Стандарт № 29
Нәжісті копрологиялық зерттеуге алу әдісі.
Мақсаты :нәжістің макроскопиялық, микроскопиялық,химиялық құрамын асқорыту жүйесінің фунционалдық жағдайын зерттеу.
Көрсетілімі :Ас қорыту ағзаларының аурулары.
Әзірле : Бір рет қолданылатын ауызы кең контейнер , әйнекше күрекше ,әрет ыдыс, жолдама ( пациенттің аты, жөні, бөлімі, палата №, зерттеу мақсаты, медбике қолы ),ыдысқа жолдаманы жапсыру, резеңке қолғап, ҚКЖҚ.
Іс әрекет алгоритмі.
Зерттеу алдын пациенттке зерттеу барысын, мақсатын түсіндіру.
Пациентке тексерістен 3 күн алдын темірі бар препараттарды ішпеу
( ет, балық, жасыл түсті көк өністерді, жемістерді),нәжіс түсін өзгертетін, ішек перистальтикасын күшейтетін дәрілерді қабылдамау (эфидрин, прозерин,висмут, темір, барий сульфат әлсіздендіретін дәрәлер) керек екендігін ескерту. Нәжісті тексеріске 4 күні алынады.
Қажет жағдайда тағамның сіңуін тексеру үшін арнайы емдәм тексерістен 5 күн алдын Шмидт (2250 ккал) және Повзнер (3250 ккал) қорғаулық емдәм тағайындалады.Нәжіс тексеріске 5-ші күні алынады.
Пациентке нәжісті тексеріске сол күні таңертенгісін алынатын түсіндіру және жинау техникасын үйрету.
Пациенттке нәжісті тексеріске жинау үшін қолғап кию керек дәрет ыдысына ішекті сусыз босатқаннан кейін пациент күрекшемен нәжістің әр жерінен 5-10 г. Алып тайындалған ыдысқа салып қақпағын жабу керек.
Пациент қолғапты шешіп, ҚКЖҚ – қа тастап, қолды жуып, құрғату керек.
Материал салынған ыдысты жолдамамен клиникалық зертханаға жеткізу керек.
Ескерту :
Тағамның сіңу дәрежесін тексеру үшін дәрігер тағайындауымен Шмидт және Повзнер емдәмді қолданады.
Іш жүргізетін дәрілерді қабылдағанда, клизма, свича қойылғаннан кейін нәжіс тексеріске алынбайды.
Стандарт № 30
Достарыңызбен бөлісу: |