Сайділ талжанов 3 томды қ ш ы ғ армаларжина ғ Ы



бет17/27
Дата31.12.2019
өлшемі2,11 Mb.
#54002
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27

246


біріншінін күні қараң, міне, ақылдың ерліктен артықшылығы да осында ғой. Жалғыз ақылмен де бірталай істі тындыруға болады, бірақ ақылға сүйенбей жалғыз батырлықпен ештеңе ретіне келмейді. Кімде-кім бір қулыққа беттесе, оның немен тынарын өзі білмесе, міне, онда сол адам тап сенің істегеніңді істейді. Мен сенің есалаңдығыңды, өз ақылыңа мастануыңды аңғарушы едім, әрдайым жүріс-тұрысыңа көз салып, айтқан сөздеріңді естіп, одан маған да, өзіңе де келетін зияннан кауіптеніп едім. Данышпан адам бір уақиғаға кіріспей тұрып алдын ала тексеріп зерттей бастайды. Солардың ішінен жүзеге асарына анық көзі жеткенде ғана ұмтылады, ал іске аспайтынынан қауіптеніп аулақ қашады, басын шатпайды. Бастап кірісер қарсаңда ісіңнің бетін әшкерелеп, сені кінәлаудан тоқталдым, өйткені бұл іс туралы сенімен куәсіз, көмекшісіз сөйлесуге болмайтын еді. Мұнын үстіне менің сөзім сенің ізгілігіңді зорайтпайтынын, зұлымдықтан бетіңді қайтара алмайтынын сездім. Міне, енді, ақылыңның кемдігіне, қылығыңның қылмысты екеніне кезім жетіп, оның үстіне істің насырға шапқанын көріп, өз басыңның кемістігі туралы ашықтан-ашық айтқалы отырмын. Сен тек сөзіңді әрлейсің де істі былықтыра түсесің, ал осы жөнінде айтылған мынандай сөз бар: оларға - Ұлык үшін ең ауыр зұлымдык дос адамының сөзін әрлеп, істе былапыт болуы, - дейді екен. Арыстанды жел сөзбен адастырдың да түбіне жеттің, өйткені сенің ісің жақсылықпен жанаспайды. Егер игілі іспен ұштаспаса лепірме сөзден жақсылық жок екен. Сондай-ақ тәжірибесіз зерттеуден, мырзалығы жоқ байдан, опасыз достан, ниеті арам тақуадан, шын пейілмен бермеген садақадан, денсаулығы, тыныштығы әрі қуанышы жоқ өмірден де ешбір жақсылық жоқ екен. Аурудың төңірегіне қатарлап жинаған дәрі-дәрмек емес, жақсы дәрігер ғана айықтыруы мүмкін, сол сиякты сенің мына ісіңді ақылды адам ғана жөндей алады.

Есіңде болсын, оқымыстылық ақылды адамның мастануын азайтады да, ақымақтың мастануын арттыра түседі. Дәл сондай- ақ көзі бардың күндіз көрегендігі күшейеді де, жарғанаттың көруі нашарлай түседі, ақылды адамның қолы жетсе мансаптың да, кұрметтің де зияны жоқ; қаншалық қатты жел тұрғанымен тауға әсері тимейді ғой, ал азғана жел тұрса теңселіп кететін селеу тәрізді, пасық адам болмашы дәрежеге дандайсып сала

береді. Бір ұлық туралы естігенім есіме түсті, ол былай еді: өзі мейірімді болғанымен уәзірлері жауыз ұлықтың мейірімінен жұртқа тиер пайда жоқ екен. Ондай ұлықты ішінде қолтырауыны бар таза сумей салыстыруға болады, өйткені қаншалықты керек болса да, тіпті жүзу білсе де оған түсуге ешбір адамның дәті шыдамайды. Патшалардың көркі мен сәні олардың мырзалығы мен кайырымдылығында, сен болсаң арыстанның қасында менен басқа әкім болмасын деп тырыстың, бірақ өзінің достарымен бас қосқан ұлық толқып жатқан теңіз тәрізді ғой. Опасыздық арқылы жақын туыс іздеу, екіжүзділікпен табысқа жету, әйел махаббатын өршіту үшін қаталдықты қолдану, өзіне зиян істеу арқылы пайда табуға тырысу, даналықты және үстемдікті күйзелмей сақтық арқылы табуға тырысу - ақымактық екен. Бірақ осы сөздерден қандай пайда бар, осы өсиеттерден қандай нәтиже шықпақ, мен білем ғой, осының бәрі баяғыда бір адамның нұсқа айтқанына ұқсайды, сонда ол: «Түзелмейтінді түзетем деп әуреленбе, өсиет айтуға арзымайтынды өсиеттеме», - деген екен.

Димнә: «Ол қандай болып еді?» - деп сұрады.

Сонда Кәлиләнің айтқан нақылы мынау болды: - Баяғыда тауда бір топ маймыл тұрыпты. Бір күні түнде ұшып жүрген жылтырауық қоңызды көреді де, оны оттың ұшқыны екен деп шамалайды. Отынды соның үстіне үйіп тұтандырмақшы болып үрлеуге кіріседі. Жуық жерде өсіп тұрған ағаштың басына қонақтаған бір құс, мұның от емес екенін дауыстап айтады. Бірақ оның сөзіне бұлар құлақ аспайды. Әлгі құс түсіндірмек болып қастарына келеді. Сол кезде өтіп бара жатқан бір жолаушы құсқа мойнын бұрып: - Ей, қанатты жануар! Өзі тура тұра алмайтынды түзетемін деп әуреленбе және өсиетті тыңдамайтынға өсиет айтпа. Өзі тура тұрмағанды түзетемін десең өкінішті боласың. Жарылмайтын тасқа семсер сілтемейді, иілмейтін ағашты иіп әуре болмайды. Өзі қисықты түзетем деуші өкінішке ұшырайды, - дейді, алайда әлгі кұс бұл адамның сөзіне құлақ аспайды. Ол жылтырауық қоңыздың от емес екенін түсіндірмек болып маймылдардың қасына келеді, сонда бір маймыл оны шап беріп ұстап алады да, мойнын үзіп тастайды.

Сені қанша үйреткен мен сол өсиеттен аз пайдаланатыныңды саған осы мысал көрсетеді. Уа, Димнә! Сен зұлымдық пен

248

аланғасар - жеңілдіктің душарында жүрсің, ал зұлымдықтың әсері барынша күшті болады. Осы жағдай бір жауыз бен ак көңілдің арасында болған уақиғаға үйлеседі, - деді.



Димнә: «Ол қалай болып еді?» - деп сұрағанда.

Кәлиләнің айтқан нақылы мынау болды:- Баяғыда бір жауыз бен аң көңіл жол үстінен ішінде мың қаралы динары бар әмиян тауып алады. Бұлар серік болып сауда жүргізетін еді. Әрқайсысы өз үйіне кетпекші болады. Қалаға таянып келіп, тапқан динарларын бөліскелі бір жерге барып отырады. Ақ көңіл тұрып залым жауызға: «Жарымын өзің ал да, екінші жарымын маған бер», - дейді. Залым барлық ақшаны ретін тауын өзі алғысы келеді де: «Мұны бөлмейік. Серік болу, тең болу әрқашан адалдық пен тазалықты сүйеді, сен мұнан жұмсауға керегін ғана ал, мен де сондай алайын, қалғанын жасырып тығып қояйық, керек болған кезде екеуміз келіп керегімізше алып тұрамыз», - дейді.



Ақ көңіл: «Жарайды», - деп көнеді. Олар ақшаның біразын бөлісіп алады да, қалғанын бұталары тырбиып өскен үлкен ағаштың түбіне көмеді. Кейін жолдасынан жасырынып келіп, әлгі залым ақшаны алады да, орнын көміп қайта тегістеп кетеді. Арада бірнеше ай өткен соң, ақкөңіл залымға келіп: «Жұмсайтын қаражат керек болып қалды, жүр, барып ақшадан көрегінше алайық», - дейді. Олар екеуі бірге ағаштың түбін қазады, бірақ ақшаны таппайды. Сонда залым шашын жұлып, жерді сабалап, бақырып-шақырып: «Еш уақытта бөтен адамға сенуге болмайды екен, қай кезде де бауырыңа да, жолдасыңа да бейкамдық істеу керек емес екен. Осы динарды жасырынып келіп сен алдың»,

- деп жала жабады. Ақкөңіл алмағанын айтып қарғанады, бірақ залым

онан бетер лепіре түсіп: «Сен алмағанда, енді кім алады? Бізден басқа осы ақшаны тыққанымызды көрген біреу бар ма?»

- дейді.


Осыдан кейін залым ақкөңілді ертіп қазыға барады. Өткен уақиғаны оған түгел баяндайды да, динарды осы ақкөңіл- алаңғасардан басқа ешкім алған жоқ деп өкіректейді. Сонда қазы: «Осы айтқаныңды дәлелдерлік

қолыңда айғағың бар ма?»

- деп сұрағанда, Залым:

- Иә, бар. Менің куәм түбіне ақша көмілген ағаш! - деп жауап береді.

Ағашты куәға тартқанына танданып қазы оның

сөзіне сенбейді. Өзін кепілге алатын кісіні іздеттіреді, ал кепілге алушы келген кезде, қазы соған бетін бұрып: «Сен мынаны ертең ертіп кел, сонда әлгі өзі айтқан ағаштың куәлігін біздің алдымызда әйгілесін», - дейді.

Залым үйіне келіп, барлық болған істі әкесіне айтады: «Уә, әке! Менің ағашты куәға тартқаным, онда еске аларлық бір белгі бар екенін байқап едім. Мен бұл ойымды іске асыруда сені медет тұтамын. Егер көнсең барлық ақша бізде қалады, тағы ақкөңіл-алаңғасардан да осындай соманы өндіреміз», — дейді. Сонда залымның әкесі: «Сен маған не істе дейсің?» - деп сұрайды. Залым. «Мен әнеукүні ақшаны жасыру үшін бұтағы калың біткен, бір жуан ағашты таңдап алып едім, көлденең жан байқамайтын, сол ағашта бір кісі сыятын қуыс бар еді. Мен осы ағаштың түбіне көмілген ақшаны жасырынып барып ұрладым да, мына ақкөңіл-алаңғасарға сен алдың деп пәле салдым. Енді тілегім, сен түнде бар да, сол ағаштың қуысына кіріп отыр, қазы келіп ағаштан куәлік сұрағанда, қуыстан үніңді шығарып: — Ақшаны алаңғасар алған, — деп қақсай бер», - дейді. - Залымның әкесі тұрып: «Ой, сұм балам-ай! Кейде қулық мына жабайы үйректің басынан өткен уақиға тәрізді, сол қулық істеушінің өзін пәлеге кіріптар қылушы еді», - дейді.

Залым: «Ей, әке! Ол қандай әңгіме?» - деп сұрағанда, әкесінің айтқан нақылы мынау болды: — Баяғыда бір үйрек пен жылан көрші тұрыпты. Үйрек балапандарын шығарған заматта, жылан келіп оларды жеп қоя беріпті. Үйрек бұл мекеніне әбден бауыр басыпты, сондықтан тастап кетуге қимайды, ал жыланның мына қылығына да қатты назаланатын болса керек. Үйректің осындай ауыр жағдайға душар болғанын естіп, шаян келіп одап: «Сен неге күйзеліп тұрсың?» - деп сұрапты. Үйрек басынан кешкен жағдайдың бәрін баяндап өтіпті. Сол жерде шаян: «Жыланнан қалай құтылудың амалын айтайын ба?» -депті. Үйрек:



«Ол қандай амал?» — деп сұрағанда, Шаян оған қарсы алдындағы інді нұсқап: «Мынау інді көресің бе? Атжалман осында тұрады, ол жыланның жауы. Балықты молырақ жинап әкел де, жыланның інінен атжалманның ініне дейін шұбалта шашып тастай бер. Атжалман балықтардың бірінен соң бірін жеп кеулей барып, жыланның ініне жетеді де, оның өзін

өлтіреді», - деп ақыл беріпті. Үйрек дәл осы айтқанын істепті. Атжалман жыланның ініне таяна беріп, оны да өлтіріпті. Осыдан кейін атжалман әдеттеніп алып, балықты іздеп осы араға келе беретін болыпты, - сөйтіп жүріп үйректің ұясына кездесіпті де ақырында үйректі де, оның

балапандарын да жеп тыныпты,

- деп жауап берді.

- Мен бұл нақылды саған әдейі айттым, өйткені орынсыз қулықтың кейде өзіне тиетін зардабы сенің басқа біреуге істемек болған зәбіріңнен анағұрлым ауыр екенін ашып көрсеткім келді. Сонда залым:

«Бұл нақылдың төркінін түгел түсіндім. Бірақ бұдан қорықпа, сенің ойлағаныңнан гөрі бұл көп жеңіл»,

- депті. Сонсоң шал баласына еріп ағашка келіп, қуысына кіріп

отырыпты. Келесі күні қазы мен залым және аңкөңіл- алаңғасар үшеуі ағаштың түбінде бас қосыпты. Қазы: «Сенің берер куәлігің бар ма?» — деп ағаштан сұрапты. Шал ағаштың қуысында отырып: - Иә, бар. Ақшаны алған ақкөніл-аланғасар,

- деп тіл қатыпты. Мына жағдайға қазы қатты таңданыпты да, сенгісі

келмей, осы ағаштың ішінде біреу отырған жоқ па деген ой келіпті, сөйтіп тұрғанда ағаштың қуысына көзі түсіпті. Әрі- бері үңіліп қараса да еш нәрсе көрінбепті, өйткені шал қуыстың көрінбейтін қалтарысына тығылып қалса керек. Сол арада қазы отын жидырыпты, түтіні ағаштың қуысына кіретіндей етіп от жақтырыпты. Залымның әкесі бір сағаттай төзіп отырыпты да, сонсоң әлсіреп бара жатқанын сезіпті, қысылғанда жұртты көмекке шақырып ышқына айқайлапты. Қазының бұйрығы бойынша қуыстан суырып алса, шал өлуге таянған екен. Сонда қазы залымның жазығын мойнына қойып, ақшаны төлетіпті. Сөйтіп, залым өлген әкесін арқалап қайтыпты, ақкөңіл- алаңғасар ақшасын алып үйіне кетіпті, - деді.

- Менің бұл нақылды айтқан себебім жала жауып қастық

істеушінің, көбінесе өзі алданатынын ескерткім келді. Ей, Димнә! Сен залымсың, өтірікшісің және әулекісің, міне осы үшеуі де өз басыңнан табылады. Аярлығыңның жемісін теріп жеп, мәз болып тұрсың, бірақ мастанба, ешқайда қашып кұтыла алмайсың, сендейлердің бәрі де түбі осы тағдырға ұшырайды. Сен екіжүздісің, әрі ылғи екі сөйлейсің. Теңіз суы өзеннің теңізге кұйған жерінде ғана тұщы болады, әзәзіл жан бұзуға кіріспесе достың сонда ғана берік болады, бауырлар

арасындағы бауырмалдық та екі сөзді адам кіріспесе ғана ұзақ дәурен сүреді, екі сөзділер жылан тәрізді келеді, өйткені оның да екі тілі бар, ал сенің сөзіңнің әсері де нақ жыланға біткен удың әсеріндей. Тіліңнің уы әсерін тигізе ме деп, мен де үнемі қорқатын едім. Мен данышпандардың мына өсиетін есте тұтамын, - тіпті туған бауырың, жолдасың немесе досың болса да, бұзық адамнан аулақ жүр дейді екен. Арсыз дос жылан тәрізді, иесі оны еркелетіп асырайды, бірақ ол әлгі иесін шағып, қаруын қайырады. Бұрынғылар айтқан екен, ақылды мен ақ пейіл жанның соңына ер, мінезі жаман болса да ажырама, солармен достас, оның жаман қылығынан сақтан да ақылын пайдалан, тіпті ақылы жөндем болмаса да ақ пейілмен достығыңды үзбе, оның ақ пейілін пайдаланып, өз ақылыңды оның пайдалануына мүмкіндік жаса, ал шамаң келгенше пасық есуастан қашып бақ, деген екен! Маған да сенен аулақ жүру керек тәрізді, сенен жақсылық күтуге болмайды, өйткені өзіңе сый-кұрмет көрсеткен патшаңа не істеп отырсың? Сен бір саудагер айтқан мына сөзге ұқсайсың: Бір жердегі егеуқұйрық жүз манн1темірді жеп қойды десе, сол елдегі пілді қаршыға көтеріп алып қашыпты дегенге қарсы болма! - депті.

Димнә: «Ол қалай болып еді?» - деп сұрағанда.

Кәлиләнің келтірген нақылы мынау болды: «Пәлендей жерде дәулеті шағын бір саудагер тұрыпты деседі. Ол байлық іздеп бөтен жұртқа жүрмекші болыпты. Оның жүз манн темірі бар екен, оны бір танысына сақтай тұр деп табыс етіпті де, өзі сапарға аттаныпты. Біраз уақыт өткеннен кейін қайтып келіп, тапсырып кеткен танысынан темірін сұрапты, сөйтсе бұл жоқта темірді сатып жіберіп, ақшасын өз керегіне жұмсап қойыпты. Сондықтан танысы тұрып, теміріңді үйімнің қасына үйіп қойсам, мына егеуқұйрықтар жеп кетіпті», - деген сылтау айтыпты. Осы арада саудагер: «Ия, солай, темірге дегенде егеукұйрықтың тісінен өткір зат жоқ екенін мен баяғыда естігем. Құдайға шүкір, әйтеуір, өзің аман қалыпсың, уайымдай қоятын бұл онша үлкен әрекет емес қой», - дей салыпты. Саудагердің мына сөзін естігенде, ол қатты қуанып: «Бүгін біздікіне келіңіз, бірге отырып ішелік», — депті. Саудагер келуге уәде етіпті де,





1 Манн – салмақ өлшеуі – екі килограмға жуық, оның мөлшері әр дәуірде әр түрлі болса керек.

шыға бере жүгіріп жүрген оның жас баласын көріп, қолына көтеріп алып, өз үйіне тартыпты. Баланы жасырып қойыпты да, танысының үйіне қайта келіпті. Ол баласын таба алмай, зар қағып, жылап-еңіреп жүр екен. Сол арада ол саудагерден: «Менің баламды көрмедің бе?» - деп сұрапты. Саудагер: «Қазір осы сенің үйіңе таянған кезімде бір қаршығаның баланы көтеріп алып ұшып бара жатқанын көрдім. Сол, сірә, сенің балаң болмаса игі еді», - депті. Сонда әлгі кісі айқай салып: «Ой, сұмдық-ай! Қаршығаның баланы алып қашқанын кім естіп білген?» - депті. Саудагер жұлып алғандай: «Егеуқұйрығы жүз манн темірді жейтін елде бала тұрмак пілді де қаршыға алып қашты дегенге сенбеу қиын шығар! Бала дегеніңіз бұйым ба, тәйірі», - депті. Сонда танысы: «Темірді мен жеп едім, рас у жұтқан екем. Енді баламды өзіме қайтар да, теміріңді өзің ал», - депті.

- Мен саған бұл нақылды әдейі келтірдім, сен мынаны есіңе тұт: Өзіңнің жарылқаушың әрі сүйенішің патшаңа осылай істегенде, соңынан баскаларға да осыны істейсің ғой, сондықтан ақылды адам, мейлі кім болса да, ол сенен жақсылық күтпейді. Мен енді түсіндім, сен игі ниеттің адамы емессің. Опасызға көрсеткен махаббат, жауызға істеген жақсылык, тыңдамайтын жанға үйреткен тәлім-тәрбие, сенімсіз-уәдесіз адамға айтқан сыр осының бәрі боска кеткен пайдасыз еңбек екен. Табиғатымның құйкылжып кұбыла беруіне күмәнданбаймын, өйткені ащы жеміс өсетін ағашты балмен, не маймен майласаң да оның жемісі ащы күйінде қалмақ. Сенімен достасып жүріп, мен өзімнің игі ақылым мен мінезімнен айрылып қалам ба деп қорқамын, өйткені жақсы адаммен дос болсаң, жақсылыққа кезігесің, ал зұлыммен достасу талай пәлеге ұшыратады ғой. Бұл жағдай жел тәрізді — сасық заттың үстінен өткен жел сасық иісті таратып мүңкітеді, ал егер ол хош иістің үстінен өтсе оны өзімен бірге ала кетеді. Енді осы сөзімнің ауыр салмағы саған жеткен болар. Кем ақылдылар даналарды әрдайым ақымақ деп санайды, арамзалар мейірбан жанды даттайды, ал өзі қисықтар достарының түзулігін сезбейді, - депті.

Кәлиләнің сөзі осыған жеткенде, арыстан бұқаны өлтіріп тынды. Бұканы өлтіріп ашуын басқан кезде, арыстанға өкінішті ой түсті, істегенін ауырлап ол өзіне өзі: бұка әрі ақылды, әрі

жүректі еді ғой. Мүмкін айыпсыз да, жазықсыз да болар, әлде орынсыз жазаладым ба екен? Енді күйінгенмен болған іс қайта қалпына келмес, - депті. Арыстан әрі мұңайып, әрі өкініпті. Димнә арыстанның мына халін көріп, Кәлиләмен сөзін тоқтатып, оған таяу келіпті де:- Уа, патшам, неліктен мұнша мұңайдың? Тәңірім білегіңе күш беріп, дұшпаныңды апатка ұшыраттың ғой, - депті.

Арыстан: «Мен бұқаның ақылын, ак ниетін ойлап қамығам; оның менімен достығын, ерекше қасиеттерін еске алып толқимын да күйзелемін», - деп мұңын шертеді.

Димнә: «Уа, патшам, оны аяма! Ақылды адам, өзіне залалы тиетін, кауіпті дұшпанын аямайды. Саналы патша кейбір адамды ұнатпай жек көреді, бірақ кейін ұнатпауын қойып, оны ақыл-есінің дұрыстығына қарай өзіне жақындатып әмірші етіп сайлайды.

Мысалы, ауруына шипа боларын көздеп кейде адам өзін күштеп жексұрын, сүйкімсіз дәріні ішеді. Кейде ол біреуді жақсы көріп, құрмет көрсетеді, бірақ кейін онан сескеніп, сақтық істеп, орнынан алып, өзінен аулақтатады. Саусағын жылан шақкан адам, сақтану ретінде, барлық денесіне жайылмау үшін сол саусағын шауып тастайды ғой», - деп соғады.

Арыстан Димнәнің сөзін мақұлдады. Бірақ патша бұқаның ісі жөнінде және осымен қатар Димнәнің ол туралы айтқан өтірік-өсегіне де тексеру жүргізді. Арыстан Димнәнің сүйкімсіз ісін, өтірік жаласын анықтады да қатал жаза қолданып, ұрып өлтірді. Бірін-бірі жақсы көрген екі досқа қиянат жасап, опасыз өтірікшінің айырғаны туралы хикаяның мән-жайы осылай еді.



Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет