Сапа менеджмент жүйесі 9001: 2016


Аннотация Зерттеудің өзектілігі, көкейкестілігі



бет2/12
Дата21.05.2022
өлшемі251,41 Kb.
#144247
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Аубакир А
222махамбет қмж
Аннотация
Зерттеудің өзектілігі, көкейкестілігі – оқушыларды, яғни болашақ ұрпақты осы заманға сай тәрбиелеп, біліммен сусындату. Білімді грамматикалық талдауды, тапсырмаларды меңгерту және оны өмірде қолдана білуге машықтану.Бастауыш сыныпта оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын жаңарту, жаңа деңгейге көтеру мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Оқушылар мұғалімнің көмегімен сөйлеу, жазу, ойлау дағдыларын игере бастайды.Оқушыға терең де тиянақты білім, жан-жақты тәрбие беруде бастауыш сынып оқушылардың оқу дағдысының алатын орны ерекше.Оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру – олардың өміріндегі өте күрделі процесс. Оқушылардың оқу шеберлігі мен сөйлеу шешендігі қалыптасады. Оқу дағдысын қалыптастыру сабағында тек қана оқуды үйреніп қана қоймай, сондай-ақ өз ой ашық, анық және кітаптағы білімді қабылдай алады және сол балалардың танымдық қабілеттері, яяғни оқу, есту көру жетіледі. Оқу дағдысын оқытудың ең басты шарты, нысаны – ол мұғалімдеріне әдіс-тәсілдерді ұсыну және жұмыстарын жеңілдету.
Зерттеу тақырыбы:

  1. Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын қалыптастыруда оқытудың әдіс-тәсілдері. Оқушылардың дағдысын қалыптастыруда оқытудағы әдіс – тәсілдердің мақсаты мен міндеттері.

  2. Оқу дағдысы сабақтарына қойылатын негізгі педагогикалық талаптар.

  3. Оқудың түрлері екіге бөлінеді: дауыстап оқу, іштен оқу.

Осы тақырып яғни осы әдіс-тәсілдер арқылы балалардың ой-өрісі кеңейеді, тілі дамиды, сауаттылығы жетіледі.
Зерттеу объектісі – оқу дағдысының негізін қалау, тыңдауға, айтуға, оқуға, жазуға үйрету, балаларға сөздің дыбыстық құрылысы туралы түсінік қалыптастыру, әріп таныту, әуелі буындап, содан сөзді тұтас, сөйлемді мағынасын түсініп оқуға үйрету, сауатты жазудың негізін қалыптастыру, өз бетінше оқуға, ауызша диалогтық және маналогтық сөйлеуін дамыту, сөзді ауада жазып үйреніп, дыбыстық талдау жасайды. Буындап оқытып, буындап жаздырамыз. Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын қалыптастырудағы негізгі белгісі – сөз. Сөзбен жүргізілетін жұмыс түрлері сөзді ауызша айту, оқу және жазу. Сабақта сөзге дыбыстық талдау жасалады. Бұл – дыбыстық талдау, жинақтау арқылы іске асады. Зерттеу пәні – қазақ тілін оқыту әдістемесі, оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру оқытудың әдіс – тәсілдері, жаңа оқыту технологиялармен байланыстыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет