Сағынғалиева Гаухар, еі-31 Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы


-параграф. Куәландыру (қайта куәландыру) тәртібі



бет3/9
Дата24.03.2022
өлшемі46,16 Kb.
#136680
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
СӨЖ 2, медико-әлеуметтік оңалту

2-параграф. Куәландыру (қайта куәландыру) тәртібі
8. Куәландырылатын (қайта куәландырылатын) адамға МӘС оның тұрақты тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша медициналық ұйымның ДКК жолдамасына сәйкес:
1) тиісті өңірдің МӘС бөлімдерінде және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімдерінде;
2) стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында;
3) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында;
4) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде және тергеу изоляторында;
5) үйінде көрсетіледі;
6) сырттай.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.10.2021 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

9. Куәландыру (қайта куәландыру) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге арналған өтінішке (бұдан әрі - өтініш) сәйкес куәландырылатын адамның, өтініш берген кезде заңды тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) ұсына отырып және "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық-цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алынатын мәліметтер негізінде жүргізіледі:
1) адамды қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде немесе тергеу изоляторында ұстау фактісін растайтын анықтама (еркін нысанда);
2) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) бекітілген № 031/е нысаны бойынша МӘС-ке қорытынды (бұдан әрі – № 031/е нысаны). Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 321 бұйрығымен бекітілген "Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы" ережеге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11310 болып тіркелген) сәйкес № 031/е нысанының мерзімі оған қол қойылған күнінен бастап бір айдан кешіктірмейтін уақытқа жарамды;
3) медициналық ұйым оны әзірлеген жағдайда, № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген № 033/е нысаны бойынша пациентті/мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігі (бұдан әрі – ОЖБ медициналық бөлігі);
4) сырқат динамикасын талдау үшін амбулаториялық пациенттің медициналық картасы. Болған жағдайда ауру тарихынан үзінділер, мамандардың қорытындылары және зерттеу нәтижелері;
5) сараптамалық қорытынды туралы деректерді енгізу үшін қызметкер ұсынған уақытша еңбекке жарамсыздық парағы (анықтама);
6) алғашқы куәландыру кезінде еңбек етуге қабілетті жастағы адам ұсынатын еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса), ал өндірістік жарақаттар және кәсіптік аурулар болған жағдайларда, сонымен бірге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірістегі еңбек сипаты мен жағдайлары туралы мәліметтер (жұмыс беруші толтырады) ұсынылады;
7) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу (немесе қатыспау) фактісін растайтын құжат - осы әлеуметтік қатер бойынша жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі (бұдан әрі - ЖЕА дәрежесі) алғаш рет белгіленген жағдайларда ұсынылады;
8) "Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу бойынша нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1055 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12655 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы акт (бұдан әрі - жазатайым оқиға туралы акт) - өндірістік жарақат алған және/немесе кәсіптік ауруға шалдыққан адам осы жазатайым оқиға бойынша КЕА және (немесе) мүгедектіктің себебін белгілеу үшін КЕА дәрежесін алғашқы рет белгілеу кезінде ұсынады.
Жазатайым оқиға туралы акт болмаса және жұмыс беруші-жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда өндірістік жарақат алған және/немесе кәсіптік ауруға шалдыққан адам ұсынатын еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен жарақаттанудың немесе аурудың себеп-салдарлық байланысы туралы сот шешімі тіркеледі;
9) екі жылдық мерзімнен кеш емес берілген, кәсіптік ауруға шалдыққан адам ұсынатын кәсіптік ауру және улану диагнозын анықтау (аурудың кәсіппен байланысын анықтау) кезінде сараптаманы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы (еркін нысанда);
10) жаралануға, контузияға, жарақаттануға, мертігуге, ауруға байланысты мүгедектік себептерін анықтау үшін бір рет берілетін, себеп-салдарлық байланысты белгілеген тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган берген құжат;
11) қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеген жағдайда қорғаншылықты (қамқоршылықты) растайтын құжат;
12) куәландыратын адамның атын, әкесінің атын (бар болса) және тегін өзгертуді мемлекеттік тіркеген жағдайда қайта куәландыру кезінде ұсынылатын, "Мемлекеттік азаматтық хал актілерін тіркеу кітапшаларын жинақтау формаларын және осы кітаптардағы жазбалар негізінде берілген куәліктерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 9 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10173 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша атын, әкесінің атын, тегін өзгерту туралы куәлік.
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда, куәландырылатын адамның өтінішіне № 031/е нысаны, сондай-ақ тиісті құжаттардың қағаз жеткізгіштегі көшірмелері және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары қоса беріледі.
Құжаттар мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде ұсынылады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.04.2020 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 03.03.2021 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.10.2021 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

9-1. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, көрсету нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидалардың 2-1 қосымшасына сәйкес "Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызмет көрсету стандартында (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет стандарты) келтірілген.
Ескерту. 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.04.2020 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

10. Құжаттарды қабылдау барысында МӘС маманы, олардың (ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтердің) толықтығын, қолданылу мерзімін тексереді.
Қолданылу мерзімі өткен құжаттарды және/немесе құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну (мәліметтерді алу) кезінде, МӘС маманы өтінішті қабылдаудан бас тартып, осы Қағидаларға 2-2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.04.2020 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

11. МӘС ұсынылған құжаттарды (клиникалық-функционалдық, әлеуметтік, кәсіптік және басқа да деректерді) қарау, куәландырылатын адамды тексеру, организм функцияларының бұзылу мен тіршілік-тынысының, оның ішінде еңбек ету қабілетінің шектелу дәрежесін бағалау жолымен МӘС бөлімі басшысының немесе МӘС әдіснама және бақылау бөлімі басшысының және кемінде екі бас маманның қатысуымен алқалы түрде жүргізіледі.
МӘС бөлімінің және/немесе МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің отырыстарын өткізу барысы аудиобейнежазба құралдарын пайдалана отырып белгіленеді. Аудиобейнежазбалардың деректері МӘС жүргізілген күннен бастап кемінде 4 (төрт) ай сақталады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 03.03.2021 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

12. МӘС бөлімінің немесе МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің сараптамалық қорытындысы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес организмнің негізгі функциялары бұзылуының және тіршілік-тынысы шектелуінің жіктемесі (бұдан әрі – жіктеме), сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес он сегіз жасқа дейінгі балаларға мүгедектік мерзімдерін белгілеу үшін медициналық көрсетілімдердің негізінде организмнің жай-күйі мен тіршілік-тынысының шектелу дәрежесін кешенді бағалауға байланысты шығарылады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.10.2021 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

13. МӘС жүргізу қорытындысы бойынша тыныс-тіршілігі санаттарының бірінің (өзін-өзі күту, жүріп-тұру, еңбек қызметі (еңбек қабілеті), оқу, бағдарлана білу, қарым-қатынас, өз мінез-құлқын қадағалау, ойын және танымдық қызмет, белсенді қозғалыс қабілеті) шектелуіне әкеп соқтыратын организм функцияларының тұрақты бұзылуы болмаған жағдайларда мүгедектік және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі белгіленбейді.
14. МӘС бөлімінің сараптамалық қорытындысы:
1) жүгінген күні;
2) МӘС бөлімі алдын ала шығарылған сараптамалық қорытындысымен бірге куәландырылатын адамды және (немесе) куәландырылатын адамның құжаттарын МӘС әдіснама және бақылау бөліміне консультацияға жіберген жағдайларда жүгінген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шығарылады. МӘС әдіснама және бақылау бөлімі консультациялық қорытынды шығарады, ол МӘС бөлімі сараптамалық қорытынды шығару кезінде есепке алынады.
Егер куәландырылатын адам МӘС бөліміне және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөліміне келмесе, МӘС бөлімі оныншы жұмыс күні алдын ала шығарылған сараптамалық қорытындыға сәйкес және МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің консультациялық қорытындысын ескере отырып сараптамалық қорытынды шығарады.
15. Куәландыру (қайта куәландыру) куәландырылатын адамның немесе заңды өкілінің келісуімен үйде, стационарда және куәландырылатын адам тасымалдауға келмейтін және (немесе) қызмет көрсетілетін өңірден тыс жерлерде стационарлық емделуде жүрген жағдайларда сырттай, № 031/е нысаны бойынша ДКК ұсынысы негізінде жүргізіледі.
Сырттай куәландырылған (қайта куәландырылған) жағдайда № 031/е нысанды куәландырылатын адамның орналасқан жері бойынша өңірдің медициналық ұйымы рәсімдейді.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.10.2021 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

16. Сырттай мүгедектік және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі куәландырылған адамды мүгедектік белгіленген күннен бастап алты айдың ішінде бақылап тексеріп, бір жылдан аспайтын мерзімге бір рет айқындалады.
17. № 031/е нысаны негізсіз рәсімделген жағдайда МӘС бөлімі тексерудің және ұсынылған медициналық құжаттарды талдау деректерінің негізінде сараптамалық қорытынды шығарады және сараптамалық қорытынды шығарылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұл туралы медициналық және фармацевтикалық бақылау саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне және пациентті жіберген медициналық ұйымға № 031/е нысанының көшірмесін қоса бере отырып хабарлайды, бұл туралы МӘС актісінде және № 031/е нысанының МӘС сараптамалық қорытындысы туралы хабарламасында жазба жасалады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.10.2021 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

18. МӘС жүргізген кезде дау тудыратын сараптамалық мәселелерді шешу үшін МӘС әдіснамасы мен бақылау бөлімдерінің отырысына консультанттар (кардиологтар, онкологтар, офтальмологтар, педиатрлар, психологтар және басқа да бейінді мамандар) шақырылады.
19. Осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес мүгедектікті, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу күні куәландырылатын адамның және/немесе оның заңды өкілінің МӘС бөліміне жүгінген күні болып есептеледі.
20. Организм функцияларының бұзылуы мен тіршілік-тынысының, оның ішінде еңбек ету қабілетінің шектелуі дәрежесіне қарай мүгедек деп танылған адамға бірінші, екінші немесе үшінші топтағы мүгедектік, жеті жасқа дейінгі адамға "мүгедек бала" санаты, ал жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі адамға бірінші, екінші, үшінші топтағы "мүгедек бала" санаты белгіленеді.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.10.2021 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

21. МӘС жүргізу кезінде мынадай мүгедектік себептері және (немесе) ЖЕА дәрежелері айқындалады:
1) жалпы ауру;
2) еңбек жарақаты;
3) кәсіптік ауру;
4) бала кезінен мүгедек;
5) жеті жасқа дейінгі мүгедек балалар;
6) жетіден он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар;
7) тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган себептік-салдарлық байланысты белгілеген жағдайда, қызметтік міндеттерін атқару кезінде, әскери қызмет өткеру кезінде, азаматтық немесе әскери мақсаттағы ядролық объектілердегі авариялардың зардаптарын жою кезінде не ядролық объектілердегі авариялық жағдайлар нәтижесінде алған жаралану, контузия, мертігу, ауру, әскери қызмет міндеттерін (қызметтік міндеттерін) атқаруға байланысты емес жазатайым жағдайдың салдарынан болған мертігу не әскери және қызметтік борышын орындауға байланысты емес ауру;
8) тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган себеп-салдарлық байланысты белгілеген жағдайда төтенше экологиялық жағдайлар, оның ішінде ядролық жарылыстар мен сынақтар кезіндегі радиациялық әсер етудің салдарынан және (немесе) олардың зардаптарынан болған мүгедектер.
Мүгедектіктің себебі оның себептік-салдарлық байланысын анықтаған уәкілетті орган келтірген тұжырымдармен қатаң сәйкестікте шығарылады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.10.2021 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

22. Өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде өндірістік жарақат алған және (немесе) кәсіптік ауруға шалдыққан қызметкерге (бұдан әрі – зақым келген қызметкер) МӘС жүргізу кезінде мынадай КЕА-ның себептері белгіленеді:
1) еңбек жарақаты;
2) кәсіптік ауру.
23. Егер куәландырылатын адам мүгедектік себебін ауыстырғысы келсе, осы Қағидалардың 9-тармағының 8), 9), 10) тармақшаларына сәйкес себептік-салдарлық байланысты растайтын құжаттарды МӘС бөліміне ұсынған күні мүгедектік себебін өзгерткен күн болып есептеледі.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.10.2021 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

24. Мүгедектік мынадай мерзімдерге:
жеті жасқа дейінгі адамдарға – 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға және он алты жасқа толғанға дейін;
жеті жастан он сегіз жастағы адамдарға – 6 айға, 1 жылға, 5 жылға немесе он сегіз жасқа толғанға дейін;
он сегіз жастан асқан адамдарға – 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға немесе қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленеді.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.10.2021 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

25. Қайта куәландыру мерзімінсіз мүгедектік:
1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жасы он сегізден асқан адамдарға мүгедектік тобы және (немесе) КЕА дәрежесі қайта куәландыру мерзімінсіз және (немесе) ЖЕА дәрежесі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толғанға дейін белгіленетін Қалпына келмейтін анатомиялық кемістіктер тізбесіне (бұдан әрі – Қалпына келмейтін анатомиялық кемістіктер тізбесі) сәйкес;
2) организм функцияларының тұрақты, қалпына келмейтін өзгерістері мен бұзылулары болған, толық көлемде жүргізілген оңалту іс-шаралары тиімсіз, мүгедектік тобы тұрақты болған кезде және бірінші топтағы мүгедекті кемінде төрт жыл, екінші топтағы мүгедекті кемінде бес жыл, үшінші топтағы мүгедекті кемінде алты жыл динамикалық қадағалаған кезде;
3) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген зейнет жасындағы адамдарға оңалту болжамы қолайсыз болған кезде белгіленеді.
26. Он сегіз жастан асқан адамдарға мүгедектік осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес он сегіз жастан асқан адамдарға мүгедектік 5 жыл мерзімге белгіленетін аурулар, ақаулар тізбесіне сәйкес 5 жыл мерзімге белгіленеді.
27. Жоғалтылған еңбек ету қабілетіне пайыздық қатынаста көрсетілген адамның жұмысты орындау, қызмет көрсету қабілетінің төмендеу деңгейін сипаттайтын ЖЕА дәрежесі мынадай мерзімдерге: 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға немесе міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толғанға дейін белгіленеді. Мүгедекке ЖЕА дәрежесі кезекті қайта куәландыру мерзімімен белгіленген жағдайда ЖЕА дәрежесі мүгедектік мерзімі аяқталғанға дейін белгіленеді.
28. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толғанға дейінгі ЖЕА дәрежесі:
1) Қалпына келмейтін анатомиялық кемістіктер тізбесіне сәйкес;
2) организм функцияларының тұрақты, қалпына келмейтін өзгерістері мен бұзылулары болған, толық көлемде жүргізілген оңалту іс-шаралары тиімсіз, ЖЕА дәрежесі тұрақты болған кезде және ЖЕА дәрежесі 80-нен 100 пайызды қоса алғанға дейінгі мүгедектерді кемінде төрт жыл, 60-тан 79 пайызды қоса алғанға дейін кемінде бес жыл, 30-дан 59 пайызды қоса алғанға дейін кемінде алты жыл динамикалық қадағалаған кезде белгіленеді.
29. КЕА дәрежесі мынадай мерзімдерге: 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға немесе қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленеді. Мүгедекке кезекті қайта куәландыру мерзімімен КЕА дәрежесі белгіленген жағдайда КЕА дәрежесі мүгедектік мерзімі аяқталғанға дейін белгіленеді.
30. Қайта куәландыру мерзімінсіз КЕА дәрежесі:
1) Қалпына келмейтін анатомиялық кемістіктер тізбесіне сәйкес;
2) организм функцияларының тұрақты, қалпына келмейтін өзгерістері мен бұзылулары болған, толық көлемде жүргізілген оңалту іс-шаралары тиімсіз, КЕА дәрежесі тұрақты болған кезде және КЕА дәрежесі 90-нан 100 пайызды қоса алғанға дейінгі адамдарды кемінде төрт жыл, 60-тан 89 пайызды қоса алғанға дейін кемінде бес жыл, КЕА дәрежесі 30-дан 59 пайызды қоса алғанға, 5-тен 29 пайызды қоса алғанға дейін кемінде алты жыл динамикалық қадағалаған кезде;
3) зейнет жасындағы адамдарға оңалту болжамы қолайсыз болған кезде белгіленеді.
31. Мүгедектік мерзімдері мен еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежелері куәландырылатын адамның оңалту болжамы мен оңалту әлеуетіне сәйкес белгіленеді.
32. Оңалту болжамы былайша бағаланады:
қолайлы – организмнің бұзылған функциялары мен тіршілік-тынысының шектелу санаттарын толық қалпына келтіру және (немесе) орнын толтыру, мүгедекті қоғамға етене араластыру мүмкіндігі;
біршама қолайлы – олардың шектелу дәрежесі төмендеген немесе тұрақтанған жағдайда, кірігу және толық әлеуметтік қолдаудан ішінара әлеуметтік қолдауға өту қабілеті кеңейген жағдайда организмнің бұзылған функциялары мен тіршілік-тынысының шектелу санаттарын ішінара қалпына келтіру мүмкіндігі;
күмәнді – болжамның анық болмауы;
қолайсыз – организмнің бұзылған функцияларын және тіршілік-тынысы санаттарын қалпына келтіру немесе орнын толтыру мүмкіндігінің болмауы.
33. Оңалту әлеуеті былайша бағаланады:
жоғары – денсаулықтың, тіршілік-тынысындағы шектеулердің, еңбекке қабілеттігі мен әлеуметтік мәртебесінің толығымен қалпына келтірілуі (толық оңалту);
қанағаттанарлық – организм функцияларының шамалы білініп бұзылуы, тіршілік-тынысы санаттарын шектелген көлемде немесе техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар арқылы орындау мүмкіндігі, әлеуметтік қолдауға мұқтаждық;
төмен – организм функциялары бұзылушылығының айқын білінуі, тіршілік-тынысы санаттарының көпшілігін едәуір шектеулермен орындау, мүгедектің әлеуметтік қолдауға үнемі мұқтаж болуы;
оңалту әлеуетінің болмауы – организм функцияларының өте айқын бұзылуы, негізгі қызмет түрлерінің орнын толтыруға немесе өздігінен орындауға мүмкіндіктің болмауы, өзгелердің күтіміне мұқтаж болу.
34. ОЖБ ОЖБ-ны іске асыру мерзіміне сәйкес келетін әрбір оңалту іс-шарасын іске асыру мерзімі көрсетіле отырып, мүгедектікті белгілеу мерзіміне әзірленеді.
ОЖБ:
1) ОЖБ-ның медициналық бөлігінен;
2) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігінен;
3) Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ОЖБ-ның кәсіптік бөлігінен тұрады.
Медициналық ұйымның мультидисциплинарлық топ ОЖБ-ның медициналық бөлігін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы № ҚР ДСМ-116/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21381 болып тіркелген) бекітілген Медициналық оңалту көрсету қағидаларына және диагностика, емдеу және оңалтудың клиникалық хаттамаларына сәйкес әзірлейді, ВКК төрағасының ЭЦҚ-сымен куәландырылады.
Ескерту. 34-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 03.03.2021 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

35. Жүргізілген оңалту-сараптама диагностикасының нәтижелеріне және мүгедектің оңалту іс-шараларын жүргізуге қажеттілігіне қарай, № 031/е нысанда көрсетілген оңалту іс-шараларының жоспарын ескере отырып МӘС бөлімшесі мыналарды әзірлейді:
"Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10370 болып тіркелген) бекітілген медициналық-әлеуметтік көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер негізінде ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігін;
мүгедектің еңбек және кəсіби қызметін ескере отырып, ОЖБ-ның кәсіптік бөлігін әзірлейді.
Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын жақсартуға ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігін әзірлеу үшін мүгедек немесе оның заңды өкілі осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй-тұрмыстық жағдайды тексеру актісін ұсынады. Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайды тексеру актісін жергілікті атқарушы органдардың мамандары жүргізеді.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.04.2020 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 03.03.2021 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.10.2021 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

36. Куәландырылатын адамның деректері "МОДБ" ААЖ-ға енгізіледі, онда осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша автоматтандырылған режимде электрондық МӘС актісі, осы Қағидаларға 11 және 12-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша МӘС бөлімінің және МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу хаттамаларының журналдары және ережелері, осы Қағидалардың 37-тармағында көрсетілген құжаттар қалыптастырылады.
36-1. Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтер МОДБ-дан автоматты түрде мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі ақпараттық жүйесіне түседі.
Ескерту. 36-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.04.2020 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

37. МӘС жүргізу нәтижесі МӘС бөлімінің немесе МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің сараптамалық қорытындысы болып табылады, оның негізінде куәландырылатын адамға немесе оның заңды өкіліне:
1) мүгедектік белгіленген жағдайда - осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектік туралы анықтама;
2) ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігін әзірлеген жағдайда - мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік бөлігінен үзінді көшірме. Еңбек жарақаты және/немесе кәсіптік ауру салдарынан мүгедектер үшін - ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігі;
3) ОЖБ-ның кәсіптік бөлігін әзірлеген жағдайда - мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіптік бөлігінен үзінді көшірме. Еңбек жарақаты және/немесе кәсіптік ауру салдарынан мүгедектер үшін - ОЖБ-ның кәсіптік бөлігі;
4) ЖЕА дәрежесі белгіленген жағдайда - осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтама;
5) КЕА дәрежесі белгіленген жағдайда - осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтама, кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтамадан және медициналық-әлеуметтік сараптама актісінен үзінді көшірме;
6) зардап шеккен қызметкердің қосымша көмек түрлеріне және күтімге мұқтаждығы айқындалған жағдайларда - осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зардап шеккен қызметкердің көмектің қосымша түрлеріне және күтімге мұқтаждығы туралы қорытынды;
7) кезекті қайта куәландыру кезінде мүгедек деп танылмаған жағдайларда – осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толық оңалтылуы туралы хабарлама беріледі.
Сараптамалық қорытындыны шығару кезінде МӘС бөлімі және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімі тиісті медициналық ұйымға № 031/е нысанының МӘС сараптамалық қорытындысы туралы хабарламасын амбулаториялық пациенттің медициналық картасына қосу үшін (электрондық немесе қағаз форматта) жібереді.
Алғашқы куәландыру кезінде мүгедек деп танылмаған жағдайда, ОЖБ-ны әзірлеуге медициналық-әлеуметтік көрсетілімдердің болмауына байланысты ОЖБ әзірлеуге немесе оны түзетуге негізсіз жіберген жағдайларда – куәландырылған адамға немесе заңды өкіліне № 031/е нысанының МӘС сараптамалық қорытындысы туралы хабарламасының телнұсқасы беріледі.
Мүгедектікті растау туралы ақпарат және осы тармақта көрсетілген, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде куәландырылатын адам алған құжаттардың электрондық нысандары "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталының "жеке кабинеті" арқылы ЭЦҚ-ны және/немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, куәландырылатын адамның сұрау салуы бойынша ұсынылады.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.04.2020 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 03.03.2021 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2021 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

38. Бекітілгеннен кейін ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігі есепке алу және ұсынылған оңалту іс-шараларын кейіннен орындау үшін автоматтандырылған режимде "Е-собес" ААЖ-ға, ОЖБ-ның кәсіптік бөлігі "Еңбек нарығы" ААЖ-ға келіп түседі.
Аумақтық бөлімшелер куәландыру күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті әскери басқару органдарына мүгедек деп танылған барлық әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы хабарлайды.
39. Куәландырылатын адам немесе оның заңды өкілі сараптамалық қорытындымен келіспеген кезде оны алған күннен бастап үш айдан кешіктірмей әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға шағым береді.
Шағымдану Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағымдануға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.
Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.10.2021 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

39-1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер проблемалары бойынша аумақтық бөлімшенің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым аумақтық бөлімшенің басшысының не уәкілетті орган басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не аумақтық бөлімшенің немесе уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Аумақтық бөлімшелердің немесе уәкілетті органның кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні), оның қабылданғанын растау болып табылады.
Аумақтық бөлімшелердің, уәкілеті органның мекенжайына келіп түскен шағым, оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, куәландырылатын адам және/немесе оның заңды өкілі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағым, оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Ескерту. 39-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.04.2020 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.10.2021 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.



Достарыңызбен бөлісу:

1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет