- Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын көрсетеді. Сұрағы: нешеу?Жинақтық сан есім бірден жетіге дейінгі сан есімге -ау, -еу жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу. Дауысты дыбысқа аяқталған екі, алты, жеті сан есімдеріне -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда түбірдегі соңғы дауысты дыбыс түсіп қалады: екі+еу→екеу, алты+ау→алтау, жеті+еу→жетеу.
Топтау сан есім - Топтау сан есім заттың санын топтап көрсетеді де нешеден, қаншадан?сұрақтарына жауап береді.
-
- Топтау сан есімдер дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдерге шығыс септік жалғауы жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: дара түрде: үштен, қырықтан, жүзден, тоқсаннан, алтыдан, сексеннен, үшеуден; күрделі түрде: он екіден, жиырма алтыдан, қырық бестен, екі жүз оннан, т.б.қосарланған түрде: бес-бестен, бес-алтыдан, жиырма-жиырмадан, екеу-екеуден; т. б.
-
Достарыңызбен бөлісу: |