Сайділ талжанов 3 томды қ ш ы ғ армаларжина ғ Ы


ДИМНӘ ІСІНІҢ ТЕКСЕРІЛУІ ТУРАЛЫ НЕМЕСЕ



бет18/27
Дата31.12.2019
өлшемі2,11 Mb.
#54002
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27

ДИМНӘ ІСІНІҢ ТЕКСЕРІЛУІ ТУРАЛЫ НЕМЕСЕ


ҚАРА БАСЫНЫҢ ҚАМЫН КӨЗДЕП, БАСҚАҒА ҚИЯНАТ ЖАСАМАҚШЫ БОЛҒАН АДАМ ТУРАЛЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ІСІНІҢ НЕМЕН

ТЫНҒАНЫ ЖАЙЫНДА
ПАТША философқа қарап: «Қаскүнем зәлімнің әзәзілдігі жайлы оның аққа қара жағу арқылы шынды өтірікке айналдырғаны, сөйтіп екі тату-тәтті жанды шақ-шақ қып жауықтырғаны жайлы әңгімеңді тыңдап өттім. Енді хош көрсең, Димнәнің күнәсін арыстанның қалай біліп қойғанын, міне сол үшін оны өлтіргенін және Димнәнің қылмысынан танып, қалай ақталмақ болғанын айт», - деді.

Сонда философ Бейдауа: - Димнәнің уақиғасын баяндайтын кітаптардан біз мынаны кездестірдік: Шатрабаны өлтіргеннен кейін, арыстан оның өзімен достығын, жасасқан шартын есіне түсіріп, асығыстық істегеніне өкінді. Арыстан әскерінің ішінде бір қаблан болушы еді, ол басқа достарының бәрінен де ең құрметтісі әрі қызмет бабында ең жоғары мәртебелісі еді. Басқалардан гөрі арыстан онымен күндіз де, түнде де ұзақ оңаша отырып сұқбат жасайтын. Шатраба өлгеннен кейін уайым-қайғыдан сергу үшін, достарымен түнде ұзақ отырып арыстан әңгімелесуді шығарды. Бір күні түнде осындай бір әңгімеге қаблан да қатысты. Түн ортасы едәуір ауған кезде, ол арыстанның қасынан шығып, үйіне қайтты. Арыстан үйі Кәлилә мен Димнә үйінен онша қашык емес еді. Қаблан да олармен ашына болатын, үйіне апарып от тұтату үшін тамызық ала кеткелі сонда кірді.

Қаблан үйге таянған кезде олардың сөйлесіп отырған даусын естіді де, тыңдай қалды, қыбыр етпестен тұрып олардың сөзін түтел есітті. Оның негізгі ұққаны мынау болды: Димнәнің ісі мен ниетінің жамандығын, күнәсінің ауыр екендігін және опасыздығын Кәлилә бетіне басып отыр екен. Сонда Кәлилә өз айтқанын дәлелдеу үшін бір сөзінде:- Сен арыстан мен бұқаның арасына лаң салдың, бұрынғы қалыптасқан махаббат пен достықты бұздың, оның орнына өшпенділік тудырдың,

жауластырып екеуін ажыраттың, бұл тұрақтылықтың жоқтығы, ұждансыз пасықтығың, дәл осы мінезің өз ісіңе айғақ болып арыстанның көзін ашпақ. Сонымен сен де қысымға түсесің, ал оның нәтижесі ауыр болар да, ащы азап шегерсің. Опасыздық әр кез жұмсақ басталып, дамыған сайын дәмі жақсарады, бірақ жемісі ащы болады, жары тіп-тік, ернеуі тайғақ келеді. Маған сенен аулақтау керек, екеуміздің арамыздағы достық осымен бітсін, өйткені сенің жауыздығың және опасыздығың маған да лаңын тигізіп жүрмесін. Данышпандар айтқан екен: -өз басыңа сенімсіздік тумасын десең күдікті адамнан аулақ жүр, - деп. Міне, мен енді сенімен достықты доғардым, әрі сенімді, әрі адал уәзірімен патшаны жауластырған сенің зұлымдығың бірінен-бірін ажыратты, ендігі жерде мен де сенен аулақ жүрмекпін. Сен ақ істі көлеңкелеп, өтірікпен бүркемеледің, ақырында, жауыздық тудырып, пәлеге душар еттің, айыбы жоқ жазықсызды өлтіріп тындың, - дегенді шертіп өтті.

Димнә: «Болар іс болды, қайта оңалып орнына келмейді. Сен енді мені де, өзіңді де қыспаққа салма, онан да арыстанның жүрегіне түскен қаяуды білтелеуге тырыс, өйткені өзіме де осы ісім жексұрын-ақ, маған мұны істеткен кызғаншақтық пен ашқаратық қой», - деп сөзін түйді.

Қаблан мына сөзді естіген соң ептей аяңдап, аяғын асыға басып арыстанның шешесіне келді. Мына сырды не арыстанға не басқа біреуге ашып-шапшайтын сертті сөзін алды да, уәделесіп болған соң, Кәлиләнің не айтқанын, оған Димнәнің қалай мойындағанын түгел баяндады.

Ертеңгісін анасы арыстанға келсе, ол кайғыға батып, жабығып отыр екен, сонда шешесі: «Уайымдағанмен өткен іс оңалмайды, одан пайда жоқ. Қайғыны да құртып, жаныңды жегідей жейді. Құдайға шүкір, сенің тәжірибең мол, істің түрлі құбылысын, қалтарасын аңғара білесің. Егер кайғырудың іске себі болса, онда бізге де қайғы жүкте, ал қайғы арқылы өткен іс жөнделмейтін шақта, одан аулақ бол да, ұтымды жағын қарастыр. Шатраба туралы өзіңе жеткен хабарды тексертсең, шындық пен өтірікті айыру саған қиын емес қой», - деді.

Арыстан: «Оны мен қалай істеймін?» - деп сұрағанда.

Арыстанның анасы: «Данышпандар айтқан екен: Кімде- кім досы мен қасын ажыратқысы келсе, олар туралы естігенін

ой талқысына салып, өз жүрегімен сырлассын», - деген екен. Өйткені өзің басқаға қандай болсаң, олар да саған сондай көзқараста болады. Адамның өзіне карсы шығатын айғақтың ең күштісі өз жүрегі той, өз жүрегің өзіне қайшы келіп тұр, бұған қарағанда сен бұл іске ұғынбай кіріскен екенсің. Біле-білсең негізгі қатең осы, егер сен бұка туралы өзіңе жеткен хабарды ішіңе сақтап, ашуыңды басып, терең ойлансаң, жүрегіңе жүгінсең, міне сонда оның өтірік екенін әлгі өз жүрегің-ак дәлелдеп берер еді. Өйткені бірінің құпия сырын бірі ашуына келгенде, дүниедегі барлык жүректің қабілеті бірдей. Өзіңнің бұқаға істеген қылығыңды жүрегіңдегі құбылыспен салыстырып байқашы, сонсоң бұқаның қылмысымен жүрегіңнің ол туралы нендей күй шертетінін өлшеп көрші, сонда не болып шығар екен, - деді.

Арыстан: «Бұқа өлгеннен кейін мен көп ойландым, оның бірлі-жарым жазығын тапсам ашуыма орын беретін кінә болар ма екен дедім, жоқ, таба алмадым, қайта ойланған сайын жақсы қасиеттері әйгіленіп, менің сүйіспеншілігім оған арта берді. Мен оның мінезінен ашуымды келтірген дәл осы дерліктей ешбір зұлымдықтың белгісін таппадым, ал оның маған қарсы шығуына татырлык мен де оған ешқандай жамандық істегенім жоқ екен. Бұл іс туралы тергеу жүргізіп анығына жетпекшімін, бұл, әрине, менің қатемді жөндей алмайды, солай болса да, бағытымның оң-терісі әйгіленуін мақұл көрем.

Сен бұл туралы не естідің, білгенің болса айт», - деді.

Арыстанның анасы: «Иә, рас мен еміс-еміс бірдеме естідім, оны нөкерлеріңнің біреуі ешкімге айтпа деп тапсырып еді. Данышпандар айтқан екен: құпия сырды ашпа, тапсырылған затты салақсынбай сақтай біл, — деген екен, осы бір себеп кесе- көлденең тұрмаса, мен саған білгенімді айтқан болар едім, онда сен пайдасыз істен тыйылған болар едің, міне, осы жағдай сенің сақтанатын адамыңды корғап тұр-ау, сірә!» - деді.

Арыстан: «Данышпандардың шешендік сөздері неше алуан, мәнісі әр қилы, жағдайына қарай өзгеріп отырады. Соның бәрін де үнемі жасыра бер демейді. Әр істің өз орны, өз мәні бар. Егер жасыру орынды болса, оны қолдану пайдалы да жақсы ғой, ал егер орнын таппаса, сол жасырудың өзі залал болып шығады да апатқа ұшыратады. Жариялайтын нәрсені

бүгіп қалу, ал жарияламайтын жерде соны жариялау; міне, бұл екеуі де зор зиянға соқтырады, мұндай кезеңде мешеулік көрсеткенді құптауға болмайды. Бұл істі жасырып, үндемей аяқсыз тастауыңа ешбір жол жоқ. Менің топшылауымша, айтқан адам өз міндетінен кұтылған тәрізді, бар ауыртпалықты осыдан келер жақсылык, жамандықты саған жүктеген сияқты. Бұл сырды сен жариялауға міндеттісің, егер жарияламасаң ауыр күйзеліске ұшырайсың. Маған сырды түгел ашып айт та, арқалаған жүкті мойныңнан түсір», - деді.

Арыстанның анасы: «Мен сенің айтқаныңа түсіндім, шынында, істің мәні осылай еді. Мен орағытып ұзак сөйлеуге мәжбүр болдым, өйткені сенің көкірегіңе мұның беріш болып жабысқанын білдім. Менің аңғаруымша, сен әрі батыл, әрі шын пейіліңмен дәл жазықтыны, арамза опасызды жазалап, сазайын әділ тартқызбақсың, сөйтіп, акиқаттың түбіне жетпекші екенсің, бұл ниетіңе кедергі жасауға болмас. Бірақ мынаны айтшы, осы сенде мен туралы күдіктену жоқ па?» - деп сұрады.

Арыстан: «Сенен ешбір қаупім жоқ, ақ ниетіңе

күдіктенбеймін де. Алайда, мына құпия сырды әшкерелеуден саған келер зиянды да байқап тұрғам жоқ», - деді.

Арыстанның анасы: «Жоқ, олай емес, маған бұдан келетін үш түрлі зиян бар. Соның бірі - кұпия сырын әшкерелегендіктен, соны айтқан кісімен екеуміздің арамыздағы достық жойылады. Екіншісі - сеніп тапсырған сертті бұзамын, үшіншісі - маған бұрын сенген жандар қорқады да бұдан былай сырын айтпайтын болады», - деді.

Арыстан; «Істің мән-жайы дәл өзің айтқандай екені рас. Ендеше, каламаған нәрсеңді сұрамаймын, сонда да ниетіңнің ақтығына ешқандай күмәнім жоқ. Енді сен сырдың иесін де ашпай-ақ қой, оның жасырын айтқанын да әйгілеме, бірақ уақиғаның негізгі мәнін ғана баяндап өтші», - деді.

Арыстанның анасы естігенінің нобайын келте қайырды, өзіне айтушының есімін де атаған жоқ. Қысқаша оның айтқаны мына мазмұнда еді: - Игі адамдардың арасына іріткі салатындар мына өтірікшілер, опасыздар, өсекшілер, залымдар ғой, ұлықтар мен өкімдер, міне, осылардың көзін құртсын. Жұрттың арасына іріткі салушылар алдымен қуылсын, сонымен қатар оларга көмек еткен әкімдер мен іс басындағылар қамтылатын

болсын. Сен Димнәні өлім жазасына кесуге тиістісің, өйткені зиянды істің ең үлкені екі жағдайдан туады, соның бірі - кұпия сырды ашу, екіншісі - опасызға сену деген екен. Адал уәзірің, ең әділ көмекшің Шатраба еді, сол екеуіңнің араңа дұшпандықтын ұрығын сепкен. - Ол Димнәнің опасыздығы, сонын өрескел жауыздығы, түпсіз өтірікшілігі еді. Міне, енді құпия сырын анық білдің, жасырын жоспары әйгіленді, бұрын өзіне айтылған бейнесінде танып отырсың. Димнәнің жасырын сыры ашылса, жүрегінің түкпір-түкпіріндегі құпиялары актарылып әшкереленсе, міне сенің әскеріңе де, өзіңе де бейбітшілік орнайды. Істеген жазығы үшін өлім жазасына кес, әскеріңді оның содырынан корғап қал. Түзеліп кеткен күнде де бұл сияқтыларға сенім жок. Уа, патшам! Құрғақ өтінішке елігіп жазықтының күнәсін кешірер болсаң, егер осы жөнінде ойға түссең, есіңде болсын, ең ауыр қылмыс мына ашық та жасырын жүргізген Димнәнің күнәсіне жетпейді, қалай дегенмен бұл өтірік айтты, опасыздық көрсетті, өсек арқылы айыпсыз жанды, көкірегін кір шалмаған, ындыны таза уәзіріңді өзіңе шағыстырды. Сөйтіп, күншілдіктің зардабынан ол міскіннің сенімі жойылды да, патшаның тырнағына ілігіп, қаза тапты, - деді.

Сөзін онан әрі қарай білтелеп анасы тағы сөйледі, күнәкер жанға кешірім жасаудың игілі іс екенін данышпандардың уағыздайтыны да маған мәлім. Бірақ кешіруге қарайтын күнә коғамға түгел зардабын тигізбейді, оны қоғам мүшелерінің кейбір есуастары қылмыс істегенде өзіне дәлел етіп пайдаланбайды, осындай істерде патша да амал қолданады, оның қаупі жұртка тамырын жаймайды, міне, осындай күнәні ғана кешіру игілі іс, бірақ, дәл мынадай қылмысты кешіруге мүлде болмайды, - деді.

Арыстан шешесін үйіне қайырды. Таңертең әскеріне адам жіберіп, басшыларын шақыртып алды. Осыдан кейін анасын шақыртты, ең соңында Димнәні да адам жіберіп алдырды. Жиналып алдына келгенше айыпты екенін сездіріп, арыстан Димнәға қыр көрсетті. Димнә арыстанның сыр бергенін сезіп, өмірден күдер үзіп, өзімен қатар тұрған біреуге сыбырлады: «Осында бәріңіз түгел жыйылып келгендей әлде патшамыз бір уақиғаға ұшырады ма екен?» - деп сұрады. Сонда арыстанның

анасы: «Орасан зор уақиға - сенің тарихың, зұлымдықтың ең күштісі - сенің зұлымдығың, патшаны жек көруің, адал уәзірін өлтіруің, міне, осы сұрқиялығың бас қосуға себеп болды», - деді.

Димнә: «Болған іс туралы бірінші адам артына сөз қалдырды деп мен ойламаймын. Кезінде айтылған мына сөз іске асқан болар. Кімде-кім залалды істен қашса, соның қармағына, көбінесе өзі ілінеді деуші еді. Опасыздыктың әсері илахи, патша мен әскеріне тие көрмесінші! Бұл сөздің жауыз адаммен дос болғандар туралы айтылатынын да білемін, мәселен, істейтін қылықтарын біле тұрса да, зұлыммен дос болған жан оның жауыздығынан сақтанып құтыла алмайды. Сондықтан ондай адаммен қарым-қатынас жасағаннан гөрі, таулы жерде оңашада жалғыз тұруды тақуалар ұнатады екен, олар тәңіріге еңбектенуді мына оның мақұлығына істеген еңбегінен гөрі игі іс деп біледі екен. Өйткені тәңірімнің бір өзі ғана жақсылықка жақсылықты сый ете алады. Ал егер адамға келетін болсак, оның ісі түрлі жолмен жүреді, көбінесе онда дұрысырақ болмайды. Біреуге көмек көрсеткісі келген патша әсіресе әділдік істеуге міндетті, өйткені ол бір мұқтаждықтан немесе осы ісінің немен тынарын білмей қорықкандықтан сый көрсетпейді ғой. Патшалардың әділдікті аңсауы олардың ардақты қасиеті. Шын пейілмен айтылған кеңестен артық қандай әдемі қылық бар? Жұрттың бәріне мәлім, осы отырғандар түгел біледі, бұка мен екеуміздің арамызда қастандық тудырар еш нәрсе болған емес. Мен оған жамандық ойламадым, өйткені келер пайда-зиян жоқ еді. Мен патшаға бұка жөнінде өте әділдік білдірдім, сезіп білгенімді ғана айттым, ол менің айтқандарымның дұрыстығын іс жүзінде өзі аңғарды да сақтық істеді. Менің дұшпандарым өңшең мүттайымдар ғой, адалдығымды көре алмайды, сондықтан бәрі бірігіп мені осы бәлеге кездестіріп отыр, енді орға жығып өлтірмекші. Адалдығым үшін әрі өзіне істеген жақсылығым үшін кейін, патша мені өлтірмегеніне қынжылар деген кауіп менде болған жоқ», — деді. Димнәнің сөзін естіген соң арыстан: «Мынаны бұл жерде тұрғызбай сотқа алып барыңдар. Мұның ісіне тергеу жүргізсін, мен ақиқат пен әділдіктің бағытын аңғармай тұрып бұған не жақсы, не жаман деп еш нәрсе айтқым келмейді», - деді.

Димнә патшаға иіліп тағзым етті де: «Уа, патшам! Осы тәрізді іске ынталанып көңіл бөлу, соқырдың көзіне нұр, күнгіртке сәуле, қараңғыға жарық бергенмен тең. Ағаш пен тастың негізінде оттың бар екенін, патшам, сен білесің ғой, егер соны біреу сырттан ұрып шақпаса, тырысып еңбек істемесе, ол от жанып, пайдаға аспас еді. Егер мен кінәлі болсам, соның әшкереленуінен қорқар едім, бірақ мен өзімнің жазығым жоқтығын анық білем де, іс тексерілсе ғана ақтығым анықталар еді деп

үміттенемін. Хош иісті немесе сасық иісті зат та дәл осы тәрізді: күнбе-күн иісін мүңкітіп өзін-өзі әйгілейді. Егер осы іс жөнінде азын-аулақ жазығым болса, сол жаза тартуды патша қақпасының алдында жүріп, телміріп күтпес те едім, баяғыда-ақ бой тасалап қашып кеткен болар едім. Патшам ісімді тексерушілерге тапсырса екен, актығымды анықтайтын айғақ дәлелдерді олар әр күн патшаның өзіне хабарлап тұрса екен, сөйтіп, патшам менің бір ісімді екінші ісіммен салыстырып, өзінің мен туралы пікірін қорытса екен, маған дегенде әділдігі жоқ қаскүнемдердің күдікті айғағына сүйеніп қатеге ұрынбаса екен, міне, менің бар тілегім осы. Шынында да, бұканың әйгілі қастандығын патша өз көзімен көрді, ал менің патшаға деген сүйіспеншілігім, қамқорлығым әлемге аян ғой, ендеше, мына жаладан арашалауға осының өзі-ақ жететін тәрізді. Орнымның төмендігіне, дәрежемнің шағындығына кім күмәндана алады. Алайда кұлдық нәсіліме бағып өзімді өзім сорлатқым келмейді, менен жоғары мансапта тұрғандардың тілегін орындауға бара алмаспын, сірә. Патшаның құлы бола тұрсам да маған оның әділдігінің шарапаты тірлігінде де, өлгенде де тиер деп сенем. Ал егер патшам менің ісімді тексерушіге беретін болса, онда да жүрдім-бардым қарамасын, өзімді ақтап айтатын дәлелдерімді күнбе-күн өзіне жеткізіп тұруды тапсырсын. Егер менің дәлелім әлсіз келіп, өзіме төнген жауыздықты тойтара алмасам, тағдыр мені бақытсыздыққа ұшыратса, патшам ісімді тексермесе, тәптештеп, тергемесе, пәледен қорғамаса, жалақор зұлымдардың сөзіне иланып жазыксыз жазаласа, онда бір құдайдан басқа сүйенішім жок, өйткені бұл кайғыны тәңірінің өзі ғана серпілте алады. Даналар айтқан ғой кімде-кім өзіне күдікті нәрсені ақиқат деп тапса, сенуге тұрарлық затты өтірікке баласа, міне бұл адам өз құлын аймалап, кұмарын қандырған
әйел секілді болады, соңынан әлгі құл әйелді алдап, масқаралап та кетсе керек», - деді.

Арыстан Димнәға бетін бұрып: «Ол қалай болып еді?»

- деп сұрағанда:

Димнәнің айтқан нақылы мынау болды: - Кашомир атанатын жерде Тасирун1 деген кала бар екен, онда Хабал атты саудагердің сұлу әйелі болыпты деседі. Сол үйдің касында бір өнерпаз сұлу суретші тұрады екен, ол әлгі саудагердің әйелімен тамыр болыпты. Бір күні суретші келсе, әйел оған: «Сен түнде келген сайын дыбыс бермей, тас лақтырмай, тағы сол сияқты күдіктенуге себеп боларлық белгі көрсетпей үйге кіретін басқа бір амал таба алмайсың ба? Бұл екеумізге де қолайлы болар еді»,

- депті. Сонда суретші тұрып: «Осы туралы менде бір амал бар, оны сен

де ұнатасың. Үстіме киетін желеңім бар, оның бір беті айдың нұры тәрізді аппақ, ал екінші беті қап-қара — түннің кою қараңғылығына ұқсайды. Ендеше, соның ақ жағы саған қараңғы түнде, қара жаты ай жарықта белгі болсын. Мен саған осы белгімен келіп жүрейін, сен мені сұрау қоймай-ақ қабылдайтын бол», - депті. Бұлар осылай сөйлеп тұрғанда саудагердің құлы жуық жерде жүр екен, барлык әңгімені түгел естіпті. Біраз уақыт өткеннен кейін әлгі құл суретшінің күңіне барыпты, онымен бұрыннан өзінің жақындығы бар екен, қожасының желеңін уақытша сұрапты, бір таныс адамға көрсетіп, кайта әкелмекші болыпты. Күңінен желеңді алып киіпті де, суретші тәрізденіп барып әйелге кездесіпті. Әйел ешбір сезіктенбей, өзінің нақ сүйер досындай көріп, аймалап құмарта қарсы алыпты. Әйелмен ісін бітіргеннен кейін желеңді ол күңге әкеліп беріпті, күң оны орынына іліп қойыпты. Бұл кезде суретші үйінде жоқ екен. Түннің ортасы ауған кезде суретші үйіне келіп желеңді киіпті де, әйелге қарай жөнеліпті. Желеңді көре салып, әйел суретшіге жақындай түсіпті де: «Сенің тез қайтып оралуыңа не себеп болды, ымыртта ғана әжетіңді орындап кетіп едің ғой?» - депті. Суретші мынаны естігенде көңілі суыпты, үйіне қайта келіп, күңін шақырып алып, болған істің мән-жайын қысып сұрапты, ұрарманға келіпті. Қыз қорыққанынан шынын айтыпты. Суретші сонда істеген ісіне өкініпті де желеңді отқа өртепті.







1 Қаланың аты, мүлде өзгеріп кеткен, анықтауға ешбір мүмкіндік жоқ.

Уа, патшам! Бұл нақылды мен әдейі айттым, есіңде болсын, алдамшы қулық - ол жалған, ал жалғанның түбі, соны айтушының өзін масқараға ұшыратпақ. Ей, патшам! Тіміскі бұзықтардың жымысқы тіліне еріп, айыпсыз досыңды өлтіруің дұрыс емес. Өлімнен қорыққанымнан айтып отырғаным жок, одан қорыққаныммен құтыла да алмаймын ғой, өмірге келген жанның ешқайсысы да кұтылмайды. Егер менің көзімді патшамның шын-ақ жойғысы келсе, жүз жаным болса да, бәрін түгел ризалықпен берер едім. Ал, егер патшам, маған өлім жазасын кескенде тыныштық пен қуанышқа жететін болса, онда да ара тұрмаймын, өйткені бұл жөнінде данышпандар айтқан сөз бар. Кімде-кім қателік істеп күнәлі болса, сөйтіп адал тақуаның орнына өзін өлім жазасына қиса, осы адамның күнәсі кешіріліп ақыреттің азабынан құтылады деген ғой. Зорлық-зомбылық істеуден, қастандық көрсетіп біреуге озбырлық жасаудан, патшаның жанын тәңірім таза жаратқан, ол кесепаттың азғыруына, зұлымның айласына елікпейді, мен бұған сенем. Сонда да болса тексеру, зерттеу ісінде патшам асығыстык істемесе екен. Данышпандар айтқан ғой. Жақсы адамның кеңесін әркім қабылдайды, есалаң жан да жігерл і болса, ақылдының кеңесіне құлақ асады, сөйтіп ол ұлғайған кәріліктің де, тәжірибенің де мұршасы келмейтін бақытсыздықтан аулақ болады, - депті.

Осылайша өзін ақтай сөйлеп тұрған кезде, патша нөкерлерінің бірі Димнәнің сөзін бөліпті,- Уа, патшам! Димнәнің патшаға да ырық бергісі келмей тұр, оның ақылын да қомсынатын түрі бар-ау, сірә. Залымдығы үшін басына төнген қауіпті кейін серіпкісі келеді ғой, - депті.

Димнә: «Ой, опасыз сорлы-ай, өзін-өзі ақтаған, сірә, жазаға тартыла ма екен? Адамға өзінен жақын кім бар? Егер ақталуға өзінің талабы болмаса оған кім жақсылық ойламакшы? Мені өзімнен артық кім сүймек, немесе өзімнен басқа кімді мен жақсы көрмекпін? Даналар айтқан ғой: өзін өзі жаратпаған жан, басқаны онан бетер ұнатпайды, сөйтіп оқшаулана береді, ондай адам өтірікке бейім тұрады, ешкіммен келісе алмайды, - деген гой. Өз айтқаныңды толық түсінбейтінің мынау отырған жұртқа аян болды, оны осы сөздерің әшкереледі, тіпті тиісті корытынды шығара алмайтыныңды да анық көрсетті.

Өшпенділік пен қызғанышты меңгере билей алмағандығың аңғарылды, осы тұрғандардың ешқайсысын жақсы көрмейтінің де әшкереленді. Өзіңе де, өзгеге де жау екеніңді жұрт сөзіңнен байқап қалды. Мұндайлар тек хайуанаттармен ғана ауыл-үй қонуға тиісті. Сен енді патшаға келуші болма, қақпасының алдына жуыма! Өйткені сен күнәкәрліктен де, есуастықтан да ажырай алмайсың», деді.

Осы сөздер айтылғанда әлгінің үн қатуға мұршасы келмеді, ұялғанынан шығып кетті. Сонда арыстаңның анасы: «Сөйлесіп тұрған кісіңді басынып, оған еркін жауап қайыруың кызық-ау, сенің! Қалай дегеніңмен, ақтала алмайсың, істеген қылмысың рас қой», - деді.

Димнә: «Менің сорыма, сен бір көзіңмен көріп, бір құлағыңмен ғана естіп тұрсың. Егер бұлай болса, барлық зат өзгеріп, тірі жан танымастай болып оңып кетпек, шындықты ашып айтушы да, оны жақтаушы да болмас еді, тек бүйрегі бұра сөйлеу ғана өріс алмақ қой. Кімде-кім патша қақпасының алдында жүрсе, оған өзі кәміл сенсе, сүйенішіндей көрсе, міне, сол адам ақиқатқа сәйкес нәрсені де, тіпті оған қарама-қарсы жәйтті де тартынбай сөйлей алады, ал патша да оған қарсы келмейді, бетін қайтармайды», - деді.

Арыстанның анасы: «Мына орасан зор қылмыс жасаған бақытсыз сорлыға, өтірікші суайтқа қараңыздаршы! Жұрттың көзін алдап, өзін-өзі ақтауын көрмейсің бе?!» - деді.

Димнә: «Сенің суреттеп тұрған адамың мен емес, ол құпия сырды бүге алмай, әшкерелейтін жан: еркек бола түра әйелдің киімін киетін, ал әйел бола тұра еркектің киімін киетін адам; өзі қонакқа келіп отырып, үй иесіне көсемсіп даурығатын жан; патшаның алдында отырып шаршы топта өзінен сұрамаған мәселеге қатысатын адам», - деді.

Арыстанның анасы: «Мүмкін сен өз жауыздығыңды білмейтін де боларсың? Ақталуға дәлелдерің жеткіліксіз-ақ, ендеше, сақтанғаның жөн ғой», - деді.

Димнә: «Зұлымдыққа құныққан жанның ешкімге жақсылық істегісі келмейді, әрі ешкімді пәледен ол қорғамайды», - деді.

Арыстанның анасы: «Ей, опасыз өтірікші! Патша өлімнен кұтқара ма деп дәметесің ғой, мына сөзге сондықтан ұрынып тұрсың-ау!» - деді.

Димнә: «Опасыз өтірікшінің қастандығынан дұшпаны құтыла алмайды, қолына күш тисе болғаны, айыбы жоқ жанның да ол түбіне жетеді», - деді.

Арыстанның анасы: «Өшпенділіктен туған арамза

опасыздығың әшкереленді, соны көріп отырып, мына сенің накыл, өсиеттеріңді тыңдау өте ауыр екен», - деді.

Димнә: «Қабылданатын болса өсиет айтудың да тек осы арада ғана орны бар», - деді.

Арыстанның анасы: «Ей, опасыз жауыз! Егер ұғатын болсаң, мына жауыздығың сені өсиет айтудан тоқтатар еді ғой», -деді.

Димнә: «Кімде-кім өзіне пайда ойлаған адамды қорғытып үрейлендірсе, дұшпанының қастыгын әйгілеген адамға жауықса, міне осы өтірікші!» - деді.

Арыстанның анасы: «Ей, өтірікші! Сен өзіңе лайықты жазадан құтылуыңа сеніп, осынша шалқып сөйлейсің-ау», -деді.

Димнә: «Кімде-кім жақсылыққа жамандық істесе, достыққа қастық істесе, бейбітшілік орнына қорқыныш тудырса, міне өтірікші деп осыны айтады. Ал маған келсең, мен тек берген уәдемді орындадым, жасаған шартымды бұзбадым», - деді.

Арыстанның анасы: «Орындаган уәдең не, жасаған шартың не туралы еді?» - деп сұраганда.

Димнә: «Қожамның өзіне аян, егер мен шын өтірікші болсам, онда сол иемнің алдында босқа лағып, өтірікті көйітуге батылым да бармас еді гой», - деп жауап қайырды.

Өзін әбден ақтап, арашалап қалу үшін айтқан Димнәнің сөздері арыстанды жұмсартып бара жатқанын сезді, сол сөздердің кейбіреуіне ұйып қала ма деген қоркыныш биледі де анасы арыстанға қарап: - Келтірген дәлелдерін тыңдап, оған үндемей қалу, соның айтқанын ақиқатқа балаумен барабар. Бұл туралы бұрынғы данышпандар: - үндемегені - келіскені, - дейді екен, - деп салды. Осыны айтты да, анасы ашуланып шығып кетті.

Димнә жөнінде арыстан бұйрық берді, сөйтіп, оның мойнына құрсау салынды да түрмеге жабылды. Димнәнің ісі тексерілсін деп арыстан жарлық етті. Сол арада арыстанның анасы: - Мен біраздан бері Димнәнің опасыздығы туралы үздіксіз көп әңгіме

естимін. Кейін оның өсекшілдігін, опасыздығын, бос сөзге әуес жалтарымпаз екенін, дәлелдерінің үстірт кететінін білдім, осының бәрін әбден анықтадым. Егер сөйлеуге оған мүмкіндік берсең, ол өтірік дәлелді судай сапырып, сені шатастырады, ал өлім жазасына тезірек кесілсе, онда өзің үшін де, әскерің үшін де бейбітшілік туады. Мүмкіндігі болғанда оны жылдамырак өлтіруге күдіктенбей, тартынбай кіріс! Әскеріңнің кәрі-жасы Димнәнің өсекшілдігін де, тағы басқа арамза қылықтарын да жақсы біледі. Оның желікпе сөздері күндіз-түні, тіпті бір сәттей де еліктірген емес, ал опасыз қылықтары оның жаратылысындағы зұлымдықтың көрінісі, бұл өз алдыңда да айқын елес берді ғой. Әсіресе, жазықсыз, ақ көңіл, адал досың, уәзірлердің ішіндегі ең жақсысы Шатрабаға істеген озбырлығы қандай десеңші! Ешкімді күдіктендіре алмайтын әйгілі жауыздықтары туралы хабар маған күн сайын жедел жетіп тұрады. Сен де бұған күмәнданба! Ал егер лепіртіп қоя берсең, әдемілей айтып, бос сөзбен тойдырады, опасыздығы мен жауыздығы әлсіремейді, құлпыра әсерленіп, күшейе түседі. Ол өтірікке әдеттенген, бұл оның тұрақты қасиеті болып алған. Ендеше, онымен егесті доғарып, ауыр кінәсі үшін өлім жазасына кескенде ғана өзің де, әскерің де түгел тыныштық табады, - деді.

Арыстан: «Патшаларға жуық тұратындардың арасында, мансапқа таласу, қызмет дәрежелерін бір-бірінен қызғанып күндеушілік, көре алмаушылық көп болады, әсіресе араларындағы ең ақылдысын, адал ниеттісін күндейді. Димнәнің қызмет орны менің әскерлерімнің, туғандарымның бірсыпырасына ұнамайды, мүмкін, көпшіліктің бірігіп оған қарсы тұруында толып жатқан осы себептердің де некен-саяқ әсері болуға ықтимал. Бұл істе асығыстық істегім келмейді, өйткені Димнәнің қылмысын сипаттайтын қаралаушылардың нақтылы дәлелдері жоқ. Міне, сол болса ғана сенімді дос жазалануға тиісті. Егер мен көңіл күйіме беріліп, асығыстық істесем, тексермей, нақтылы айыбын мойнына қоймай, дүр шеше салсам, онда мен өз басымды да күнәдан арашалай алмаймын ғой. Сен әлгі істің мән-жайын өзіңе жеткізген, адал да, эәіл жанның аты-жөнін маған айтшы», - деді.

Арыстанның анасы: «Айтушының тіліне сенімім өте зор, оны сен де шыншыл жанға балайсың. Онымен құпия сырыңды да бөлісесің, ол ақ ниет адал досың - қаблан», - деді.

Арыстан: «Ендеше, абыржыма, аман бол, ешбір қам жеме! Менің бір жобам бар, соны іске асыруым керек», - деді.

Анасының көңілі жай тауып, шыгып кетті, арыстан ұйкыға кірісті.

Димнәні қараңгы қапасқа камап денесін құрсаулап тастады. Димнә туралы бұл хабар Кәлиләға жеткенде, ол өткенде болған екеуінің арасындағы бұрынгы достығын, бірге жүрген өмірін, бір-біріне көрсеткен бауырмалдығын есіне түсіріп, жаны ашып, қатты күйзелді. Ол жасырынып барып абактыдағы Димнәға кездесті. Димнәны көргенде оның бақытсыздыққа ұшыраған ауыр күйін мүсіркеп Кәлилә жылады, сонда: - «Сенің мына күйіңде менің насихат айтуым кажет емес тәрізді. Бірақ ескерткенім де орынсыз болмас. Сатан деген айнымас махаббатымды, жағдайыңа карасу жөніндегі міндетімді есіңе салғаным артық та емес шығар. Егер мезгілінде сатан жетерліктей кеңес бермеген болсам, онда осы кезде сенімен бірге менің де жазтырылуым жөн еді, бірақ өзіңе өзің қызығып насаттануың түбіңе жетті, ақыл-санаңды сол билеп әкетті. Мен сатан данышпандардың сөздерін талай рет мысалға да келтірдім: «Қастандық істеген жан мезгілінен бұрын өледі» дегенді де айттым. «Бұрын өледі» деген сөз, тек өмірдің үзілуін мегзеу емес еді, мына сенің жағдайың тәрізді өмір жолында кездескен қиыншылықты айтушы еді. Дәл мына жағдайыңнан өлім әлдеқайда тыныш қой», - дегенді шертіп өтті.

Сонда Димнә: «Сен үнемі тырысып бактың, ақылыңды да, кеңесіңді де сарқа айттың, бірак көре алмай күндеушілік, мансап құмарлык менің саналы ойымды топастыққа ұшыратты да, айтқандарыңды есуастыққа жорытты, бұл жөнінде мен тамаққа тәбеті тартқан ауру адам тәрізді болдым. Ac жесе ауруы асқынатынын, денсаулытына зиян келетінін біле тұра елең кылмай, ол өзінің кұмартуына құл болған ғой. Мен өзіме- өзім бақытсыздықтың ұрытын сеуіп жүргенімді білдім, бірақ сепкен дәннің асыққанмен мезгілі жетпей өніп жер бетіне көрінбейтіні мәлім ғой. Менің сепкенімнің мезгілі енді жетті. Бірақ мені әсіресе үрейлендіре беретін бір нәрсе бар, ол екеуміздің арамызда болтан қарым-қатынас қой, соны ескеріп менің қылмысымды саған да таға ма деп қорқамын. Мысалы, менің қылмысымды біліп едім деп мойныңа алсаң, сол кезде

саған да пәле салмай ма, міне осыдан сескенемін. Егер сен басқаша сөйлесең мұны білмеп едім деп тансаң, онда, әрине, қауіптен аулақ боласың, сенің сөзіңе ешкім күдіктене алмайды ғой. Ал енді мендей жан не істеу керек?» - деді.

Кәлилә: «Мен толық түсіндім. Даналар айтқан ғой: асығыс жазаланудың тәнге зардабы ауыр, егер шындықты да, өтірікті де уақытында айта білсең, онда асығыстықтан аулақ болуың мүмкін, деген екен. Менің ойымша мына бақытсыздыққа душар болған жағдайда, саған өзіңнің жауыздығыңды мойындаудан басқа еш нәрсе қалған жоқ, тым болмаса, күнәңді мойныңа алғаның үшін, саған ақыретте жеңілдік болар ма еді, қайтер еді? Енді сен сөзсіз апатқа ұшырайсың, бұл дүниенің азабын тартканың жетер, тым болмаса ақыретте жеңілдік табатын болсаңшы», - деді.

Димнә: «Сөзің адал да, әділ екен. Мен осы айтқаныңды есімде тұтармын. Бірақ менің есімде өлшеусіз қорқыныш та, шытырман қиындық та бар, сондықтан бірдеңеге өздерінің көзі жетпей тұрып, мен еш нәрсе айта алмаспын», - деді.

Кәлилә мұңайып үйіне қайтты. Ол түрлі ауыртпалықтардың, жауыздықтардын боларын ойлап, тебірене толғанды, осындай неше алуан ой үстінде отырғанда, кенеттен бұлкан-талқан болып іші ауырды да сол түні таңға жақын дүние салды.

Димнә жатқан абақтының бір түкпіріне бір жыртқыш аң қамалған екен. Кәлилә мен Димнәнің әңгімесі басталғанда ол ұйқысынан шошып ояныпты да, бұлардың өзара сөйлескен сөздерін түгел тыңдапты. Ол естігендерін ешкімге айтпай, құпия сақтап, бүгіп қалыпты.

Ертеңгісін Димнәнің ісі туралы анасы арыстанның есіне салыпты, сонда: «Кімде-кім опасыз жауызды тірі қалдырса, ол адал жанды өлім жазасына кескенмен бірдей. Өйткені опасызды өлімнен құтқарған жан соның серігі болып саналады, ал адал тақуаның өмір сүруіне жағдай жасаған адам, ол соның тақуалық ісінде досы болып есептеледі», - депті.

Димнәнің ісін тез бітір деп арыстан әділ қазы мен қабланға жарлық етіпті. Димнә туралы таныстарының бәрінен жауап алыңдар, қылмысты істері туралы өзінің ақталып айтқан сөздерін, айыбын мойнына алмай жалтара сөйлеген әдістерін, мезгілінде маған баяндап тұрыңдар деп тапсырыпты.

Қаблан мен әділ қазы тексеру ісін жүргізуге кірісіпті. Димнәні әкелуге кісі жіберіпті. Айдап алып келгенде топтың ортасында шоқиып отырыпты. Қаблан бірінші болып сөз сөйлепті, сонда ол: «Ей, жиылған жауынгер тобы! Білесіңдер ме сендер, аң біткеннің әміршісі Шатрабаны өлтіргеннен бері көңілі жарым, зор қайғы тартуда, мұң шегуде. Ол Шатрабаны жазықсыз өлтірдім, бұған Димнәнің өтірігі мен өсегі себеп болды деп біледі. Міне, сондықтан барлық әділ билердің басын қосып, Димнәнің ісіне тексеру жүргіз деп мына қазыға тапсырып отыр. Мұның не жамандығын, не жақсылығын білген жандар мына әділ қазылар мен куәлердің алдында жасырмай айтсын, Димнәнің ісін қарағанда бұлар оны ұмытпай ескеретін болсын. Сөйтіп, кім де болса жек көргендіктен бұрмалауға тырыспасын, орынсыз жазғыруға патшамызды арандатпасын. Өзіне қарсы істеген азғана жазығы үшін жауапқа тарту жазғырушыға мүлде лайық емес», - депті.

Қазы отырып: «Сендер әлгі айтылған сөзді естідіңдер ғой, білгендерің болса жасырмай айтыңдар, сонда мынадай үш жағдайға сүйеніңдер: Біріншіден берген куәліктерің шын болсын, мойнына жүктелген борышына нұқсан келтіретін зор күнәні шағынға баламасын, осындай осал қылықты жасырып жақсы адамды апатқа ұшыратпасын, одан ауыр күнә жоқ. Қателік істеуге итермелеу де, біреу арқылы екінші кісіге өтірік, өсек таңып апатка киліктіру де ауыр күнә. Егер мұндайды жасырушы оның кылмысынан пәк бола тұра, сол жазықтының ісіне ортақ болудан шет қала алмайды. Екіншіден, біздің қылмыстыны жазалауымыз да тиянақсыз адамдарға сабақ болады, патшалыққа да, елге де игілігін тигізеді. Үшіншіден, егер залымдар елінен қуылса, онда бұқара арасындағы байланыс күшейеді, шындықты сүюшілерді қуанышқа бөлейді, ал сүйінуші адамдар мен жақсылыққа бейім тұрушыларды бақытты етеді. Сендердің әркайсыларың өз білгенін айтсын, сонда ғана соттар әділдік істей алады, бұрмалап үкім шығармайтын болады», - депті. Сөйлеуші сөзін бітіргенде, отырғандар жым-жырт болды, ешкім сөз сөйлемеді. Өйткені олар Димнәнің ісі туралы ештеңені анык білмеуші еді. Құралақан пікір айтқысы келмеді, олай етсе соттың үкіміне әсерін тигізер де, өлім жазасына кесер деп қорықты. Ешкім сөйлемеген соң Димнә өзі

сөз алды

да: «Егер кылмысты болсам, онда менің ісім туралы сөйлемей отырғандарыңа қуанар да едім, бірақ кандай күнәмнің барын сендер білмейсіңдер, аз да болса менің бұдан да хабарым бар еді, ал егер біреудің күнәсін анық білмесе, оны айыптай да алмайды, сонымен ол айыпсыз болып табылып ақталуға тиісті. Бірақ мен туралы пікірлеріңді сендер айтуға міндеттісіңдер, өйткені менің өмір сүруіме, не өлім жазасына бұйырылуыма, сол сөздеріңнің де алыс-жақын ықпалы болуы мүмкін. Кімде- кім менің ісім туралы еш нәрсе білмей тұрып, көмескі болжау айтса, сол орынсыз сөйлегеннің салдарынан, өзі білмейтінді білемін деген дәрігердің кейпін кимек», - депті.

Қазы: - Ол қандай уакиға еді? - деп сұрағанда. Димнәнің айтқан нақылы мынау болды: - Синд1 еліндегі қалалардың бірінде, инабатты әрі білімді бір дәрігер болыпты, тұтынған дәрілері әсерлі екен, түрлі ауруларды емдеп жазғаны үшін ол еліне де өте қадірлі болса керек. Осы дәрігер дүниеден қайтыс болыпты, кейінгілер оның кітапта жазғандарын көп пайдаланыпты. Бір кезде жарымес біреу дәрігерлік ғылымға жетікпін деген ел ішіне сөз таратыпты. Осы қалада патшаның қызы болыпты, оны патша жиеніне қосыпты. Әлгі қыз жүкті болыпты да, екі қабат әйелдерде кездесетін үйреншікті толғак ауруы басталыпты. Патша дәрігер іздеттіріпті. Осыдан бірнеше фарсах2 жерде бір дәрігер тұрады, өзі өте білгіш екен деген патшаға хабар жетіпті. Патшаның жіберген адамы келсе, дәрігердің екі көзі бірдей кәріліктен соқыр болып калыпты. Оған әйелдің дертін тағы оның түрлі белгілерін түсіндірсе керек, сонда ол белгілі рамхаран3 деген дэріні ішуге косыпты. Патшаның жіберген адамы дэріні істеп беруін сұрапты. Дәрігер өзімнің білгеніме лайық, істей берер едім, бірақ көзім көрмейді, - депті, Сонда элгі дәрігер ғылымына жетікпін дейтін жарымес келіп бұл дэрінің кұрамы жэне оның әсері маған белгілі, мен істей аламын депті. Патша өлген дэрігердің кітабын алдыртып беріп, оны түрлі өсімдіктер үйілген коймаға кіргізіңдер, дэрінің құрамына енетін өсімдікті өзі таңдап алсын деп жарлык етіпті. Қоймаға кіріп, алдына өсімдіктерді жайып койған соң, ол



1 Синд – Үндістандағы Инд өзенінің төменгі жағысандағы өлке

2 Фарсах – ұзындық өлшемі, - алты шақырым шамасында.

3 Рамхаран – дәрінің аты, араб және сирия нұсқаларында ғана кездеседі, парсының «замхаран» деп аталатын өсімдігі болуы мүмкін.

алжасып дұрыс-терісіне көзі жетпей, әйтеуір шамамен болжап теріп алған болыпты. Байқамай бір улы шөпті алып, оны басқа шөптермен араластырыпты да әйелге ішкізіпті. Әйел осыдан кейін бір сағат та өмір сүрмей уланып өліпті. Сонда патша өзінің жасаған дәрісін өзіне ішкізіпті де кешікпей жарымес те өліпті, - деді.

Димнә: «Мен бұл нақылды әдейі келтірдім, өйткені өзі анық білмей, болжап шамамен сөйлеген кісінің ауырмай өлетінін, бақытсыздыққа ұшырайтынын білдіргім келді», - деді.

Сонда патшаның даяшысы (сот бастығы) сөз алып арыстанның шешесін жақтай сөйледі: «Өлім жазасына ең лайықты кісі қалың бұқара халық сұрастырып жатпайды, оны тек дегдарлар ғана біледі, атап айтсаң жауыздық пен опасыздықтың белгілері мына сорлыдан анық көрініп тұр. Мұның түпкі сырын данышпандар терең түсінеді», - деді.

Сонда қазы отырып: «Ол қандай белгілер екен? Бұларды білмейтіндер өте көп қой», - деді.

Патшаның сот басқарушысы қайта сөз алды да: «Данышпандар айтқан болатын: кімде-кімнің сол көзі қысықтау келіп, жыпылықтап тұратын болса, ал мұрны оң жағына қарай қисайыңқырап тұрса, қастары бірінен-бірі қашық жатса, өне бойы жерге сүзе қарап жүретін болса, үздіксіз елеңдеп төңірегіне жалтақтай берсе, бұл тәріздес адам опасыз да, ауыр қылмыс істеуге бейім, ізгі жанға озбырлық жасауға дайын тұрады, - дейді екен, міне осы белгілердің бәрі де Димнәда бар», - дейді.

Іс басқарушы сөзін бітіргенде Димнә өте таңыркады да: Расына келсек, бір уақиға екінші істің айғағы екен. Тәңірімнің кесімі шынында қатесіз, онда зорлық та, өшпенділік те жоқ қой. Егер осы айтқан белгілерің дұрыс болса, сонымен шындықты, әділдікті ажырата алсаң, онда зорланып дәлелдеп жатудың не керегі бар? Жақсы қылыққа ырза болып, алғыс айтудың қажеті қанша, жаманшылық істеуге де ешкім бейім тұрмас еді, өйткені, бойына туа біткен белгіні өзгертуге ешкімнің шамасы келмейді ғой. Жақсы қылық та, жамандық та тек осы белгілерден туатын тәрізді. - Ендеше, осы маған таңып отырған кылмысты мен істеген болсам (тәңірім сақтасын, бұл пәлеге мен жуырмын ба) онда сол істегеніме қанағаттанар да едім. Өйткені мені бұған итермелейтін әлгі аталған белгілер той, онан аулақ жүре

алмауым керек емес пе, тіпті құтылуға шамам да келмес еді. Сенің сот ісін және оның түрлі салаларын аз білуіңнің де бір айғағы осында жатыр. Іс сенің айтқаныңдай болса, онда мені айыптау мақұл емес, өйткені әлгі белгілер өзінің иесімен бірге жаратылады да, онымен бірге туады ғой. Егер сенің айтқаның дұрыс болса, оның неліктен бұлай істегені, жазықтыны қалай айыптау керек екені, қашаннан бері жазық істегені белгілі болар еді. Сенің бұл есуастығыңа, қателесуіңе ешкім шәк келтірмейді. Сен бір нәрсені естігенсің, бірақ оның байыбына бармай, орынсыз қорытынды жасапсың. Осы отырғандардың ішіндегі ең ақылдысы да, кырағысы да мен емеспін бірақ, сенің топшылауың өрескел қате екенін анық білемін, ал сен секілділерді әлгі дәрігер туралы айтқан нақылда бейнелеп те өтіп едім. Егер сен жақсылық та, жауыздық та өзің айтқан белгілерге сай келеді деп қарыса берсең, онда жақсы істегендерді мақтауға да, зұлымдарды жамандауға да жарамайды ғой, ал тап осылай бола қалса, мен бұл істен ақталып тұрмын, өзің де мені ақтау жағында екенсің. Бірақ сен түсінбейсің, ойлауға да мұршаң келмейді екен. Енді есіме түсіп тұр, баяғыда бір адам әйеліне айтыпты: «Есуас-ау, алдымен сен өз кемістігінді көре біл, сонан соң барып басқаны кінәла, - депті, міне бұл жөнінде сен дәл сол кісіге ұқсайсың», - деді.

Сонда Димнәдан: «Ол қандай уақиға екен?» - деп сұрағанда:

Димнәнің айтқан нақылы мынау еді:- Бурхашт1 деп аталатын қалаға бірде жау кіріп кетіп көп адам майып болыпты, әйелдердің бір қатары тұтқынға алыныпты. Тұтқынға түскендерді бөліскенде екі әйелі бар диқан біреудің үлесіне тиіпті. Әлгі қожасы тұтқындардың киімін тонап алыпты да, ас- сусыз қалдырыпты. Бірде әлгі диқан қожасына еріп, жалаңаш екі әйелін қасына ертіп, отын жинау үшін тауға барыпты. Сонда әйелдердің біреуі жерде жатқан шүберекті алып, жалаңаш денесін бүркепті. Екінші әйел тұрып күйеуіне: «Мынаның жалаңаш келе жатқан сиқын қарашы», - депті. Сонда күйеуі: «Ей, сорлы-ау, алдымен сен өзіңе-өзің қарасаңшы, шүберекпен денеңді қалқалауға болмас па екен? Міне, содан кейін әңгімелесең жарар еді ғой», - депті.






1 Мұның орнына кейбір нұсқаларда Барзгин мен Марват қалалары айтылады, бірақ дәл қай қала екені белгісіз.

- Мына сенің де тәніңнің былғаныш екенін, өрескел әдепсіздігіңді мен жақсы білемін, ал осыларға қарамастан патшаның тамағына жақындайсың, ешбір мін жоқ мұнтаздай адамша оған жақын барып тұрасың, міне, мені осы қылығың өлгенше таңырқатады, өз кемшілігіңді білмейсің, бірақ осында отырған оқымыстыларға сорайып көрініп-ақ тұрады! Осы уақытқа дейін сенің кемістігіңді ашпай келдім, екеуміздің арамыздағы сүйіспеншілік оған үлкен себеп болып еді, оның үстіне дәлелсіз әшкерелеп, жалғыз қалғым келмеді. Ал, енді мені масқаралауға бірінші болып өзің белсене кірістің, қастық істеуге бой ұрдың, мына жауынгерлер алдында мені дәлелсіз айыптадың, сондықтан сенің кемшілігіңді де, жасырып қымтап жүрген бойыңдағы бар нәжісіңді де мен көзге түртіп көрсетуге оқталып тұрмын, бұл күйінде патша былай тұрсын, тіпті одан көп төмен адамға да сенің қызмет етуге қақың жоқ», - деді.

Іс басқарушы: «Ей, сорлы міскін, сен мені қалай маскаралайсың?» - деп сұрады.

Димнә: «Мен сені масқаралағанда бойыңда барды ғана айтамын. Бөксеңнің алапестігін, аяғыңның ластығын, еніңнің ауруын айтып масқаралаймын», - деді.

Осы сөзді естігенде іс басқарушы да, тағы басқа отырғандар да бұл істі талқылауды доғарды. Соттың бұйрығы бойынша Димнәні абақтыға апарып қамады.

Келесі күні бірнеше жолдастарын ертіп, қазы арыстанға келді, Димнәнің берген жауабын жазба түрінде әкеп тапсырды. Арыстан оны алды да, келгендердің бәрін сыртқа шығарып жіберді.

Артынша анасын шақыртып алды да, Димнәнің жауабын өзі оқып берді. Анасы толғанып тұрды да: «Ей, патшам, егер мен қатал сөйлесем, сен ауырлап ашу шақырмағайсың», - деді.

Арыстан: «Мен ашуланбаймын, ойыңа не келсе, соны айт»,

- деді.

Анасы сонда: «Өзіңе келетін зиян мен пайданың арасын ажырата білетін қабілетіңді көре алмай тұрмын. Менің шамамша сен Димнәнің ісін соза берсең, түбінде ол өз басыңа пәле жабады, сол кезде, отырарға орын, тұрарға жер таппай сандаларсың-ау»,



- деді. Сөзін бітіріп орнынан тұрды да ашуланып шығып кетті. Келесі

күні қазы бұйрык беріп Димнәні алдырды, даналарымен ақылдасып еді, олар жарытымды еш нәрсе айтпады.



Сонда Димнәға қазы отырып: «Отырғандар үн қатпағанмен бәрі бірдей сені қылмыс істеді деген пікірде. Бұлардың жүрегіне орнаған сенімсіздік тұрғанда саған жақсылық жоқ. Менің ойымша қылмысыңды мойныңа алудан басқа ештеңе қалған жоқ тәрізді, тым болмаса ақыретте жеңілдік болар еді. Сонымен сенің ісіңді қорытуда екі жүйе бар, соның бірі түрлі әдіспен жалтарып өзіңді ақтауға, әрине, сен күштісің, осыны тыңдай беруге де болар еді, ал екіншісі - саған енді айыбыңды мойныңа алып, бұл дүниенің қамын ойламай-ақ, тым болмаса ол дүниеден жеңілдік іздеу дұрыс шығар. Данышпандардың айтуынша: салдарлы өлім сапасыз өмірден артық екен ғой», - деді.

Сол мезгілде Димнә: «Өз топшылауына немесе қарапайым адамның да, дегдар жандардың да пікіріне сүйеніп қазы үкім шығармаса керек.

«Пікірін айту ақиқаттан арашалай алмайды»1 - деген сөзді сен білесің ғой. Сіздер осы күнәні мен істеді деп ойлайсыздар, бірақ мен өзімді сіздерден гөрі артығырақ білемін ғой, бұл жөнінде менің өзіме сенімім жеткілікті де әрі күмәнданбаймын. Алдарыңызда жауыздық істеген кісі мен болып отырмын, біреудің үстінен ғайбаттаған да мен тәріздімін. Ал сонда қалайша жазықсыздан-жазықсыз өзімді өзім айыптап істемеген қылмысты мойныма алып, өлім жазасын қабылдамақпын? Егер осылай істесем, сонда сіздер маған қалай карар едіңіздер? Ойлаңыздаршы, менің өмірім өзім үшін ең қымбатты, ең ардақты нәрсе емес пе? Егер осыны өздеріңнің іштеріңнен маған алыс не жақын жүрген біреуіне істесем де дәл өзіме соны істеуге жүрегім дауалап, батылым бармас еді ғой. Ендеше, бұл сөзден тоқтағаным жөн. Егер адал болсаң, онда сен қателестің, ал егер көкейіңде өтірік алдамшы жатса, онда біле тұра әдейі айтқан өтіріктен сұмырай нәрсе жоқ, әділ қазы өтіріктен де, қулықтан да аулақ болады. Егер бұлай болмаса, есіңде болсын, сенің мына сөздерің әрі үкім, әрі заң, өйткені соттың үкімі де заң ғой. Дұрыс шығарған үкімді әділ адамдар пайдаланады, ал қате шығарған үкімді бұзықтар әділдікке балайды. Саналы жандардың айтқан билігі мен пікірі сені мүлде меңгере билеп кеткен, ал менің ісім олардың пікіріне






1 «Пікірін айту ақиқаттан арашалай алмайды» - бұл құраннан келтірілген сөз. Бұл кітапта осы ойдың сарыны некен-асяқ кездеседі.

сай шыкпай отыр, сондықтан бақытсыздығым да дәл осында сияқты. Сен қазыға лайык даналықтан қол үзіп, тосыннан айтылған пікірге сүйеніп іс атқармақшы боласың, ал ол ақиқатка еш үйлеспейді ғой», - деді.

Осылардың барлығын жазып алып, арыстанға апарып тапсырды. Ол әбден танысып болды да, шақырып алып анасына көрсетті. Сонда анасы:

«Мен енді шоши бастадым, мына Димнә саған қарсы айла жасап, зұлымдык істеуге кіріспекші екен, сөйтіп саған соққы беріп, ісіңді бүлдірмекші. Менің бұл жолда каупім, бұрынғы өтірік-өсек айтып иландырып, адал досыңды, уәзіріңді өлтіріп сені күнәға батырудан гөрі бұл анағұрлым басым болғалы тұр екен», - деді.

Анасының сөзі арыстанның көкейіне қонды да, ол: «Кәлилә мен Димнәнін сөйлескен сөзі туралы айтушының аузынан өзіңнің естігеніңді маған түгел айтшы. Егер мен Димнәні өлтірсем, қапаланбайын, мені ауыр ойдан арашалайтын сүйенішім сол болсын», - деді.

Анасы: «Ешкімге әшкерелеме деп тапсырған құпия сырды мен әйгілей алмаймын, өйткені бұған данышпандар баяғыда тыйым салғанды. Осыны маған жеткізген жанның өзінен сұранайын, саған айтуыма рұқсат берсін, немесе Димнәға өзі қарсы шығып естіген, білгенін жүрттың алдында айтатын болсын», - деді.

Осыдан кейін анасы арыстанның жанынан шығып кетті де қабланды шақыртып алды. Қабланға мәртебесінің жоғары екендігін және оған арыстанның істеген қамқорлығын, көмегін ескерте келіп, мына сөзді айтты: - Сенің естіген-білгеніңді айтпай, Димнәға куә болудан тайсалатын ретің жоқ, өйткені өтірік жаламен жазықсыз күйген жанға көмектесу сенің міндетің, ғарасат майданы туған күнде де ол сорлының ақталуына жәрдемші болуың жөн ғой, - деді. Сонымен арыстанның анасы қабланның соңына жалықпай түсіп, ақырында Димнәнің жазықты екені туралы Кәлиләдан естіген сөзін толық айтқызып тынды.

Қабланның куәлік беріп сөйлегенінен кейін, абақтыда жатқан жыртқыш аң да Димнәға Кәлилә келіп сөйлескен түні естігенін айтпақшы болып хабарлады: «Менің беретін куәлігім бар, сол үшін мені босатса екен», - деді. Арыстан біреуді

жіберіп оны да алдырды, сонда ол Димнә мен Кәлилә екеуінің сөйлескенін, арыстан мен бұканың арасына от жақтың деп Кәлиләнің Димнәні сөккенін, айтқан ескертулерін, өтірік пен өсекті судай сапырып, ақырында бұқаны арыстанға өлтірткенін түгел баяндады, бұған Димнә қарсы бола алмай мұқылас мойындады.

Осы жерде арыстан оған беттеп: «Өз құлағыңмен естігеннен кейін, мына Димнәға қарсы куәлік беруден сені тоқтатқан қандай жағдай болды?» - деп сұрағанда.

Ол: «Егер мен бір өзім ғана куәлік берсем, онда менің сөзім іске аспаған да болар еді. Сондықтан пайдасыз сөзді айткым келмеді. Міне, мені тоқтаткан желеу осы еді», - деді.

Осымен Димнәға қарсы екі куә табылды. Арыстан бұл куәларды Димнәға жіберді, олар оның өз сөзімен айыбын бетіне басып, оны қоярда-қоймай мойындатты. Арыстан жарлык беріп Димнәға ауыр құрсау кигізіп абақтыға қаматты, ол сонда жатып арып-ашып сусап өлді. Міне, Димнәнің ісі осылай аяқталды. Әдепсіздік, көре алмаушылық және өтірік араласқан істің бәрі ақыр аяғында осылай бітпек екен.





Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет