Іс- әрекет алгоритмі:
Егіліп жатқан дәріні тоқтату, инъекцияға салынған жерден жоғары бұрау қою.
Науқасты жатқызып, тілін ұстау, басын жанына қаратып, протез тістерін алып тастау.
Кереуеттің аяқ жағын көтеру.
Таза ауа келуін қамтамасыз ету, ылғалданған оттегі беру.
Дәрілік аллергенді ішке қабылдаған жағдайда, науқастың жағдайы көтерсе асқазанды жуу.
0,1 % - 0,5 мл адреналинді 5 мл физиологиялық ерітіндімен к/т егу немесе 0,5 – 1 мл аллерген егілген жерге тері астына енгізу.
Преднизалон 30 – 60 мг + глюкоза 5 % 10 – 15 мл ерітіндісімен к/т жайлап енгізу.
Супрастин 1 % - 2 – 4 мл немесе димедрол 1 % - 2 – 5 мл парентеральді енгізу.
Тыныс алуы қиындағанда эуфиллин 2,4% - 10 мл – 10 мл физиологиялық ерітіндімен к/т енгізу.
10.Көрсетілімі болған жағдайда строфантин 0,05 % - 05мл – 10 мл физиологиялық ерітіндімен к/т енгізу.
Науқастың жағдайын бақылау: пульсін, артериалық қан қысымын өлшеу.
Стандарт № 22
Гипогликемиялық комада көрсетілетін жедел көмек.
Мақсаты:Қандағы қант деңгейін көтеру.
Әзірле: тонометр, фонендоскоп, стерильді: бір рет қолданылатын шприцтер, мақта шариктері, этил спирті 70 %, резеңке бұрау, қолғап, дезерітіндідегі пинцет, лоток, дәрілік препараттар: глюкоза 40 – 60 мл 40 % ерітіндісі.
Іс- әрекет алгоритмі :
Глюкоза 40 % - 40 – 60 мл ерітіндісін к/т жылдам енгізу.
2. Әсері болмаған жағдайда глюкоза 40 % - 40мл ерітіндісін к/т енгізу.
3. Науқастың жағдайы жақсарған кезде тәтті сусын мен нан беру керек.
( рецедивтің алдын – алу мақсатында).
4. Науқастың жағдайына қарай зембілмен немесе жаяу тасымалдау.
Стандарт № 23
Гипергликемиялық (диабетикалық) комада көрсетілетін жедел көмек.
Достарыңызбен бөлісу: |