Садырова М. С



Pdf көрінісі
бет64/72
Дата17.10.2023
өлшемі1,08 Mb.
#186088
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   72
Байланысты:
annotation15100

 
бойынша
 
теңсіздік алғашқы қауымдық 
құрылыста аз деңгейде, аграрлық қоғамдарда жоғары деңгейде орын алса, 
өндірістік қоғамдарда қайтадан қысқарады. Бұл процесті ғалым өндірістік 
қоғамдардағы басқарушыларда биліктің аз шоғырлануымен, демократиялық 
үкіметтің болуымен, әлеуметтік мобильділіктің жоғары деңгейімен және 
дамыған әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінің қызмет етуімен түсіндіреді.
К. Маркстің теңсіздікке көзқарасы Г. Ленскийдің пікіріне қарағанда 
басқаша. Оның пікірінше теңсіздік алғашқа қауымдық қоғам кезіндегі 
минимальдық деңгейден қоғам дамыған саыйн максимальдық деңгейге 
жетеді. К. Маркс теориясын теңсіздіктің эскалациясы деуге болады.Оның 
пролетариаттың абсолюттік және салыстырмалы қайыршылануы теориясы 
бойынша байлар баии түседі, кедейлер кедейлене түседі. 
П. Сорокин 
стратификацияның экономикалық, кәсіби, саяси түрлерін 
бөліп сипаттайды. Оның айтуынша стратификация теңсіздікке, яғни 
құқықтар мен артықшылықтардың, жауапкершіліктер мен міндеттердің, 
билік пен ықпал етудің тең бөлінбеуіне негізделеді. Кедейлер мен байлар 
өздерінің табысы, мәртебесі, қызмет түрі, саяси салмағы тұрғысынан тең 
емес. Басқа сөзбен айтқанда, қоғамдық иерархиясы тұрғысынан алғанда
олар әр деңгейде.Оның айтуынша қоғамның баю кезеңдері кедейлену 
кезеңдерімен ауысып отырады. Маркске қарама қарсы П. Сорокин адамзат 
тарихында теңсіздіктің үнемі өсуі не төмендеуі жоқ деп пайымдайды.
Теңсіздікті өлшеудің тағы бір әдісі азық-түлікке жұмсалатын 
отбасылық табыс мөлшерінің үлес салмағын талдау болып табылады. Байлар 
азық түлікке табысының тек 5-7 % жұмсайды екен. . Энгель заңы бойынша 
индивид кедей болған сайын оның табысының басым бөлігі азық түлікке 
жұмсалады. Бұл заң бойынша отбасының табысы артқан сайын азық түлікке 
деген шығын артады, бірақ отбасының басқа шығындарына қарағанда олар 
азаяды, мәдени қажеттіліктерді өтеуге деген шығындар күрт өседі. ХХ 
ғасырдың 60-70 жылдарында қалыптасқан Швабе заңы бойынша отбасы 
кедей болған сайын оның тұрғын үйге арналған шығындары жоғары болады. 
Ал Райт заңы бойынша табыс жоғары болған сайын қор жинау деңгейі 
жоғары.
К. Дэвис және У. Мур әлеуметтік теңсіздікті әлеуметтік 
стратификацияның оң функция атқаратын қажетті бөлігі ретінде жақтады. 
Олардың 
пайымдауынша 
стратификация 
дегеніміз 
материалдық 
құндылықтардың, билік функцияларының тұғырдың функционалдық 
маңыздылығына қарай тең бөлінбеуі. Тұғырдың маңыздылығы оны тұлғаның 
әлеуметтік әрекет субъектісі ретінде бағалауымен және қоғамның өзінің 
бағалауымен анықталады. К. Дэвис және У. Мурдың ойынша әрбір қоғам
қарапайымдылығына не қүрделілігіне қарамастан адамдарды мәртебесіне 
және 
құрметтелуіне 
қарай 
жіктеуі 
керек. 
Қоғамда 
теңсіздіктің 


институционалданған анықтадған деңгейінің болуы қалыпты жағдай. 
Олардың пайымдауынша әлеуметтік теңсіздік табиғи эволюцияланған 
механизм болып есептеледі және сол арқылы қоғамның мамандығы жоғары 
кадрлардың маңызды тұғырларға жылжуы жүзеге асырылады. Дегенмен, 
қоғам үшін тұғырлардың қайсысының маңызды екенін анақтау оңай емес. 
Сондықтан да, К. Дэвис және У. Мур қоғам құзіретінде біріншіден, нақты 
пайдалар болуы керек, екіншіден, пайдаларды адамдардың алатын 
әлеуметтік орындарына қарай тең бөлмеудің нақты тәсілдері болуы керек 
екенін ұсынады. Функционалдық тұрғыдан маңызды орындар өзіне сәйкес 
марапатқа ие болуы принципі аталған теорияның сипатты белгісі. 
Теңсіздіктің функционалдық теориясының негізінде К. Дэвис және У. Мур
әлеуметтік стратификацияның мынадй принциптерін ұсынады: 
1) тең мүмкіндіктер принципі; 
2) ең қабілеттілердің қалуы принципі; 
3) психологиялық детерминизм, яғни еңбектегі жетістік мотивация, табысқа 
жетуге деген сұраныс, интеллект және т.б.. арқылы анықталады. 
4) еңбек этикасы принципі. Жоғары басқарушылық орныдарды ең қабілетті, 
жоғары маманданған адамдар ғана ие болуы керек. Иерархиядағы орын 
жоғары болған сайын оны иемденетін адамның біліктілігі де, шешім 
қабылдаудағы жауапкершілігі де жоғары болуы керек. К. Дэвис және У. 
Мурдың теориясы әлеуметтік теңсіздіктің оң және теріс салдарларын 
түсіндіруге бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет