучение, направленное на специализацию студентов русской аудитории, должно базироваться на дидактической и методической основах, а также требует правильного отбора необходимой лексики. Следовательно обучение студентов ВУЗа разговорной речи должно быть взаимосвязано с их профессиональной лексикой.
Традиционная система обучения ограничивалась тем, что преподаватель давал обучаемому определенный объем материала, закреплял его, ученик выполнял упражнения по готовому образцу. В такой ситуации ученик выполнял императивно-исполнительскую функцию. То есть при таком традиционном обучении делался упор на заучивание правил грамматики, а коммуникативная функция оставалась без внимания. Научные труды, изданные за последний период, выдвигают на первый план общение студентов с преподавателем при обучение языку. Здесь делается упор на языковую коммуникацию студентов, теория же объясняется на основе лексических тем. Однако при этом грамматические явления, по нашему мнению, приводятся в общем абстрактном виде, что представляется сложным при их изучении. На самом деле грамматика – это опора языкового общения, связующее звено материалов языка. Известно, что только при правильном применении грамматических форм можно достичь результата в общении.
При решении данной проблемы особую роль играет обучение по технологии укрупнения дидактических единиц (УДЕ). Методика обучения по технологии укрупнения дидактических единиц казахскому языку в русской аудитории, направленной на пополнение словарного запаса по специальности химия, до этого времени не была объектом исследования. Обучение профессиональной лексике по специальности химия достигается путем одновременного овладения комплексом однородных знаний за короткий период. В лингвистике не существует не связанных между собой явлений. Все они взаимосвязаны. Основа целостной общей группы знаний – приближение друг к другу одинаковых или схожих понятий в процессе обучения языку. Благодаря этому обучаемые воспринимают учебный материал в укрупненном значении. Это требует систематизированной и единой реструктуризации учебного материала. В результате чего у студентов повышается интерес к изучению языка, они получают качественно новую информацию, и она прочно закрепляется в их памяти.
Обучение казахскому языку по технологии УДЕ обогащает словарный запас будущих химиков профессиональной лексикой, помогает достижению профессионального говорения.
Достарыңызбен бөлісу: |