Сағынғалиева Гаухар, еі-31 Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы


-параграф. Мүгедектікті белгілеу критерийлері



бет4/9
Дата24.03.2022
өлшемі46,16 Kb.
#136680
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
СӨЖ 2, медико-әлеуметтік оңалту

3-параграф. Мүгедектікті белгілеу критерийлері
40. Адамды мүгедек деп тану үшін мынадай бірнеше міндетті шарттардың бір мезгілде болуы:
1) организм функцияларының тұрақты бұзылуынан денсаулықтың бұзылуы;
2) тіршілік-тынысының шектелуі (адамның өзіне өзі қызмет көрсету, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлану, қарым-қатынас жасау, өзінің мінез-құлқын бақылау, оқу немесе еңбек қызметімен айналысу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылуы);
3) әлеуметтік қорғау шараларын жүзеге асыру қажеттігі негіздеме болып табылады.
Жас мөлшеріне қарай организмде пайда болатын өзгерістер мүгедектік тобын белгілеу үшін негіздеме болып табылмайды.
41. Тіршілік-тынысының мынадай санаттарының бірінің айқын білінетін шектелуіне не олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақты едәуір немесе айқын білінетін бұзылуы бірінші топтағы мүгедектікті немесе бірінші топтағы мүгедек баланың санатын белгілеу үшін негіз болып табылады:
1) үшінші дәрежедегі өзіне-өзі қызмет көрсетуге;
2) үшінші дәрежедегі жүріп-тұруға;
3) үшінші дәрежедегі еңбек қызметіне (еңбек ету қабілеті);
4) үшінші дәрежедегі оқуға;
5) үшінші дәрежедегі бағдарлай білуге;
6) үшінші дәрежедегі қарым-қатынас жасауға;
7) үшінші дәрежедегі өзінің мінез-құлқын бақылауға.
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.10.2021 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

42. Тіршілік-тынысының мынадай санаттарының бірінің айқын білінетін шектелуіне не олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақты білінетін бұзылуы екінші топтағы мүгедектікті немесе екінші топтағы мүгедек баланың санатын белгілеу үшін негіз болып табылады:
1) екінші дәрежедегі өзіне-өзі қызмет көрсетуге;
2) екінші дәрежедегі жүріп-тұруға;
3) екінші дәрежедегі еңбек қызметіне (еңбек ету қабілеті);
4) екінші дәрежедегі оқуға;
5) екінші дәрежедегі айналасын бағдарлай білуге;
6) екінші дәрежедегі қарым-қатынас жасауға;
7) екінші дәрежелі өзінің мінез-құлқын бақылауға.
Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.10.2021 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

43. Тіршілік-тынысының мынадай санаттары бірінің шамалы білінетін шектелуіне не олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақты шамалы бұзылуы үшінші топтағы мүгедектікті немесе үшінші топтағы мүгедек баланың санатын белгілеу үшін негіз болып табылады:
1) бірінші дәрежедегі өзіне-өзі қызмет көрсетуге;
2) бірінші дәрежедегі жүріп-тұруға;
3) бірінші дәрежедегі еңбек қызметіне (еңбек ету қабілеті);
4) бірінші дәрежедегі оқуға;
5) бірінші дәрежедегі айналасын бағдарлай білуге;
6) бірінші дәрежедегі қарым-қатынас жасауға;
7) бірінші дәрежелі өзінің мінез-құлқын бақылауға.
Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.10.2021 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

44. Аурулармен, жарақаттардың салдарымен немесе ақаулармен шартталған, өзіне-өзі қызмет көрсету, жүріп-тұру, оқу, бағдарлана білу, қарым-қатынас жасау, ойын және танымдық қызметке, өзінің мінез-құлқын бақылау, қимыл белсенділігі қабілетінің орташа, айқын немесе қатты білінетін шектелуіне әкеп соқтыратын организм функцияларының тұрақты орташа немесе айқын немесе едәуір, қатты білінетін бұзылуы 7 жасқа дейінгі балаға мүгедектік белгілеу үшін негіз болып табылады.
Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.10.2021 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



Достарыңызбен бөлісу:

1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет