Сапа менеджмент жүйесі 9001: 2016


-сыныпта дұрыс жазуға үйрету сауаттылықтың басы.Жазылым әдісі



бет8/12
Дата21.05.2022
өлшемі251,41 Kb.
#144247
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Аубакир А
222махамбет қмж
1.3.1-сыныпта дұрыс жазуға үйрету сауаттылықтың басы.Жазылым әдісі
Дұрыс жазуға үйрету жұмысты оқуға үйрету жұмысымен қатар жүргізіледі. Оқушылар таныған, білген дыбыстарының әріпін жазуға үйретіп қана қоймайды, сол әріптерден сөз, сөйлем құрап жазуға үйрету кезінде әрбір әріптің дыбыстық ерекшелеуімен де таныстырады. Тоқтаған, жазылған әрбір әріп, буын, сөз, сөйлем құрап жазуға жаттығады. Мұғалім осыларды оқытып, оны анықтап, көріп, әрі іштерінен оқып жазу тапсырылады. Кейбір оқушылар әріптеп көшіруді әдет етіп алады да жазуда көп қате жібереді. Көбінесе сөзь ішінен әріп тастап кетеді. Сондықтан сөзді буын жігімен оқып отырып жазуға немесе жазған сөзін я сөйлемін оқушының өзі тексеруін әдетке айналдыруы керек.Мұғалім балалардың жазуын бақылағанда, олардың жазу түріне-каллеографиясына ғана көңіл бөліп қоймай, жазып отырған сөздерін я сөйлемін оқып беруді де талап етеді. Сол сияқты көшіріп жазып болған соң, бірнеше оқушылардың жазғандарын дәптерлерінен оқытып, кейбір қате жазылған сөздердің емлесін талдауға болады. 1-сыныпта грамматика мен емле тануға байланысты жүргізілетін жазудың басым көпшілігі-көшіріп жазу. Тақтада кестеге жазылған сөйлемдерді көшіру, жазу үлгісінен, баспа әріппен берілген мәтінді көшіру. Оқулықта берілген жаттығулардың 70-80 жазбаша орындалады десек, әр тапсырманың өзіндік ерекшелігі, мақсаты бар. Оқушылар сол жаттығулардағы сөздерді оқу керек. Сонда мұғалімнің дауысы сыныптағы барлық оқушыларға анық естіледі де, әр оқушылардың қалай жазып жатқанын байқап тұруға болады.Жатқа жазғызатын мәтінді сынып жұмысын жазатын дәптерлеріне жазғызады да, жазып болған соң, қатесін сыныпта тексереді. Жаңа жазатын мәтін үйден дайындап әкелінсе, оны тақтаға жазып бетін қағазбен жауып қояды. Оқушылар мәтінді жазып, өздері қатесін тексеріп болған соң, тақтадағы жазудың беті ашылады да, дәптердегі жазуларын тақтадағы жазумен салыстырып, қатесі болса, түзету ескертіледі. Егер жатқа жазуға жаттығу материалы алынса, онда мәтінді оқулықпен салыстырып, оқушылардың өздеріне жіберген қателерін түзеткізеді. Жатқа жазу оқушылардың грамматикалық ережелерді дұрыс меңгергенін, есту қабілетінің, жазуға төселу машғының қаншалықты қалыптасқанын байқатады. Әр диктанттың әр түрін жазуға дайындық болады. Әрі диктанттың әр түрін 1-сыныпта жиі жазылатын диктанттың түрлері: көру, сөздік, шығармашылы, талдау, түсіндірме, ескертпе диктанттары. Диктанттың бұл түрлерін жүргізуге арнайы сағат бөлінбейді. Мұғалім күнделікті сабақ жоспарын жасағанда, жоғарыдағы диктанттың бір түріне мәтінді дайындап келіп, сабақтың иімді бір кезеңінде жазғызуына болады. Бұл диктанттарды күнделікті жаттығу жазатын дәптерлеріне, ал бақылау диктантын арнаулы дәптерге жазады. Ол дәптер мұғалімде сақталады. Бақылау диктантты әр тоқсанда 2-3 рет қана жүргізіледі де диктантқа екі сабақ бөлінеді. Күнделікті сабақты жоспарлау кезінде мұғалімнің ерекше көңіл бөлуін қажет ететін мәселелер де бар, олар төмендегідей:

  1. Қай сыныпта да оқу озаттары және нашар үлгеретін оқушылардың болатыны белгілі. Осындай оқушыларды сыныпта, үйде өздігінен оқуға машықтандыру әдістерін қарастыру керек.

  2. Оқушыларды сыныпта, үйде өздігінен дайындайтын жұмыстарының жұмыстарының ауыр, жеңілдігіне қарай жоспарлау.

  3. Тапсырмаларды орындалуын тексергенде күрделі тапсырманың талдауына сай тегіс қарастыру керек.

  4. Жеке оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрі тек нашар оқитындарды ғана емес, озат оқушыларды да ескеру керек.

  5. Оқушы белсенділігін арттыру үшін жаттығу жұмысын түрлендіріп отыру керек.

  6. Қатемен жүргізілетін жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуі тиіс.

  7. Қатемен жұмыс жалықтырмайтындай болуы керек.

Мұғалімнің оқушылармен жүргізілетін жұмыстарының сапалы болуына көмектесетін құрал – мұғалімнің күнделігі. Оған оқушылардың түрлі жазу жұмыстарында жиі ұшырайтын қателері, емлелік ережелерді меңгере алмағандығы, шала ұққандығы жөнінде мәліметтер жазылып, қосымша жұмыстар сонда жазылады.

    1. Сөйлем мүшелерін оқытудың кейбір тәсілдері.

3-сыныпта оқу жылының екінші жартысынан сөйлем мүшелерін ең қарапайым түрде бастауыш, баяндауышты ажырату түрінде өтіле бастайды. Балалар сөйлемде кім, не туралы айтылғанын табады, сөйлемдегі сөздерге сұрақ қояды, содан соң сөйлем ішіндегі белгілі бір сұраққа жауап беретін сөздердің сөйлем мүшесі деп аталатын баяндау әдісімен түсіндіріледі. Оқушылардың түсінгендерін пысықтау үшін мұғалім оларға тақтадағы сөйлемдерде неше сөйлем мүшесі бар екенін анықтайды. Сөйлем мүшелерін табу үшін сұрақ қою әдісін қолдану нәтижесінде балалар біріншіден сөйлем мүшелерінің белгілі бір мағыналық байланыста болатыны жайында мағлұмат алады. Екіншіден, оқушылар сөйлем мүшелерінің байланысын табудың тәртібін және мағыналары мен мағыналық қатынастарын түсіне бастайды. Бастауыш жайында түсінік бергенге дейін оқушылар сөйлемде кім? не? Деген сұрақтарға жауап сөздерді, яғни бастауыш болып тұрған сөздерді сөйлем ішінен даралап көрсетуге машықтанады. Сыныпта оқушылардың осы алған машықтарына сүйене отырып, бастауыш әңгіме әдісімен оқушыларды ойландырудың индуктивтік жолмен мәлімет беруге болады. Оқушылар мұғалімнің басшылығымен алдымен жеке суреттер бойынша сөйлем құрастырады. Сөйлемде кім? не? туралы айтылғаны айтылады. Бастауыш сыныпта баяндауышты оқытудың негізгі бір тәсілі – көрнекі таблицаларды пайдалану. Мұғалім оқушыларға сөйлемдердегі бастауышты және баяндауыштың іс-әрекетін, қимылын білдіріп тұрған сөздерді тапқызады оқушылардың баяндауыш жайындағы білімдерін кеңейту үшін мынандай жұмыс түрлерін жүргізген тиімді:

  1. Берілген баяндауышты қатыстырып сөйлем құрату, бастауыш пен баяндауыштарды табу, олардың қай сөз табынан екендігін анықтау;

  2. Баяндауышты тауып, аяқталмаған сөйлемдерді толтыру. Баяндауыштың тұсына сұрағын жазу. Бастауыш пен баяндауыштың байланысын сызықпен көрсету.

  3. Әр сөйлемдегі бастауыштарды баяндауыштармен қоса көшіріп жазып, олардың қай сөз таптарынан болып тұрғанын айту.

  4. «Өз орныңды тап» ойынын ойнату. Балалар екі топқа бөлінеді. Бірі – «сөз таптары», екіншісі – «сөйлем мүшелері». Әр топтағылардың зат есім, етістік, бастауыш сияқты өз аттары болады. мұғалім сөйлемді оқиды. Бір оқушы сөйлемді тақтаға жазады. Ойынның мақсаты-балалар сөйлемнен «өздерін» табу. «Бастауыш» бастауыш болып тұрған сөзді, «баяндауыш» та өз атын тауып, оның астын шартты сызықпен сызып, үстіне сұрағын жазады. Ал сөз таптарын –зат есім, етістік өз орнын тауып, үстіне аттарын қысқартып жазады.

Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша жайында оқушылар саналы меңгеруі үшін мынандай жаттығулар орындалуға тиіс:

  1. Оқушыларға өзігінен сөйлемдерді көшірту, сұрақ қойып, бастауыш пен баяндауышты тапсыру, тиісті орнына сызықша қойдыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет