Садырова М. С


Әлеуметтік құрылымның даму болашағы



Pdf көрінісі
бет61/72
Дата17.10.2023
өлшемі1,08 Mb.
#186088
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   72
Байланысты:
annotation15100

Әлеуметтік құрылымның даму болашағы
Қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттеуде қазіргі кезде К. Маркс 
негіздеген және Совет Одағы шеңберінде орнаған таптық теорияның орнына 
әлеуметтік стратификация теориясы, яғни адамдарды шыққан тегі, білімі, 
мамандығы, билікке араласуы, материалдық жағдайы, т. б. белгілеріне қарай 
жіктеу, теориясы кеңінен қолданылады. Дегенмен, бұл белгілердің маңызы, 
ерекшеліктері дамыған елдер мен дамушы елдерде әр деңгейде қолданылады. 
Мысалы, американдық қоғамда орта тапқа жататын адамды Қазақстанда ең 
бай таптың өкілі ретінде санауға, керісінше, біздің қоғамдағы орта таптың 
өкілі шетелдік өлшем бойынша кедей тапқа жатқызылады. 
Стартификациялық жүйедегі индивидтің жағдайының өзгеруі үш 
фактордың әсері негізінде жөзеге асады: 
1.
Тік мобильділік индивидтің әлеуметтік статусының өзгеруіне алып 
келеді, адамның өмірлік орын ауыстыруларының динамикасын көрсетеді. 
Қазақстандық қоғамда тік мобильділіктің қадамдары қысқарып, көптеген 
кедергілер алынып тасталғаны өрлеу және құлдырау бағытындағы орын 
ауыстырулардың қарқынына, жеделдігіне әсер етуде. Бір жағынан әлеуметтік 
топ салыстырмалы төрде жабық, өзінің ауқымы болғанымен, екінші 
жағынан, жеке меншіктің әрекет етуі, қоғамда нарықтық қатынастарға деген 
бағыттылық әлеуметтік мобильділіктің жаңа бағыттарының пайда болуына 


әсер етті. Оларға жұмыспен қамту орталықтарын, еңбек биржаларын, 
адамның өзін-өзі жұмыспен қамтуын, екінші кезектегі, яғни қосымша 
жұмыспен қамтылуы, екі жұмысты бірдей алып жөруін, т. б. айтамыз. 
2.
Әлеуметтік жүйенің қайта құрылуы. Қоғамның дамуының бір 
кезеңіндегі ғылыми-техникалық прогрестің дамуының нәтижесінде алдыңғы 
қатарлы өзгерістерді жөзеге асыру жаңа мамандықтардың пайда болуына, 
мамандықтардың беделінің өзгеруіне алып келеді. Әлеуметтік жүйедегі 
өзгеріс тұрғындардың бір бөлігінің әлеуметтік мобильділікке деген 
қызығушылықтарын туғызады. Әсіресе еңбек етуге қабілетті адамдардан 
қоғамдағы өзгерістер тез бейімделуді, икемділікті, жоғары белсенділікті 
қажет етеді. Осы кезде адамдардың бір бөлігі жасына, керекті, беделді 
мамандықты игеруіне, қабілетіне қарай әлеуметтік мобильділіктің басына 
қарай тоқырау кезеңіне қарағанда жедел шықса, адамдардың бір бөлігі 
әлеуметтік құрылымдағы өзінің статусынан айырылмауға, қалай да өзінің 
әлеуметтік топқа мүшелігін сақтап қалуға ұмтылады. Бұл топ қоғамдағы ескі 
әлеуметтік құрылымның негізін әлі де болса сақтауға, жаңа әлеуметтік 
құрылымның осы негізде біртіндеп қалыптасуына алып келді. Адамдардың 
үшінші тобы, жаңа демократия жағдайындағы еркіндікті қалай пайдалануға 
бейімделе алмағандықтан, нарықтық қатынастың талаптарына ілесе 
алмағандықтан және жұмыс орындарының қысқаруы, жеке меншікке 
ауысуынан әлеуметтік баспалдақтың түбіне қарай құлдырауда.
3.
Стартификацияның жаңа түрін енгізу әлеуметтік құрылымдағы 
ауқымды өзгерістердің әсерінен қалыптасады. Қазақстан қоғамындағы 
ауқымды өзгерістер 1990-шы жылдардағы тәуелсіздік пен дербес ұлттық 
мемлекеттің пайда болуына байланысты. Демократиялық бағыттағы 
азаматтық қоғамды орнату қоғамның барлық салаларындағы түбірлі 
реформалар негізінде жөзеге асырылуда. Осы өзгерістердің нәтижесінде он 
жыл ішінде нарықтық қатынастарға негізделген экономиканың мемлекеттік 
секторымен қатар жеке меншікке негізделген шаруашылық құрылымдар 
қалыптасты. Осы негізде бизнес-элита, бай, орта, кедей топтар пайда болып, 
адамдар арасындағы әлеуметтік жіктің өсе түсуіне алып келді. Саяси 
құрылымда жаңа саяси институттар және саяси топтар мен старталар 
қалыптасты. Білім жүйесіндегі өзгерістер де адамдардың әлеуметтік топқа 
мүше болуына, өзінің статусын сақтауға, алға жылжуға мүмкіндіктерді өсіре 
түсумен қатар, жоғары білім алу, маманға қойылатын талап өсе түсуде. 
4.
Аталған өзгерістердің бәрі табысқа, жалақы мөлшеріне, мөлік, жеке 
кәсіпорын, автокөлік, акция, т. б. негізделуде. Стратификациялық белгілердің 
ішінде табыс деңгейі қазіргі кезде адамның тік өрлеу мобильдігінің бірден-
бір параметрі болуда. Тіпті, орта тапқа енудің өзі кәсіпкерлікпен айналысуға 
мүмкіндік беретін алғашқы капиталдың болуына негізделеді. Болашақ 
әлеуметтік құрылымдағы басым топ осы орта тап болуы керек. Қазіргі 
кезеңдегі шағын және орта бизнестің дамуына, кедейліктің деңгейін 
төмендетуге бағытталған өкіметтің саясатының да мақсаты осы орта топтың 
қалыптасуына жағдай жасауға бағытталған. Әлеуметтік өзгерістер сонымен 
қатар Қазақстанда проблемалық топтардың қалыптасына, көптеген 


адамдардың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне алып келді. Жұмыссыздар, 
жас балалы жалғыз басты аналар, мүгедектер, зейнеткерлер, қоғамдық өмірге 
енді араласып жатқан жастар қазіргі кезде өкімет, бизнес саласындағы 
адамдардан әлеуметтік қамқорлықты, әлеуметтік қорғауды қажет етеді. Бұл 
құбылыс әлеуметтік құрылымда жаңа топ ретінде әлеуметтік қызметкерлер 
тобының қалыптасын қажет етеді. Қазіргі кезде біздің қоғамда осы бағытта 
жұмыстар жасалуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет