Сайділ талжанов 3 томды қ ш ы ғ армаларжина ғ Ы


МАЙМЫЛ МЕН ТАСБАҚА ТУРАЛЫ



бет21/27
Дата31.12.2019
өлшемі2,11 Mb.
#54002
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27

МАЙМЫЛ МЕН ТАСБАҚА ТУРАЛЫ



ПАТША философка айтты: - Жарамсақсып көнген болып, өзінің арам ойын білдірмей жауын жер соқтырған қу жөнінде келтірген осы нақылыңды түгел тыңдадым. Енді сен, егер айтқың келсе, мақсатына ұмтылған жанның, соған қолы жеткен заматта айрылып қалғаны туралы бір мысал келтірші, - деді. Философ әңгімені былай бастады: «Қолыңдағы барды сақтаудан, мақсатқа жету оңай. Кімде-кім бірдемеге ие болса, оны тиісті түрде сақтай алмаса, онда әлгі қолындағысынан ажырайды, мұндай жайт бір тасбақаның басында болыпты, ол маймылдың жүрегін алып жеуге қам қылыпты да, солай істеуіне мүмкіндік туған кезеңде алданып айрылып қалыпты», деді.

Патша: «Ол қалай болған екен?» - деп сұрады. Философ сонда мына нақылды баяндады; - Баяғыда топты маймылдың ішінде Кардин1 атты патшасы болса керек. Ол ұзак өмір сүріп, әбден қартайып алжыған кезде, өзінің туысы бір жас маймыл оған қарсы шығыпты да: - Бұл әбден алжыды, енді патшалықты билеуге оның шамасы келмейді, тұғырдан түсті, - депті. Әскері сол маймылдың пікірін қуаттап, патшалықтан әлгі қартты қуып шығыпты да оның орнына жас біреуін сайлапты.

Қарт маймыл қаңғырып жүріп, теңіз жағасында өскен, бір мәуелі інжір ағашына жетіпті. Ағаштың басына шығып маймыл жемісін жей бастағанда, бір түйірі алақанынан сусып барып, суға түсіпті. Сол судың жеміс түскен жерінде бір тасбақа жүр екен. Жемісті алып ол жеп қойыпты. Жеміс түскен кездегі судың шолпылдағанын естіпті, маймылға ол дыбыс өте ұнапты, сондықтан тағы шолпылдатқысы келіп, ол жемісті бірте-бірте суға лақтыра беріпті, тасбақа оны аузына қағып салып, қылғып жұта беріпті, осы жемісті тек мені асырау үшін маймыл әдейі тастап түр-ау деп ұғыпты. Сөйтіп ол судан шығып, маймылдың қасына келіпті, екеуі сәлемдесіп, бірін-бірі жақсы көрісіп, қол алысып, құшақтасып, дос болыпты. Осылайша бас қосып, бұл екеуі біраз уақыт бірге жүріпті, тасбақа өз үйіне қайтпапты. Тасбақаның әйелі ерінің кешіккенін ойлап, қайғырыпты да, көршісіне барып мұңын шарыпты:



1 «Панчатантрада» маймыл Рактамоника атанған, оның мәнісі «Қызыл өңеш» екен.
- Күйеуім көлденең бір бақытсыздыққа ұшырады ма екен, жүрегім қобалжып, қорқа берем, - депті. Досжар көрші әйел сонда: «Сен қайғырма. Мен хабарын алдым, сенің күйеуің теңіздің жағасындағы бір маймылмен тұрады, оны өзі жақсы көреді. Екеуі тамақты бірге ішіп, бірге жейді, осылайша дәурен сүреді. Сондықтан кешігіп жатыр. Ол сені ұмытса, сен де оны ұмыт, ол сені қандай жексұрын көрсе, сен де оны сондай жексұрын көр. Ал егер маймылдың көзін жоярлық амал таба алатын болсаң, дереу соның қамына кіріс, тек маймыл өлсе ғана күйеуіңе өзің ие боласың», - дегенді айтыпты. Сонда тасбақаның әйелі уайым-қайғыға беріліп тамаққа көңілі шаппайды, сөйтіп ол боп-боз болып әбден жүдейді.

Бір күні тасбақа маймылға:

- Түзде жүргеніме көп уақыт болды, сондықтан енді үйге қайтқым келіп тұр, - депті. Тасбақа үйіне келіп, әл үстінде ауырып жатқан әйелін көреді. Сонда ол:

- О, сүйіктім! Саған не болды? Неге мұнша жүдедің?

- деп сұрағанда, әйелі тіл қатпады. Тасбақа сұрағын тағы қайталағанда, көрші әйел оған:

Әйеліңнің қандай ауыр халде жатқанын өзің де көріп тұрсың ғой! Кеселі күшті, бұдан құтылар ем табылар емес. Дәрісі жоқ, қатты аурудың ақыры тек өліммен бітпек! - деп жауап қайырыпты. Тасбақа емделетін шарасын көрсетші, қайдан болса да іздеп тауып әкелейін дегенде, әлгі көрші әйел:

- Біз тасбақамыз, бұл аурудың мән-жәйін басқалардан жақсы білеміз.

Маймылдың жүрегінен өзге бұған ем жоқ, сол жүректі алып жесе ғана ауруы жазылады, - депті.

Тасбақа қабырғасымен кеңесіпті. Бұл өте ауыр жұмыс екен! Досымның жүрегін суырып алмасам, маймылдың жүрегін мен қайдан табам? Бірақ досыма опасыздық істеуім керек пе, жоқ әйелімнен айрылуым керек пе? Қайсысын қаласам да маған кешірім жоқ, деген ойға шомыпты. Сонсоң ол тағы сөйлеп кетіпті. Азға қанағат қылмаған жан ұлы мұратқа жете алмақ емес, ендеше, сонау азға ол көңілін аудармауға міндетті. Әйелдің орны өте зор, бұл жалғанда да, ақыретте де оның пайдасы мен көмегі ұшан-теңіз; ендеше, мен әйелдің өз орнын сақтауға, оны басқадан артық көруге міндеттімін, деп шешіпті.

Осы кұпия жоспарын жүрегіне сақтап, ол ертеңіне маймылға қарай сапар шегіпті. Тасбақа үлкен ойға шомыпты


322


да: - Бауырласқа көмек беруге өте мырза, айнымас досты өлтіру, шынында, ауыр жұмыс екен, мұның артын ойлағанда төбе шашың тік тұрады, - депті. Осылай толғанып ол жүре- жүре маймылдың мекеніне келіп жетіпті де оған сәлем беріпті. Сонда маймыл: «Қандай кедергіге ұшырадың, неге кешіктің, бауырым?» - деп сұрағанда, тасбақа оған:

«Саған келуге қанша асықсам да, сенің алдыңда ұяттымын, істеген ізгі қылықтарыңа көрсеткен жақсылықтарына үлкен борыштармын, иненің жасуындай да өтей алатын сияғым жок, міне осыдан қаймығып кешіктім. Көрсеткен ізгі жақсылықтарыңды міндет қылып, бірдеме дәметпейтініңді де білем, бірақ соның қарымын қайтаруға міндеттімін деп ұғам. Сен дегдар бекзатсың, бұрын да ешбір пайдасы тимеген, келешекте де ешбір пайдасы тимейтін жандарға да жақсылық істейтін мінезің бар, өз қолыңнан жасаған ізгі қылықты өзім істедім деп дәсерсімейтін, біреуге істеген игілі ісіңді айтып міндетсімейтін мінезін бар, дүниеде осындай мінезі бар жандар болады, сен солар тәріздісің», - депті.

Маймыл айтыпты: «Сен маған бұлай сөйлеме, менен ұялма. Саған мен бойымда бар ең асыл нәрсемді сыйлауым керек, өйткені біздің арамыздағы достық қарым-қатынасты нығайтқан ең әуелі сен болатынсың. Өз елімнен безіп, жапа- жалғыз қаңғырып келіп, саған паналаған қашкын мен емес пе едім? Маған дос та, пана да сен болдың. Тек сен арқылы тәңірім мені қайғы-қасіреттен, тіршіліктін тауқыметінен құтқарды», - депті.

Тасбақа сонда: «Ағайынды жандардың біріне-бірі жақындасуы, өзара сенісуі үш нәрсе арқылы күшеймек: әлі соның біреуі де біздің арамызда болған жоқ, менің соны болдырғым келеді. Мысалы үйімізге келіп, үй іші, бала-шағаны көрісіп, танысуымыз дұрыс, сөйтіп ойнап-күліп бар дәмді бөлісіп ішуіміз мақұл», - депті.

Маймыл: «Достың достан тілейтіні - тек жүрегінің адалдығы. Ал үй іші, ағайын туысын көруде зор мағына тұрған жоқ, өйткені сыбызғышы сыбызғысын тартқанда, өзінің алдында тұрған талай адамдарды, олардың ағайын-туыстарын түгел көреді ғой. Ал дәмдес болуға келсек, көптеген жылқы, қашыр, есектер тамақ ішерде бас қосады ғой. Егер үйді-

үйімізге бару жөніне келсек, онда ұрылар да кейде танымал үйлеріне кіреді ғой. Бірақ алдында отырған кісілерді және олардың ағайын-туыстарын көруі арқылы сыбызғышы мен тыңдаушылар арасында да, танымал адамдардың үйіне түсу арқылы ұры мен үй иесінің арасында да достық байланыс болмаса керек», - депті.

Тасбақа: «Сөзің рас, осыған ант іше алам! Шын достан таза сүйіспеншіліктен өзгені ешкім дәметпейді. Осы жалғанның пайдасын күйттеген жан, бауырластарымен қарым- қатынастарын доғаруы жөн. Бұрынғылар айтқан ғой: шаршатып, немесе зеріктіріп мезі етпеу үшін, бауырларыңа әлі келмес ауыр міндетті артпау жөн деген екен. Бұзау өзінің енесін қайта-қайта көп еме берсе, енесі оны теуіп жібереді, куып тастайды. Мен осыны саған әдейі ескертіп тұрмын, өйткені сенің қайырымды, ақ жаркын мінезің маған белгілі. Ендеше, үйіме жүріп, қонақ болуыңды қалаймын. Мен аралда тұрам, онда балауса жемісі мәуеленіп өскен қалың ағаш бар. Менің тілегімді қабылда, арқама мініп жүр, біздің үйге барайық», - депті.

Жемістерді айтқанда маймыл тамсана ынтығыпты. Тасбақаның өтінішін орындап, маймыл оның арқасына мініпті, сонда тасбақа оны арқалап алып жүзе жөнеліпті. Алайда суға түсісімен өзінің арамза қылығы, өтірікші опасыздығы тасбақаның жүрегіне шық ете түсіпті де ақырын тоқтай қалып ойға шомыпты, сонда өзіне-өзі:

- Менің ойлаған ісім әділетсіздік, опасыздык екен! Әйелдер үшін жауыз қылық жасап, арамдыққа бару дұрыс емес, өйткені оларға сену, оларды тиянақ ету мүлде теріс, әйелдер оған татымайды. Бұрынғылар алтынды отқа салсаң білесің, адалдықты алған қарызын төлеу арқылы, хайуанның күшін үстіне артылған жүк арқылы білесің, ал әйелді еш уақытта біле алмайсың, - депті.

Тасбақаның әрі қарай жүзбей тоқтай қалғанын байқап, маймыл сезіктеніпті де өзіне-өзі мына сөзді айтыпты: Тасбақа, әрине, себепсіз емес, бірдемені күтіп тұр. Кейінті кезде өзі бір түрлі ашуланшақ болып кетті, мұның енді мені жатқа санап, жүрегінің айнымауына кім кепіл? Өзгеруге келгенде лапылдақ жүректен жылдам, одан ыстык нәрсенің дүниеде жоқ екенін мен жақсы білем ғой. Жақын жандарының да, балаларының да,

туыстарының да, тіпті достарының да жасырын қылықтарына ақылды адам бейғам қарамау керек, әрбір сәттегі әрекетін, айтқан сөзін, отырысып, тұрысын - бәрін де мұқият бақылап отыруы мақұл, өйткені осынын бәрі олардың жүрегінде бірдеменің жасырын жатқанын көрсетеді. Осыдан кейін маймыл тасбақаға бұрылып: «Неге тоқтай қалдың, қобалжуыңның себебі не?» - деп сұрапты.

Тасбақа: «Әйелім қатты науқас еді, сен кіріп барғанда үйім көңірсіп тұрмаса, жүрегіңе жақпай калады-ау деп қобалжудамын», - депті.

Маймыл сонда: «Сен қобалжып, қорықпа! Алдын ала уайым жеуден пайда жоқ. Онан да әйеліңді емдейтін дәрі мен дәрігер ізде. Бұрынғылар байлар қолындағы бар дүниесін үш нәрсенін жолына жұмсасын, ақыреттегі өмірдің ұжмағын ойласа қайыр садақаны мол берсін, бұл жалғандағы зор лауазымын келсе, ұлықтарға мол-мол сыйлык тартсын, жүгенсіз жүретін қызық өмірді іздесе әйелдердің жолына сарп етсін деген ғой», - депті.

Тасбақа: «Дәрігерлердің айтуынша, маймылдың жүрегінен өзге оған ем жоқ екен», - депті.

Маймыл осы арада өзіне-өзі: «О, сұмдық-ай! Үлғайған жасыма қарамастан оңазаланған ындыным, мені мынадай шықпас шыңырауға киліктірді-ау! Азды місе тұтар, қанағатшыл жан асықпай, арандамай қауіпсіз, бейбіт те берекелі өмір сүреді, ал ашқарақ адам аласұрып шаршап-шалдығып, үнемі қорқумен өмірін өткізеді - деген сөз рас екен-ау! Басыма түскен мына пәледен енді ақыл-айла тауып құтылуым керек қой», - депті.

Осының артынан ол тасбакаға.



  • Досым-ау, мұны бұрын білген болсаң, онда ертерек неге айтпадың, кешігуіңе не себеп болды? Мен жүрегімді өзіммен бірге ала жүретін едім ғой, - депті.

Тасбақа тұрып: - Жүрегің қайда еді сенің? - деп сұрағанда, маймыл:

  • Мен оны мекеніме тастап кеттім, - деп жауап қайырыпты. Тасбақа: «Олай істеуіңе не нәрсе себеп болды?» - деп сұрағанда, ол:

  • Біздің маймылдарда мынадай әдет бар: достарымызға қонақ бола

барғанда жүрегімізді үйге тастап кетеміз, өйткені
бірімізге-біріміз сеніспеуден, үнемі күдіктенуден, сонда аулақ боламыз. Егер сол жүрегіме сен ділгер болсаң, онда әкеп берейін, депті.

Маймылдың өз жүрегін оп-оңай бере салуға көнгенін естіп, тасбақа қатты қуаныпты да асығып-үсігіп кейін қайтыпты. Тасбақа жиекке жақындай бергенде, маймыл секіріп кетіпті де өрмелеп биік ағаштың басына шығыпты. Тасбақа бір сағаттай күтіпті, алайда маймыл келе қоймапты, сондықтан ол: «Досым- ау, асықсайшы, жүрегіңді алып, тезірек келсейші мұнда! Кешіктірдің ғой мені», - депті.

Маймыл сонда: «Сен мені есекке ұқсатып тұрсың-ау, сірә, баяғыда бір шибөрі есектің жүрегі де, құлағы да болмайды деп арыстанды нандырған екен», - депті.

Тасбақа: - Ол қандай әңгіме деп сұрағанда маймылдың келтірген нақылы мынау болыпты: — Баяғыда бір арыстан жыныс ағаштың ішінде тұрыпты, оның қалдығын қорек етіп, қасында жүретін бір шибөрі болыпты. Бір мезгілде арыстан қатты ауырыпты, арып-ашып қалжырапты да аң аулауға мұршасы келмепті. Сонда оған шибөрі: «Сен мүлде өзгеріп кеттің, өзіңе-өзің ұқсамайсың. Аңдардың сайыпқыраны едің ғой, саған не болды?» - деп сұрапты. Арыстан: «Мұның бәрі өзің көріп тұрған аурудың салдарынан емес пе, бұдан жазылу үшін, есектің құлағы мен жүрегін жеуден басқа ешбір ем жоқ»,

— депті. Шибөрі сонда: — Мен білем, бір шұға жасаушы есегіне

киім-кешек артып кір жууға келеді, сол жайылым бізден аса қашық емес. Үстіндегі жүгін түсіріп, көкорай шалғынға жалғыз өзін қоя береді, мен сол есекті дереу осында алып келейін. Сонан кейін оның жүрегі мен құлағын не істесең де өзің білесің ғой, - депті. Арыстан:

- Кейінге қалдырмай осыны тезірек орындай көр, - десе керек.

Шибөрі жүріп кетіпті де есекке барып: - Мен көріп тұрмын, сонша жүдеу екенсің, арқаң неге жауыр болған? - деп сұрағанда, есек оған:

Мұның бәрі ана шұға жасаушы залымның салдарынан, ол мені жұмысқа көп жегеді, тамақ бермей шөміштен қысады,

- деп жауап қайырыпты.

Шибөрі: «Сен бұған қалай шыдап жүрсің?» - дегенде,

есек:


Ал сонда не амал істемекпін? Адамның шеңгелінен қайда қашып құтылмақсың? - депті.

- Адамның аяғы баспаған, шөбі шүйгін оңаша орынды көрсетейін

саған. Онда асыл тұқымнан шыққан, әдемі мәші есек тұрады. Ондай сұлуды сен еш уақытта көрген емессің. Оған айғыр керек, - депті. Әңгі есек тебірене толқып:

Екеуміз де сонда барсақ қайтер еді? Оны былай қойып, тек сенімен достасқым келген күнде де мен бірге кетер едім, - депті. Сөйтіп екеуі арыстанға қарай беттепті. Шибөрі бұрынырақ келіп хабар беріпті. Арыстан атып тұрып, есекке қарсы ұмтылыпты, бірақұстай алмай қалыпты, ол қашып құтылыпты. Сонда шибөрі арыстанға: - Бүлдірдің-ау, сен! Есекті әдейі жеке тастап кетіп едім, мені сорлатқың келді ме, неге тарпа бас салдың? Оны сен ұстай алмасаң, менің патшамның есекті ұстап алуға шамасы келмесе, онда біз құрыдық қой, - депті. Арыстан ойланыпты:

- Егер есекті әдейі қоя бердім десем, онда шибөрі мені ақымаққа

балар еді, ал егер, ұстап алуға әлім келмеді десем, онда қуатсыз нашар деп білер еді, - деп толғапты да: Есекті сен екінші рет осында ертіп келе алсаң, мен саған сол есек жөнінде өзің қолқалап жүрген әңгімеңді айтып берер едім, - депті. Шибөрі: Болған істі есек көзімен көрді, мен енді оған қайыра барсам, онда амал қолданып, алдауым керек болар, - депті де есекке қайта барыпты. Есек мұны көре салып:

- Менде қандай бұйымтайың бар? - деп сұрапты. Сол арада

шибөрі:


- Менің саған жақсылық істегім келеді. Қатенің бәрі шексіз құмартудан шықты ғой. Саған тұра шапқан, әлгі өзің көрген хайуан мәші есек еді, ол туралы мен саған айтқан болатынмын, ондай көріктіні сен өміріңде көрген жоқсың. Құштарлыктың қуаты билеп шыдатпады, саған тұра ұмтылды, егер сен бір сәт кідіргенде сенің мәңгі жарқосағың болар еді. Қатенің бәрі күшті елтудің салдарынан туады ғой, - депті.

Мәші есек туралы екінші қабат естігенде әңгі есектің құмартуы құйынша көтеріліп, ол шибөріге еріп жүре беріпті, келген мезетте арыстан бас салып оны жарып тастапты. Есекті жайтан болыпты да ол шибөріге қарап: - Мен дәріні былай қабылдаймын, ең әуелі жуынам, сонсоң құлақ пен жүректі жеймін, ал қалғанын құдайыға таратам. Мен жуынып болғанша,

сен есектің етін қарай тұр, сонсоң өзім қайтып келем, - депті. Арыстан кетісімен шибөрі есектің құлағы мен жүрегін жеуге кірісіпті, ол сонда арыстан құлақ пен жүректің жоқтығын көрген соң қалған етін де жемес, құдайыға да таратпас деп сеніпті.

Арыстан қайыра келіп: «Есектің жүрегі мен құлағы қайда?

— деп жазғырғанда, шибөрі оған: — есекте кұлак пен жүректің жоқ екенін сен білмеуші ме ең, егер ол екеуі бар болса, аман- есен бір құтылғаннан кейін екінші рет тағы келмес еді ғой», депті. Арыстан шибөрінің сөзіне шүбәсіз сеніпті.

- Мен бұл нақылды әдейі келтірдім, құлағы да, жүрегі де болмайды

деп шибөрі айтқан есегің мен емеспін, саған соны түсіндірмек болдым. Қулық жасап, мені алдағың келді, мен де сол өзіңе ұқсап қулық жасадым да қаруын қайтардым, өткен қатемді түзеуге тырыстым, - депті маймыл.

Тасбақа: «Сен нағыз айнымас дос екенсің. Ақылды адам іске шебер, сөзге сараң болады, мен мұны білем. Ол өзінің адасарын сезеді де бір іске белін байламай тұрып, уақиғаның алдын шолуға кіріседі. Сүрініп кетіп омақаса жығылған адам сол жерді таянып қайта тұрады ғой, сондай-ақ әлгі

ақылды жан да істеген қатесін өз жігерін жұмсап түзеуге тырысады»,

- депті.


- Бір мақсатқа ұмтылып, соған қолы жеткенде орындап алмаған жан иесі жөнінде айтылатын нақыл осы еді, - депті философ Бейдауа.

СОПЫ МЕН АТЖАЛМАН ТУРАЛЫ

ПАТША философқа: «Мен бұл нақылыңды қызығып тыңдадым. Енді сен мынаны айтшы, мысалы, бір іске кіріскенде алды-артын ойламайтын, мәнісін жете түсінбей, асығыс қимылдайтын адам болады, міне осы жөнінде бір нақыл келтірші», - деді.

Сонда философ Бейдауа: - Ойланбай оқыс қимылдаған жан, жылдам өкінеді. Сопы мен атжалман арасында болған уақиға осының айғағы, - деді.

Патша: «Ол уақиға қалай болыпты?» - деп сұрады. Сонда философ мына әңгімені шертті:

- Баяғыда бір Сопы Журкап1 деген жерде тұрыпты. Көп уақыт бала көтермей жүрген әйелі бір кезде жүкті болса керек. Сопы бұған ұлан-асыр мәз болып: - Қуана бер, жарым! Ұл табатыныңа кәміл сенемін, көзіміздің ағы мен қарасы да, сүйенеріміз де сол болсын! Мен тезірек нәрестені мәпелеп күтетін әйел табайын, таңдап бір әдемі ат қояйын, - деді.

Сонда әйелі: «Ей, кұдай қоскан қосағым! Көзің, анық жетпейді ғой, осы сөзді айтарлықтай тиянақты айғағың кайсы? Ұл тапсам да, қыз тапсам да, тіпті кім туса да - бәрібір емес пе, ендеше, үндемей-ақ, тәңірінің жазғанына ырза болсайшы! Өзі білмейтін затты ақылды жан әңгіме етпейді, келешекті болжамайды, алдын ала үміттеніп қалып, соңынан өкінбеу үшін, оны есіне де алмайды, ол өзін арманды ойының иесіндей санамайды ғой. Міндетін түгел орындағандай болып, бейтаныс нәрсені күн ілгері әңгіме ететін жан, өзінің төбесіне май мен бал төккен сопының аяғын құшады», - деді.

Сопы ол қандай уакиға, деп сұрағанда, әйелінің баяндаған нақылы мынау болды: - Баяғыда бір сопы өзіне қорек ету үшін бір көпестен май мен бал және ұн алып тұрады екен. Ішіп-жемінен артылып қалғанын, өзі бұрын дайындап койған құмырасына құя береді. Сөйтіп құмыра лық толса керек. Бір мезгілде май мен балдың базарда нарқы көтеріліп, сонда сопы, мұны ең азы бір тілләға сатам, сонсын оған он ешкі сатып алам. Олар бес айдан кейін лақтайды депті. Сөйтіп ол бес





1 Кейбіреулердің топшылауынша бұл жер Журжан болып аталады. Ирандағы бір облыстың аты.

жылдан кейін төрт жүзден аса ешкі болатынын ерінбей есептеп шығарыпты. Содан кейін: — Төрт ешкіні бір өгізге немесе бір сиырға айырбастасам, жүз қаралы малдың басын құраймын ғой, тұқым тауып алып өгізбен жер жыртсам, егін салсам, сүт пен етке де қарқ болам! Осылайша бес жыл өтпей-ақ сиыр мен егіннен ақшаны мол өндірем. Сонда өзіме арнап сәулетті үй салам, жұмыс істейтін құлдарды, киім-кешек, ыдыс-аяқтарды сатып алам, бұл жағын қамтамасыз еткеннен кейін, өзі әдемі және асыл текті әйелге үйленем. Екеуміз қосылғаннан кейін, ол екіқабат болады да бап-балғын; әп-әдемі ұл табады, ол өзі тақуа әрі ізгі болады, оған мен өзіне лайық ат қоям, жақсылап тәрбиелеймін, бар күшімді сол баланың жолына сарп етем. Ал егер ол тіләзар, ақымақ болып шықса, онда мен мына таяқпен төбесінен былай соғам! — депті де қалай ұратынын көрсету үшін таяқты сілтеп кеп жібергенде, ол сарт етіп құмыраға тиіпті. Құмыра күл-талқан болып сыныпты да ішіндегі май мен бал сопының төбесіне төгіліпті. Өстіп оның құрған жоспары мен көксеген арманы судай ағып, бордай тозыпты.

- Мен бұл нақылды әдейі келтірдім, туатын баланың алдында қандай тағдырдың дайын тұрғанын білмейінше, мұндай әңгімеден аулақ болуыңды тілеймін. Тыңдағайсың осы өсиетті, - депті. Сопы әйелінің ақылын қабыл алыпты.

Соңынан әйелі шекесі торсықтай үл тауыпты да әкесі қатты қуаныпты. Күндерде бір күн әйелі еріне: — Мен жуынып, қайтып келгенше баланың қасында отыра тұршы, - депті де өзі шығып кетіпті. Аздан кейін патшаның жіберген кісісі келіп, сопыны ертіп әкетіпті. Үйінде жүрген, өзінің ұлындай көріп асыраған атжалманнан басқа жас баланың жанына тастап кетер жан болмапты. Атжалманды сопы кішкентай нәрестенің қасына қойыпты да өзі патшаға жөнеліпті. Үйінде жыланның іні бар екен, баланы шағу үшін сол інінен жылан жорғалап шыққанда, атжалман оны бас салып шайнап тастапты. Сопы үйіне қайтыпты. Есіктен кіре бергенде өзінің адал қылығын білдіріп, қуанту үшін атжалман алдынан арсалақтап шығыпты. Аузы-басы шиедей кып-қызыл қанға боялған атжалманды көрген кезде сопы есінен айрылыпты да алды-артын ойламастан таяқпен бастан салып кеп жіберіпті, атжалман табан аузында тіл тартпай өліп кетіпті. Үйіне кіріп, аман қалған баласын, өлген

жыланды көріп, болған істің мән-жайын сопы сол мезетте ғана түсініпті. Сонда сопы төбе шашын жұлып, өзін-өзі кеудеден ұрыпты да: - Шіркін-ай, осы баланың тумағаны жақсы еді-ау! Онда мен мұндай жауыздықты, кесепатты қырсықты жасамаған болар едім ғой, - деп сарнай беріпті. Сонсоң әйел келіп, жылап отырған күйеуін көріпті де, - Сен неге жылайсың, жылан мен атжалман неге өліп жатыр? - деп сұрағанда, ол бар уақиғаны түгел баяндапты да:

Міне, асығыстыктың жемісі осылай болды, - депті.

Ойланбай, екшеп, өлшемей іс қылатын адам жөнінде осындай да бір нақыл болушы еді, - деп сөзін бітіріпті Бейдауа.



Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет