Сайділ талжанов 3 томды қ ш ы ғ армаларжина ғ Ы


ӘЛ-МҮКАФ ҰЛЫНЫҢ ОСЫ КІТАПҚА ЖАЗҒАН КІРІСПЕСІ



бет15/27
Дата31.12.2019
өлшемі2,11 Mb.
#54002
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27

ӘЛ-МҮКАФ ҰЛЫНЫҢ ОСЫ КІТАПҚА ЖАЗҒАН КІРІСПЕСІ


«Кэлилә мен Димнәні» ең әуелі Үндістан данышпандары жазды,

бұған түрлі нақыл өсиеттерді, неше алуан әңгімелерді кіргізді, бағытына сай асыл да әдемі сөздерді керегінше таңдап алуға тырысты. Жер жүзіндегі түрлі тілде сөйлейтін халықтардың даналары әр түрлі әдіс-айла жасап, осы кітаптың ішіндегі нақылдардың түпкі сырын, бар даналығын

айқындауға, ұғындыруға тырысады. Өйткені бұл кітапта үлкен айла қолданылған,өте мағыналы,эрікөркем сөздерді аң мен құстардың аузынан айтқызған, ендеше, мұның бір қатар артықшылыры да осы

әдісінде болатын. Сөздерді пайдаланудың сара жолы мен соқпақтарын айтушылардың өздері тапқан, сондықтан бұл кітап әрі көңіл ауларлық қызықты, әрі даналықтың жинағы болып шыққан. Данышпандар кітаптың даналығына қызығар болса, адамдар көңіл ашар күлкісіне ғана мәз. Жас өспірім шәкірттер бұл кітапты сүйсініп оқып, оп-оңай жаттап алады. Жас өспірім жандар әуелі не екенін білмей-ақ жаттайды, көкейіне әбден құйып алады, сонсоң осы нақылдар туралы ойлана келіп, өзінің ұлы қазынаға ие болғанын артынан барып түсінеді. Кейінірек ер жетіп жасы ұлғайған кезде, әкесінен қалған асыл мұраға ие болып, еңбек етуден де, ізденуден де босанған адам тәрізденеді. Білімнің негізі өте мол, әсіресе сол негіздердің тараулары да көз жеткізгісіз көп, олардың түбін түсіру мүмкін емес екендігін де ұғынады, сондықтан данышпандар қолданған нақыл ережелерінің молая беруіне ынталана кіріседі. Осы кітаптың қалай құрастырылғаны әрбір адамның есінде болсын, тек қана оқып шығуды ол мақсат етпесін! Кімде-кім шын мағынасында осыны ұға алмаса, оған бұл кітаптың не нәрсеге бағыттап, неден сақтандырып отырғаны да белгісіз болады.

Екілене ынтығып ғылым-білім жинайтын адам, не оқып отырғанын ойлап-толғамай кітапты судыратып оқи беретін жан, мынадай біреудің аяғын кұшады. Ғалымдардың айтуынша: баяғыда біреу өтіп бара жатып, қоймаға баратын сүрлеуге кездесіпті. Сол арада қойманы қазуға кірісіп, әлден соң көптеген алтын, күміске тап болыпты. Сонда ол: «Егер осы байлықты үйге өзім таситын болсам, онда сол тасымалға сіңірген еңбегім менің одан көретін рақатымның берекесін қашырады ғой. Ең дұрысы біреуді жалдайын, үйге сол тасып жеткізсін. Бітіргенше осында болып, қалған мүлікті өзім алып барайын, сөйтіп еш нәрсеге көнілім бөлініп, алаңдамайтын болайын. Сонымен аз ғана ақы беріп, өзімді еңбектің ауыртпалығынан да құтқарайын», - депті. Осыдан кейін ол таситын

адамдарды ертіп келіп, әрқайсысына шамасы келгенше алтын-күмісті аркалатыпты да: «Осыны менің үйіме алып барыңдар», - деп тапсырыпты. Тасушылар оны алдап, жер соқтырыпты, аркалаған жүгін алып әркайсысы өз үйіне тартып отырыпты. Қоймадағы дүние түгел сарқылған кезде ол үйіне келсе жіберген алтын, күмістен еш нәрсе жоқ екен, тасығандардың әрқайсысы өз үйіне алып кеткенін сонда бір-ақ сезіпті. Әуреге түсіп құр болдырудан басқа мұның үлесіне еш нәрсе тимепті, өйткені осы істің ақыры немен бітерін ол алдын ала ойлаған жоқ екен.



Сол айтпақшы, кімде-кім осы кітапты оқығанда оның айқын да жасырын мақсаттарын ұғынбаса, онда осындағы өзіне тиісті үлесін иемдене алмақ емес. Егер біреуге бүтін жаңғак берсе, ол оның қабығын шақпай тұрып ішіндегі дәнін жей алмайды ғой, міне, бұл әңгіме осы тәрізді.

Ондай адам шешендік ғылымын зерттеп білмек болған мына бір кісіге ұқсайды. Достарының бірі оған шешен жазылған, түрлі әлеміш салынған неше алуан құбылыстары бар сарғыш кестені сызып береді. Ол үйіне алып барып саудыратып оқиды, мазмұнына көңіл бөлмейді, негізгі мағынасын үғынбайды. Бірде ол өңшең тәрбиелі, пайымды ғалымдар бас қосқан жерге келіп, өзінің әлгі кестелі жаңылтпаштан жаттап алған қиқым- сиқымын жеткілікті деп санайды да, солардың қасына отырып, сөзге кіріседі, әбес сөйлеп қояды. Сонда отырғандардың біреуі оған: «Сенің бұл айтқаның мүлде қате ғой, шынында, дұрысы сен айтқанға сәйкес келмейді», - дегенде, ол: «Қалайша мен қателесем, сарғыш кестені оқып шықтым, ол менің үйімде тұр», - деп жауап қайырады. Оның сөзі өзін ұстап береді, надан екендігі, білімнің саясыздығы анықталады.

Ақылды адам бұл кітаптың мазмұнын толық зерттеп шықса, оны пайдаға асыру үшін өзінің білгеніне лайық іс істеу керек, өзіне үлгі етіп алып, сонан ешбір ауытқымағаны жөн. Егер осылай істемесе, онда ол мына кісі тақылетті болады.

Баяғыда бір ұры дуалдан секіріп түсіп, иесі ұйықтап жатқанда, үйіне кіріпті. Ұрының келгенін сезіп ол өзіне-өзі: «Мынаның не істегенін білу үшін, мен үндемей жатайын. Сезгенімді білдіріп шошытпайын, ол әбден ісін бітірген соң, орнымнан ұшып тұрып, әлек салайын», — деп күбірлепті. Сонымен ол шыдап жата беріпті, ұры тіміскілеп қолына ілінгенін түгел жинастырып, ұзак жүріпті, үй иесі қалғып-мүлгіп жатып, әлден соң шыдай алмай ұйықтап кетіпті. Ұры ойындағысын істеп болып шыға жөнеліпті. Бір мезгілде үй иесі оянып, ұрының көп затты алып кеткенін біліпті. Сонда ол алғаш келген қарсаңда ұрыға қарсы шара қолданбағанына өкініп, өзін-өзі балағаттапты.

Білім тек іс арқылы әйгіленеді. «Білім ағаш, іс — жеміс» деген сөз бар. Білім иесі өзінің қолда барын пайдалану үшін іске кіріседі, ал егер мұны орындамаса, білгенін іске асыра алмаса, онда білімді адам болып саналмайды. Егер біреу жолдың қауіпті екенін біле тұра, сол жолмен жүрсе, оны ақымақ демеске болмайды. Мүмкін, өзінің көңілімен санаса келіп, басқа қауіп тұрғанын аңғарса, оның зиянын жақсы білгендіктен, әлгі қауіпті жолдан ол қайтқан болар еді. Кімде-кім өзінің кұштарлығына кұрық берсе, өз бетімен, немесе біреудің ықпалына еріп, керекті істі істемесе, онда әлгі адам пайдалы ас пен зиянды астың арасын ажырата алмай, тағамның жеңілі мен ауырын жақсы біле тұра сақтанбай, оңазалыққа салынып, зиянды асқа бой ұрған ауру адам тәрізді болады.

Егер біреу мақтауға татитын істің артықшылығын біле тұра, ұнамсыз іске ұрынса, оны кешіруге болмайды. Мысалы, екі адам келе жатса, біреуінің екі көзі де сау, ал екіншісінің көзі соқыр болса, бұлар тағдырдың ісімен апанға құлап кетсе, сонда өлім қаупі екеуіне бірдей төнеді. Бірақ көзі бардың соқырға қарағанда жұрт алдында өз кінәсін жуып-шаярлық дәлелі аз, өйткені жүрген жолын аңғаратын оның екі көзі бар, ал анау болса, қайда бара жатқанын сезбейтін соқыр ғой.

Білген адам өзінен бастағаны жөн, алдымен білімін өз пайдасына жұмсасын. Білім тапқандағы оның мақсаты баскаға көмектесу үшін ғана емес қой. Олай етсе өзі бір бұлақ секілді болар еді, өйткені оның суын ел ішеді де, өзіне тиер одан пайда жоқ, немесе істеген өнерінен өзі пайдаланбайтын жібек құртына ұқсар еді. Білімді іздеген кісі алдымен өз басының

қамын күйттеуге тиісті, сонан соң барып білімін басқа адамға үйретуге болады, өйткені бұл дүниенің адамына бөгде біреуден ауыспайтын да қасиеттер бар. Мысалы, өз бойыңда мінің болса, басқаны да кінәлауға жарамайды. Олай етсе өзі соқырдың басқа сокырды сөккеніндей болар еді. Кімде-кім бір нәрсеге талаптанса оның іздеген мақсаты, көздеген нысанасы болсын, соған жеткенше тырыссын да, жеткеннен кейін қанағат тұтып, әрі аспай тоқтай дабілсін! Бұрынғылар айтқан екен: «Мақсатсыз ілгері аттанған жанның сілесі жылдам қатады, сезімі сарқылады. Өзінен бұрын ешкім жетпеген шегі жоқ дүниені орынсыз іздеп өзін-өзі қажытудың қажеті болмаса керек. Ол туралы уайым жеудің де, бұл дүниені ол дүниеден артық санаудың да керегі жок тәрізді. Кім-де-кімнің жүрегі алып ұшып әр іске талпынбаса, қолы жетпеген күнде де оның күйініші аз болады»,

- деген екен. Солар тағы бір жерде айтыпты: «Кімге болса да жарасатын

екі жақсы қылық бар, олардың бірі - тақуалык, екіншісі - байлық; ал енді ешкімге ұнамайтын екі жаман нәрсе бар, олардың бірі - бөтен кісіні өз әкімшілігіне ортақтастырған патша, ал екіншісі - қойнындағы әйелін бөгде біреумен бөліске салған еркек.

Алдыңғы екеуі от тәрізді, үстіңе тастаған отынды түгел өртей береді; соңғы екі касиеттің біреуі от, біреуі су тәрізді; өйткені бұл екеуінің басы бір жерге қосылып, өмірі отаспайды»,

- депті.


Егер біреуді тәңірім жарылқаса данышпанның оған қызғаныш көрсетуі дұрыс емес, өйткені мұндай жарылқанудан ол өзі үміттенбейді ғой. Осы туралы мынадай нақыл бар: «Баяғыда бір адам үстіне киер лыпасы да жок кедей екен, осы жағдай еріксіз билеп ол жақындары мен достарынан көмек сұрауға мәжбүр болыпты, бірақ олардан еш нәрсе артылып, мұның қолына тимепті. Бір күні түнде жатып ол өз үйін тінтіп, тіміскілеп жүрген бір ұрыны көріпті. Сонда ол өзіне-өзі: «Құдай ақы, мен қорқарлықтай осы үйде ештеме жоқ», - депті. Ұры қоймай тінтіп жүріп, ішінде бидайы бар бір ыдысқа қолы тиіпті де, ол тұрып: «Құдай біледі ғой, мен осы күні бойы сіңірген еңбегімді текке жібергім келмейді. Мүмкін, бүгін басқа үйге түсе алмаспын, сондықтан бос кеткенімше осы бидайды ала кетейін», - дегенді айтыпты. Осыдан кейін ол шапанын жайып,

бидайды соған төгуге әзірленіпті. Сонда үй иесі ойланып: «Мен мынаған төзе алмаспын. Ол бидайды алып кетер де, жалаңаштықтың үстіне ішер тамағымнан да айрылармын. Тіпті құдай біледі-ау, тап ажал оғы тура келмесе, осындай ауыртпалық бір адамның басына ешқашан тұтаса төнбеген шығар», - депті. Сол заматта ол қасында тұрған таяқты ала салып, ышқына айқайлап тұра ұмтылыпты. Сонда ұры қашудан басқа лаж таппапты. Ол шапанын тастай жөнеліпті де басын сауғалапты, үй иесі шапанды алып, пайдаға қарық болыпты.

Данышпан жан орынсыз нәрсеге сеніп малданбасын, өз тіршілігінің қамын жегенде еш нәрсені кейінге қалдырмай сақтық істесін. Біреуді тағдыр сүйемелдеп, өзі түк істемесе де ісі оңына келіп жатса, ол бұған да алданбасын. Бұл секілділер өмірде некен-саяқ кездеседі, адамның көпшілігі өзінің жағдайын жақсартуға тырысады, мұратына жету үшін күйзеліп, шаршап- шалдығып еңбек етеді. Өзіне пайдасы тиетін, ұнамды затқа ұмтылады, қу жанын әуреге салатын бақытсыздыққа душар ететін жамандықтан аулақ жүреді, әйтпесе ол нақ мына кептердің кейпін киеді. Мысалы, баяғыда бір кептер балапандарын дұшпандары ұстап алып бауыздайтын жерге ұялайды екен, соған қарамастан ол бұрынғы жеріне келіп, балапанын басып шығара беріпті. Сонда екінші жолы шығарған балапандарын да алып кетіп, бауыздап тастапты.

Ұлық тәңірім әр нәрсеге лайықтап, өзі жетіп жығылатын белгілі бір шек қойыпты деседі. Егер біреу-міреу осы арнаулы шектен асып кетпек болса, оны жазмыштан оза алмаудың сергелдеңі келіп соғады екен. Кімде-кім о дүниенің де, бұ дүниенің де қамын қатар ойласа, онда бұл адамның өмірі екі ұшты болады, бірде өзін жақтаса, ал екіншіде оған қарсы шығады, - деседі. Бұл дүниедегі адам үш нәрсенің қамын жеп, соған бар ниетімен тырысу керек екен, солардың бірі - күнелтудің жағдайы, екіншісі

— бөгде адамдар мен өзінің арасындағы қатынасты әдемілеп кұра білу, үшіншісі — өзі туралы кейінгі үрім-бұтаққа жақсы үлгі қалдыру деседі. Еңбегі еш болып, өмір бойы ісі оңға баспайтын қасиеттер де бар, солардың бірі жігерсіз тоғышарлық, екіншісі мешеулік, үшіншісі — естігеннің бәріне бірдей сене берушілік екен. Өйткені өзі шала-шарпы түсінген бірдемені хабарлаушылар өте көп болады, бірақ олар негізін жете ұқпайды да құр бөсе береді ғой.

Ақылды адам өзінің кұмартуына да күмәндана қарасын, көрінгеннің сөзін қабылдай бермесін, шимай-шатақ іске кезіккенде ақиқат айқындалып, шындық ашылғанша мүлт баспасын, сол қаталасуын қолдап, қасарысып қалмасын. Егер осылай істесе ол жолынан жазып адасқан жанға ұқсамақ, сонда да болмай жүрісін үдетіп ілгері тарта беретін, сөйтіп мақсатынан алыстай түсетін адамға ұксамақ. Немесе көзіне бір нәрсе түсіп, соны дамылсыз уқалай беретін адам тәрізді болады, өйткені орынсыз уқалаудың арты насырға шауып, көзі мүлде көрмей қалуы мүмкін ғой. Ақылды адам тағдырдың әзәзілден екеніне дін қойып сенсін, саналы әрекет жасасын, өзі нені қаласа, басқаларға да соны тілесін, өз басының пайдасы үшін біреуге зиян шектірмесін. Кімде-кім осылай істесе, ол татымды адам болады, саудагер мен оның жолдасына кездескен жағдай мұның да басына келуге тиіс.

Өткен заманда бір саудагер мен оның серігі болыпты, екеуі бір дүкенді жалдап алып, сатарман заттарын сонда әкеліп қойыпты. Серігі осы дүкенге жақын тұрады екен, ол әлгі саудагердің бір тай жүгін ұрлауға ниет қылыпты. Өзінше бір қулық жасамақшы болыпты да: «Егер мен түнде келсем, қараңғыда байқамай өзіме тиесілі бір тай жүкті немесе бір буда затты ала жөнелуім мүмкін, онда менің бар еңбегім босқа кетеді ғой», - депті. Осы ниетпен ол үстіндегі шапанын шешіп алып, түнде келіп өзі әкетпек болған бір тай жүктің үстіне жаба салыпты да, үйіне кетіп отырыпты. Осыдан кейін өзінің теңдерін, жүктерін реттеп жинастыру үшін дүкенге саудагер келіп кіріпті де: «Дәуде болса мынау әлгі досымның шапаны ғой, ұмытып кеткен-ау, сірә. Қой, мұны бұл жерге тастамай, ана өз теңдерінің үстіне койғаным абзал болар. Егер ол менен бұрын келсе өзінің қоярмын деп ойлаған жерінен тапсын», - депті. Сонымен шапанды жолдасына тиесі теңнің үстіне апарып қойыпты да, есікті қайта құлыптап шығып кетіпті. Түн болғанда әлгі серігі бір адамды жүк тасуға жалдап алып, ертіп келіпті де, дүкенге кіріп, теңнің үстінде жатқан шапанды іздеп тауыпты. Соның астында жатқан теңді екеуі жабылып, әрең дегенде дүкеннен шығарыпты. Сонсоң қолдаса көтеріп үйіне жеткізіпті де, өзі әбден болдырып, төсекке құлай кетіпті. Таң атқаннан кейін қараса, алып келгені өзінің теңі екен. Сонда істеген

ісіне ол қатты өкініпті де, дүкенге қарай жөнепті. Саудагердің өзінен бұрын келіп шарқ ұрып, жоғалған теңді іздеп жатқанын дүкеннің сыртында тұрып көріпті. Саудагер өте қапаланып, ышқына айғайлапты:



«Бар мүлкін маған сеніп, көзіндей көріп, өзінің орнына тастап кеткенде ұят болды-ау, жолдасыма енді не бетімді айтам! Ендігі менін жағдайым қандай болмақ! Сөз жоқ, ол менен көреді ғой», — депті. Сол арада жолдасы кіріп келіп, мынаның күйзеліп тұрғанын көріпті, жағдайын сұрастырыпты, сонда саудагер: «Саған тиесі теңдердің біреуін мен таба алмай тұрмын, қайда кеткенін білмеймін, бірақ сенің күдіктеніп, менен көріп тұрғаныңа да әбден сенемін. Сондықтан басы артық алым төлеуге де дайынмын», - дегенде, әлгі жолдасы оған қарап: «Бауырым, енді қайғырма, адам істейтін қылықтың ең сұмпайысы опасыздық екен, қулық пен өтірік жақсылыққа апармайды екен, бұларды күйттегендердің әрдайым өзі алданады. Жауыздықтың кесірі әрқашан істеушінің өзіне тиеді, ал мен болсам, сол қулық-сұмдық жасайтын алдағыш айлакердің бірімін», - деп мойындапты. Сонда саудагер: «Бұл қалай болып еді?» ~ деп сүрағанда, әлгі серігі өзінің істегенін бастан-аяқ баяндап өтіпті. Оған саудагер тұрып: «Баяғыда бір саудагер мен ұрының басынан кешірген уақиғасы саған да кездескен екен- ау», - депті. Сонда: «Ол калай болып еді?» - деп сұрапты.

Екіншісі тұрып: «Өткен заманда бір саудагердің үйінде екі ыдысы болыпты, соның біріне бидай, екіншісіне алтын толтырып қояды екен. Бір ұры әлгі саудагерді көп уақыт аңдып жүріпті де, бір күні ол үйінен шығып жұмысына кеткенде, қапысын тауып үйіне кіріпті, сүйтіп бір бұрышқа барып жасырынып, тығылып отырыпты. Алтын толтырған ыдысты алмақ болып іздеп жүргенде, оның қолына бидайы бар ыдыс кездесіпті де, ала жөнеліпті. Ұры қатты киналып, зор бейнетпен ыдысты үйіне азар жеткізіпті де, аузын ашып, ішіндегісін көргенде опық жепті», - деп жауап беріпті. Сонда әлгі қастык істеген серігі тұрып: «Сенің келтірген мысалың аса алыс кеткен жоқ, үйлесіп-ақ жатыр. Мен кінәмді мойныма аламын, бірақ мені осы жамандыққа итермелеген, заты пиғылдың пасықтығы болар-ау!» - депті. Саудагер кейімей-ақ жазығын кешіріпті де, олар бұрынғысынша сенісіп кете барыпты. Екіншісі өзінің істеген зұлымдығына өкініпті, ендігәрі мұндай арам қылықты қайталамауға өзіне-өзі серт беріпті.



Осы кітабымызды оқушы адам сыртқы әшекейін көріп қана алданбай, ішіндегі нақылдардың мазмұнымен бастан-аяқ түгел танысуды мақсат етсін. Әрбір айтылған нақылға, өсиет сөзге көңіл бөліп, тоқтап өткені жөн. Сонда әлгі оқушы әкесінен қалған бай мұраны өзара бөлісіп алған ағайынды үш жігіт тәрізді болмақ. Үлкен екеуі өздеріне тиген еншісін жылдам жұмсап, орынсыз кұртыпты, ал ең кішісі осы ағаларының ен дүниені ысырап етіп, қандай халге жеткенін көріпті де қабырғасымен кеңесіп, өзінің жүрегіне жүгініпті, бұлардың мұндай күйге жетуінің негізгі себебін іздеп ойға шомыпты. Сонда өзіне-өзі: «Ей жүрегім, ізденген адам байлыққа жетеді, ол ебін тауып түрлі жолмен дүние құрастырады, тұрмысын тәртіпке салады, жұрт алдында беделін арттырады, қолда барға канағат етеді, керекті мөлшерде жақындарына да қарасады, балаларына жаратады, бауырларына көмектеседі. Кімде-кім бай бола тұрып, оны керегіне орнымен жаратпаса, ол кедейге саналады. Егер ол мал-мүлкін дұрыс пайдаланып, көзін тауып жұмсай білсе, онда мына екі нәрседен де құр алақан қалмайды: дүниенің рақатын да көреді, маңтаныш даңқы да артында қалып ауызға ілінеді. Егер ол қаржысын орнымен, осы біз айтқан жүйеде жұмсамаса, ұзамай-ақ өзінің өкініп, опық жейтінін аңғармай да қалады. Анық шешім осы ақшаны сақтауға тырысу болады, ағаларыма көмектесейін, ол үшін маған да тәңірім өзі көмектесер. Өйткені бұл менің әкемнен қалған дүние ғой, ал менің әкем олардың да әкесі емес пе? Біріншіден алыс-жақынына қарамай туыстарға қарасу керек екен, ал сонда бауырларым туралы қандай дау болмақ», - дейді.

Шығанақтың жағасында отырған бір балықшыға ұқсамау үшін мына кітапты окыған жан мазмұнына барынша үңілу керек. Бірде әлгі балықшы суды кешіп балық аулап жүріп қабыршақты көріп, оны бір зор бағалы нәрсеге балады. Сонымен ауын суға салып еді, оған балық ілінді, бірақ балықты ол босатып қоя берді, қабыршақты ұстап алмақ болып суға өзі түсіп кетті. Әлгі қабыршақты судан суырып алып шыққанда, өзінің ойлағанындай емес, құр қуыс екенін білді. Сонда ол қолына түскен балықтан айрылып қалғанына қатты өкінді. Келесі күні ауын басқа жерге апарып салды, ауына ұсақ балықтар түссе де, қоймай суырып ала берді. Осы жерде асыл қабыршақты

көрді, бірак оған енді бұрылып та қарамады, бос қуыс болар деп көңілін аудармады. Дәл осы кезеңде өтіп бара жатқан басқа бір балықшы әлгі қабыршақты қолына алып қараса, іші толған қымбат бағалы інжу екен. Сонда бірінші балықшы осынша асыл қабыршаққа кезінде көңілін бөлмегені үшін қатты уайымдап, өлгенше өкінеді.

Ойлануға мойыны жар бермейтін кем ақылдылардың да ісі осы тәрізді болады, олар бұл кітап жөнінде мүлде қаталасады, бүркеулі жатқан терең мазмұнына жетпей сыртқы көрінісіне ғана көңіл бөліп, үстірт қарайды. Данышпандар айтқан ғой: «Философтың білімін игерген адам оны тастай салып түрлі калжыңға, сықаққа салынса, онда ол мол жеміс беретін баққа ие болып, дәл маусымы жеткенде, барлық жемісі піскен кезде, көбелек қуып, гүл теріп босқа кеткен адам секілді болады. Оның ұқыпсыздығынан әрі көркем, әрі пайдалы ісі рәсуаға айналып, жоққа шығады», - деген ғой. Осы кітап қолына түскен жанның есінде болсын, бұл кітап төрт бөлімнен құралады және төрт мақсат көздейді.

Біріншіден — осы кітапта сөйлей білмейтін аңдарға тіл бітірудегі мақсат, әсіресе әзілге әуес жастардың жылдам оқуына, солардың ниетін тез осыған аударуына икемдеу еді. Хайуандардың қылықтары жөнінде сирек кездесетін кызғылықты әңгімелердің мақсаты да осы болатын.

Екінші мақсат - кітап окуға патшалардың ниетін аудару еді, өйткені алуан түрлі аңдар қатысқан қызықты уақиғалар олардың жүрегін тербетеді ғой.

Үшінші мақсат - патшаларға да, қарапайым бұқараға да бірдей тартымды болу жағын ескердік. Сонда мұны сатып алушы да көбейеді, әрі ескірмейді, кең жайылып жұртқа түгел тарайды және суретшілер мен көшіріп жазушыларға да пайдасы тиер дедік.

Төртінші мақсат - қанша жырақ болғанымен мұның философтарға да қатысы бар. Міне, аңдар өмірін өзек етіп, дүние таңырқарлық уақиғалар жазғандағы мақсатымыз осы еді.


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет