«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ
Шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелер – 2021 жылғы 31 желтоқсан
12
Қаржылық құралдар
(i)
Бағалауға қойылатын негізгі ұстанымдар
Қаржылық құралдар жіктелуіне қарай әділ құн, бастапқы құн немесе амортизацияланған құн бойынша
көрсетіледі. Төменде осы әдістердің сипаттамасы ұсынылған.
Әділ құн –
бұл бағалау күнінде нарыққа қатысушылардың арасында активті сатқанда немесе операцияларды
ерікті негізде жүргізген кезде міндеттемелерді бергенде алынуы мүмкін баға. Белсенді нарықта белгіленетін
баға әділ құнның ең жақсы дәлелі болып табылады. Белсенді нарық – активі немесе міндеттемелері бар
операциялар тұрақты түрде баға туралы ақпаратты жеткілікті мөлшерде алуға мүмкіндік беретін әрі барынша
жиілікпен жүргізілетін нарық.
Әділ нарықта айналымда жүретін қаржылық құралдардың әділ құны белгіленген
бағаны кәсіпорын ұстайтын
құралдар санына жеке активке немесе міндеттемеге көбейткенде алынған сома ретінде бағаланады.
Нарықтың әдеттегі тәуліктік сауда айналымы кәсіпорында бар активтердің және міндеттемелердің санын
қосып алу үшін жеткіліксіз, ал жайғасымдарды сату үшін тапсырыстарды орналастыру жеке операцияда
белгіленетін бағаға әсер етуі мүмкін болғанда да жағдай осылай болады.
Нарықтық жағдайларда жасалатын дисконтталған ақша ағындары моделі, сонымен қатар,
осы сияқты
операциялардың мәліметтеріне негізделген модельдер секілді
бағалау әдістері
немесе инвестиция
объектісінің қаржылық мәліметтерін қарастыру келісімдердің бағасы туралы нарықтық ақпарат қолжетімсіз
болып табылатын қаржылық құралдардың әділ құнын анықтау үшін пайдаланылады.
Әділ құнды бағалаудың нәтижелері талданады және келесідей тәртіпте әділ құнның иерархиясының
деңгейлері бойынша бөлінеді:(i) 1 деңгейге бірдей активтер немесе міндеттемелер үшін белсенді нарықтарда
белгіленген бағалар (түзетілмейтін)
бойынша бағалар жатады, (ii) 2 деңгейге – пайдаланылатын маңызды
бастапқы мәліметтердің барлығы тікелей (мысалы, баға) немесе жанама (мысалы, бағаның негізінде
есептелген) түрде активтер немесе міндеттемелер үшін бақылайтын болып табылатын бағалау әдістерінің
көмегімен алынғандар, және (iii)3 деңгейдегі бағалар, тек қана бақылайтын
нарықтық мәліметтерге ғана
негізделмеген бағалар болып табылады (яғни, бағалау үшін бақыланбайтын бастапқы мәліметтердің
айтарлықтай көлемі қажет). Әділ құнның иерархиясының бір деңгейінен екіншісіне ауыстыру есептік кезеңнің
соңында орын алған болып саналады (33- ескертпе).
Бастапқы құн
төленген ақша қаражаты немесе олардың баламалары, не болмаса сатып алу күні жағдайы
бойынша активті алу үшін берілген басқа да орнын толтырудың әділ құны болып табылады, және оған келісім
бойынша шығындар кіреді. Өзіндік құн бойынша бағалау тек нарықтық котировкалары жоқ және әділ құны
сенімді бағаланбайтын үлестік құралдарға инвестицияларға қатысты, сондай-ақ, ашық нарықта котировкалары
жоқ, және осындай үлестік құралдармен өтелуге тиіс осындай үлестік құралдарға байланысты туынды
құралдарға қатысты ғана қолданылады.
Мәміле бойынша шығындар
қаржылық құралдарды сатып алуға, шығаруға немесе істен шығаруға тікелей
қатысты қосымша шығындар болып табылады. Қосымша шығындар – мәмілелер жасалмаған жағдайда
жұмсалмауы мүмкін шығындар. Мәміле бойынша шығындар агенттерге (сауда агенттері болып жұмыс істейтін
қызметкерлерді қоса алғанда) консультанттарға, делдалдарға, дилерлерге
төленген сыйақыларды,
комиссиялық шығындарды, реттеуші органдар мен қор биржаларына төленетін алымдарды, сондай-ақ
меншікті берген кезде алынатын салықтар мен алымдарды қамтиды.
Мәміле бойынша шығындарға сыйлықақылар немесе қарыздық міндеттемелер бойынша берілетін дисконттер,
қаржыландыруға, ішкі әкімшілік шығыстарға және сақтауға жұмсалатын шығыстар жатпайды.