Біріншіден,онда қазақ тілі теориялық курс ретінде,негізгі практикалық сабақ ретінде өтіледі.
Екіншіден,бағдарлама бойынша қазақ тілі:
1 . «Сауат ашу мен тіл дамыту»
2. «Оқу мен тіл дамыту»
3. «Грамматика мен емле ,тіл дамыту»деген тарауларға бөлінеді. «Тіл дамыту» мұнда басқалармен бірге жүріп отырады. Жаттығу оқушының жас ерекшелігіне,түсіну қабілетіне сай, тартымды ,ой салатындай болуға тиіс.Дайын ережелерді жаттатып,еске түсіретіндей ғана жұмыс жүргізбей, грамматикалық, фонетикалық, орфографиялық қағидаларды айқындауға оқушыларды қатыстыру,талдау,қорыту жұмыстарына жетектеу керек. Жаттығулар арқылы баланы ойландыратын өз бетімен жұмыс істетіп талап, сұрақтар қойып,айтылуға тиісті қорытынды ережелерді дұрыс,тез түсіндіруге болады.1-сыныптағы«Сауат ашу» оқулығындағы «Дыбыстар мен әріптер» тақырыбы дауысты дыбыстар,олардың жуан және жіңішке болып бөліну; дауыссыз дыбыстар, алфавит, буын,тасымал туралы мағлұматтарберілетін сөздер туралы білім беру көзделеді. «Сөйлем» деген бөлімде сөйлем мен сөйлемдегі сөздердің байланысты туралы бастапқы мағлұмат беріледі.Оқушыларға дыбысты танытумен бірге,дыбыстан сөз құралатыны,сөйлем арқылы адам өзінің айтайын деген ойын басқа біреуге түсіндіріп бере алатыны жайлы практикалық жолмен бірге берілеті түсінік әдеби материалдың орынды пайдалануы ұстаздың тәжірибелі, терең білімді болуын талап етеді.Күнделікті сабақтағы тілдік материалдар әдебиеттен алынады да, ол грамматикалық ұғымдар арқылы түсіндірледі. Әдеби материалдар арқылы адам бойына өмірлік тәжірибе, мәдениеттілік, рухани имандылық қалыптасады.Сондықтан сабақтың білімділік мәнінен оның тәрбиелік мәнін бөліптастауға болмайды.Қазақ тілін оқыту сауаттылықты үйретуді ғана емес, ол келешек ұрпақты бай, жан дүниесінің сұлу, адамгершілік қабілетінің дұрыс қалыптасуын көздейді.
1.1.Қазақ тілі грамматикалық жаттығуларды меңгерту негізі бастауышта қолданылады. Қазақ тілін оқытудың мақсаты тек баланың сауатын ашу,тіл сабақтарының ғылыми етіп,тәрбиелеуге, еңбексүйгіштікке, мәдениеттілікке,достыққа адамдардың басқа да өнегілі игі қасиеттерін бойына сіңіруге тиіспіз.Қазақ тілін сабақта оқытқанда,оқушы тек тыңдаушы, айтқанды оқулықтағыны жаттаушы болмау керек,баянды білімнің белсенді «ойшылы» болу керек.Баланы әрдайым соған жетектей отырып,керекті қағидаларды түсіндіргенде ғана ,ондай білім баланың бойына дариды. Бұл жұмыстың реті,әдісі мұғалімнің шеберлігіне қарай әр түрлі нәтиже беруі мүмкін.Қазақ тілінен сабақ беретін мұғалім осы талапты естен шығармауы керек. Оқулықта жүйелі білім беру жұмысы тиісті ережелерден басталмайды, баланы сол ереже түсініктерге қарай жетектейтін тілдік грамматикалық материалдардан басталады. Бастауыш мектептерде оқытылатын қазақ тілі пәнінің басты бөлімінің бірі-грамматика.Грамматика сабақтары оқушыларға тілдің грамматикалық құрылысын меңгерту,грамматикалық заңдарды білгізу мүддесіне бағындырылады.Өйткені оқушылардың жалпы білімін,ой-өрісін,сауаттылығын,тіл мәдениетін арттыруда грамматиканы жүйелі оқытудың маңызы ерекше болып табылады.Жалпы білім беретін бастауыш мектептердегі граmmатика курсының алға қоятын ең басты мақсаты-оқушыларға ана тiлiнiң заңдылықтарын,грамматикалық құрылу ерекшеліктерін білгізу,оның байланыстарын меңгерту болып табылады.Әрине,бұл мақсат толығымен бастауыш мектепте орындала қоймайды.Оның өрісі кең,жоғары сыныптарда да,жоғары оқу орындарының арнаулы факультеттерінде де оқылады.Балалар бастауыш сыныптарда ана тiлiнiң негiзгi нормасын меңгереді.Грамматика курсы балаларды тілдік құбылыстардыбақылайалуға,талдауға,салыстыруға,топтауға,жүйелеуге,қорытындыжасауға,дәлелдеуге дағдыландырады.Оқушылар бұл курсты оқу барысында бірқатар грамматикалық мағлұмат алады:фонетика саласынан дыбыс пен әріпті,дауысты,дауыссыздарды,жуан,жінішке дауыстыларды қатаң,ұяң,үнді дауыссыздарды,буынды,тасымалды ажыратады және оқуға,жазуға үйренеді,дұрыс саналы мәнерлеп шапшаң оқуға, сауатты жазуға дағдыланады.Морфология саласына сөздердің жасалуын,морфологиялық құрылысын,сөз таптары мен олардың негізгі формаларын айыра алады.Синтаксистен сөздердің арасындағы байланыстарды,жай сөйлемдерді ажыратып,өздері де қарастырады.Грамматикалық жаттығуларды орындау барысында керекті мәліметтерді мұғалімнің өзі баяндап айтып береді. Мұнда оқушылардың зейінін аударып,айтылғандарды олардың жақсы ұғынуларын қамтамасыз ететін түрлі құралдар қолданылады.Материалды түсіндіруде мұғалім өтіліп отырған құбылыстың мәнді белгілерін анық,жүйелі ашып көрсетуге тырысады:айталық,түбірлес сөздің белгілерін анық,жүйелі ашып көрсетуге тысрысады.Дайын материалдар беріп олардың бақылау әрекеттеріне басшылық ете отырып,бірте-бірте қорытындыны балалардың өздері шығаруға жағдай жасайды.Мұнда оқушылардың бұрыннан алған білімдері қайта жаңғыртады сұрақтар қою арқылы жаңа білімдерін меңгеруге белсенді қатысады,Мұғалімнің материалды баяндау ұзақтығы 3-5 минуттан артық болмауы керек.Бастауыш сыныптарда оқушыларды грамматика мен жазуға үйретуде кеңінен қолданылатын әңгіме әдісі болып табылады.Әңгіме әдісі немесе сұрақ-жауап әдісі,ал кейде эвристикалық әдіс деп те аталады.Мұғалім сұрақ қояды оқушылар оқулықтан оқып,өз білгендері бойынша жауап қайтарады.Осындай тиімті әдістер балаларды ойландырады,өздіктерінен пікір айтуға итермелейді (постер қорғайды),олардың белсенділіктерін күшейтед зейіндерін сабаққа аударуды қамтамасыз етеді.Эвристикалық әдіс кейде проблемалық әдіспен ұштасады.Әңгіме кезінде оқушылардың алдына белгісі міндет немесе проблема қойылады.(Миға шабуыл),оны оқушылар өздері шешуге тиіс.Мысалы оларға бақылауға бірнеше сөз немесе сөйлем беріледі,соның ішінде мағнасы жағынан бір сұраққа Мысалы,Қайда? cұрағына жауап беретін әртүрлі жалғауда тұрған зат есімдерді (қалаға ,ауылға,қалада т.б табу керек).Негізгі міндет сол зат есімнің қай септікте тұрғанын шешу және өз шешімінің дұрыстығын дәлелдеу.Сонынмен қатар грамматикалық талдау жасауға сөз,сойлем немесе мәтін береді.Жоспар жасатады әуелі ауызша,содан соң жазуша.Мұндай жаттығуларды балалар өздігінен орындағаны мен оның қалай орындалатыны көрсетіліп,алдын ала дайындық жұмыстары жүреді.Бір тапсырмадан соң екіншісін орындайды,өздіктерінен тексереді қалай орындағанын мұғалімге хабаралайды.Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары бастауыш сыныптарда ұзақ болмауы керек және көлемі шағын,мазмұны оңай болуға тиіс.2ші сыныпта-3-5 минут,3сыныпта 5-10 минут.4сыныпта 10-15 минуттық тапсырмалар беріледі.Көптеген жаттығуларға берілген дидактикалық материалдарды ұғына, тапсырмаларды орындай келе, солардан өзі қорытынды шығаратындай кезең басталғанда, жинақталған ережелер беріледі. Сонда олар тосыннан айтылған қағидалар болмай, өздеріне бұрыннан түсінікті, өздері – ақ қорыта алатындай, бірақ қорытуға шамасы келмейтін жайттар болмақ. Ондайға оқушылар тез түсінеді, содан әрі қарай сол түсінгендерін баянды ету үшін тағы да бірнеше жаттығу материалдары беріледі. Сондықтан грамматикалық, орфографиялық ережелерді балаға білдіру үшін, әдетте, жаттығу материалдарын жетекшілікке аламыз. Тiлден беретін білім балаға бiлдiрy үшін әдетте бытыраңқы, шашыраңқы болып көрінеді. Оның себебі – грамматикалық, орфографиялық ережелерді балаға білдіру үшін нақты сөздер, тұлғалар негізінде емес, абстракцияланған көптеген фактілерді қорыту негізінде жасалады. Баланы соған жетектеу үшін көптеген байқау, жаттығу жұмыстары жүргізілуі тиіс.Қазақ тілі сабақтарында оқытудың дидактикалық материалдары ана тілінің әдеби үлгілерінен алынуы тиіс. Сондықтан қазақ тілінен мектепке сабақ оқытудың аса жауапты кезеңі оқушыға жаттығу, талдау материалдарын талғап таңдаудан басталады деуге болады. Жаттығу материалдарын таңдауға үш түрлі талап қойылады: