Сахиев Жүніс. Су әлемінің саздары. ғылыми-фантастикалық роман. «Фолиант» баспасы, Астана – 2008



бет27/39
Дата26.01.2018
өлшемі9,74 Mb.
#34042
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39

Сәлден сон қыз айнадан алыстап, қашықтан тұла бойын бір шолып өтті де, кілт бұрылып асханаға енді. Ондағы тамақ даярлайтын автомат жүйелерді бір қарап алды. Раушан олардың тоқ желісін толығымен ажыратып кеткен болатын. Он­дағы ойы: «Мына қыз тамақ пісіремін деп жүріп бірдемеге ұрынбасын» дегені еді. Бірақ Сәуле Раушан ойлағандай соншалықты білімі таяз қыз емес. Өмірді онан көп терең түсінеді. Сәуле үшін Раушаннын автомат дегендерінің бәрі де жай бір қарапайым жүйелер. Сол қарапайым жүйелер кейде Сәуленің көңіл-күйін түсіріп те жібереді. Өйткені, қыз қашан да авто­мат жүйе дегенді өз тарапынан, өзінің ғаламшарындағы даму дәрежесі тұрғысынан ғана көргісі келеді. Егер қажет деп тапса, Айдынбекке де, Раушанға да түсініксіз бір күрделі жүйе- лерді де оп-оңай құрай салар еді. Бірақ өйтіп артық көзге түсуді алдына мақсат етіп қойған жоқ. Өзі дамыған елден келгенімен шыққан ортасы қарапайым отбасы болатын. Сол қарапайымдылық өзін ешқашан да артық іске итермелеген емес.

Дегенмен де Сәуле сәлден сон асханадағы автомат жүйелерді қозғалысқа келтіріп көрмекке бекінді. Сол қолын жоғары көтерді де саусақтарының арасын ашып, ол аралықтары шымырлағанша қозғалмай тұрды Сол-ақ екен тоқтан мүлдем ажыратулы тұрған автомат жүйелер ызыңдап, сырылдап кеп жөнелді. Өзіне таныс істер де қайталана бастаған . енді Сәулеге автомат асханаға қандай тамақ пісіру керектігіне тапсырыс беру ғана қалған. Ол қолын қайта төмен түсірді. Өзін – өзі тыныштандырды. Соның артынша автомат асхананың жүйелері де ызыңдағаның, сыртылдағынын бірте – бірте тоқтатты. Ештеме болмағандай бір тыныштық орнаған. Автомат атаулыдан әбден жалыққан Сәулеге мұның өзі де қызық емес-ті. Сәулеге бәрінен де қызығы, адам баласының бір – біріне деген адамгершілігі мен шынайы махаббат сезімі. Қыз адам бойынан осы екі қасиетті көбірек іздейтін. Сол қасиеттер тек қана Айдынбектің бойынан табылғандай еді.

Асхананы барлап – бақылап, автомат асхананың жұмысын көргеннен кейін Айдынбек пен Раушанның жатын бөлмесіне келді. Онда екі кісілік кең де жұмсақ төсек, оның екі жағында түнде жағатын түншамы, сетреотаспа мен стереотеледидар бар. Төсектің жанындағы қабырғаға кітап сөресі бекітілген. Онда түрлі саланың кітаптары бар. Сәуле кітап жазуындағы әріптердің бір де бірін түсіне, не тани алмаса да әрбірін алып, ашып, парақтап көріге кірісті. Кейбір суреттер өзін баурап та әкеткендей күйге бөлеген. Тек кітап жазуларын оқи алмады. Соған қынжылды ол ішінен. Көлемі үлкен бір кітапта Жер шарында тұратын халықтар жөнінде қысқа- қысқа мәліметтер жазылған да сияқты. Сәуле оны Жер тұрғындарының түр – түрлеріне , киім – киістеріне, салт – дәстүрлеріне, кәсіптеріне қарап түсінді. Суреттердің өзі де сол мағлұматты оқымай-ақ байқатып тұрғандай еді. Суреттердің өздері де бір жатқан шежіре екен. Раушаннан жиі еститін «Қазақ» деген сөзді де ол осы кітаптан тапты. Басқа әріпті, басқа сөзді білмесе де ең жиі айтылатын, ең жиі жазылатын осы сөз болғандықтан қанша дегенмен де миына қоныпты. Тек мұнда Раушан айтатындай «қазақ» емес, «қазақтар» деп жазылған. Сәуле осыны ежелеп оқып алғаннан кейін аз ғана уақыттың ішінде санаулы әріп пен сөзді үйреніп алғанына ішінен қуанып қалды. Егер Раушан өзімен осылай бірнеше күн айналысатын болса, онда қазақ тілін аз уақыттың ішінде – ақ үйреніп алмақ. Жаттығу үшін Сәуле жаңағы «қазақ» пен «қазақтар» деген сөздерді дауыстап бірнешерет қайталап айтты. Алғашында ол сөздер әуендеп, созылып шықты. Әуенге де ұқсап кеткендей болды. Тек бірнеше peт қайталап айтқан соң ғана барып дәл Раушан айтатындай анық болып шықты.

Сәуле енді уақыттың біршама болып қалғанын сезіп, сореден басқа бірнеше кітапты алып, парақтап, ондағы суреттерге көз жүгіртіп өтті. Мұндай жазу мен оқу өз ғаламшарында бол­ған емес. Бірақ сонау алыс өткен замандағы ата-бабалары осы іспетті жазумен айналысқан. Бүгін де бәріде экран бетіне көшіп кеткен. Бірақ ондағы ұғымдар экранда көп уақыт тұрмайды. Сондықтан да ондағы үғымды тез есте сақтап қалу кажет. Өйткені, экрандағы ұғым сәлден сон өшіріледі. Сондай жылдамдыққа үйренген Сәуле кітаптарды бірнеше минуттың ішінде парақтап, ұғынып үлгерді. Жазу танымаса да көп нәрсені көкейіне түйді. Ішіндегі сөздіктер арқылы қазақтың төл алфа­виттік жүйесін де есінде сақтап қалды. Оған мүмкіндігі мол еді. Кітаптағы мың-сан әріптер болса да экрандағы ұғымдар емес. Қай кезде қарағын келсе, сол кезде көре бересің. Бұл Сәулеге өте тиімді еді. Сөйтіп Сәуле кейбір күдік тудырған жерлерін кітаптан қайта қарап та алды. Ең бастысы, тек қазақ әрпі емес, Жер шары халықтарының әріптік жүйелерімен таныс болды. Көбін тани алмады. Өзіне әзірге аса қажеттісі қазақ әріптері болған сон, әрі өзі қазақтың үйінде жүргендіктен, Айдынбек пен Раушанның дыбыстау мәнерлерін есіне түсіріп, әріп дыбыстарын ежелеп шығарды. Шамалыдан соң бірнеше сөздерді мүдірмей айта алатын халге жетті. Ең кажеттілері де солар еді. Осыдан сон-ак Сәуле өзін алғашқыдай емес, еркіндеу сезінді. Осы оңашалықты пайдаланып, бөлме ішінде олай да, былай да жүріп, әлгі үйренген сөздерін дауыстап тағы да бірнеше рет қай­талап шықты. Адам неге шын ықыласымен талпынса, соған қолын жегкізе алады екен. Сәуле соған көзін жеткізе бастады. Айтқан сөздерін сырттан тыңдау үшін қыз өзінің бойындағы тоқтын күшімен бөлмедегі магнит таспаны қосып, жанағы үйренген сөздерін соған жазды. Бірнеше рет оны кайталап тыңдады. Бәрі де тамаша! Бірақ қате де жоқ емес. Ондай жерлерін қыз сөздерін бірнеше рет қайталап айту арқылы әбден түзеп алды. Енді стереотаспадан сөзін тындаған адам өзінін сөзі деп айта алмай қалмақ . Енді сәлден сон Сәуле стереотаспаны қойып , ол сөздерін стереотеледидар арқылы да шығарды. Ол да тамаша! Тап осы Жердің тұрғыны сарнап сөйлеп отырғандай! Сәуле өз өзінен мәз болып, бөлме ішінде шыр айналып, бір билеп те алды.

Сөйтіп, ең басты, ең қажетті іс те бітті. Енді тек өзімен қазақ тілінде жиі сөйлесетің кісі болса. Ол , әрине, Раушан ғана. Оның көзінше Айдынбек болса да еркін сөйлей алмайды. Отбасының отағасы, Раушанның күйеуі болған соң қайтсің. Сәуле оны жақсы түсінеді. Өзі тұрмыс құрып жатса, ерінің алдында тап солай ұстар еді өзін. Оның үстіне әйел заты күйеуі отырған жерде көп сөйлемесе керек-ті. Сәуле осындай – осындай пайымдаулардан кейін Айдынбек ішкі ғашықтық қасіретін де ұққан. Бірақ екеуінде де тіл жоқ. Оған қоса Айдынбекті шектейтін бір нәрсе –қызмет. Оны ойлағанда өзі де ішінен елжірейді. Бірақ қолынан келер әзірге ештеме де жоқ. Ал тілді білу Айдынбекпен сырласуға жасалған бірінші және негізгі қадам болмақ. Сәуле тілді үйрене, игере бастағанына сол үшін қуанды әуелі. Қыз енді стереотоспаны да, стеретеледидарды да сөндірді. Кітаптардың бәрін бұрын тұрғанындай етіп реттеді. Сөйтіп, жаңа ғана үйренген сөздерін бірнеше рет қайталап айтты. Ара – тұра өзінің әуеніне де салып айтты. Өйткені, қыз жаңа кітаптарды қарағанда Жер шарындағы бір халықтың тілінің әуенді екенін де аңғарған. Сөйтіп түстен кейінгі уақытын қыз осылайша тиімді өткізді. Енді Айдынбек пен Раушанның жұмыстан қайтатын уақытты да таяған. Соны білген Сәуле автомат асханаға өтіп, ерлі – зайыптылардың ұнататын тағамдарына назар аударды. Ол автомат жүйелердың көп басылған түймелерінен – ақ айқын байқалатын еді. Сәуле: «Қазақша ет қамырымен», «Шәй сүтпен», «Нан», «Тәттілер», «Көкөніс» деген түймелерді нұқыды. Артынша жинаулы тұрған дастархан кленкасы домалай жазылды. Автомат қолдар ширақ қозғалып, тағамдарды дастархан үстіне рет – ретімен қойып жатты. Бұл көрініс Сәулеге жас баланың ойынныңдай көрінсе де, оған қадала қарап, қызықтап тұрды. Өздеріндегі асхана автоматтарынан бұл қаншама қарапайым болса да, берілген тапсырманы дәл орындайды екен. Сәуле соған мәз болған. Әрі автомат жүйе аса жылдам емес, орташа жылдамдықпен қозғалады. Адам баласының дамып, санасы жетіліп, ауыр еңбекті жеңілдеткен сайын сол еңбекті аңсайтынкездері де болады. Сәуле де қазір дәл сондай бір күйде еді. Ол қарапайым автоматты жүйелерге қараудан жалықпады. Сол кезде есіктің бейнемофондық қоңырауы да сыңғыр еткен.



  • Сәуле, аша ғой, біз ғой, экраннан көріп тұрсың ғой, — деді Раушан жай ғана.

Сәуле үндемеді. Қазақ тілін біршама үйреніп, сөйлей де алатын дәрежеге жетсе де, сөз айтуға батпады. Айтса, әлі де тәжірибесі аз болғандықтан бір түрлі болып естілетіндей бо­лып та кетті. Оның үстіне есіктің арғы жағындағы Раушанды үйреншікті емес дауысымен шошытқысыда келмеген. Бәрін де жөнімен, жаймен бастағысы келген. Жаймен есікке жақындап, жанып турған экрандағы Раушанның бет-бейнесіне үңіле қарады. Тек содан соң барып келген шын мәнінде Ай­дынбек пен Раушан екеніне көзін жеткізіп барып, есікті ашатын түймені басты.

  • Халің қалай, Сәуле? Қалай демалдын? - деп кірген бойда Раушан сарнап кеп жөнелді.

Сәуле жай ғана басын изеді. Әлі де сөйлегісі келмеді. Ай­дынбек қыздың жүзіне қадала бір қарады да, аяқ киімін шешкен бетте төргі бөлмеге қарай өтіп кетті. Раушан сол замат асханада бір өзгерістің болғанын сезіп, солай қарай бұрылған. Онысы бекер емес екен. Қалт тұрып қалды. Асханадағы автомат жүйелер бар пәрмендерімен қызу жұмыс істеп тұр. Тіпті, қайнаған еттің сорпасының иісі де мұрынды жарады. Енді бір автомат қолдар қамыр жайып жатыр. Дастархан үсті түрлі дәммен жайнап тұр. Мұны күтпеген Раушанның көңіл- күйі күрт көтерілді. Тіпті, ыңылдап ән айтып, төргі болмеге өтті де, Айдынбекті құшақтай алып бетінен сүйді. Айдынбек қапелімде мұның мән-жайын түсіне алмай қалды. Раушан ләм-мим деместен Айдынбектің сол қолынан үстаған бойда оны асханаға ертіп келді.

  • Көрдің бе? Тамақ дайын! - деді содан соң сықылықтай күліп.

  • Міне, керемет! Автомат асханаға тапсырысты кім берген?

  • Өзіңнің Сәулең де. Басқа кім болсын?! Бұл тағам сен үшін өте дәмді болмақ!

  • Қойшы, Раушан. Кейде өстіп бала сияқтанып кететінін бар! Бұл тамақ тек маған ғана дәмді бола ма екен! Асхананың иесі ол қыз емес, өзің емес пе?

  • Ай, Айдынбек-ай, мен жай ғана ойнап айттым емес пе? Сәуле деген ақылды қыз болғалы тұр! Міне, көмек деген!

  • Иә, көмегі бар. Ол бар болғаны автомат жүйені іске қосқаны. Ал, дайындаған да, пісіргенде автомат жүйелер. Солай емес пе?

  • Тұра тұр, Айдынбек, айтпақшы, мен бұл автомат жүйелерді тоқтан мүлдем ажыратып кеткен болатынмын. Сонда бұл қалай қосылды-а?

  • Е, мен қайдан білейін, сен ғой бәрін реттеп жүрген! - деді Айдынбек жас балаша томсырайып.

  • Тоқта, тоқта. Мен қазір оған дұрыстап көзімді жеткізейін!

Раушан орнынан ұшып тұрған бойда асханаға қарай соңынан біреу қуғандай жүгірді. Айдынбек те артынан келген.Расында да жұмбақ құбылыс. Автомат жүйелер ешбір тоқ көзіне қосусыз зырылдап жұмыс істеп тұр. Раушан қайтадан ұшып келіп Сәуле еніп кеткен бөлменің титтей қоңырауының түймесін басты. Сәуле орнынан жай ғана тұрып, есікке жақындады.

Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет