МЫСЫҚ ПЕН ЕГЕУҚҰЙРЫҚ ТУРАЛЫ
ПАТША отырып: - Алды-артын ойламай асығыс қимылдайтын адам жөнінде келтірген нақылыыңды мен ұқтым. Енді, егер айтқың келсе, толып жатқан дұшпан бар, олар тұс- тұсынан қамалап жаналқымға келген адамның осы пәледен аман қалу үшін қандай амал іздегенін, дұшпандарының біреуімен достасып, одақ болып, төніп тұрған қатерден қалай құтылғанын, онымен бірге әлгі одақтасына соңынан мүлде сеніп қаруын қайтарғанын айтты. Татуласуы қалай болды екен және сол татулықты қай мезгілде іздеген екен, маған міне, осы туралы бір мысал айтшы, - дегенде.
Философ оған: - Жауласу мен достасу, сүйіспеншілік пен өшпенділік - бұлардың бәрі тұрақтап бір қалыпта тұрмайды. Түрлі-түрлі ауыспалы уақиғалар мен жағдайларға байланысты сүйіспеншілік өштесуге және өштесу сүйіспеншілікке айнала береді. Ақылды адам мұндай жайттың әрбіреуіне лайық шара қолданады, алдын ала тиісті қару дайындайды: егер осыны дұшпаны істесе - ол қасқиып қарсы тұрады, ал егер досынан келсе кешірім де жасай біледі. Дұшпанның көмегі тиеріне көзі жетсе, басына төнген қауіптен құтылып тілеген мақсаты орындаларын білсе, сол дұшпанымен ауыз жаласып, оның жәрдеміне сүйенеді, өйткені бұрынғы жаулығы ақылды адамға осы арада бөгет бола алмайды, онымен ынтымақка келіп, одақ жасауға мұның тәжірибесі де жетеді. Кімде-кім осыны мезгілінде ұға білсе, жүзеге асырғанда сақтық жасай алса, міне,
сол адам мұратына жетеді. Мысық пен егеуқұйрық арасында болған уақиға осының айғағы, олар өзара ынтымак кұрып, бір бағытта әрекет істепті де үлкен пәледен екеуі де кұтылып, аман қалыпты, - деді.
Патша: - Бұл қандай уақиға еді? - деп сұрағанда. Бейдауа философтың келтірген нақылы мынау болды:
- Баяғыда бір жерде жапырағы төгіле біткен бұйра ағаш өседі екен,
соның түбінде Руми деген мысықтың, Каридун1 атанған егеуқұйрықтың іні болыпты. Бір күні осы ағаштың маңына келіп, аңшылар құс салып, аң аулапты. Әлгі аңшылардың құрған торына Руми түсіп қалыпты. Сақтанып, жан-жағына қарап, аяғын ептеп басып егеуқұйрық та тамақ іздеп шықса керек. Мысықтың торға түскенін көріп егеуқұйрық қатты қуаныпты, бірақ артына қараса өзін аңдып келе жатқан атжалманды көзі шалыпты, ал жоғары қараса ағаштың басында мұны күзетіп отырған жапалақты көріп қалыпты. Егеуқұйрықтың жаны түршігіпті, ол кейін қарай тұра қашса атжалман тап береді, не оңға, не солға қарай беттесе, жапалақ бас салады, ал егер ілгері жүрсе мысыққа килігеді. Сонда ол өзіне-өзі: - Бақытсыздықтың қамауына түсіппін, күллі пәле менің басыма төнген екен-ау! Өз ақыл-айлама сүйенбесем маған басқа жол жоқ қой, сірә. Ешқашан абыржу менде болмасыншы, сасқалақтап жүрегім жарылмасыншы. Ақылды жанның ой-сапасы еш уақытта сарқылмайды, тапқыр тәжірибесі ыдырамайды ғой, өйткені саналы адамның ақыл-ойы түпсіз терең теңізбен тең. Өзі апатқа ұшырағанда оның айласына, ептілігіне бақытсыздық та нұқсан келтіре алмайды, тіпті бір нәрседен үміттеніп соған сенген күнде де ол мастанып, істің маңызын байыптай алмай, дандайсудың шегіне жетпеуі мақұл ғой, - дегенді айтты. Осының артынан ол: - Бұл жерде маған ең лайықтысы мысықпен ынтымақтасу болар. Өйткені ол пәлеге кезікті ғой, ендеше, соны ажалдан арашалайын. Осылай істесем ол менің риясыз адал айтқан сөзімді ұйып та тыңдар-ау! Егер ойымды дұрыс түсінсе, жәрдем өтуімді қаласа, өз пайдасы үшін менімен ынтымаққа келісер де сол арқылы екеуміз де аман қалармыз, - деді.
1 Егеуқұйрықтың аты – әр тілде әр түрлі айтылады. Ал, Руми – арабша
– грек (юпан) византиялық деген сөз.
358
Сонымен мысыққа таяна келіп егеуқұйрық: - халің қалай?
Мысық оған: - Несін сұрайсың, менің халім, қыспаққа кездесіп, таршылыққа ұшыраған жанның халі ғой, - деп жауап қайырды.
Егеуқұйрық сол арада: — Ант ішіп айтайын, сенің жапа шегуің мені
алғашында қуантып еді, саған келген қыспақ маған кеңшіліктей көрініп еді. Бірақ бүгін осы екеуміз бақытсыздықтың салдарынан жолдас болғалы тұрмыз. Мен тек пәледен сені құтқару аркылы ғана өз басымды сауғалармын деген үміттемін. Саған қарай икемденуіме, міне осы үміт себеп болды. Сөзімде өтірік пен алдаудың жоқ екенін сен қазір-ақ түсінесің. Көріп тұрсың ғой; ана жақта мені атжалман аңдып тұр, ал мына жерде мені жапалактың тарпа бас салғысы келеді. Олар саған да, маған да жау, бірақ осы екеуі де тек сенен қаймығады. Ендеше, қасына барғанда маған қастық істемеші және мына екі жаудан аман құтқаршы, осыған уәдеңді берші, сонда мен түскен торыңды тісіммен қиып, сені осы ауыр халден азат етейін. Маған сүйенгейсің, айтқан сөзіме қалтқысыз сенгейсің! Жағдайлары бірдей, бірақ жаратылысы басқа- басқа екі жан ғана көлденең біреуге жақсылық көрсетуден аулак тұрады ғой, соның біріншісіне тірі жан сенбейді, ал екіншісі - ешкімге өзі сенбейді. Сөзімнің растығы үшін өз өмірімді саған кепілдікке ұстатам. Сөзіме сен де, айтқанымды қабылда, бірақ мынау істі кейінге қалдырма, өйткені ақылды жан мұндай кезде марғауламайды. Сенің тірі қалуыңа менің жүрегім қандай қуанса, маған да сен сондай қуаншы. Біз қазір кеме мен кемешілер тәріздіміз. Өйткені теңіздің ар жағынан кемешілерді кеме алып келсе, ал кемені жиекке әлгі кемешілер әкеп жеткізеді ғой, сондай-ақ біреуміз көмек көрсетсек, тек сонда ғана екіншіміз аман қаламыз, - деді.
Егеуқұйрықтың сөзін естіген кезде мысық оның шын екенін түсінді де бұған қатты сүйсінді, сөйтіп ол: - Ындының адал, айтқаның шын екен, өзім де байқап тұрмын, тілейтінім осы ынтымақ, өйткені екеуміз де сол арқылы бас амандаймыз. Бұл үшін саған мен өмір бойы риза болам да қалағаныңды сыйлап, қарык қылам, - деді.
Сонда егеуқұйрық: — Ондай болса мен саған таяу барайын, оны атжалман мен жапалақ та көрсін, сөйтіп екеуміздің
359
ынтымаққа келгенімізді біліп, мақсатына жете алмайтынын ұқсын да аулақ кетсін, сол кезде сен түскен торды мен қия бастайын, - деді.
Егеуқұйрық қасына келіп, тордың жібін қия бастады, бірақ мысық оның мешеу қимылын сезді де: - Түйіншектерді қиғанда сенің үздіге қимылдауыңды көрмей тұрмын ғой. Мұратына жетер-жетпесте-ақ әлгі де ғана мойныңа алған сертті уәдеңці ұмыттың білем, досыңның әжетін ашуды қойдың-ау, сірә! Орындап шығу қолынан келіп тұрса, жолдасының ісін аяқсыз тастау асыл туған пендеге лайық емес тәрізді. Рас, тез түсіндім, жылдам жақсы көрдім, одан сен үлкен пайда таптың, ажалдан құтылдың, осыны өзің де көріп тұрсың ғой, ендеше, арамызда болған бұрынғы жаулықты есіңе алмай-ақ мені ырза қылуың қажет еді. Бір көрсеткен жақсылық бұрынғы талай жаманшылықты ұмыттыру керек еді. Жалған ант ішу мен опасыздың табан аузында жазалануы дұрыс, кешіре көр деп жалынып сұрағанда кешірмеген, міз бақпаған жанның да сазайын тартуы мақұл, - деді.
Егеуқұйрық дәл осы арада: - Достасу екі түрлі, соның бірі - өздігінен құштарланып дос болу да, екіншісі - достыққа амалсыз көну. Екеуі де зияннан қашып, пайдасын іздейді. Ал сонда әлгі достықтың бірінші түріне қай жағдайда болсын күдіксіз сеніп, оған сүйенген дұрыс. Ал екінші түріне бір мезгіл сену керек те, ал басқа жағдайларда одан қауіптену жөн, жұрттың бәрі шіміркеніп, қорқып тұрсын, сол үшін сен оның бір мұқтажын тез орындай қоймай, үнемі кепіл ретінде қылғындырып ұстауың жөн. Әрбір ынтымақтасумен, екеу ара сүйіспеншілік жылдам пайда табуға, көздеген мұратына жетуге ұмтылудан туады. Берген уәдемді мен орындаймын, алайда сенімен ынтымақтасуға еріксіз апарған өз тілегіме жеткенше сақтануым да керек. Әрбір істін өзіне лайық мезгілі болады, ал мезгілсіз істелген іс көңілдегідей болып шықпайды. Сен оралған торды мен дер кезінде қиып бітірем, бірақ өз басымды сақтау үшін кепіл есебінде тек бір түйіншегін қиып жібермей кідіре тұрам. Ол түйіншекті сенің менімен айналысуға мұршаң келмейтін қысылшаң кезде, басыңа екіталай кезең туғанда ғана қиып жіберем, - деді.
Егеуқұйрық айтқанын орындады. Таң белгі бергенде алыстан аңшы көрінді. Сонда: - Сен оралған торды жылдам
360
қиюға кірісетін мезгіл міне, қазір туды, - дегенді айтты да мысықтың қауіпсініп, күдіктенуіне қарамастан, аңшы келіп үлгергенше тордың жібін егеуқұйрық та түгел қиып бітірді.
Сонсоң мысық өрмелеп ағаштың басына шықты, егеуқұйрық ініне барып тығылды, ал аңшы жыртылып қалған торын алды да олжасыз бос қайтты. Сонда егеуқұйрық інінен шықты да мысықты анадайдан көрді, бірақ таянып қасына барғысы келмеді. Мысық оны айқайлап шақырды:
- Ей, ізгі қорғаушым! Қасыма таяу келуіңе не нәрсе бөгет болып тұр, сенің көрсеткен жақсылығың үшін мен сені жақсылап тұрып сыйламас па едім? Келсейші бері, ағайын доспыз ғой, ажыраспалық та. Кімде-кім өзіне дос тапса, соңынан сол достықты сақтай алмаса, сол адам ағайын туыстыктың қызығын көре алмайды, жемісін жеуден жұрдай болады, туыстарына да одан ешбір пайда тимейді. Қолыңның мініскерлігін көзіммен көрдім, сол шебер қылығынды ұмыта да алмаспын, ендеше, менен де және менің достарымнан да соның қарымжысын қайтарғың келсе, онда ештеңеден қымсынба, менің бар дүние- мүлкім саған сыйлыққа тартылады, осыны да білгейсің, - деді. Мысық ант-су ішті, сөзінің шындығына иландыруға тырысып бақты.
Егеуқұйрық оған мынадай жауап қайырды: - Кей кезде жасырын жаулық достық кейіп киеді. Көріне жауласудан бұл анағұрлым зиянды, кімде-кім мезгілінде осыдан сақтанбаса, ол ызақор пілдің азуына асылған адамның аяғын құшады, өйткені әлгі асылып келе жатқан адамды ұйқы жеңіп, қалғып кеткенде, ол барып пілдің табанына түседі, оны піл тұяғымен тарпып, басып өлтіреді. Пайдасы тиеріне сенген кезде дос деп атайды да, зияны тиерін білген мезгілде қас деп ұғады. Жауынан олжа түсіруді үміттенсе ақылды адам оған достың түрін білдіреді, ал досының зияны тиерін біліп қауіптенсе, оған қарсы жау екенін сездіреді. Сен әлде білмейсің бе, аңның күшіктері анасының соңынан қалмайды, сонда тек сүтін емгісі келеді, ал сүт таусылып суалған кезде шешелерін олар ұмытып та кетеді ғой. Аспандағы бұлт кейде тұтаса қалады да, кейде бөлініп-бөлініп ыдырап кетеді, кейде жаңбыр боп жауады, ал кейде толастай қалады, дәл сондай-ақ ақылды адам да өзінің туыстары мен достарына кейбір жағдайлардың ауысуына
байланысты өз қарым-қатынасын, туыстық сезімін өзгерте де береді: ол кейде өршеленіп лепіре түседі де, кейде томаға- тұйық отырады, кейде сене қалады да, ал кейде қауіптене түседі, бір кезде ырза, бір кезде наразы болады, кейде шыдамдылық көрсетеді де, кей кезде дүниенің бәрін мансұқ етеді. Кейбір мезетте бұрын дәнекер болған достықтың өзі де достардың арасын айырады, бірақ мұндай кезеңде олар бірінен-бірі аса қорықпайды, өйткені қарым-қатынастарының түпкі негізі жауласудан шықпаған ғой. Ал негізінде жаулық жатса, достасуы тек амалсыздықтан еріксіз туса, онда әлгі достықты тудырған сылтау жойылысымен-ақ бәрі де ежелгі қалпына қайта түседі, бұл астына от жағып қайнатқан су сияқты, оттан айырсаң-ақ ол қайта суып кетеді. Бірімізге біріміз сенісіп, үйір болып едік, біздің арамызда адал қарым-қатынас, сүйіспеншілік орнап еді, осының бәрі енді өткеннен кейін сендейлермен жақындасудан күшті дұшпан маған жоқ тәрізді. Екеуміздің ымыраласуымыз басымызға бірдей түскен тауқыметтен туды. Құтылу үшін сен маған, мен саған ділгір болғандай зор қауіп енді жоқ қой, сондықтан ол жойылысымен жауласу қайта орала ма деп қорқам, ал енді әлсіздің күшті дұшпанымен жақын жүруінен, адал жанның залыммен жанасуынан бұл дүниеде жаман нәрсе болмасқа тиіс. Мені жеуден басқа сенде көлденең пиғылдың болуына көзім жетпейді, сондықтан саған сенгім келмейді. Күшті жаудың әлсіз дұшпанына сеніп алдануынан гөрі, күшті жауынан ертерек сақтанып, алданбауға тырысса, сонда әлгі әлсіздің аман қалатынын мен жақсы білем. Ақылды жан басқа амалы құрығанда дұшпанымен лажсыз ынтымақтасады, еріксіз көнеді де сүйіспеншілік пен адал сенімін білдіреді, бірақ тек мүмкіндік туа қалған заматта тезірек алыстауға тырысады.
Нанғыш жанның асығыс әрекеті жылдам оңала қоймайтынын білгейсің; Ынтымаққа келгеннен кейін ақылды жан уәдесін орындайды, бірақ өзі туралы мұндай сертті сөзін біреудің орындауына ол өмірі сенбейді, сондықтан ол әлі келгенше дұшпанынан аулақ жүруге тырысады. Ең ақылға қонатын нәрсе сенің аңшыдан, ал менің сенен жырақ жүруім. Мен сені алыстан жақсы көрейін, мұршаң келсе, сенің де маған солай істеуің мақұл, біздің жақындасуымызға ешбір жол жоқ, - деді.
Дұшпанымен дер кезінде ынтымақтаса біліп, бірақ мүлде құлап кетпей сақтана да алған жан туралы айтылатын тарау осы еді.
ПАТША МЕН ФАНЗА ҚҰС ТУРАЛЫ
ПАТША философқа қарап: «Жан-жағынан жау қамағанда, солардың біреуімен ынтымақтасып, соның жәрдемі тиіп аман қалған адам жөнінде айтқан нақылыңды тыңдап өттім. Енді, егер айтқың келсе, бірінен-бірі сескенген, кектескен жаулар туралы бір уақиғаны баяндашы», - дегенде. Философтың айтқан уақиғасы мынау болды: — Баяғыда Бархамун атты патша дәурен сүріпті. Оның Фанза1 дейтін құсы болыпты, сол құс сөйлей де, айтқанды ұға да біледі екен, оның бір балапаны болса керек. Құстарды бәйбішенің үйіне орналастырып, осы кұстарды мәпелеп күт деп патша әйеліне жарлық беріпті. Әйелі ұл тауыпты, балапан соған үйреніп, екеуі бірге ойнайтын болыпты. Күн сайын Фанза таудың басына ұшып шығып, екі түйір жеміс әкеліп, біреуін өз балапанына, екіншісін шахзадаға беріп асырайды екен. Соның арқасында олардың жылдам буыны бекіп, бұғанасы қатса керек. Патша мұны көргенде, Фанзаның аруағын аспанға көтеріпті. Күндерде бір күн Фанза тағы жеміс теруге кеткенде, балапан шахзаданың бөлмесіне ұшып кіріпті де саңғып жіберіпті. Бала бұған қатты ашуланып, балапанды жерге ұрып, өлтіріп тастапты. Қайтып келгенде, балапанының өліп жатқанын көріп, Фанза қапаланып, қан жұта зарлап:
- Не мойнына міндет артпайтын, не сөзінде тұрмайтын патшаларды қарғыс атсын! Біреуге ісі түсіп мұқтаж болғанда, немесе пайдасы тиерін білгенде ғана ардақтап бағалайтын, басқа уақытта ешбір жанды сүйе де, сыйлай да білмейтін патшалармен достасуға тырысатын адамдарды әбілет бассын! Патшалар осындай адамды жанына алып, құрмет көрсетеді, ал пайдаланып болғаннан кейін сүюі де, туыскандай көріп
1 Бархамун – патшаның аты, Фанза – құстың аты, бұл аттар үнемі әр түрлі сақта айтылып отырады, біреулер, әңгіме Үндістан патшасы
жөнінде десе, екінші біреулер Кашмир патшасы туралы екен деседі. Сол патшаның аты Браматаран, Брахмадатта тағы да басқаша болып аталып келеді.
сыйлауы да сарқылып бітеді. Олар жақсылыктың қаруын қайтара білмейді, күнәні өмірі кешірмейді. Олардың барлық ісі - екі жүзділік, көздейтіні жамандық пен даңққұмарлық. Олар зор күнәні жасауға ғана зерек, соның бәрі олардың көзіне болмашы, өте кішкентай нәрсе сияқты көрінеді. Ешкімді аяуды білмейтін оңғак, опасыз, өзімнің досым, құрдасым және жолдасым, дәмдес болып, бірге ойнап-күлген замандасым, міне бүгін осыдан мен кегімді алмақпын, - депті. Соның артынша ол баланың бетіне қона түсіпті, тұяғын салып жіберіп, көзін ағызыпты да ұшып кетіпті. Осыдан кейін биік таудың басына барып, мұңға батып отырыпты.
Осы хабар патшаға жетіпті. Ол қатты қапаланыпты да, Фанзаны ұстап алып өлтіру үшін амал-айла іздеуге кірісіпті. Фанза қонақтап отырған тауға таяна келіп тұрыпты да, патша оның атын атап шақырыпты:
- Сен қауіптенбе! Кел бері, - депті. Бірақ Фанза үзілді- кесілді көнбейтінін білдіріп: - Ей, патша! Опасызға опасыздық істеледі, сөйтіп қаруы қайтады, егер бұл жалғанда қапылыста жазаланбай кетсе, бәрібір ақыретте сазайын тартады, ол қашып құтыла алмайды, бұл кектесу тұқым қуалайды, үрім-бұтаққа тарайды. Сенің ұлың опасыздык істеді, мен де жазаладым оны, - депті. Патша: - Ант ішіп айтайын, сенімен біз енді қарыздар емеспіз, есеп айырыстық қой. Сен бізден кегіңді алдың, енді бізге де, саған да өш алысудың қажеті жоқ тәрізді. Ендеше, қауіпсінбей-ақ жылы орныңа қайта келсейші, - депті.
Фанза: - Мен саған қайта бара алмаспын, сірә. Ақылды адамдар кектескендердің жақындасуына тыйым салған ғой. Олар айтады екен:
«Кегі бар жан саған мейірбандық, майда қылық, әдепті құрмет көрсете берсін, сонда да оған сенуші болма өйткені кетпес кегі, айықпас ашуы бар ызалы жаннан қорқып, жырақ жүрмесең, сақтанбасаң, басыңды сауғалай алмайсың, - деген екен. Тағы бір жерде айтыпты: - Ақылды адам ата-анасын - жаны ашыр досқа есептейді, аға-інісін - таныс жолдасқа, әйелін - жар қосаққа, ұлдарын - атағын шығаратын даңққа, қыздарын келешектегі даугерге, ағайындарын - бір кезде қарсы шығатын жауға, ал өз басын - жеке дара айнымас досына балайды екен, - депті. Міне, сол жеке дара жалғыз өзім қалып, сенің үйіңнен қайғы-қасіретті арқалап аттандым, сол
ауыр жүкті менімен бірігіп ортақ көтерісетін де ешкім жоқ. Осы кеткенім
кеткен, хош аман болыңыз, - депті.
Патша: - Егер сен бізден кегіңді алмаған болсаң, біздің опасыз қылығымыздың қаруын қайтармай тұрып, осыны айтсаң, сонда сөзіңнің бәрі жөн болар еді. Сен күнәсізсің, қылмысты ең әуелі біз жасадық қой, ендеше, бізден қорқуыңа да дәлел жоқ. Қауіпсінбей-ақ қайта келгенің жөн болар, - депті.
Фанза: - Кектескендердің жүрегіне кейде бір ауыртпалық кіреді де кеміріп, жегідей жейді. Ол кезде жүректегі шындықты тіл айтып жеткізе алмайды, ал тілден гөрі екі адамньщ арасындағы айнымас дәнекер жүрек қой. Сенің тіліңе менің жүрегім, ал менің тіліме сенің жүрегің мұқлас мойындап та тұрған жоқ қой, мен осыны жақсы білемін, - деді.
Патша: - Әлде сен білмейсің бе, адамның арасында бірін- бірі жек көретін залымдар көп. Алайда ақылды жан, сол жек көрушілікті қоздыраудан гөрі тұншықтыруға тырыспай ма, - депті.
Фанза: - Әрине, осы айтқаның рас. Алайда осыдан барып, кек алуды көксеген жан қой болсынға салынып, зұлымдық жасауды ұмытып кетті деген ойда ақылды адам бола алмаса керек. Ақылды адам шағыстырған сөзден де, алданудан да қорқады, бірақ толып жатқан жауларынан қасарысып, күш жұмсап кегін ала алмайтын кезде, тағы пілді қолға үйренген піл арқылы ұстап алғандай етіп, оны майда сөзбен, сылап-сипаумен дұзаққа түсіреді ғой, - депті.
Патша: - Өз басын қорғаштап қауіптенген күнде де бекзат жан досын жұртқа тастамайды, туыстарынан ажыраспайды, өзінін қамын жеген күнде де, соны далаға тастап кетпейді. Мұндай әдет нағыз пасық хайуандарда да болады. Иттерді сойып жейтін халықтарды да біз білеміз, үйренген ит осыны көре тұрып та сол адамдардан қарасын үзіп кете алмайды, оған үйреншікті дағдысы тосқауыл жасай береді, - дейді.
Фанза: - Қай жерде болса да кектесуден, көре алмаудан қорыққан жөн. Ал патшалардың жүрегіне сактаған бұкпантайы әлдеқайда қауіпті де қатерлі, өйткені кек алуды патшалар заңға айналдырады, қаруын қайтаруға ұмтылғанды өзіне үлкен абырой тәрізді мақтаныш көреді. Жек көрушілік толастады деп ақылды жанның алданбауы мақұл. Жүректе жатқан кек,
козғаушысы табылғанша, тұтанатын оттыққа кездесе алмай қағажу жатқан көмір сияқты. Отынды іздеп сусаған от сияқты. Кек те үнемі сылтауды көздейді, ал әлгі сылтауды тапқан кезде жалындап лаулайды, сонда оны су да, сөз де, май да, қулык та, көнгіштік те, жалбарыну да сөндіре алмайды, тек жанның апатқа ұшырауы ғана тоқтатады. Кектескен жан өзінің жаумен бұрынғы қарым-қатынасын жаңғыртуға тырысады, содан өзі пайда түсіруге ұмтылады, пана іздейді. Бірақ мен өте әлсізбін, сенің жүрегіңдегіні жоя алмаймын. Ал егер өзіңнің айтқаныңдай- ақ сен мені жақсы көретін болсаң, сонда да маған ол жасырып тұрғандай сезілер еді, өйткені қанша уақыт достассақ та мен сенен қауіптенуден тыйылмас едім, сені жақсы деп ойламас та едім. Айрылысудан басқа ұйғарым қалған жоқ. Мен саған енді қош бол деймін, - депті.
Патша: - Сен білесің ғой, біреуге біреу пайда да зиян да жасай алмайды, өйткені адамның басына түсетін ұлылы-кішілі ауыртпалықтың бәрі тек қана тағдырдың жазуына байланысты болады. Өмірде жасалатын, туатын нәрсеге адамның ешбір қатынасы жок, сондай-ақ олар өмірде болып тұрған нәрсенің жойылуына да, құрып суалуына да қатыспайды. Менің балама істеген қылығыңда сен қанша айыпты болмасаң, сенің балапаныңды өлтіруінде менің баламның да сонша айыбы жоқ сияқты. Мұның бәрі тағдырдың жазуы, ал біз соның қолшоқпары болдық. Тағдырдың өзі жіберген ауыртпалығы үшін сен бізді көрe көрмеші, - депті.
Фанза: - Өзің айтқандай-ақ, осының бәрі тағдырдан екені рас. Бірақ реті келсе саналы адамның төніп тұрған қауіп- қатерден сақтанғаны жөн. Ол жазмышқа нанады, сонымен бірге сақтанудан да құралақан отырмайды. Мен білем, сен жүрегіңдегіні айтып тұрған жоқсың. Біздегі жағдай мынадай: балаң менің балапанымды өлтірді, ал мен сенің балаңның көзін ойып алдым, енді сен мені өлтіріп, жанымды алғың келіп тұр, бірақ жан ажалға қарсы тұрады. Бұрынғылар айтыпты: - Кедейлік - бақытсыз, уайым-қайғы - бақытсыз, сүйгенінен айрылу - бақытсыз, ауру - бақытсыз, ажырасу - бақытсыз, бірақ бақытсыздықтың ең зоры - өлім, - депті. Шөлдегеннің шеккен жапасын басынан өткерген адамнан басқа ешкім артық біле алмайды. Өз басымдағы уақиғаларыма қарап, сенің мен туралы
не ойлап тұрғаныңды жақсы аңғарам. Сенімен достасудан мен жақсылық таппаспын. Балаңа істеген менің қылығым сенің ойыңа түскенде, балапаныма істеген балаңның қылығы менің есіме түскенде, екеуміздің
де жүрегіміз өртенбей тұра алмас,
Патша: «Көңіліңе алмай, біржола ұмытшы, арам ойдан мүлде арылшы, өткенді ескермеші, кәкір-шүкір сүреңсіз ниеттен ажырай алмаған адамда ешбір жақсылық болмайды»,
Фанза: - Аяғына жара шыққан адам ептеп басуға тырыспаса оны ушықтырып алуы даусыз. Көзі ауырған жан желге қарсы жүрсе, оған да зақым келеді. Сондай-ақ кекті адам дұшпанына жақындай бергенде ескі жараның аузы ашылады да ұшыға түседі. Бұл жалғанда өмір сүрген жанның ешқайсысы да қауіп-қатерден сақтанбай қоймайды, болашақ уақиғаны алдын ала болжамай отырмайды, өзінің күшіне, ақыл-айласына сеніп, шын қатерлі нәрседен мезгілінде сақтық жасамай, алданып қалмайды. Кімде-кім күшіне сенсе, ол қатерлі жолға кезігеді, өзінің құрып кетуіне беттейді. Тамақ пен сусынды өлшеп ішіп жемеген жан, әлі жетпейтін жүкті арқалаған адам, кей кезде өзін өзі орға жығады. Өңешінен өтер-өтпесін шамаламай, қомағайланып зор асаған адам қақалады да өліп кетеді. Біреудің әсіре қызыл, алдамшы сөзіне елігіп, сақтанбаған жан да өзіне-өзі қастық жасайды. Тағдырға мұқылас мойын ұсынудың да қажеті жоқ, - өйткені тағдырдың неден құтқарып, неменеге душар ететінін де еш адам білмейді. Тек өзіне ғана сеніп, істейтін ісіне батыл кірісуі, алды-артын байқап отыруы қажет. Күші өзінде тұрғанда ақылды жан ешкімнен қорықпайды, қорқынышка билетпейді, бір айласын тауып аман құтылады. Менің кұтылар жолым толып жатыр, қай жаққа барсам да молшылыққа килігем, мен бұған сенем. Кімде-кім бес түрлі сипатқа ие болса, соның көп нәрсеге қолы жетеді, алысы оған жақын болады, жат елі досжар болады, ол өзіне азық та, ағайын да табады, соның бірі — біреуге тілін тигізуден сақтану, екіншісі - ізгі әдептілік, үшіншісі - күдіктендіруден аулақ жүру, төртіншісі - істеген ісін зеректікпен тындыра білу. Ақылды жан өз тіршілігіне қауіп төнген кезде туған туыстан да, баладан да, отаннан да, мал- мүліктен де безеді, өйткені осының бәрінің де орны толатынын
ол біледі, ал өз тіршілігінің орнын басатын затты табам деген үміт онда болмайды. Орнына жұмсалмаған байлық жаман, еркегіне көнбейтін баянар әйел жаман, тіләзәр бала жаман. Дер кезінде көмек бермеген туыс оңбаған; бейбітшілігі жоқ мемлекет оңбаған. Сенімен қатар тұрып өз өмірімді тыныштықта, қауіп- қатерсіз өткізуге менің де көзім жетпейді, - депті. Сөйтіп патшамен қош айтысып Фанза құс ұшып кетіпті.
Кек қайтарысқан және бірінен бірі қауіпсініп қайта жақындаса алмаған жандар туралы айтылатын хикая осы еді.
Достарыңызбен бөлісу: |