Сапа менеджмент жүйесі Аралық аттестация стандарттары


«Кәрі жілік артериясынан тамыр соғуын анықтау»



бет24/27
Дата25.11.2022
өлшемі3,16 Mb.
#159881
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
Стандарттар (1)

«Кәрі жілік артериясынан тамыр соғуын анықтау»


Мақсаты: тамыр соғысының негізгі қасиеттерін анықтау; жүрек-қан тамыр жүйе қызметін бағалау.
Көрсеткіші: пациенттің функциональдық жағдайын бағалау.
Тамыр соғуын анықтайтын жерлер: кәрі жілік артериясы, ұйқы, самай, тізе асты, сан артериялары.
Тамыр соғу параметірлері: ритмі, жиілігі, толысуы, кернеу күші, көлемі.
Әзірле: секунды тілі бар сағат,қызыл түсті қарындаш, қызу парағы.
Іс әрекет алгоритмі:

1. Пациентке процедураны түсіндіріп, келісімін алыңыз, тамыр соғуын анықтайтын жерді табыңыз.


2. Пациентті ыңғайлы жағдайда отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.
3. Қолды гигиеналық деңгейде тазалаңыз.
4. Бір мезгілде өз қолыңыздың саусақтарымен науқастың білезігінен қамтып алып (кәрі жілік білезік буыны аймағы) былай ұстаңыз: 2,-3,-4-саусақпен пациенттің қолыңың кәрі жілік күре тамырына қойып, 1 саусақты білектің сыртқы бет жағына орналастырыңыз.Кәріжілік артериясы кәрі жілік сүйегінің біз тәрізді өсіндісі мен кәрі бұлшық етінің сіңірі арасынан пальпацияланады.
5. Кәрі жілік күре тамырын ұстаңыз,оны сәл кәрі жілік сүйегіне қарай қысыңыз, тамыр соғуын анықтап алыңыз.
6. Науқастың оң қолы және соң қолында күре тамыры қабырғасының тербелісін салыстырыңыз.тамыр соғуы біркелкі екенін анықтаңыз, Сәйкестілік – бұл екі қолдағы тамыр соғысы толысу бойынша тура келеді ( егерде тамыр соғу сәйкетігі болса, онда бір қол бойынша сипаттама беріледі.
7. Тамыр соғу реттілігін анықтаңыз.
8. Тамыр соғу жиілігін анықтаңыз.
9. Тамыр толысуына баға беріңіз.
10. Тамыр соғудын кернеу күшін анықтаңыз.
11. Температура қағазына тамыр соғысының қасиеттерін тіркеңіз, (графикалық) және қадағалау қағазына тіркеңіз (сандық тәсіл бойынша).
12. Пациентке тексеру қорытындысын хабарлаңыз.
13. Қолды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту: -қалыпты тамыр соғу ритмін екі қолды бірдей сипалаумен табылады, ересек адамда
тыныштық жағдайда тамыр соғу жиілігі 1 минутта 60-80 рет.
PS нормада – 1 минутта 60-80 рет соғады.
- PS > 1 минутта 80 реттен жиі болса-тахикардия дейді.
- PS < 1 минутта 60 реттен сирек болса –брадикардия дейді.
-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет