Сапа менеджмент жүйесі 9001: 2016



бет7/12
Дата21.05.2022
өлшемі251,41 Kb.
#144247
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Аубакир А
222махамбет қмж
Тілдік жаттығулар:

  • Сөйлеу жаттығулары. Тілдік жаттығулар көп жағдайда бекітуге арналатындығын көрсетеді. Сөйлеу жаттығуларының аузыша, жазбаша орындату, сөйлем құрастыру үлгісін жасап, сөйлеуге жаттықтырудың түрлі тапсырмаларын беруге болады. Ауызша, жазбаша жаттығулардыңтүрлі тапсырмаларын дидактикалық принципке сай болуы қажет. Сөйлеу жаттығуларына мазмұндама, шығарма, диктант, өзіндік шығармашылық жұмыс түрлеріне жатқызуға болады. Жұмыс түрлерінің мазмұнын ашып, жұмысты қалай ұйымдастыру керектігін анықтайды. Тілдік жаттығулар тілдік материалды танытуға, меңгертуге, сөйлеу жаттығулары сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге, сөйлеу дағдысын қалыптастыруға үйретеді. Ғылыми деректерге , тәжірибелі оқушылар пікіріне сүйене отырып, дыбыс үндестігін үйретуде тілдік жаттығуларға қойылатын талаптарды анықтаған:

    1. Жаттығуларда тілді меңгерту мақсатының көзделуі;

    2. Жаттығуда сөйлеудің түрлерінің толық қамтылуы;

    3. Жаттығуларды орындатудағы қиындықтың ескерілуі;

    4. Жаттығуда дыбыс үндестігі заңдылығын қайталау және толық қамтылуы;

    5. Жаттығу мазмұнының қазақ халқының мәдениеті, өнері, дәстүрімен байланыста болуы:

    6. Жаттығудың мазмұны дұрыс, қызықты, түсінікті болуы;

    7. Жаттығулардың мазмұны тіл үйренушінің өміріне, мамандығына байланысты болуы көзделеді. Жаттығу түрлерін қолдана отырып, қосымшаларды дыбыс үндестігіне сай сөзге дұрыс дағды қалыптастыру мақсатында тілдік жаттығулар жүргізіледі. Тілдік жаттығулар тақырып бойынша білімін, түсінгенін, қабілетін, мүмкіндігін көрсетеді. Сондай-ақ ойлау, сөйлеу дағдысы қалыптасып, сауатты жазуға дағдыланады. Лексикалық, грамматикалық материалды қолдану аясы кеңейеді.

    1.2. Грамматикалық талдау
    Грамматика жаттығуларының ішінде кең тарағаны грамматикалық талдау болып табылады. Грамматикалық талдау сипаты жағынан аналитикалық болады, бірақ оған синтетикалық белгілер де тән.Грамматикалық талдау жалпы түрде де, белгілі бір тақырыпқа байланысты жеке де, сондай-ақ ауызша да жазбаша да жүргізіледі. Ауызша талдауда балалар бұрын оқығандарына тоқталады, сөйлемдегі грамматикалық формаларды көрсетеді, сұрақтар қояды. Грамматикалық талдау мазмұны жағынан фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік немесе аралас талдау болып бөлінеді. Көлемі жағынан толық немесе ішінара талдау болады. Фонетикалық талдауда балалар дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады. Сөздердегі жеке-жеке дыбыстарды мүлтіксіз айыра білу Сөздердегі жеке-жеке дыбыстарды мүлтіксіз айыра білу арқылы әріп қалдырмай жазуға төселеді. Морфологиялық талдауда ауызша сөйлемдердегі затты, заттың белгісін, санын, қимылын көрсететін сөздерді тапқызу, жазуша мәтіннен сондай сөздердің астын сызғызу олардың сұрауларын ауызша, жазбаша қойғызу сияқты жұмыстар жүргізіледі. Оқушылар сөйлем мүшелерінің қай сөз табы екендігін және олардың формасын ажыратады. Морфологиялық жазбаша талдату жұмысын түрліше жүргізуге болады.

    1. Сөздің бір формасын теріп жазады не, астын сызып қояды немесе қандай сөз табы, қай форма екенін әр сөздің үстіне қысқартып жазып қоюға да болады. Осындай белгілермен сөйлем мүшелері де көрсетіледі. Оған түсті қарындаш қолданған қолайлы.

    2. Берілген мәтіннен ең әуелі зат есімдері, сонаң кейін сын есімдері теріп жазады.

    3. Белгілі бір грамматикалық категорияға жататын сөздерді дайын таблица бойынша айырып жазады.

    4. Талдауды толық жүргізгенде сөздерді бағанға жазады да, әрқайсысының тұсына формасын жазады немесе сөйлемдегі сөздерді схема бойынша жазады.

    Синтаксистік талдауда балалар оқуға, жазуға үйренгеннен кейін басталады. Белгілі бір мәтінде неше сөйлем бар екені, сөйлемде кім я не жөнінде айтылып тұрғаны, сөйлемдердің түрлері анықталады. Тиісті сұраулар бойынша бастауыш пен баяндауыш, тұрлаусыз мүшелер ажыратылады.Жазбаша талдауда оқушылар бастауыштың астын бір, баяндауыштың астын екі сызады. Өзара байланысып тұрған сөздерді теріп жазады, берілген бастауыш я баяндауыш бойынша сөйлемдер құрастырады және дәптерлеріне жазады, сөйлемнің түрлерін жазады және сөйлемнің бір түрін басқа түріне айналдырады. Талдау үнемі тек фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік түрде жүргізілмейді. Қажетіне, мақсатына қарай, тақырыптың сипатына сай талдау аралас та қолданыла береді. Талдау әсіресе балалардың білімін есепке алғанда жиі жүргізіледі.Фонетикалық жаттығулар арқылы кейбір балалардың, жоғарыда көрсетілгендей, тілін тістеп сөйлеу, сақауланып сөйлеу немесе «с», «ш» сияқты дыбыстарды шатастырып айту кемшііліктері жойылады. Ұндай кемшіліктер оқуға да, жазуға да зиян келтіретіні сөзсіз. Бастауыш сыныптарда фонетикадан берілген мағлұматтар мен фонетикадан жаттығулар тек дұрыс жазу емес, емле үшін ғана пайдаланып қоймайды, сонымен қатар балаларды әдеби тіліміздің нормасын сақтап оқуға үйрету үшін де пайдаланады. Оқу сабақтарында балалардың қателері, теріс айтылған сөздер түзетіліп, сөз ішіндегі, сөз шекарасындағы дыбыстардың құбылуы ескертіліп отырады. Морфологиялық жаттығулардың мақсаты ана тілінің морфологиялық құрылысын оқушыларға саналы түрде меңгерту. Мазмұны жағынан морфологиялық жаттығулар екі түрлі болады:

    1. Сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулар;

    2. Сөз таптарын оқу барысындағы жаттығулар.

    Сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулардың сөздің морфологиялық құрамын, мағыналы бөлшектерін, морфемаларды саналы түрде меңгеріп алуы үшін мәні зор. Сөздің морфологиялық құрамын талдау, көбінесе сол сөзің мәнін дұрыс ұғынып алуға жәрдем етеді, сөздің мағыналы әрбір элементі-түбір, жұрнақ, жалғау бұрадың әрқайсысы өзінше сөзге мән береді, ал осы мәндердің жинағы бірігіп, сөздің жалпы мағынасын тудырады. Морфемаларды соның ішінде жұрнақты айыра білудің балалардың тілін жетілдіру үшін де зор мәні бар. Өйткені бұл жаңа сөздер жасауға және сол сөздерді орынды жерінде қолдана білуге мүмкіндік береді.
    Сөз тұлғасына байланысты жүргізілетін жаттығуларға мынандай талаптар қойылады:

    1. Алдымен, мүмкіндігіне қарай, негізгі түбірлерді, онан әрі туынды түбірлерді, ең соңында түбірлес сөздерді талдайтындай жағдай жасалады.

    2. Белгілі бір сөздердің ішінен негізгі түбірді тапқызу үшін, сол негізгі түбірден жасалатын туынды туынды сөздермен салыстыру жұмысы жүргізіледі.

    3. Туынды сөздермен негізгі түбірден ажырату барысында мағына жағынан назар аударылады.

    Сөз таптарын оқыту барысында жүргізілетін жаттғулар сөздерді белгілі бір топқа біріктіріп, жүйелеуді үйретеді. Грамматиканың мәндеті – сол тәжірибе нәтижесін қорытып тілдегі құбылысы заңдарын жүйемен беру. Жаттығу жұмыстарының барысында оқушылар әрбір сөз табының қасиетін, ерекшеліктері саналы түсінеді, септік, көптік, жіктік, тәуелдік жалғауларын меңгереді, олардың жазбаша, ауызша сөйлегенде дұрыс, орынды қолдана алады. Сөз табы бойынша жүргізілетін жаттығулар:

    1. Мәтіннен керекті сөздер тапқызу;

    2. Керекті сөздерді қосып, өздіктерінен сөйлемдер немесе әңгіме құрастыру;

    3. Сөздің мкағынасын түсініп, сөйлемдегі қызметін байқату;

    4. Сөздердің лексикалық жағынан болсын, қалай өзгеретінін, не арқылы өзгеретінін аңғарту;

    5. Мағына және тұлға жағынан қанда ұқсасытқ, айырмашылық барын салыстыру арқылы анықтау;

    6. Ұқсас сөздерді топтау;

    7. Байқаған құбылыстарды жеке-жеке қорытындылау.

    Синтасистік жаттығуларға әдетте пунктуациялық жаттығуларда қосылады. Мәтіндегі қойылған тыныс белгілерін талдау, қойылмаған тыныс белгілерін қою, өздері қарастырған сөйлемдер мен мәтіндерге қажетті тыныс белгілерін қойып түсіндіру. Оқушылардың алған білімін бекіту мақсатында жүргізітені жаттығуларға талап мынандай:

    1. Белгілі бір жакттығуды орындау үшін оқушылардың сол жаттығуды орындарлық білімі болуы шарт.

    2. Оқушылардың жаттығуды не үшін орындайтынын, оның қандай пайдасы барлығын түсінсе ғана, оны саналы орындайды. Жаттығуларды түсініп, орындағанда ғана белгілі бір білік, дағды қалыптасады.

    3. Жаттығу оқушының қызығуын, ынтасын, ықыласын арттыруы тиіс. Ол үшін жаттығу түрлендіріп берілуі шарт, өйткені бір сарынды жаттығу оқушылардың зейінін, қабылауынғ белсенділігін нашарлатады,

    4. Жаттығулар кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен орындалып отыруы шарт.

    5. Жаттығу жұмыстары тек таяуда ғана өтілетін материалдарға негізделмей, бұрын өтілген кейбір материалдарды қамтуы қажет.

    6. Бір жаттығу ұзақ уақытқа созылуы тиіс. Әсіресе, балалардың жақсы неғұрлым кіші болған сайын жаттығуда қысқа уақытқа мөлшерленеді де, үнемі жиі-жиі қайталануға негізделеді.

    7. Творчествалық жаттығулар көбірек болуы қажет.

    8. Әр жаттығу оқушы еңбегінің нәтижесін көрсетіп отыруға тиіс.

    9. Жаттығулар оқушы ойына әсер етуі жағынан аналитико-синтетикалық болғаны жөн; яғни грамматикалық талдау, сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер мен мәтін құрастыруы, салыстыруы арқылы ұқсастық пен ерекшеліктерді табу, өз пікірінлерін дәлелдей алып, білгендерінен жалпы қорытынды шығара білуі;

    10. Жаттығу жұмысының барысында оқушылардың оқудан алған білімдері бекіп, өз беттерімен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады.

    Грамматиканы оқытуда жаттығу жұмысының мәні зор. Оқушылар грамматикалық материалды оқулық пен бағдарламаға сай білгендерімен, жаттығу жұмыстары жүргізілмесе, ол ұзаққа бармайды, ұмытылып қалады. Грамматикалық жаттығулар оқушылардың қандай тілдік материалмен жұмыс жасай алатынын анықтайды. Фонетикалық жаттығулар міндеті- балалардың айтылған буындар мен дыбыстарды жақсы айыра алуын және оларды балалар дұрыс, анық айтып берулерін қамтамасыз ету. Оқушының грамматика оқулықтарынан ғана мысал келтіріп қоюыменен қанағаттанбайды.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет