Ларенгиалды масканы орнату іс-әрекетін көрсету алгоритмі
Сәйкес келетін өлшемдегі масканы таңдау. Қаптаманы ашып, масканы тегіс жерге қойыңыз.
Масканың манжеткасын тексеріңіз : алдыңғы шеті ауасыз бос кезінде тегіс, қатпарланбаған болу керек. Манжетка төменге қарай қайырылған болу керек.
Манжетаның төменгі шетін майлаңыз.
Науқасты арқасына жатқызып, басын бүгіңіз, иығының астына биіктігі 10 см болатындай жастықшаны қою.
Манжетаны сұқ саусақ бағытымен таңдай бойымен жұтқыншақтың төменгі бөліктеріне дейін, қарсыласу сезімі сезілгенге дейін енгізу.
Шприцпен манжетаны ауаға толтыру.
Қарсы көрсеткіштер: жұтқыншақ абсцессі, жұтқыншақ бітелуі, бронхоспазм, толып тұрған асқазан, жүктілік, диафрагма жарықтары, семіздік.
Стандарт № 16
Сыртқы автоматтандырылған дефибрилляторды қолдана отырып жүргізілетін жүрек –өкпе реанимациясы іс-әрекетін көрсету алгоритмі
Мақсаты: жүрек ырғағын қалпына келтіру.
Ресурстар: САД, Амбу қапшығы, ауа өткізгіш
Қауіпсіздікті тексеру.
Науқас реакциясын бағалау.
Тамыр соғысын, тынысын анықтау.
Реанимациялық топты шақыру.
Кеуде торының компрессиясын бастау - 30 компрессия.
Ауыз қуысын тазалап, ауа өткізгішті орналастыру.
Амбу қапшығы арқылы ауа беру- 2 рет.
САД электродтарын орналастырып, нұсқауларды тыңдау.
Науқастан 0,5 м қашықтыққа алыстау. Разряд беру.
Орындарымен ауысып, ЖӨР-ын 30:2 ара-қатынасында 2 минуттай жалғастыру.
Ұйқы артериясынан тамыр соғысын және тынысын тексеру.
Қажет болса разряд беріп, САД нұсқауларын орындап, ЖӨР-ын 30:2 ара-қатынасында жалғастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |