Сайділ талжанов 3 томды қ ш ы ғ армаларжина ғ Ы


ЖАПАЛАҚ ПЕН ҚҰЗҒЫН ТУРАЛЫ



бет20/27
Дата31.12.2019
өлшемі2,11 Mb.
#54002
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27

ЖАПАЛАҚ ПЕН ҚҰЗҒЫН ТУРАЛЫ

ДӘПШӘЛІМ патша Бейдауа философқа айтты: - Өзара сыйласып, бірін-бірі жан үзіп жақсы көрген, біріне-бірі аянбай көмек берген адал туыстар жөнінде сен маған көп әңгіме шерттің ғой; егер енді айтқың келсе, сырт пішіні моп-момақан, бетінен ізгіліктің нышаны көрініп тұратын, бірак әп-сәтте сырт айналып, айнып, алдап кететін дұшпан туралы сөйлеші.

Сонда философ: «Кімде-кім ежелден бері ұстасып келе жатқан қас дұшпанның алдауына түссе, бір заманда жапалақтардың басынан кешірген ауыртпалығын көреді»,

- деді.


Патша: - Ол қалай болып еді? - деп сұрағанда, философ оған мынау әңгімені шертті.

- Бағзы бір елде, тау қиясында дәу ағаш өседі екен, бұл сол жердегі күллі ағаштардың ішіндегі жапырағы қалыңы, бұтақтысы болыпты. Өз арасынан шыққан патшасы бар мың құзғын осы ағашқа ұялапты. Тап сол тауда тағы да мың жапалақ мекендейді екен, олардың да өз патшасы болады. Бір күні түн ішінде жапалақтың патшасы көріне шабуыл жасапты, жапалақ пен құзғын арасындағы осы жауласу толастамай үдей беріпті. Жапалақ патшасы құзғындарға тұтқиыл төнсе керек, көбін қырғынға ұшыратып, бір талайын жаралап кетіпті. Таңертең құзғын патшасы өз адамдарын жинап алып: - Түндегі уақиғаның сендер үшін де, жапалақтар үшін де не болып біткенін көрдіндер ғой. Халқымыздың қаншасы қырылды, қаншасы жараланды, қанаттары қайрылып, құйрықтары майрылып, тұлымдары түтіліп қалғандары қанша десеңші! Жапалақтарда аяу да, аяну да жоқ, мен сол қылығынан қорқам, оның үстіне бекініс мекендерімізді де жетік біледі, батыл қимылдайды, оны өздерің де байқадыңдар, енді сендерді елеусіз қалдырмаса керек. Сондықтан сақ болыңдар, асығыс албырт қимыл көрсетпеңдер,

- деген нұсқау беріпті.

Солардың ішінде асқан ақылды, өте білгір атағы жайылған бес құзғын болушы еді; басқа құзғындар пәлеге душар болса- ақ соларға паналап, барлық тауқыметті сол бесеуіне апарып артушы еді. Патша да олардың пікірін пайдаланып, үнемі ақылдасып отырушы еді. Сол бесеуінің бірінен патша: -Мынау уақиға жөнінде сен не ойлайсың? - деп сұрағанда.

Құзғын оған: «Менің ойым ежелден келе жатқан белгілі кағида; қаныпезер, қарулы қандас жауға қарсы бармай, қашкақтап бас сауғалаудан өзге ешбір құрал да, айла да жоқ», - деп жауап қайырыпты.

Патша екіншісіне бұрылып: «Ал сенің ойың қалай?» - деп сұрағанда, ол патшаға:

- Мынаның қашу керек деген ақылы бізге жараспайды, менің ойымша, тұңғыш рет басымызға келген бақытсыздыққа шыдай алмай елімізді, отанымызды тастай қашу, мөнтеңдеп дұшпанға қол қусыру - бұл оңбағандық. Онан да күшімізді жинап, жаумен жағаласуға даярланалық. Жанжаққа қарауыл қоялық, олар осы екі арамызда болып жатқан әрекеттерді бақылап тұрсын, дұшпанның келесі шабуылынан, қару- жарағынан алдын ала сақтаналық. Егер дұшпан бізге шабуыл жасай қалса, оны қару-жарақпен қан майданда қарсы алалық та, қай жерде кездессек, сол жерде жанды шүберекке түйіп, аянбай соғысалық. Өзімізге ыңғайлы, тілегімізге сай мезгіл туғанша, өте сақ болалық, сөйтіп жаудың бетін қайтаралық. Ал егер осыны істей алмасақ қашып кетуіміз ғана қалып тұр ғой, бірақ біз осыны істесек қана ұжданымыздың алдында ақтала аламыз, - деп жауап беріпті.

Патша үшінші құзғыннан: «Сенің пікірің қандай?» - деп сұрапты.



Сонда ол: «Әлгі екеуінің де сөзін мен мақұлдай алмаймын. Бірақ сіз мына жау мен біздің арамызда жүретін барлаушыларды, жансыздарды қырағылыққа баулысаңыз екен, жаудың бітіскісі келе ме, жоқ бізден алым алып ырза болғысы келе ме соны олар жіті білсе екен, сөйтіп біз жаудың сыңайын таптындырмай мезгілінде байқап отыралықшы. Егер ұлы қатердің төніп тұрғанына көзіміз жетсе, онда алымын төлеп, пәле-жаладан құтылып, өз отанымызда бейбіт өмір сүруге мен қарсы емеспін. Ал жаудың күші сонша басым болса, патша өзінің де өлетінін, елінің де күйзелетінін, дәл астындағы адамдарының да қырылатынын біліп қорықса, онда өз мемлекетін, халқын ол ақшаның күшімен сақтауға кірісуі керек қой», - деді.

Патша төртінші кұзғыннан: - Ал осы бітім туралы сен не ойлайсың?

- деп сұрағанда, патшаға қарап ол: «Мен мұны дүрыс пікір деп есептемеймін. Бұл болмайды! Біздің

адамгершілігіміз де, нәсіліміз де артық, өзімізден төмен жаудың алдында жаутандап, абыройымызды кұрбан етуден жаман нәрсе бар ма? Одан да отанды тастап, тентіреп айдауда жүру, жетім өмірдің тақсіретін тарту анағұрлым артық. Оның бер жағында, егер дұшпанға біз осылай ұсыныс жасасақ, ол місе тұтып қанағаттанбайды, бұған менің көзім анық жетеді, қайта қомағайлана түседі де мөлшерден тыс нәрсені талап етеді. Бұрынғылар айтқан екен: - Өз мүддеңді орындау үшін, жауыңа бірте-бірте басқыштап жақында, бірақ аса ішіне кіріп кетпе, ол өзіңді тарпа бас салып жүрмесін, әскерің де қару-жарақты болсын, жеңіліп қалып жүрме, деген ғой. Мысалы күннің астына тік орнатқан бағананы алалық: егер сол бағананы азырақ қисайтсаң көлеңкесі ұзара түседі, ал мүлде иіп жіберсең, онда көлеңкесі қысқарып қалады. Сондай-ақ болмашы жақындасуды жауымыз қанағат етпейді, сондықтан қайыспай шыдап, қарсы соғысқа шығуымыз керек, біздің ұйғарым осы болуға тиіс қой»,

- деді.

Патша бесінші құзғынға бұрылып: «Соғысуымыз керек пе, жоқ елімізді тастап қашуымыз керек пе, сен қалай істе дейсің?»



- деп сұрады.

Ол сонда: «Соғысу жөнінде айтсам, әліміз келмейтін жаумен сайысуға болмайды. Бұрынғылар: - кімде-кім өзін, не жауын тани алмаса ол әлі жетпейтін дұшпанымен соғысады да мерт болады, өзін өзі орға итереді деген ғой. Ақылды жан жауының күшін өзінен кем тұтып, қорлай алмайды. Мұны істеген адам алданады, ал алданған жан алдырады. Соғыспай тұрып та жапалақтардан қатты қорқатынбыз, ал мен болсам осы шайқасқа дейін де олардан мүлде сескенетін едім. Қай жағдайда болсын - бәрібір, есі дұрыс ойлы адам жаудан қауіптенбей отыра алмайды. Егер жау жырақта болса, оның қайта соқпасына сенбейді. Егер жау көрінсе, қол-аяғымды байлап, алдына салып айдамайды деген ой онда болмайды, ал егер жау жалғыз кезіксе, оның арамза айласынан аман қаламын деп те ұқпайды. Зерек адам мақсатына соғыссыз жетуге ұмтылады, алайда әділ айла таба алмай тарығады. Соғыста ең әуелі адам шығыны болады, басқа жағдайларда ақша немесе сөз шығыны болып жатады. Сайып келгенде, сенің жапалақтармен соғыспауың мақұл. Әлі келмес әлек болады, күштімен тірескен кісі өзін өзі орға жығады», - деді.



Патша одан: «Сөйтіп, соғыскың келмейді ғой сенің. Ал сонда не ойлап

тұрсың? Не істеу керек?» - деп сұрады. Құзғын патшаға: - Ақылдас, маслихат құр. Данышпандардың айтқан ақылынан патша көп ғибрат алады, олжа табады, сондықтан ақылдасқан, ойласқан патша жеңіске жетеді, ал әскер де, қырғын жорық соғыс та, ұшан-теңіз қару-жарақ та ондай жеңісті еш уақытта қолға әкеп бермейді. Жан-жағынан құйып жатқан өзендер арқылы теңіз суы молаймак, сондай-ақ алды- артын топшылай білетін сан уәзірлерімен ақылдасу, пікір алысу, толғанысу арқылы патша да нығая бермек. Зерделі адам өзінің де, жауының да қолынан келерін күні бұрын сезеді, ол жауымен соғысатын сәтті мезгілді де, оның ой-өрісін де, арам пиғылын да алдын ала біледі. Болашақ уақиғаны көз алдынан тізбектей өткізіп, ақыл сарабына салады, көмекшілерінің де ой-желісін ілгерірек топшылайды, жұрттың берген ақылын да пайдаланады, қолында бар құрал-сайманын да есептеп отырады. Кімде-кім өзі ақылсыз болса және оның кеңес берерлік татымды уәзірлері де болмаса, тіпті тағдырдың өзі болысып, оған сәт сапарын тілеп тұрса да, бәрібір осы адамның ісі кешікпей-ақ түп-түгел апатқа ұшырайды. Бақ дегенің ақымаққа да, епшіл сараңға да дарымайды, ол тек көреген жанды шырғалайды, асқан ақылды адамдардың ғана басына барып қонады. Уа, тақсыр патшам, атап айтқанда сен дәл сондай ақылды жансың! Сен менімен ақылдастың ғой, ендеше, менің де саған екі салада жауап бергім келіп тұр, соның бірі құпия, екіншісі жария болсын! Ал ең әуелі жариялай айтқалы отырған ойымды білдірейін: мен соғысты қандай жақтамасам, сондай-ақ мына жауды тояттату үшін мәңгі жәбірленіп, құлдык ұрып, оған алым төлеп отыруды да жақтырмаймын. Бекзат туған данышпан жан абыройсыз, арсыз өмір сүргеннен, жауына каская қарсы тұрып өлгенін абзал санайды. Менің ойымша мәселені сарсылтпай жылдам шешуіңіз керек, мұны болмашы іске баламаңыз, көлденең нәрсеге алданбаңыз. Мұндай жағдайда кешігу, не бейғам болу - әлсіздіктің шыңырау шыңы. Ал менің саған жасырын айтатын әңгімеме келсек, ол тек екеуіміздің арамызда ғана калатын құпия сыр болсын. Бұрынғылар айтқан ғой: - Патша ақылымен жеңеді, ол дұрыс билік айту арқылы мақсатына жетеді, құпия сырды сақтай біледі, сөз баққан қырағы елшілер алдында сақ

отырады, сөйтіп істің акырғы нәтижесін барлаушылар арқылы немесе теңестіре өлшеу, бал ашып болжау арқылы дұрыс билік шығаруға жаттығады. Кімде-кім өз сырын сақтай білсе, содан барып оның екі нәрсеге қолы жетеді, соның бірі беттеген ісі оңына бақса ойындағы арманы орындалады, ал екіншісі

- қателесіп кеткен күнде де өзіне ақау тигізбей, арандамай аман

шығады. Құпия сыры бар жанның қауіптенбей сеніп айтатын көмекшісі болу керек, дұрыс билік шығаруға да соның жәрдемі тимек. Оттың өзі май кұйғанда ғана маздап жанады ғой, сондай-ақ кеңес алушының ой-санасы өте үздік бола тұрса да, бәрібір оған кеңес берушінің ақыл-ойы қосылса, сонда ол өте күшейіп, күрделене түспек. Ханға қарашысы өз пікірінің дұрыстығын дәлелдегенде онымен ортақ тіл таба білуі қажет. Егер қожасы қателесе қалса оның сол катесін әдеппен, ептеп қана сүйкеп өтуі жөн; күңгірттеу мәселенің бетін ашқанда ойлары әбден үйлескенше, кеңес беруші ақылға жеңгізіп, тал шыбықтай бұралып отыруы керек. Егер қарашы осындай бола алмаса, онда кенесін алушы мен дұшпанның арасына түскен себепке айналады, біреуге айдап салу үшін шайтанның басын айналдырып дүға оқытатын жанның таз кепешін киеді, сонда ол дұғаны дұрыс оқи алмай, қараңғы түнекке душар болып, ақырында өзі қолға түскен ғой. Егер кұпия сырын жасыра білсе, уәзірлерін талғап тыңдаса, халқына айбарлы болса, беттеген ойын тірі жан білмесе, тап мен тәрізді, ешкімнің ізгі үміті одан үзілмесе, сақ жаудың өзі де қашып құтылмаса, өзі қытымыр тәсілқой болса, ал керек жерінде малды жұмсауға да сараңдық қылмаса, бірақ басы артық ысырапқа бармаса, пайдалы заттың бәрін өз уысында ұстауға тек осы патшаның ғана қабілеті жетеді. Сырдың неше алуан сатысы болады: солардың бірі - біраз адамға айтылады, екіншісін екі-ақ адам біледі, ал үшіншісін талай кісі тыңдайды. Менің ойымша, өз дәрежесіне қарай, осы сырға тек төрт құлақ, екі тіл ғана ортақтаса алады, - деді.

Сонда патша орнынан тұрып, екеуі оңаша кетті де әңгімеге кірісті. Сөз арасында патша оған: - Біз бен мына жапалақтар арасындағы дұшпандық ең алғашында қалай туған, сен соны білесің бе? - деген сұрау қойды, сонда ол: - Білемін, бір құзғынның абайламай айтып салған, жалғыз ауыз сөзінен туған,

- деп жауап берді.

Патша: «Ол қалай болды екен?» - деді.

Сонда құзғын мына нақылды келтірді: «Баяғыда патшасы жоқ бір топ құс болса керек. Бір күні өздеріне патша етіп сайлау ушін бәрі жиналып жапалаққа келіпті. Осылай жиналысып жатқан кезде бір құзғын ұшып барып, кенеттен солардың үстіне қоныпты, осы арада кұстардың біреуі тұрып: «Мына құзғынды сіздер әлі танымай тұрсыздар ғой. Игілі істің үстіне келіп калды, мән-жайды айтып, енді осы кісімен де ақылдасалықшы»,-депті. Сөйтіп оны орталарына алып, бәрі бас қосып ақылдаса бастапты. Сонда әлгі құзғын: «Егер құстарға бықпырт келіп тоты, тырна, үйрек, көгершіннің түгел тұқымы құрып, қырылып қалса, сол зәру кездің өзінде де жапалақты патша сайлаудың қажеттігі болмас еді, өйткені көрінісі де күйкі - құстың жексұрыны, қара жүрек - арамза, ақылсыз әңгүдік, алқым ашуы мол, күйгелек, мейірімсіз қатігез құс, оның үстіне мүгедек ауруы бар, күндіз көрмейтін көр соқыр. Ең зор кемшілігі - оның ақылы тапшы, ойы арамза. Байқаңыздар, патша сайламаңыздар, онсыз да бірдеңе етіп күнелтерсіздер. Сіздер қоян сияқты қу болыңыздар, ол айды өзіне патша етіп алып, өз ойынан шығарып сол айдың жарлығын жұртка әйгілеген ғой», - деді.

Топты құс одан: «Ол қандай уакиға екен?» - деп сұрады.



Сонда құзғынның айтқан нақылы мынау болды: «Баяғыда пілдер жайлаған бір өңірде бірнеше жылдай жаңбыр жаумапты. Бұлақтар тартылып, су кұрдымға айналып жұтаңшылық басталыпты. Сонда түтігіп, қатты шөліркеген пілдер патшасына келіп жалбарыныпты. Патша суды іздетіп әр жерге елшілер аттандырып, жан-жаққа жаушылар жіберіпті. Солардың біразы сапардан қайтып келіп, біз пәлен жерде суы мол, мөп- мөлдір «Айлы бұлақ» таптық», - деп хабар беріпті. Өзінің пілдерін ертіп патша сол бұлаққа су ішкелі барыпты. Бұл қояндар жайлайтын өлке екен, індеріне, кебектеріне паналаған қояндарды басып-жаншып, пілдер тапап кетіпті. Сонда тірі қалған қояндар түгел жиналып, өздерінің патшасына мына сөзді айтыпты: «Пілдерден көрген жапамызды өзің де біліп отырсың. Олар енді қайта оралғанша, біздің қамымызды жеп, бір амал қолданғайсыз. Әйтпесе, су ішкелі тағы келсе, бізді мүлде құртады ғой», - депті.

Сонда патшасы: - Әрқайсыңа ерік бердім, бұл жөнінде кімнің қандай ойы бар, соны өз алдымда қаймықпай айтсын,


- дегенде, біліміне ақылы сай, еліне де, патшасына да мәлім бір қоян шығып сөйлепті: «Егер патшам қаласа, пілдерге мені жұмсасын, қасыма тағы бір сенімді елшісін қоссын, ол өзінің көрген, білгенін, менің қалай сөйлегенімді, нендей амал істегенімді, патшаға жеткізіп отырсын», - депті.

Патша әлгі қоянға қарап: - өз басым сені тиянақ көрем, ақылыңа бәріміз де ырзамыз, сөздеріңе күдіксіз сенеміз. Пілдерге жалғыз өзің-ақ бар, менің атымнан не тілесең соны айт, өзіңше билеп-төсте, қалағаныңды істе: алайда жіберушінің ақыл-өрісін, күнделік ісін, жай-күйін, жіберілген елшінің саналы ойына сәйкестіріп бағалайды ғой, сен осыны ұмытпа. Мінезің әдепті, сөзің майда болсын, өйткен елшінің сыпайы қылығы жаудың жүрегін елжіретеді, егер елші дөрекі мінез көрсетсе, қаталдыққа ұшырайды, - дегенді айтыпты. Айлы түнді жамылып еркек қоян жүріп кетіпті де, пілдердің мекеніне барып жетіпті. Пілдерге жақын барғысы келмепті, әдейі қастық қылмай-ақ аңдаусызда біреуі басып кетер деп қорқыпты. Сөйтіп, ол төбенің басына шығыпты да айқай салыпты:

- Ей, пілдердің патшасы! Мені саған ай жіберді. Елшіге өлім жоқ,

Қанша қатты айтса да, оның сөзін мінемейді, төзіп тыңдайды, - депті.

Патша: «Айдың бізге арнаған қандай жарлығы бар екен?»

- деп сұрағанда, Бирюза1 былай сөйлеп кетті:

- Ай саған мына сөзді айт деп жұмсады: «Кімде-кім күшіне сеніп, әлсіздерге зорлық істесе, соңынан дағды алып сол қылығын өзінен қуаттыларға да білдірсе, оның сол күші өзінің түбіне жетеді, өзіне сор болады. Хайуанаттар арасында күшіңнің зорлығын сен білесің, мен туралы сені адастырып отырған да осы қылығың. Менің атыммен аталатын бұлағыма бардың, соның суын іштің, пілдеріңнің аяғына бастырып былғадың да лайлап кеттің. Міне сондықтан алдын ала ескертемін, сақтанғаның жөн, ал егер осы қылығыңды тағы қайталасаң, онда көзіңе шелей қаптатып, күліңді көкке ұшырам. Ал енді осы жарлығымда айтылған сөздерге шүбәлансаң онда әлгі бұлағымның жағасына казір өзің кел, мен саған сол арада кездесем деді», - депті.




1 Фируз (Бирюза) – қоянның аты, оның қазақша мағынасы «салпаң құлаққа» келеді.
302

Пілдердің патшасы Бирюзаның сөзін жүрегіне түйткіл алыпты да, оған еріп бұлаққа қарай жөнеп беріпті: бұлақтың жиегіне келіп үңіле қарап тұрыпты да судың түбінен айдың сәулесін көріпті. Осы мезетте Бирюза оған: «Тұмсығыңа суды толтырып алып шық та бетіңді жу, сонсың айға сәжде етіп, сәлем бер», - депті. Пілдің патшасы тұмсығын тығып жібергенде судың беті толқыпты, сонда ай тітіркеніп дір ете түскендей көрініпті. Енді ол Бирюзаға бұрылып: «Патшаға не болды? Сен қалай ойлайсың, тұмсығымды сұға тыққаныма ол әлде қаһарланып тұрған жоқ па екен?» -деп сұрау қойғанда, қоян оған:

- Иә, рас. Сен басыңды иіп, сәлем ет, - дегенді айтыпты. Піл иіліп, бүгіліп айға сәлем етіпті, өзінің қылығына өкінішін білдіріпті, бұдан былай осы бұлаққа не өзінің, не басқа пілдердің ешқайсысы келмейтінін айтып, серт беріпті, - деп сөзін түйіпті.

Құзғын тағы сөйлепті: «Жапалақтардың бұлай тылғандардан басқа да кемшіліктері бар, олар: жауыз, кекшіл, алдағыш сұм. Нағыз жаман патша - алдағыш патша, ал кімде-кім алдағыштың әкімдігіне бағынып, өзін соған билетсе, ол соны - мысықтың өңешіне өз еркімен барып түскен Сифрид құс пен қоянның аяғын құшады», - депті.

Патша: «Ол уақиға қалай болған?» - деп сұрағанда.

Құзғын мына нақылды шертіпті: «Бір туысым - Сифрид құс1 таудың етегінде менімен көрші тұрады. Мен ұялаған ағаштан оның ұясы алыс емес еді, көрші болғандыктан екеуміз жиі кездесіп, әңгімелесіп жүрдік. Міне, бір күні мен содан айрылып қалдым, қайда кеткенін білмедім, ол ұзақ уақыт көрінбеген соң өлді дедім де қойдым. Оның орнын кейін бір қоян басты, мұның да не істеп жүргенін аңғарғам жоқ. Қоян осы арада біраз тұрды, соңынан Сифрид өз үйіне қайта оралды да, онда тұрған қоянды көріп: «Бұл менің мекенім, сен бұл жерден аулақ кет!» - деді. Қоян оған: «Бұл үй казір менің қолымда, ал сенің одан дәмең бар екен, ізденіп көр. Егер ондай өнерің болса, маған қарсы өзіңе сыбайлас қорғаушыңды іздеп таба ғой», - деп жауап қайырыпты.

Сифрид: - Бұл менің орным және қолымда айғағым да бар, - дегенде, қоян тұрып:




1 Бұлбұлдың бір түрі.

- Ендеше, қазыға барып жүгінуге тура келер, - депті.

Сифрид сонда: - Теңіздің жағасында бір сопы-мысық тұрады, оның мекені осы арадан аса қашық емес. Ертеден кешке шейін құдайға кұлшылық қылады, жәндіктің ешқайсысын ренжітпейді, тышқан мұрнын қанатпайды. Ол мәңгі ораза ұстайды, ауыз ашарына тек су ұрттап, шөп жейді. Кел, бүгін түнде соған барайық, мен сенімен бірге кіріп, қазыға жүгінуден қашпаймын, - дегенде, қоян да: - Мақұл! - деп қабыл алыпты. Екеуі бірге жөнелді, мен де солардың соңынан ердім, сопы мысықтың өзін де және бұларға оның қандай төрелік беретінін де көзіммен көргім келді. Мысықтың алдына барды да әрқайсысы өз тарихын баяндады:

Мысық отырып: «Мені кәрілік қоймай қуып жетті, құлағымның мүкісі бар, анық ести алмадым. Берірек таяу келіп, жақын жерден маған естірте айтыңдаршы», - деді. Бұлар әлгі сөздерін қайталады. Сонда мысық: әңгімелеріңді мен енді түсіндім. Істерінді талдаудан бұрын, сендерге бір өсиет айтайын:

«Ақиқаттан басқа еш нәрсеге ұмтылмаңдар. Сот қарсы билік шығарса да, ақиқатты жақтаған жан мақсатына жетпей қоймайды, ал өтірікті күйттеген адам дауласқанда үнемі жеңіліп қалады. Бұл жалғанда жүрген адамдарға артына қалдырған ізгі істерінен басқа ақшасы да, досы да, ешқайсысы да опа бермейді. Ақылды адам өзінде сақталатын затты, немесе пайдалы болып қайта оралатын нәрсені ғана іздеуге тырысқаны жөн, ал осыдан өзгенің бәрін де жек көруге міндетті. Ақша оған топырақ есебінде, ал адуын әйел - әпжылан тәрізді болуға тиіс. Жұртқа ізгілікті ғана тілеп, арамдықты оның басына жуытқысы келмейтін жан, ақылдының дәл өзі, - деді. Осылайша сопы мысық әңгімесін көйіте берді, әлгі екеуі тындай-тыңдай бойы үйреніп жақындай түсті, бір мезетте мысық секіріп барып, екеуін де шеңгелдей қамтып, табан аузында өлтіріп жіберді. Міне, осы жоғарыда мен суреттеп, өткен қылықтарға тағы опасыздық пен қулық қосылса, міне, жапалақ сонда түгел көрінеді. Оны еш уақытта патша сайлаушы болмаңдар, - деп құзғын сөзін түйіпті. Топты құс оның айтқан сөзін қабылдапты да, жапалақты патша етіп сайламапты.

Тап осы арада жапалақ құзғынға жақындай түсіп: «Сен маған зор қиянат істедің. Осы қылығыңды түсіне алмадым, әлде саған мен бір

заманда қастық істеп, енді соның сазайын тартып тұрмын ба? Егер олай болмаса, онда сен де ұмытпа, балтамен кескен ағаш қайта өседі, түзеліп кетеді, семсер кескен ет пен сүйектің жарасы жазылады, бітіп кетеді, ал тілдің жарасы - дауасыз дерт, мәңгі жазылмайды. Денеге кеулей кірген сүйір оқты аздан кейін суырып алуға болады. Сөз де сол оқша шаншылады, бірақ жүрекке барып қадалса оны суырып тастауға болмайды, ол алынбайды. Әрбір жалынның өзіне арнаулы сөндіргіші бар, мысалы отты су сөндіреді, удың уытын дәрі кайтарады, махаббаттың дауасы жақындасу, қайғыны басатын сабыр. Ал өпшенділіктің жалыны өмірі сөнбейді. Ей, құзғындар, өшпенділіктің мәңгі ағашын егіп арамызға орнатып тұрсыңдар», - депті.

Жапалақ осы сөздерін долданып айтып, жәбірленіп шығып кетіпті. Ал құзғын өзінің қызулық істегеніне өкініпті де ішінен: «Сөлекет сөз айттым-ау, өзіме де, еліме де жау көбейттім ғой. Топты құстар тұрғанда мұны айтуға менің қандай ақым бар еді, солардың патшасы жөнінде де менің өте үздіге қам жеуім қате болды. Мүмкін солардың әрқайсысы-ақ менің көргенімді көріп, білгенімді білген шығар, бірақ алдын болжап, келешектегі зиянынан сескеніп, олар айтпаған шығар, өздерін-өздері тоқтатып сабыр еткен болар, сонда менің неге қимам қышыды, елден ала бөтен сонша неге лақтым екен? Өзіне қастап айтқан сөздерімді былай койғанда, елге әйгілеп тұқымын түгел масқаралау, оның жүрегіне дақ түсіріп, өшпес наразылығын, жаулығын қоздыру, міне осыны сөз деп атауға бола ма, жоқ, бұл сез емес, удың дәл өзі! Ақылды адам ойының әділдігіне, сөзінің растығына қанша сенсе де, ол өзінің әлгі ақылына, күш-куатына сүйеніп, кек тудыратын, өшпенділікке ұшырататын жағдайға бармаса керек, өйткені удың бетін қайыратын, басытқысы (дәрісі) бола тұрып, соған сеніп есті жан уды ішпейді ғой. Адамгершілік те ізгі ойлы жандардың ғана еншісіне тиеді. Олардың жанап қана айта салған сөздері қызықты болмаса да, түпкі маңызы тәжірибеде көрінеді, істің нәтижесі аяғында барып анық білінеді, ағытылып тұрған шешен сөз жұртты қанша тамсандырса да, оның сырт бейнесі үздік әдемі болса да, бәрібір ел оны іс біткен кезде тіпті дәріптемеуі де мүмкін. Түбінде опа бермейтін сөздерді сөйлегендігім үшін

айыптымын, ешкіммен ақылдаспай, бірнеше рет толғанып, өлшеп-пішпей осынша күрделі мәселені талқылауға менің батыл кірісуім, әрине, ұшқарылықтан туды. Кімде-кім ақылды достарымен ақылдаспаса, болашақ ісін әлденеше рет тәптіштей зерттеп, ойы-қырын ойламаса, ондай жан ақылының кемдігін әшкерелемей қоймайды екен, мен мұны жақсы білем. Бүгінгі істеген ісіме сай алған сыйым ғой, бұл маған өте ауыр болды, бұлай істеу лайык емес еді-ау!» - депті. Құзғын өзін-өзі осылайша тілдеп-тілдеп, ақыры ұшып кетіпті.

- Өзің сұраған соң айттым, жапалақтар мен құзғындардың

арасындағы соғыстың алғашқы себебі, міне осы болған, - деп сөзін аяқтапты.

Патша сонда: - Мен мұны түсіндім. Жапалақтар жөнінде не істеуіміз керек, қалай ойлайсың, ойыңды ашып айтшы, ең басты шарамыз не болмақ, енді сен осыны баяндашы, - деген.



Сонда құзғын сөзін былай бастапты: «Соғысу жөнінде мен өз пікірімді бағана айтып өттім, оны қуаттамайтынымды анық білдірдім. Тек енді бір амал-айла істеп қана жөн табам ба деген үмітім бар. Талай-талай күштерін сарп етіп, құтыла алмай жүрген ауыр жағдайлардан, көбінесе жұрт қулық жасап кұтылып, мақсаттарына жеткен ғой, мысалы осындай қулықты үш ұры бір сопыға жасап, оның лағын алдап алып кетсе керек», - депті.

Патша: «Ол уақиға қалай болған?» - деп сұрағанда, мынадай нақыл айтыпты: - Құрбанға шалу үшін бір сопы нән семіз лақ сатып алыпты. Сол лақты жетектеп үйіне қайтып келе жатқанын көреді де, екі-үш сұмырай қулардың оны алдағысы келеді. Солардың біреуі оның қасына жақындай беріп: «Ей, сопы! Мына жетектеп келе жатқаның қандай ит?» - деп сұрайды. Сонсоң екіншісі келіп: — Ей, сопы! Дәуде болса, мына итті сен аңға қоспақсың-ау! - дегенді айтады. Содан кейін үшіншісі таяна беріп:

«Сопы киімін киген осы адам, сопы емес-ау, сірә, өйткені сопы итті жетектеп жүрмес еді ғой!» - депті. Сонда сопы тұра қалып: «Мүмкін, сатушы менің көзімді байлап, алдаған шығар!» - депті де лақты тастай салып жүріп беріпті, сонда әлгі ұрылар лақты өзара бөлісіп алып, жайына кетіпті.

- Біз тілеген мақсатымызға алдаумен, айла арқылы жетеміз, мен

бұл нақылды тек сол үшін айтып өттім. Жоспарым мынау:

патша маған қапы ашулансын да мен туралы әскеріне жарлық қылсын. Олар мені қанға бояп, өлімші етіп ұрып, соқсын. Қанат, құйрығымды жұлмалап, ағаштың түбіне лақтырып тастасын. Содан кейін мен өз қулығымды орындап шыққанша, патша әскерін ертіп пәлен жерге барып, бой тасалай тұрсын, содан кейінгі әрекетті қалай орындайтынымды өзім білем, - депті.

Олар бәрін осылай істеді, патша құзғындарын ертіп, уәделі жерге барып орын тепті. Жапалақтар түнде ұшып келді де құзғындарды мекендерінен таба алмады, ал ағаштың түбінде жатқан жаралы жалғыз кұзғынды байқамады. Сол заматта әлгі құзғын ағаштың түбінде жатып осылар мені көрмей кетіп қалса, онда шеккен азабымның бәрі түгел бекерге шығады-ау деп қорықты. Ол дыбысын ептеп шығарып, ыңырси бастады, жапалақтардың біреуі оны естіп қалды. Құзғынды көрген жапалақтар патшасына хабар берді, жапалақтарын жанына ертіп, кұзғындардың қайда екенін сұрап білу үшін, патша енді осыған қарай беттеді. Жақындап келді де: «Өзі кім екен, басқа құзғындар қайда екен, осыны сұрап білші!» - деп патша бір жапалаққа жарлық етті. Сонда құзғын: «Мен бәленшенің баласы, бәленшемін. Ал сенің басқа құзғындар қайда деген сұрауыңа келсем, құпия сырды білерліктей кескінімнің жоқтығын өзің де көріп тұрсың ғой», - дегенді айтыпты.

Жапалақ патшасы: «Мынау құзғын патшасының үзеңгілес уәзірі, соның ақылшысы. Нендей қылмысы үшін мұндай жазаға кіріптар қылды екен, соны сұраңдаршы», - депті.

Сонда құзғын: «Олар менің пікірімді алаңғасарлық деп есептеді де, сонсоң мені осы жазаға тартты», - депті.

Патша: - Ал, сен қандай алаңғасарлық жасап едің? - деп сұрағанда, құзғын оған: - Сіздермен арада болып өткен уақиғадан кейін патшамыз бізді шақырып алып ақылдасты. — Уа, құзғындарым, қандай ойларың бар, айтыңдар деді. Мән-жайды жақсы білетін мен сөйледім. Менің байқауымша, жапалақтармен соғысуға сіздің мұршаңыз келмейді. Олар жау жүрек және сізден әлдеқайда күштірек. Ұйғарымыңыз екі ұдай болуға тиіс, бірінші: бітім сұраңыз да алым төлеңіз: Егер жапалақтар бұған көнсе жақсы болды, ал егер көнбесе, онда мемлекеттің ішіне қарай қашып жан сауғалайсыз. Соғысу жапалақтарға пайдалы да сіздерге қып-қызыл зиян деп, мен құзғындарға ақыл айттым,

егер олар бітімге көнсе, міне, ең игілі іс осы дедім. Айтқанына көніңдер, деп нұскадым және мынадай бір мысал да келтірдім. Ашуы да, оған серік қажырлы қайраты да мол, бет қаратпайтын күшті жауға бағыну керек. Дауыл қатты соққанда шөп ыққа қарай жапырылып жата қалады да, өзін-өзі аман сақтайды ғой, әлде сіздер осыны да көрмедіңіздер ме, - дедім. Бірак бұл сөздеріме олар көнбеді, қатты ашуланып, соғысуды қуаттап қасарысты да қалды. Маған сенбей күдіктеніп, «Жоқ, бұлай болмайды!» - десті. Айтқан ақылым мен көрсеткен жолымды мансұк етті де, сонсоң өзімді, міне, осы жазаға кіріптар қылды,

- деп сөзін бітірді.

Жапалақтардың патшасы құзғын хабарлаған әңгімені түгел тыңдап шықты да уәзірлердің біреуіне бұрылып, осы құзғын туралы сенің қандай пікірің бар деп сұрағанда, ол: «Бұл құзғын жөнінде көп ойланудың қажеті жок, тақсыр, оны тез өлтіру керек. Оның жалғыз өзі топты құзғынға татиды, мұны өлтірсек біз көп табысқа жетеміз, ақыл-айласынан құтыламыз да қауіптенбейтін боламыз. Бұдан айырылу құзғындарға қатты батады, олардың басына үлкен ауыртпалық түседі. Бұрынғылар айтқан екен: келелі істі жүзеге асыру қолынан келе тұрып, соны қапыда орындай алмаған жан, екінші рет ондай жағдайға кезікпейді,

- арманда кетеді, деген екен. Кімде-кім бір игі істің кезеңді мезгілін

күтіп жүрсе, міне, сол кезең туа қалғанда, ол өз ойын орындай алмаса - міне соның жұмысы сәтсіздікке ұшырайды, ол өкінеді, өйткені ондай мезгіл енді қайтып келмейді. Кімде- кім қақтығып қалған жауына жеке кездесіп табан аузында көзін жойып құтылмаса, сол ісіне ол соңынан опық жейді, артынан қайыра дайындалып, іздеп барғанда, енді оны жеңе алмайды, өйткені жау сақтанып үлгереді», - деп жауап қайырды.

Патша екінші уәзіріне қарап: «Бұл құзғын туралы сен не ойлайсың?»

-деп сұрады. Сонда ол: «Менің ойымша, мұны өлтірмеген дұрыс. Қарусыз, әлсіз жауға мейірбандық көрсету мақұл, оған кешірім істеп, өзін бос қою жөн. Кімде-кім қорғалап келіп тығылса, аяғыңа жығылса, ол қауіпсіз паналауға тиіс, бұтаға қорғалаған торғай да аман қалады ғой. Оның үстіне кейде болмашы бірдеменің өзі, жауыңды аяуға себеп болады, рақымыңды түсіреді, мысалы, сондай-ақ әйеліне өзінің күйеуін жақсы көрсетуге бір ұры сеп болыпты, бірақ осы қылығын әлгі ұры байқамапты», - деді.

Патша: «- Бұл қандай уакиға екен?» - деп сұрағанда:

Уәзір мынадай нақыл айтты: - Баяғыда бір бай көпес болыпты, оның тек әйелге сүйкімі жоқ екен. Уылжыған жас, сұлу әйелі болыпты, оны көпес құмарта сүйеді екен, бірак әйелі жек көріп өзін оған құшақтатпайды да баска тілектерін де орындамайды екен. Әйелінің жан құбылысын көпес біледі екен, бірақ оған деген өз махаббаты күн сайын еселеніп қоза береді екен. Бір күні түнде сол көпестің үйіне ұры кіріпті, осы кезде әйелі ояу, көпес ұйықтап жатыр екен. Ұрыдан қорқып әйелі күйеуіне тығылып, оны аймалай құшактаса керек. Осы ынтыға құшақтаудың салдарынан көпес оянып кетіп: «Мұндай мейірімді махаббат саған қайдан келіп душарласты екен?»

- деп дал болыпты. Сол жерде ұрыны көріп, өзін әйеліне лажсыз

құшақтатқан мына қорқудың салдары екенін түсініпті. Сонда көпес оны өз қасына шақырып алып: «Ей, ұры! Менің ақшамнан, дүние-мүлкімнен өзіңе қажет дегеніңді, қалағаныңды қалдырмай әкетуіне рұқсат етем. Мені жақсы көріп, әйелімнің ынтыға құшактауына сенің жәрдемің тиді, үлкен дәнекер болдың», - депті.

Бұдан кейін осы құзғын жайында патша үшінші уәзірінен сұрады.

Сонда ол тұрып:

- Бұл құзғынды өлтірмеңіз, мәпелеп күтіңіз, жақсылык істеңіз. Мен осыны мақұлдаймын. Сізбен шын дос болуға ол төтеп береді. Бір дұшпанның екінші дұшпанымен жауласуын ақылды адам ұлы табыс деп есептейді. Екі дұшпан өзара қырқысып, дау-шарға ұрынып жатса, міне, басыңды осы арада қорғайсың, мысалы қарақшы ұры мен шайтан екеуі қидаласып керісіп жатқанда бір сопы жан сауғалап аман қалыпты ғой, бұ да сол сияқты, - деді.

Патша: «Ол қалай болған екен?» - деп сұрады.

Сонда уәзірдің айтқан нақылы мынау болды: - Баяғыда пәленше деген сопы бір адамнан сауын сиыр алып, соны жетелеп үйіне қайтады. Сиырды ұрлау ниетімен қарақшы оның соңынан ереді. Осы мезетте адам кейпіне түскен шайтан қасына келіп қатарласа бергенде, қарақшы одан: - Сен кімсің?

- деп сұрайды. Ол: «Мен шайтанмын, мына сопының сонына еріп барып,

жұрт ұйқтаған кезде, оны ұстап алып, буындырып өлтірмекпін», - дейді. Қарақшы сонда: - Мен оның түнде

үйіне түсіп, осы сиырын ұрламақпын, -дегенді айтады. Бұлар осылайша сопының соңынан еріп, бірге аяңдайды да кешке таман оның үйіне жетеді. Сопы өз үйіне сиырын бірге ала кіреді. Сөйтіп кешкі асын ішеді де ұйыктап қалады. Осы арада қарақшы қауіпке кіреді, егер мен сиырды алмай тұрып, ең әуелі мына шайтан сопының өзін ала қашса, онда сопы ышқынып айғай салар да оның дауысына халық жиналар, сөйтіп мен сиырды ұрлай алмай бос қалармын, - деп ойлайды да шайтанға айтады: - Мен сиырды алып шыққанша сен кідіре тұр, артынан сопыға өз білгеніңді істерсің, - дейді. Енді шайтан қауіптенеді, егер қарақшы бұрын бастаса, оның қылығын көлденең біреу көріп қойса, сопыны оятар да, мен оны бас салып ұстай алмай қалармын, - деп қорқады да ол қарақшыға айтады: - Сен кідіре тұр, мен ең әуелі сопыны алып шығайын, сонсоң мейлің, сиырды не істесең де өз еркің, - дейді. Екеуі біріне-бірі көнбейді, ерегісе береді. Дау-жанжалы толастамайды, ақыр аяғында қарақшы оған: - Ей, сопы, ұйкыңнан оян! Мына шайтан сені әкеткелі тұр! - деп айғай салады, сонда: - Ей сопы, ұйқыңнан оян. Мына қарақшы сенің сиырыңды ұрлап әкеткелі тұр! - деп шайтан да қышқыра дауыстайды. Осы мезгілде бұлардың даусын естіп көршілерімен бірге сопы да оянады, сөйтіп ол аман қалады. Осылайша әлгі сұмырайлар мақсатына жете алмай бет-бетіне қашып, құр алақан кетеді, - деді.

Үшінші уәзір сөзін бітіргенде, осы құзғынды өлтіру керек деп ақыл берген бірінші уәзір қайта бастап кетті: «Менің байқауымша, мына құзғын сіздерді адастырып отыр, көлгірлік көрсетіп, мәймөңкөлей сөйлеп, алдап отыр. Ақылдың ұйғарымын мансұққа шығарып, сіздер тәуекелге бас байлап, қауіпті бетке түскелі тұрсыздар. Алайда, мұндай ұйғарымға асығыс бармаған жөн болар еді. Сіздердің үйғарып отырған ойларыңыздан беттеріңізді қанша қайтарса да, өз ісін, өзгенің де ісін жетік білетін ақылды жандардың айтқанына құлақ асқандарыңыз макұл ғой. Өзінің білгеніне сенбей, естігеніне сеніп, алданып қалатын алаңғасар ақымақ болмаңыздар немесе көргенін өтірікке жорып, естігенін шынға балап, қатты алданып, адасқан бір үйшінің кебін киіп жүрмеңіздер», - деді.

Патша: «Ол қалай болған уақиға?» - деп сұрады. Сонда уәзір мына нақылды баяндай жөнелді:

Баяғыда бір үйшінің нақсүйер әйелі болыпты. Сол әйелмен бөгде бір жігіт жүреді екен. Жақындарының біреуі біліп қойыпты да, осы әңгімені келіп үйшіге айтыпты. Бірақ үйші бұл іске шұғыл нана қоймай, көзін әбден жеткізу үшін бір күні әйеліне келіп:

- Ұлыққа жалданып, біраз ақша тауып қайту үшін көрші ауылға барғалы отырмын, онда бірнеше күн боламын. Сен менің жолыма азық-түлік даярла! - депті. Әйелі қатты қуаныпты да жолына азық дайындапты. Кешке таман ол әйеліне қарап: «Есігіңді мықтап жап, бірнеше күннен кейін өзім де келем ғой, соған дейін үйді аздырып-тоздырып, жүдетіп алма!» - депті. Сонан кейін ол жүріп кетіпті, есіктен сытылып шыққанша әйелі де көзін жазбай қарап тұрыпты. Соның артынша ол бұрын барып, әйелінің бөлмесіне кіріпті, бөлмеде әйелдің кереуеті тұрады екен, соның астына тығылыпты. Осы кезде әйел өзінің жігітіне кісі жіберіпті. Үйші бір жұмыспен сапар жүріп кетті, онда бірнеше күн болмақ, тез жетсін! - депті. Жігіті келген соң әйел оны ішкізіп, жегізіп, әбден тойғызыпты. Сосын жігіт әйелді алып барып кереуетке жатқызыпты, бұлар ұзақ сұқбаттасыпты, үйші қалғып-мүлгіп жатып, шыдай алмай ұйқтап кетіпті. Осы мезетте оның аяғы созылып, кереуеттің сыртына шығып қалыпты. Әйелі оны көріп қалып, істің жаманға айналғанын сезіпті. Сонда ол жігітіне бұрылып: - Күйеуіңді жақсы көресің бе, жоқ мені жақсы көресің бе деп, сен менен даусыңды көтеріңкіреп сұрашы, дегенді айтып сыбырлапты. Жігіт әйелдің тілегін орындап, әлгі сұрауды қойғанда, әйел оған: — Ей, сүйіктім-ай! Маған мұндай сұрақ қоюыңа не нәрсе себеп болды екен? Әлде сен білмейсің бе, біз дос іздегенде тек өз қажетімізді қанағаттандыру үшін ғана іздейміз, ал тояттап болғаннан кейін біз еркектердің жақсылық, жаманшылығына, қандай мінез- құлқы, іс-әрекеті барына көңіл аудармаймыз. Біреумен көңіл қосып қажетімізді ашқаннан кейін бізге әлгі жігіт те, күллі еркектің бәрі де бірдей болып қала береді. Ал күйеуге келсең оның жені басқа, ол туысқан бауыр той, ол әке ғой, ендеше, өз күйеуін менсінбейтін, оны өзіне тең санамайтын әйелді құдайдың қарғысы атсын! Мұндай сөзді енді екінші қабат менің сенен естігім де келмейді, — депті. Осы әңгіме құлағына тигенде әйеліне үйшінің жүрегі елжіреп, көңілі босап жылап жіберіпті, оның адал махаббатына алаңсыз сеніп, бәрін кешіріпті. Әйелін

ренжіткісі келмей, таң аппақ атқанша, қасындағы махаббат жары кеткенше, үйші қимылдамастан сол баяғы орнында жата беріпті. Сонсын ол кереуеттің астынан шыға келсе, әйелі ұйқтап жатыр екен. Жаңа ғана оянып кеткен кісіше әйелі бір мезгілде керіліп-созылыпты, ол осыған дейін бас жағында отырып, оның бетіне қонған шыбынды үркітумен болыпты. Үйші енді оянған әйеліне үңіліп: «Ей, жанымның саясы! Түні бойы кірпігің ілінбеді ғой, ұйқташы енді. Сенің нәзік жүрегіңе дақ салғым келмеді, әйтпесе ана жігітпен екеуміздің арамызда асқынған айғай, шиеленіскен дау-шар болатын еді», - депті.

- Мен бұл нақылды саған әдейі айттым, өйткені әйелінен естігенін шынға балап, өз көзімен көргенін өтірікке жорыған осы үйші тәрізді болмауыңды тілеймін. Сөзіне қарап бұл құзғынға сенбеңіздер, естеріңізде болсын, етене жақындай түсіп, қоян- қолтық алыспай жырақта қаптап жүрген қалың жау дұшпандық жасай алмайды, одан зиян келмейді. Мына сұмырай құзғынды көргенге дейін, сіздердің ол туралы айтқан сөздеріңізді естігенге дейін, мен ешқашан құзғындардан мұндай қорыққан емес едім,

- депті.


Алайда жапалақ патшасы да, басқа уәзірлері де оның сөзін елең құрлы көрмеді, патша бұл құзғынды өз сарайыма апарып кіргізіңдер, құрмет көрсетіп, сыйлаңдар деп әмір етті.

Сонда өлтіруді жақтаған уәзір мына сөзді тағы айтты:

- Бұл құзғынды өлтірмеуге беттесеңдер, онда сақ болыңдар, жау деп біліңдер, залымның дүпшандығын бойларыңа дарытып алмаңдар. Құзғын сұм, арамза залым, менің ойымша ол мұнда тек өз пайдасын көздеп, бізге зиян жасау үшін әдейі келіп отыр,

- деді. Бірақ патша оның сөзін елемеді, кұзғынды құрметтеп, сыйлай

беруден танбады. Құзғын да патшаның алдына барған сайын, өзі білгенінше қайдағы әдемі сөздерді тауып айтып, сиқырлап, алдаумен болды, ал баска жапалақтармен де жеке кездесіп сөйлесе кеткенде, сонда сұлу әңгімелерді шертті, осының салдарынан барып олардың мұнымен достығы, сенімі күшейе түсті, күн санап жақындаса, әмпейлесе берді.

Күндердің бір күні осының үйіне жапалақтар жиналды, ішінде мұны өлімге киған уәзір де бар еді, сонда құзғын сөз бастады: — Менің айтқан сертімді патшамызға жеткізіңдер, кұзғындар мені қатты жәбірледі, масқаралап жазаға тартты, солардан кегімді алмай жүрегім ешқашан жұбанар емес. Бірақ


312


ойлап-ойлап оны істеуге күшімнің жетпейтінін де сездім. Мен кұзғынмын ғой, патшаның кейбір жақын адамдарынан естуімше, жақтырмаған кісілерін ол отқа өртейді екен, құдайға арнап шалған осындай ірі құрбандығы үшін, ол шын жалбарынып, не тілесе сонысы орындалады екен. Осылай етіп, мені патша отқа өртеген болса, тәңірімнен жапалаққа айналдыра көр деп өтінер едім, сөйтіп жапалақ болып жауымнан кегімді алып, сусынымды қандырар едім, - деді.

Ту баста өлтіру керек деп ақыл берген жапалақ осы арада мынаны айтты: «Сырты сұлу, ындыны арам сенің осы сөздерің иісі аңқыған, түсі әп-әдемі, ішінде у араласқан шарап тәрізді. Егер сені біз отқа үйтсек, сонда сенін жаратылысың, бар нәсілің өзіңмен бірге өртеніп кетеді деп үғасың ба? Қайта сен өзіңнің бұрынғы негізіңе, дағдылы жаратылысыңа қайта оралмайсың ба? Баяғыда күн мен бұлтқа, жел мен тауға тигісі келген, ең ақырында осылардың бәрін тастап егеуқұйрыққа күйеуге шыққан тышқан тәрізді болмайсың ба?» -деді. Жиылған қауым, ол қандай уақиға еді деп сұрағанда, жапалақтың келтірген накылы мынау болды: - Өткен көне заманда құдайға құлшылығымен жаққан өте тақуа бір сопы болыпты. Бір күні өзеннің жиегінде отырса, тұяғында тұтқан тышқаны бар, бір кезқұйрық соның төбесінен ұшып өтіпті. Шеңгелінен сытылып кетіп, тышқан жерге түскенде сопы қатты аяпты, қолына алып, жеңінің ішіне тығып үйіне апарғысы келіпті. Бірак үй ішінің тышқанды асырауы қиын ғой, соны ойлап қамығыпты да, осыны қыз балаға айналдыра көр деп кұдайдан тілек етіпті. Міне, сонда ол бүлдіршіндей әдемі, қылықты қыз бала бола қалыпты, сопы оны жетектеп үйіне келіпті де әйеліне қарап:

- Мынау менің қызым, өз балаңнан кем көрмей асырап- сақта, -

депті. Әйелі де күйеуінің тілін екі етпепті, міне сол қыз енді кәмелетке жеткенде (он екі жасқа толғанда) сопы оған: «Ей, қызым! Сенің күйеуге шығар шағың жетті. Адам болсын, пері болсын, бәрібір қалағаныңа қосайын, сен өзіңе лайық күйеу таңда!» - депті.

Қыз: - Дүниедегі ең күшті, қажымайтын қайсар күйеуге тигім келеді,

- дегенде, сопы:

- Мүмкін, сенің күнді күйеу еткің келетін шығар? - дейді де, ол күнге беттеп: — Мынау әдемі қыз, өзімнің туған баламдай.

Менің оны саған қосқым келеді, өйткені ол дүниедегі ең күшті, ең қажымас қайсар жанды іздейді, - деген екен.



Сонда күн: «Олай болса дүниеде менен де күшті бар, соны көрсетейін, қызыңды бұлтқа бер, ол менің жарық сәулемді көлегейлеп, қуатымды әлсіретеді», - деп жауап қайырды. Сопы бұлтқа барып, тағы әлгі сөзін пысықтады. Бұлт оған: - Дүниедегі ең күшті, сарқылмас қуаты бар нәрсе жел, ол қайда айдаса, мен сонда барам, сен қызыңды соған бер, - деп сілтегенде, сопы желге барып әлгі сөздерін қайталады. Жел: - Менен күшті нәрсе тау, оны мен орнынан да тебіренте алмаймын, - дегенде, сопы осы сөздерін барып тауға да айтыпты. Тау оған: - Өзімнен күштіні көрсетейін - ол егеуқұйрық. Мені талқандап күнде қазады одан құтыла алмай қойдым, - дегенді айтты. Енді сопы егеуқұйрыкка барып:

- Мынау қызыма сен үйленбейсің бе? - деп сұрағанда ол: - Менің

інім тар, жұдырықтай сияғым мынау, мен қалай үйленбекпін? ~ деп тойтарды. Сонда қыз сопыға: - құдайдың мені тышқанға айналдыруын дұға оқып, жалбарынып сұраңызшы, - деді. Сонда сопы тәңірісіне табынды, қыз табан аузында тышқан кейпіне кірді, сөйтіп, егеуқұйрыққа тиді де ежелгі өз жынысын тапты.

- Міне, сұрқия сиқыршы, бұл нақыл сенің қылығыңа дәл келеді, -

деді. Бірақ патша да, басқа жапалақтар да бұл мысалға көңілдерін аудармады, бұрынғы қалпынша оны сыйлап күте берді, олар тек мәпелеп құрметтеуде болды, олармен осылай ауыз жаласқан құзғынның жұлынған қанаттары қайта өсіп, тойынды да әбден семіріп алды. Ол көргісі келгенін көрді де, білгісі келгенін толық білді. Сонсоң жансыз түрде қашып кетіп, құзғындардың патшасына барып айтты: - «Мен арманды ойымды орындадым, соны баяндап сені қуантқалы келдім. Ендігі іс өз қолыңда. Егер батыл қимылдап, қаймықпай іс істесеңіз, онда жапалақ патшасының да, соңына ерген әскерінің де, тұқымы құрымақ, - дегенде, патша оған: - Біз сенің сөзіңді таптындырмай тыңдаймыз. Тек не істеу керек екенін нұсқа! - деп кесіп айтты.

Құзғын сонда: - Жапалақтар пәлен жерде жатыр. Күндіз олар мынадай жерге жиналады. Құрғақ шөмшектің мол жерін де білем. Сол құрғақ отынды әрбір кұзғын әлі келгенше тасып, жапалақтардың күндіз жиналатын мекені – қапсағайдың

беткейіне апарып үйсін. Мен сол жерден от тауып алып, ешкімнің көзіне көрінбей ептеп барып, әлгі қапсағайдың арасына үйілген отынның үстіне тастап жіберейін. Осы кезде сендер жәрдем беріңдер, қанаттарыңмен сабалап жел тұрғызыңдар, үйілген шөмшек жанғанша отты үргілей беріңдер. Сонда ұшып шыққан жапалақтар жалынға түсіп өртенеді де, қалғандары түтінге тұншығады, - деді.

Құзғындар осылай істеді, жапалақтарды түгел қырды, сонан кейін өздері аман-есен мекеніне келіп бейбіт өмір сүрді.

Ақырында құзғынның патшасы мына құзғыннан:

- Ізгі жандар залымдармен достаса алмайды ғой, ал сен жапалақтардың ішінде тұруға қалай шыдадың екен? - деп сұраған.

Құзғын: - Рас айтасыз, бірақ ақылды жанға бір өте қиын, өте ауыр жағдай кездессе, сол ауыртпалықтың өз басына, не бар тұқымына зияны тиетінін түсініп қорықса, сонда ол неше алуан қиындыққа көнбек, ақыр аяғында мұратына жету үшін шыдай бермек. Бұл кезде ол қайғы-қасіретті де елемейді, бекзаттығын да ескермейді, белгілі мақсатына жеткенше өзінен төмен жандарға да басын иіп құлдық ұрады, көне береді. Артынан даңқы шыққанда істеген ісінің нәтижесіне, ақылының жемісіне рақаттанады, өзінің шыдамдылығына қатты ырза болады, - деді. Патша тұрып: «Жапалақтардың ақыл парасаты қандай екен, енді сен соны баяндашы», - деген.

Құзғын тағы сөйлеп кетті. Мені өлімге бұйырған бір жапалақтан басқа олардың ішінен ақылдыны таппадым. Жапалақтардың ой-өрісі менен төмен екен, құпия сырымды байқай алмады, ең ақылдысы есептеліп, құзғындардың арасында жоғары лауазымға ие болғанымды да естеріне алмады. Мені қулық істеп, алдап кетер деген қауіп оларда болмады. Менің ішкі арам пиғылымды жете үғып, өздеріне жаны ашыған әлгі бір саналы жапалақ ойын ашып-ақ айтты, өз жұртын сүйетіндігін білдірді, мұны өлтіру мақұл деп кеңес берді, бірақ ақылдынын өсиетін ақымақтар қабылдамады, ақыл таразысына салмады, келелі пікірді мансұқ етті. Сөйтіп олар өздерінің құпия сырын менен жасырмады, алды-артын абайламады, - деді. Осының артын ала құзғын мына сөзді айтты: «Патша өзінің құпия қылығын, жасырын ісін сезіктенген адамына сездірмеу керек, сондыктан әлгі сезікті жанды патшаның хат-қатынастары

сақталатын сарайларға, күрделі құпия сыры бар мекен жайларға жақындатпау жөн, патшаның ішетін суына да, жуынып, дәрет алатын жеріне де, мінетін атына да, қару-жарағына да, жейтін тағамына да, сусынына да, дәрі-дәрмегіне де, алтын қазынасына да, хош иісті бау-бақшасына да ондай жанды жолатпау мақұл», - деді.

Патша осы арада: - Менің байқауымша жапалақ патшасының түбіне жеткен өзінің менмендігі мен уәзірлерінің ақылсыздығы болар, сірә, - деді.

Құзғын сонда: - Сөзіңіз рас. Бұрынғылар айтқан ғой, менмендікке билетпейтін жан кемде-кем, әйел құмардың рәсуа болмайтыны аз, тамақты мөлшерінен асыра жеп ауырмай қалатын кісі сирек, жартымсыз уәзірлердің тілін алып, пәлеге ұшырамайтын патша некен-саяқ деген екен. Тағы айтыпты: тәкаппар адам ізгі атаққа сусамасын, алдамшы аяр өзіне дос көксемесін, тәрбиесіз жан бекзаттыққа ұмтылмасын, өзі сараң біреуден мейірбандық күтпесін, қомағай, ашқарак жан күнәсінің кемуін тілемесін, уәзірлері ақылсыз, өзі аңқау патша кулықты күйттеп мемлекетін нығайтуды арман етпесін, - депті.

Патша отырып: - Жапалақтарға жарамсақсып, олардың алдында құлдык ұрып, сен ауыр бейнетті басыңнан кешірдің- ау! - дегенде, құзғын оған: рас солай болды. Бірақ мен бұған шыдағанда, келешекте соның көмегі тиерін білдім. Бұрынғылар айтыпты, арты қайырлы болуына сенген жан, жауын иығына салып арқалап жүруге ауырсынбайды. Пайдасы тиер деп үміттенген адам, құрбақаны арқалауға көнген жылан тәрізді, қорлыққа басын байлап, соған шыдай алады деген екен, - деді.

Патша: «Ол қандай уакиға екен?» - деп сұрады.

Сонда құзғынның айтқан нақылы мынау еді: - Баяғыда бір жылан әбден қартайып тұғырдан түсіпті, аң аулап, тамағын табуға мұршасы келмепті. Бұрын өзі аң аулап талай рет келіп жүрген, құрбақасы көп қарасудың жиегіне бүгін де тамақ іздеп, жорғалап әрең жетіпті. қарасудың жиегіне таман жақындап келіп, қарансуалып жатыпты. Сол кезде бір кұрбақа: - Саған не болды? Менің байқауымша, қатты қамығып тұрсың ғой! - дегенде, жылан оған, - Қалай қамықпайын! Өмірімнің көбін құрбақаны аулаумен өткізіп едім, бірақ казір басыма пәле кездесті, оларды аулаудан тыйылдым, кұрбақалар бірінен соң бірі тізбектеліп қасыма келіп тұрса да менің енді оларды жұтуға батылым бармас еді, -

деп жауап қайырды. Құрбақа естігенін барып өзінің патшасына жеткізіп, қуантса керек. Патша жыланның қасына келіп: «Бұл уақиғаға сен қалай кезіктің?» - деп сұрағанда, жылан оған: «Мейірімі түсіп, патша өз қолынан бермесе, мен енді кұрбаканың ешқайсысын өздігімнен ұстап жұта алмаспын», - депті.

Патша: «Неге олай, себебі не?» - деп сұраған. Жылан оған: - Осыдан бірнеше түн бұрын, ұстап жегім келді де бір кұрбаканың қыр соңына түстім, сөйтіп оны бір сопының қараңғы үйіне апарып қуып тықтым. Сол үйде сопының баласы бар екен, мен соның саусағына кезіктім де шағып алдым, оны байқамай құрбақа деп ұғыппын, ол табан аузында өліп кетті. Мен қаша жөнелдім, сопы соңымнан қуып келе жатып мені карғады, ол әділдікті аяғыңа басып, сен менің баламды жазықсыз өлтірдің, сондықтан қарғаймын сені, егіз-екі оңба, өмір бойы қорлықта өт, бақа патшасының астына мінетін көлігі бол, құрбақаны жеу саған бұйырмасын, егер патшасынын мейірбандығы ұстап өз қолынан бермесе, оларды жеуге сенің мұршаң келмесін, дегенді айтты. Міне, мен осыған мойындадым да саған көлік болу үшін өздігімнен келіп тұрмын, - деп жауап беріпті. Жыланды салт мінуге патша қатты кұмартыпты, өйткені бұл өзіне бедел, үлкен даңқ береді деп ойлапты. Сөйтіп ол бірнеше күндей салт мініп жүріпті, сонсоң жылан оған сен білесің ғой, мені қарғыс атты, мейірімің түсіп, бірдеме бермесең, аулап жеуге рұқсат жоқ. Маған қорек ететін бірдемені өзің белгілеші, - деген. Патша: «Менің салт мінетін көлігіме өлмес қорек табылады, осының даусыз растығына тіршілігімді айғак етіп ант берейін!» - депті. Ол күн сайын екі кұрбақаны ұстап алып, жыланға тастаңдар деген жарлық шығарыпты. Жылан осылай өмір сүріпті. Сөйтіп жексұрын жауының алдында кішірею оған зиян етпепті, қайта оның пайдасын көріпті, кішірею оған күн көргіш қорек, жейтін тамақ болыпты.

- Мен де сол жыланша шыдадым, келешектегі ұлы пайдамыз үшін көндім, жаудың кырылуы да, өзіміздің тынышталуымыз да соның жемісі ғой, - депті.

Сонда патша: «Жауды жылдам омақа асыру үшін, долданып оқыс қимылдаудан гөрі, биязы әрекет істеп, алдап, арбау артық екен-ау», - деп қалды. Лаулап жанған от қанша ыстық болса да, ағашқа тисе ол жердің бетінде тұрған бөлшегін ғана

өртей алады, одан әрі бара алмайды, ал су сонша жұмсак, әрі салқын бола тұрып, жеті қабат жердің астындағы әлгі ағаштың тамырын кеулеп тас-талқан етеді ғой. Бұрынғылардан қалған сөз бар, болмашы үлесін қораш көріп, қомсынуға жарамайтын төрт нәрсе бар, соның біреуі - от, екіншісі - ауру, үшіншісі - жау, төртіншісі - борыш екен, - деді.

Құзғын айтты: «Осының бәріне біз патшаның бақ талайы мен асқаралы ақылы арқылы жетіп отырмыз. Ежелден қалған сөз бар: екі адам бірдей бақытка ұмтылса, оған қай ерлігі асқаны бұрын жетеді. Ал екеуінің ерлігі бірдей болса, онда алғыр ақылдысы ие болады, егер екеуінің ерлігі де, ақылы да тең түссе, онда көмекшісі көптің жолы болады, ал егер бұл жағынан да тең келсе, онда бақталайы артық жан мақсатына бұрын жетеді. Тағы бір жерде айтыпты: кімде-кім төңірегінде толып жатқан көмекшілері бар, алды-артын абайлап әрекет жасайтын, рақат өмірге сеніп мастанбайтын, ауыртпалық кездескенде әуреге түсіп жасқанбайтын патшамен соғысса, сол адам өз басына пәлені өзі тілеп алады, - депті. Сен тәрізді кісіні сөз етудің де жөні жоқ, өйткені, ей патшам, сен істің жайына машықсың, оңтайлы мезгілді таба білесің, қай жерде күш, қай жерде майда қылық, қай жерде ашу, қай жерде ырзаласу, қай жерде асығу, қай жерде мешеулеу керек екенін алдын ала болжайсың, өз әрекетіңнің; ақыры немен тынарын да, белгілі күнін де ерте өлшеп-пішіп қоясың», - деді.

Патша айтты: «Жоқ, олай емес, осы жақсылыққа біз тек сенің ақылың мен алғыр ойың арқылы жеттік. Самсаған сары қолдан гөрі, көп дұшпанды жеңуге кейде бір адамның ақыл- айласы төтеп бере алады екен. Менің ойымша, ең таңырқайтын іс, ол сенің жапалақтар арасында ұзақ уақыт болып, неше алуан өрескел қылық көріп, дөрекі сөздер ести отырып, ең болмаса сол арада бір сөзіңді жазатайым қате айтпауың», - деді.

Құзғын айтты: «Ей, патшам, мен үнемі сенің үйреткен өсиетіңді тиянақ еттім. Мен жақынмен де, алыспен де достастым, бәріне де биязылық көрсетіп, құрдай жорғаладым, олардың алдына түсіп, айдауына көндім, бабын тауып, байпандай бердім, өйткені дұшпанмен араласып, оған қарсы залымдық істеп, зиян ойлаған жан, өзінің арам пиғылын бағыныштық пен көнгіштік арқылы жүзеге асыруы мақұл», - деген ғой.

Патша сонда: «Саған дұшпаның қарсыласпаса бұл сөзіңді мен дұрыс деп табамын», - деген.

Құзғын оған: - Бұрынғылар айтқан екен: - Алғыр ойлы, саналы адамдармен кеңесе білетін жетік жан - басталар уақиғаның алғашқы кезеңінде көлденең біреуден өзінің көздеген мақсатына қайшы ұнамсыз қылық, көрсе де немесе өрескел сөз естісе де елемеуі керек, өйткені оның бәрі өз пайдасына шешіледі, ақыры қайырлы болып, қуанышпен тынады. Ал істің байыбына көз жібермей, өзінің құмартуына жел беретін адамның кеңесі алғашқы кезде рақатқа бөлеп, жұбатса да, бірақ ақыр соңында қырсықты зиян болып шығады деген екен,

- деді.


Патша айтты: «Менің байқауымша, сен іс білетін құс екенсің, басқа уәзірлерім қадір қасиетсіз, құр мылжың екен. Ия, патшаның достары көбінесе осындай болады ғой. Құдай- тағала бізге көп мейірімін түсірді, бұған дейін біз ұйқының да, тағамның да тәттілігін сезбеуші едік», - деді. Құзғын айтты: «Ескіден қалған сөз бар. Әбден жазылғанша, ұйқының да, тағамның да тәтті дәмін ауру ажырата алмайды, ақшаға немесе көрнекті лауазымға ұмтылуын патшаның өзі қоздырған тойымсыз сараң да, өз ойы орындалғанша жарғақ кұлағы жастыққа тимейді, олардың дәмін сезе алмайды, сондай- ақ жау тиген ел де ертеден кешке дейін қорқа береді, сөйтіп ол дұшпанынан әбден құтылғанша тағам мен ұйқының дәмін білмейді», - депті ғой. Тағы айтыпты: «Ұшқалақ кіді

мінезден кұтылған жанның - жүрегі жай табады, ауыр жүктен босанса

- адамның арқасы тыныстайды, ал дұшпаннан қауіпсізденген жанның көкірегі кеңіп сала береді», - депті. Дұшпаныңды қырғынға ұшыратқан тәңірім патшаларыңның өмірін ұзақ етсін, қол астындағы еліңе сені мейірімді қылсын, халқың да мемлекетіңе адал қызмет етсін, мен осыны тілеймін. Өйткені патша өз мемлекетіндегі бағынушыларына мейірлі болмаса, онда ол ешкінің мойнына біткен түймеге ұксайды, оны лақ емшек деп сорады, бірақ еш барқадар таба алмайды, - деді.

Патша: «Әскерінің алдында жапалақ патшасы өзін қалай ұстайды екен?» - деп сұрағанда.

Құзғын оған: «Өте паң, менсінбейтін мүлде ірі, алдамшы аяр екен, түкке тұрғысыз ұсақ және ақылы тайыз екен. Ал уәзірлері мен жолдастары да, тек мені өлтіруге ақыл берген

біреуінен басқасы, түгел өзіне ұксайды екен», - деп жауап қайырды.

Патша сол жерде: «Оның ақылын сен қалай байқадың?» - деп сұрағанда.

Құзғын оған: - Екі сипатынан байқадым. Біріншісі - ол мені өлтіру керек деген билік айтты, ал екіншісі - өзімен есептеспесе де келелі пікірін күлтелемей баяндады. Сонымен бірге оның сөзінде не дөрекілік, не ұрыншақтық жоқ, өте әдепті әрі майда сөйледі, көбінесе ол патшасына тура айтады, бірақ патша оған ашуланбайды; ал кейде басқалардың кемшілігін көрсеткендей болып, тұспалдай сөйлейді, сонда патшаның кемшілігін түйреп өтеді, оған да патша ашу шақыра алмайды. Сөзінің арасында оның мынаны айтқанын да естіп қалдым: «Өз істеріне патша салақ болмауы керек, өйткені қиын жұмысты тек біраз адам ғана адақтап шыға алады, бұған қырағы болу мақұл, себебі мезгілі өтіп кетсе қайтып ол қолға түспейді, өз істеріне патша мұқият болсын, алды-артын абайлап отырсын. Егер даңқты женімпаздың жаулап алған өлкесі көрікті болмаса, қол астындағы елінің жағдайы реттелмесе, үнемі қорқынышта бұғып жүретін маймыл тәрізді, ол да тишығып, дем ала алмайды. Әкімдік күшті де жарылқай да алады, бірақ қолына түскен жан оны сақтай білсін, ықтияттап ұстасын. Бұрынғылардың сөзі бар: кызғалдақтың гүлінен пайда болтан көлеңкедей, әкімдік те баянсыз, сондай-ақ ол ақылды адамның арамза залыммен достығындай оңғақ келеді. Аждаһадан сактанғандай әкімдіктен де сақтана білу керек, өйткені аждаһа құйын тәрізді, кенеттен келіп соғып өтеді. Жексұрын қоғам тәрізді әкімдік те басқа түскен пәле, үлкен ауыртпалық қой. Әкімдік тұтқиыл келеді де, жыланша шағады, жаңбыр суының бетіндегі көбіктей жылдам жоғалады. Әкімдіктің қайырсыздығы күндестікке ұксайды, ал пайдасы түсте көрген дүние-мүлік тәрізді, бірақ оянғанда түсіңде көргенің орындалмайды, - босқа кетеді. Тәңірі дұшпандарының көзін жойсын, патшамыз олардың үстінде қаздай қалкып, үйректей жүзсін, кұдайдың оған берері таусылмасын, оның көмегінен, көз қырын салуынан патшамыз ажырамасын, деген еді», - деді.




Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет