Сайділ талжанов 3 томды қ ш ы ғ армаларжина ғ Ы


ЖИҺАНКЕЗ БЕН ЗЕРГЕР, БАРЫС ПЕН МАЙМЫЛ ЖӘНЕ ЖЫЛАН ТУРАЛЫ



бет25/27
Дата31.12.2019
өлшемі2,11 Mb.
#54002
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

ЖИҺАНКЕЗ БЕН ЗЕРГЕР, БАРЫС ПЕН МАЙМЫЛ ЖӘНЕ ЖЫЛАН ТУРАЛЫ




ПАТША философқа: «Үзеңгілес достарымен ажырасып кетіп, кейін қайта оралғанда патшаның бұрынғы қарым-қатысын тағы жаңғыртуы туралы айтқан әңгімеңді құмарта тыңдадым. Патша кімге жақсылык, көрсету керек, кімнің көмегіне сеніп, бел тұтуы жөн, енді сен осыны айтшы», - деді.

Сонда философ: - патшалар да, басқа адамдар да, ниеті түзу жандарға жақсылық көрсетуі керек, алғыс айтуға да, мақтауға да сыятын адамдармен жақын жүруі мақұл, үзеңгілес кісілерінің атағына, лауазымына, байлығына, әділдігіне қарай сыйлап, болмашы кішкентай жандарға, кедейлерге, әлсіз нашарларға көмек көрсетуден бас тартып, оларды сыртқа тебуге жарамайды. Үлкенді де, кішіні де әбден сынап, сынап білуі керек, опасыздық жасау, алғыстың орнына қарғыспен қарымтасын қайыратын екіталай күн туғанда, олардың жақындығы берік пе, жақсы көруі тиянақты ма, осыларды білуі жөн, сөйтіп, өзінің сезінуі, ой-өрісі нені ұйғарса солай істегені дұрыс. Ақылды дәрігер ауруды тек сыртынан көріп қана емдемейді ғой, ол аурудың тамырын ұстайды, дәретін зерттейді, содан кейін барып өзінің білімі жеткенше дәрі белгілейді. Сондай-ақ ақылды адам да сыйласуға тұратын, сертті сөзіне берік, дегдар туған кісілерді тапса немесе осындай касиеті бар хайуандарға кезіксе, олармен жан аяспай достасуы керек, ейткені күндердің бір күні мұктаж бола қалса, олар әлгі жақсылығының қаруын қайтара алады. Кейде ақылды адам бөгде біреуді сақтандырады да, өзі сақтана алмайды, сөйтіп, ол атжалманды үйіне кіргізіп тәрбиелейді, жыртқыш құсты қолына қондырады, екеуінен де береке таппайды. Бұрынғыдан қалған сөз бар: - адам болсын, хайуан болсын, ақылды кісі олардын үлкен-кішісіне қарап жек көрмесін, бәріне де қамқорлық көрсетсін, бірақ солардың қылығына сәйкес қарым-қатынас жасаған мақұл деген той. Осы туралы бір заманда данышпандардың біреуі айтып кеткен хикая бар, - деді.

Патша: «Ол кандай әңгіме еді?» - деп сұрағанда.

Философтың келтірген мысалы мынау болды:


      • Баяғы бір кезде жұрт жиналып бір үңгірге барыпты да, соның жанына аңдар түсетін апан қазған екен. Сол апанға бір зергер мен барыс, жылан мен маймыл төртеуі түсіп кетіпті, алайда әлгі адамға олардың зияны тимепті. Апанның жанынан бір жиһанкез жолаушы өтіп бара жатып, түбінде тұрған төртеуіне көзі түсіпті де қалың ойға шомыпты:

      • Мынау адамды дұшпандарынан құткару игілі іс қой, келешек

өмірім үшін бұдан сауабы зор қылықты ұшырата алмаспын, сірә, - депті. Сөйтіп: ол әлгі адамды суырып алу үшін апанның түбіне арқан тастапты. Өте оңтайлы жеңілтек маймыл арқанға елден бұрын жабыса түсіпті де, жолаушы оны суырып алыпты. Арқанды екінші рет тастағанда барыс ілігіпті, оны да суырып шығарыпты. Ал үшінші рет тастағанда арқанға жылан оралыпты, оны да жолаушы пәледен құтқарыпты. Жолаушының қылығына алғыс айтыпты да олар:

      • Мынау зергерді пәледен құтқарып, апаннан суырып шығара

көрме, -деп зар қақсапты. Сонда маймыл тұрып: - Мен Бараджун1 атты қаланың жанында тұрам, - депті. Барыс: - Мен де сол қаланың төңірегіндегі ну ағаштың ішін мекендеймін, депті. Сонда жылан: - Мен де сол қаланың дуалында күнелтем,

  • деген екен. Егер бір кезде сол қалаға келсең немесе жолшыбай жанап

өтетін мезгіл туса, сонда бірдемеге зәру бола қалсаң, бізді шақыр, табан астында жетіп келеміз, осы көрсеткен жақсылығың мен достығың үшін қарымын қайтаруға бәйек болып дайын тұрамыз, - дегенді айтыпты.

Соның артынан арқанды тағы тастап, зергерді суырып алыпты, оның опасыздығы туралы маймыл мен барыс және жылан үшеуінің айтқан сөзін жолаушы елең құрлы көрмепті. Зергер де жолаушыға ырзалығын білдіріп, басын иіп тәжім етіпті де: «Сен маған зор жақсылық істедің, мен де соның қарымын қайтаруға міндеттімін. Егер Бараджун қаласына келе қалсаң, мені сұрағайсың, өйткені үйім сонда ғой. Осы керемет игі қылығыңның мүмкін, мен де қарымын қайтарармын»,



  • депті. Осылайша айрылысыпты да әрқайсысы өз жөніне кетіпті. Біраз

заман өткеннен кейін жиһанкездің бір шаруасы болып сол қалаға қарай сапар шегіпті. Оған маймыл кезігіпті де қол қусырып сәлем беріпті, аймалап аяғын да, колын да




1 Бараджун – қаланың аты.
380

сүйіпті: «Қолымда ештеңем жоқ еді, сонда да бір сәт күте тұршы, өзіміздің қорегімізден бірдеме әкеп берейін», - деп өтініш етіпті. Маймыл жүгіріп кетіпті, соңынан дәмді жемісін алып жылдам келіпті де әдеппен алдына тартыпты.

Бұдан кейін жолаушы қалаға баражатып барысқа кездесіпті. Ол басын иіп сәлем беріпті де: - Сен үлкен жақсылық, өте зор ізгілік көрсетіп едің. Осы жерде тұра тұршы, мен қазір қайтып келем, - депті. Сөйтіп, кідірместен жүріп кетіп, патшаның қызына барыпты, оны табан аузында өлтіріп, алтын алқасын алып қайта оралыпты, ешкімге көрсетпей әкеліп жолаушыға тапсырыпты.

Сонда жиһанкез жолаушы өзіне-өзі айтыпты: - Хайуандар осынша қылық көрсетіп, мынадай сыйлық жасағанда, егер енді зергерге барсам ол қандай халде болар екен, мүлде шабылады ғой. Егер күтіп сыйлауға шама-шарқы жетпеген күнде мына алқаны өз бағасына сатар да жарымын маған беріп, жарымын өзі алар, - депті.

Сонсың қалаға кіріп, зергердің үйіне түсіпті. Сонда зергер: «Қош келдіңіз, жоғары шығыңыз!» - деп үйіне енгізіпті. Жолаушының қолында тұрған алқаны көре салып, таныпты да ол: «Кідіре тұрыңыз, мен қазір сізге жейтін тағам әкелейін. Үйімдегі бар тамақты сізге лайық деп есептемеймін», - деген сылтау айтыпты.

Сөйтіп, ол патша дарбазасының алдына барып: «Қызыңды өлтіріп алқасын ұрлаған адамды ұстап алдым, менің үйімде қамауда отыр», - деп хабарлапты.

Патша жендеттерін жіберіп, жолаушыны ұстатыпты. Оның қолындағы алқаны көргенде: - Ең әуелі бұған дүре соғылсын, соның артынан қаланы шыр көбелек айналдырып әкеліп, ең ақырында керіп тастасын деген әмір беріпті. Әмір орындалып дүре соғылғаннан кейін, оны жетектеп қаланы шыр айналдырыпты, сонда ол: - «Ой, шіркін-ай, егер маймыл мен жыланның және барыстың айтқан тілін алсам, мұндай бақытсыздыққа душар болмас едім-ау!» - деп зарлай беріпті.

Осы сөздерді естіп жылан інінен шықты. Жиһанкездің халін көргенде қатты уайымдады, сөйтіп оны қалай құтқарудың амалын іздеп, үлкен ойға шомды. Жылан жорғалап барып патша баласының аяғын шақты. Бұл хабар патшаға жеткенде, ол

шаһзаданы емдету үшін ғалымдарын жинап алып дұға оқытты. Олар үшкіріп бақты, бірақ ешбір ем қонбады.

- Патша әділетсіздік көрсетті, жазықсыз жазалады, міне, сол

жиһанкез келіп, тамырымды ұстап, бетіме үшкірсе ғана жазылар едім, деген сөзді айтқызғанға дейін олар аспандағы жұлдыздарға да қарады, неше түрлі амал-айла да істеп бақты, еш нәрсе өнбеді.



Осы мезгілде жылан өзінің пері сіңлісіне барды, өткенде болған уақиғаны - Жиһанкездің бір кезде қандай жақсылық көрсеткенін түгел баяндады. Жиһанкезге қатты рақымы түсті де шаһзадаға барып: - Әділетсіз жәбірленген ана жолаушы келіп сені үшкірмесе, дұға оқымаса өмірі жазылмайсың, осы есіңде болсын! - дегенді айтты. Мұның артынан жиһанкезге келіп істің мән-жайын баяндады: «Мен саған осы адамнан аулақ жүр деп айтып бақтым, тілімді алмадың-ау!» - деді де удың зәрін қайтаратын бір тал шөп берді. - Патшаның алдына барған кезде баланы үшкіріп, сонсоң осы шөптің суын жұтқызсаң ол жазылады. Соның артынан патшаға болған уакиғаның адалын түгел айт, құдай жар болса, міне сонда құтыларсың, - деді.

Патша шақырып әкелген тәуіптердің үшкіргені ешбір пайда тигізбеді, осы мезгілде Шаһзада әкесіне қарап:

- Күнәсіз сопы адамды сен ұстап алып, жазаға бұйырып отырсың, ал

менің жазылуым тек соның қолында, - деді. Осыны естігенде патша жазалауын тоқтаттырды да сопыны өз үйіне алдырды. Жиһанкез алдына келген кезде патша оған: «Баламды үшкір!» - деп әмір берді. Сонда жиһанкез: - Мен жын-шайтанды шақыра білмеймін, алайда дұға оқып, сиынып көрейін, сол дүғадан жазылар деген үмітім бар, - деді. Патша оған: - Ал, жарайды енді өз мұқтажыңды айтшы, мен сені тек сол үшін шақырттым!



  • дегенде, жиһанкез басынан кешкен тарихты баяндады, өзінің зергерге, барысқа, жыланға және маймылға көрсеткен жақсылығын шертті, кейінгі үшеуінің тапсырғанын да қалдырмай айтты, ең ақыры осы қалаға келу себебін де сөйлеп өтті. Соның артынша ол: - Ей, кұдайым! Сөзімнің шын екенін сен біліп тұрсың ғой, ендеше, шаһзаданы осы науқастан тезірек құтқаршы, денсаулығын қайта орнына келтірші, аурудан айықтыршы! - деп жалбарынды. Бала науқасынан жазылды, кұдайтағала оны сауықтырып жіберді.

382


Жиһанкезге патша мол сыйлык берді, оны өзіне жақын кісі етіп, мәпелеп күтті, зергерді кергізіп тастады, әмір тығыз берілді де табан аузында орындалды.

Ақыр аяғында патшаға қарап философ мына сөзді айтты:

- Зергердің жиһанкезге істеген қылығында, өзін ажалдан құтқарған кісіге оның жамандық істеуінде, ал хайуандардың бұған жақсылық көрсетіп, аман алып қалуында - осының бәрін де саналы жанға ғибрат аларлық көп нәрсе бар, алыс-жақынға, адал-ізгі адамдарға жақсылық көрсету жөнінде ойландыратын талай үлгілер жатыр. Өйткені пайдалы нәрсеге ұмтылу немесе зиянды нәрседен қашу жөніндегі дұрыс ұйғарым да осыған тіреледі, - деді.



ШАҺЗАДА МЕН БЕДЕЛДІ АДАМНЫҢ, САУДАГЕРДІҢ, ДИҚАНШЫНЫҢ БАЛАЛАРЫ ЖАЙЫНДА



ПАТША отырып: «Алыс-жақынына қарамастан, адал туған жандарға патшалардың жақсылық көрсетуі, соған ұмтылуы жөнінде сөйлеген әлгі әңгімеңді мен жақсы ұғындым. Енді сен ойсыз алаңғасардың жоғарғы орынға, зор кұрметке, ұлы даңққа ие болғанда не істейтінін сөйлеші, ал данышпан оқыған адамның бақытсыздыққа, ауыр жағдайға, үлкен пәлеге ұшырағанда қалай кимылдайтынын баяндашы», - дегенде.

Философ оған: - Көзі бар адам көреді, құлағы бар адам естиді, тап сол сияқты білім де тек ақыл аркылы, саналы ой мен алдын ала байыптау арқылы кемеліне келеді. Алайда, тағдыр мен жазмыш осының бәріне үстемдік жасайды, неше саққа жүгіртіп шытырманға ұшыратады, кейде адамға оң сапарын береді де, кейде апатқа душар етеді. Шаһзада жөнінде айтылатын бір мысал бар еді.

- Баяғыда Матун 1 қаласындағы кақпаның алдында отырып, өз

мұратына жеткеннен кейін бір шаһзаданың сол қақпаға жазып кеткен сөзін біреу көрсе керек, сонда ол: «Ақылдан да, әдеміліктен де, еңбек пен күш қуаттан да - тағы басқа заттардың бәрінен де тек тағдыр мен жазмыш үстем болады екен», - деп жазып қойыпты.







1 Матун – кейбіреулердің болжауынша Мантур болып жазылады, қай жер екені әлі белгісіз.

Патша: - Бұл қалай болды? - деп сұрағанда.

Философтың баяндаған мысалы мынау еді: - Бір заманда төрт адам бас қосып, өзара дос болыпты. Соның бірі патшаның баласы, екіншісі - беделді адамның баласы, үшіншісі - саудагердің, төртіншісі - диқанның баласы екен. Бәрінің басына жоқшылық төніпті; қиын-қыстау, ауыр мезгіл туыпты, үстеріне киген көйлектен басқа лыпасы да болмапты. Осы сергелдеңде келе жатып, патшаның баласы: «Бұл жалған дүниедегі істің бәрі алдын ала жазылған уақиға», - депті. Сонда саудагердің баласы тұрып: - Ең абзал нәрсе - ақыл дегенді айтыпты. Беделді адамның баласы:


    • Сіздер нұсқаған заттардың бәрінен де күшті нәрсе көркемдік болар, - десе керек. Сонда диқанның баласы: «Барлық нәрседен еңбек артық», - деп түйіпті.

Олар Матун деген қалаға қарай жүріпті. Таянып келгенде шеткерілеу жерге барып аялдапты да диқанның баласына қарап: - Ал енді сен барып өз еңбегіңмен бізге бір күндік қорек тауып әкеле ғой, - дегенді айтыпты. Ол қалаға барып: - Ертеден кешке дейін тынбай істегенде төрт кісі тоярлық тамақты қандай жұмыс арқылы табуға болар еді? - деп сұрағанда, оған біреу: - Бар нәрседен мұнда отын қымбат, - деп жауап қайырыпты. Қаладан бірнеше фарсах1 жерде ағаш болушы еді. Ол сонда жүріп кетті, жуан ағаштарды кесіп-кесіп алып келді де жарты дирхем2 ақшаға сатты. Сонсоң осы ақшаға төрт кісіні тойдырарлықтай азық алды да: «Бір күндік еңбектің бағасы тұп-тура жарты дирхем тұрады екен», - деп қақпаның бетіне жазып кетті. Осыдан кейін ол тапқан-таянған азык-түлігін әкеліп жолдастарына берді, олар ішіп-жеп қорек қылды.

Ертеңіне олар беделді адамның баласына қарап: - Бізге жетерлік бір күндік азықты әдемілігіңді бұлдап, енді сен тауып әкелші, - дегенді айтты. Ол жүріп келе жатты да қалың ойға шомды: «Ешбір іс қолымнан келмейді», - деді. Жолдастарына тамақсыз құр қол қайтып баруға ұялды да, олардан мүлде ажыраспақ болды. Ойланып келе жатып бір ағашқа тірелді. Сол кезде осы қаладағы бір ақсүйектің әйелі қасынан өте шықты. Мұның көркемдігі әйелді қатты таңырқатты, ол қызметкер кәнизегін жіберіп жігітті үйіне шақыртып алдырды. Әйел






1 Фарсах – ұзындық өлшемі, алты шақырымға пара-пар.

2 Дирхем – күміс ақшаның жалпы аты.

жарлық беріп оны жуындырды, сонан кейін әлгі жігіт осы әйелмен күні бойы рақатқа батып, құрмет көрді. Кешке жақын әйел оған бес жүз динар



  • ақшаны сыйлыққа тартты, сонда жігіт: - «Әдеміліктің бір күндік бағасы

  • бес жүз динар тұрады екен», - деп қақпаға жазды да өзі жолдастарына қайта оралды.

Ертең таңертең олар саудагердің баласына бет бұрып:

  • Сауда біліміңді, ақылыңды сарапқа салып, енді сен де бізге бірдеме тауып әкелерсің, - дегенді айтты. Ол жүріп кетті, бірақ көп ұзамай-ақ қалаға таяу жиекке келіп токтаған үлкен кемені көрді. Кемеге тиелген жүкті сатып алуға жұрт жинала қалды. Бірақ сауда басшылары заттың бағасын сұрап білді де қалған жұртқа қарап: - Бүгін тараңдар, алушысын таппаса, заттың құнын төмендетер, - дегенді айтты. Осылайша жұрт тарап кетті. Сонда саудагердің баласы жасырынып кемеге келді де, жүз мың динар беріп барлық затты тік көтере өзі сатып алды. Қаланың саудагерлеріне осы хабар жеткенде, олар енді бұған көнді де, жүз мың динар пайдасын беріп сатып алды. Ол ақшаны есептеп шығып, жүкті саудагерлерге тапсырды да өзі жолдастарына қайта оралды. Қала қақпасының жанынап өтіп бара жатып: «Бір күнгі ақылдың бағасы жүз мың динар екен» — деп жазып кетті. Табылған ақшаны пайдаланды.

Төртінші күні таңертең олар шаһзадаға айтты: - Енді сен барып, тағдыр меп жазмыштың көмегіне сиынып бізге бірдеме тауып әкелші, - деді. Шаһзада жөнеп берді, қаланың қақпасына келді де, соның жанындағы бір орындыққа отыра кетті. Осы қаланың патшасы өліпті, одан не бала, не іні, не ағайын туыс қалмапты, міне ол осындай уакиғаға кездесті. Патшаның сүйегін алып өткендер мұның толықсымай, қайғырып-қапаланбай, міз бақпастан отырғанын байқады. Солардың біреуі келіп:

Патшаның өліміне қайғырмай, қакпаның алдында неғып отырсың, өзің кімсің? - деп сұрады. Бұл оған жауап бермеді, сонда мұны балағаттап орнынан қуып жіберді. Бірак әлгілер өтіп кеткеннен кейін бұл өз орнына отырды. Жүрттың бәрі тараған кезде алғаш орнынан қуалаған кісі тағы көріп қалды да: Әлде мен саған бұл жерде отыруға болмайды демеп пе едім?



  • деп тепсінді. Таяна келіп оны үстап алды да зынданға қамады.

Патшаны сайлауға жұрт жиналды, кімді қоюды ақылдасты, сонда шаһзаданы зынданға қаматқан әлгі кісі түрегелді де

болған уакиғаны баяндады: - Шетел жіберген тыңшы ма деп қорқам, өзін осында алдырыңдаршы,—дегенді айтты. Оны алып келді, сен кімсің, не істеп жүрсің, біздің жерге қандай себеппен келдің? - деген сұрақтар қойды. Сонда ол: - Мен Курунад 1 патшасы Истахармын. Үлкендігіме қарамастан әкем өлгеннен кейін, патшалықты інім басып қалды. Тіршілігіме қауіп төнді, сондықтан одан қашып шықтым да сіздерге келдім, — деді. Сөздерін жұрт ұйып тыңдады, өйткені шаһзада өз елінде кімдер бар екенін атап айтты, сол арада мақтап-мадақтап бастарына көтерді де осыдан кейін оны патша етіп сайлады, мемлекет ісін қолына тапсырды. Патша етіп сайлаған кісілерін қаланы айналдырып қыдыртатын осы елдің ежелгі әдеті болушы еді. Сөйтіп, олар мұны пілге мінгізіп төңіректі түгел аралату үшін алып жүрді. Қала қақпасынан өте бергенде жолдастары жазып кеткен сөздерге көзі түсті. Сонда ол жарлық берді: «Еңбек те, ақыл да, адамның басына келетін жақсылық пен жаманшылық та бәрі де тағдырдың қалауымен болады. Тәңірінің маған көрсеткен осы игілі ісі, мына қонған бақыт пен келелі жақсылық бәрі де соның тиянақты айғағы ғой», - деп жаздырды.

Соңынан патша мәжіліс залына кіріп, таққа отырды да өзінің баяғы достарына кісі жіберді. Олар келген кезде патша үлкен сыйлық жасады, мол байлыққа ие қылды. Осының артынша ол мемлекетіндегі ақылды адамдарды, тәжірибелі ысылған көмекшілерін жинап алып: «Тәңірінің өзі арнап жіберген осы игілікті ісі тек қана тағдыр мен жазмыш арқылы келді, мұны менің достарым анық ұқты, — бұрынғы уақиғалардың да тек соның қалауымен болғанын олар ұмытпаса керек. Шынында да, тәңірінің мен үшін дайындап, маған сыйлаған заттарына не әдемілік, не ақылдылық, не еңбек арқылы қолым жеткен жоқ қой. Туған інім өзімді қоркытып, жер аударып, мені тентіреткенде, осындай атаққа қолым жетеді, соған не болам деп сенген жоқпын, оның үстіне осы елдегі тұрғын адамдардың ішінен менен ақылды, мөнен көркемдерін де көрдім, ысылған тәжірибесі де, еңбекке ұмтылуы да әлдеқайда басым жандардың да бар екенін білдім. Бірақ мені тағдыр айдады, сөйтіп жат елге келдім де өкіметке ие болдым, мұның бәрі тәңірге белгілі, ежелден жазулы еді, әйтпесе мен ауыр тіршілікке көнген болатынмын», - деді.





1 Курунад – қай жердің аты екені әлі белгісіз.

Сонда осы елдің бір жиһанкезі орнынан түрегеліп: «Ей, патшам! Сен өте саналы, келелі ойдан туған данышпан сөз айттың-ау! Біз саған жақсылык ойлаймыз, өзіңе түгел сенеміз, айтқаныңды екі етпей қабылдаймыз, сөзіңді дұрыс деп үғамыз. Тәңірінің ұлы көмегі, үздіксіз рақымы тиген, жалғыздың өзі жарылкаған кемеңгер адам екеніңді де біз білдік. Бұл жалғанда да, ақыретте де орнын тауып, өте қуанышты тұратын тек тәңірісі жарылқаған сендей ғана адам болады, саған осынын бәрін тәңірінің өзі берген еді. Бізге сені патша етіп белгілеп, мемлекеттік ісімізді саған жүктеп, тәңірім біздің де тілегімізді орындады. Бізге осынша рақымы түсіп, осындай кұрмет көрсеткені үшін тәңіріге алғыс айтамыз, - деді.

Бұдан кейін екінші жиһанкез орнынан түрегелді. Ол тәңіріні мақтап аспанға көтерді, оның рақымын есіне алып, дәрежесін дәріптеді:



    • Ей, патшам! Мен бала күнімде, әлі жиһанкез болмай тұрып, бір адамның қолында жұмыс істедім. Жалған дүниелік өмірден безуге бет алдым да сол кісіден ажырасатын болдым, сонда ол сіңірген еңбегім үшін маған екі динар берді. Осы екі динардын біреуін ғаріп-қасірлерге үлестіріп, екіншісін өз әжетіме жаратпақ болдым. Бірақ осының артынша:

«Егер осы динарға бір тірі жанды сатып алып, тәңірінің құрметі үшін қапастан азат еткен болсам, анау ақыретте соның сауабы тиіп, ұлы игілігін көрмес пе едім?» - деген ойға тірелдім. Базарға бардым да, екі көгершінді сатқалы отырған аушыға кездестім. Мен саудаласа бастадым, бірақ екі динардан кемге мүлде бергісі келмеді. Екеуін бір динарға сатып алғым келді, бірақ ол көнбеді. Сонда мен: «Мүмкін бұл екеуі ерлі-зайыпты жұбай шығар немесе ағайынды қарындас болар. Егер біреуін босатсам, екіншісі іш-кұса болып өліп қалар», - деп қауіптендім. Белгілі құнын төлеп екеуін де сатып алдым. Бірақ бұларды осы жұрт жайлаған жерге қоя берсем, бұрынғы тар өмірдің тақсіретін тартып әбден арықтаған көгершіндер ғой, құтылып кете алмас деп қорықтым. Сөйтіп көгершіндерді алып ұлан-байтақ ен жайылымға бардым да босатып қоя бердім, олар ұшып шықты да, онша ұзамай бір ағаштың басына барып қонды, мен мекеніме қайта беттедім. Сонда бір көгершін екіншісіне қарап: «Мына жиһанкез бізді пәледе құтқарды ғой, ендеше, біз де

қарымын қайтарып жақсылық істелік», деді. Содан кейін олар маған келіп: «Сенің бізге көрсеткен қылығың үшін саған алғыс айтып, қарымын қайтарып, татымды сыйлык жасағанымыз жөн. Мынау ағаштың түбінде іші толған динар, бір құмыра жатыр, соны қазып ал», - деді.



Мен ағаштың түбіне бардым, бірақ көгершіндердің тіліне аса нана да қойғам жоқ. Азырақ шұқып көріп едім, құмыраға жеттім, оны суырып алдым да дұға оқып құдайға жалбарындым, көгершіндердің тілеуін тіледім. Осы арада мен оларға қарап:

      • Сендер жеті қабат жердің астындағыны білесіңдер, аспанның аясында қалықтайсыңдар, сөйте тұрып мен босатып алған пәлеге қалай ұшырадыңдар? - деген сұрақ қойдым. Сонда олар: «Ей, данышпаным, тағдырдың сұрапылы төнгенде көздің соқыр болатынын сен білмеуші ме едің? Дүниедегінің бәрінен жазмыш өктем, оған килікпеуге ешкімнің күші жетпейді және ешкім қашып құтыла алмайды», - деп жауап қайырды.

Осыдан кейін патшаға бұрылып философ: «Уакиғаны бақылап зерттейтіндердің жете түсінгені жөн ғой, дүниедегі нәрсенің бәрі тағдырдың қалауынша, жазмыштың билеуімен болатынын білсінші, өзіне ұнаған затына ешкім күш жұмсап жете алмайды, тілемеген затынан қашып кете алмайды. Мұның бәрі тәңірінің еркінде, ол өз тілегенін жасап шығарады, уақиғаны өз қалауынша алдын ала белгілейді. Оның алдында жаны бардың бағынып көнгені жөн, жүректің құлдық ұруы мақұл, өйткені құдай осы жолға түсіре білген, оған мұқылас нанған жандар ғана кеңшілік пеп тыныштықта өмірін өткізеді», - деді.



Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет