Сағынғалиева Гаухар, еі-31 Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы


-параграф. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын іске асыру



бет7/9
Дата24.03.2022
өлшемі46,16 Kb.
#136680
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
СӨЖ 2, медико-әлеуметтік оңалту

7-параграф. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын іске асыру
54. Оңалту іс-шараларын жүргізу кезінде оңалту іс-шараларын жүзеге асырудың жеке-даралығы, дәйектілігі, кешенділігі, сабақтастығы және үздіксіздігі, жүргізілген оңалту іс-шараларын динамикалық байқау және тиімділігін бақылау қамтамасыз етіледі.
Медициналық оңалтуды денсаулық сақтау саласындағы заңнамаға сәйкес медициналық ұйымдар жүргізеді.
Әлеуметтік және кәсіптік оңалтуды халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдары, сондай-ақ еңбек жарақаты және/немесе кәсіптік ауру жағдайларында жұмыс берушілер жүргізеді.
55. ОЖБ-ның медициналық бөлігінің орындалуы туралы деректерді медициналық ұйымдардың мамандары медициналық ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне енгізеді.
ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігінің орындалуы туралы деректер "Е-собес" ААЖ-дан "МОБД" ААЖ-ға, ал ОЖБ-ның кәсіптік бөлігінің орындалуы туралы деректер "Еңбек нарығы" ААЖ-дан автоматтандырылған режимде келіп түседі.
Жұмыс берушілердің ОЖБ-ның әлеуметтік және/немесе кәсіптік бөліктерін орындауы туралы деректерді куәландырылатын адамның ақпараты негізінде МӘС мамандары "МОБД" ААЖ-ға енгізеді.
Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.10.2021 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

56. МӘС бөлімі ОЖБ-ның іске асырылуына мониторингті және ОЖБ жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін бағалауды мүгедекті кезекті куәландыру кезінде жүзеге асырады.
ОЖБ медициналық бөлігінің жүргізілген кешенді оңалту іс-шараларының тиімділігін бағалауды мультипәндік топ, медициналық ұйымның ДКК жүзеге асырады.
Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.10.2021 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

57. Оңалту іс-шараларын орындамау себептеріне қарай, көрсетілімдердің болуы кезінде МӘС бөлімі ОЖБ-ның әлеуметтік, кәсіптік бөліктеріне түзету жүргізеді және (немесе) оңалту іс-шараларын одан әрі жүргізудің қажеттігі және орындылығы туралы мәселені шешеді.

 

Медициналық-әлеуметтік
сараптама жүргізу қағидаларына
1-қосымша


Нысан



Достарыңызбен бөлісу:

1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет