СИГНИФИКАТ (лат. signifi--
catum - белгіленетін) - тіл д ік
белгінің үғымдық мазмұны. Бүл
мағынада «С .»термині о р та -
ғасырлық схоластикалық логика-
дан басталады (Иоанн Солсбери-
XII ғ.). XX ғ. Ч.У. Моррис (1938)
еңбектерінде қайтадан қолданыс
табады . Д ә с т ү р л і л о ги ка д а
«мағынаның мазмұны», «мән»
(Г.Фреге), «интенсионал» (Р.Карнал),
«маңыз» (У.О.Куайн), «концепт»
(А.Черч), «айқындалатын» (Ф.де
Соссюр) т.б. терминдерге жақын
болады. Гносеологиялық түрғы-
дан алғанда С. адам санасын-
дағы қайсыбір денотат қасиет-
терінің бейнесі болып табылады.
«Денотат» терминінің екі мағы-
насы болғандықтан (денотат-
референт және денотат-экстен-
сионал), «С» те р м и н і де екі
мағынаға ие болады. Бірінш і-
сінде, С. идеалды, психикалық
н ә р се р е тін д е -м а те р и а л д ы
денотатқа қарама-қарсы қойы-
лады. Екіншісінде, С. тіл жүйе-
сіндегі сөздің номинанты ретінде
қаб ы л д а на д ы .
Б е л гіл і
бір
референтті әр түрлі С.-ты бар
белгілермен айқы ндау-көркем
әдеби те кс те ж и і ке зд е с е тін
құбылыс. Мыс.: М .Булгаковтың
« М а сте р ж э н е М а р га р и т а »
романында бір кейіпкердің әр
түрлі сигнификативтік атаулары
бар: «азамат», «ала ки ім д і» ,
«субъект», «регент», «аудар-
машы», «үзын түра ала киімді»,
« б е й та н ы с» ,
«ала к и ім д і» ,
« с ү м ы р а й - а у д а р м а ш ы »,
«Коровьев», «Ф агот», «алаяқ
Фагот» т.б. С. әрқаш анда да
денотат б е л гіл е р ін ің кеш енін
кө р с е т е д і, олар т ү р а қт ы не
уақытша, абсолютты не жанама
болуы мүмкін.