Іс- әрекет алгоритмы:
Науқасты физикалық және психикалық тыныштандыру, бас жағын жоғары етіп жатқызу
Артериалды қан қысымын ,ЖСЖ,ТАЖ есептеу.
Ылғалданған оттегін беру.
Көктамырға түсу (шеткері қан тамырларды катетрлеу) - натрий хлориді 0,9% - 400,0 мл.
Ацетилсалицил қышқылын 325 мг шайнату.
20 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде ерітілген 1,25 мг эналаприлатты 5 минут ішінде 1 мл-ден көктамырға баяу енгізу.
Көктамырға 2,0 мл 1% фуросемид ерітіндісін енгізу.
Тіл астына нифедипин 10 мг (1-2 таблетка) немесе каптоприл 12,5 мг (1-2таблетка) беру
Бас жағы жоғары қалпында терапия немесе кардиология бөлімшелеріне зембілмен тасымалдау
АҚҚ және жүрек соғысының санын әрбір 15 минут сайын екі қолдан бірдей бақылау .
Стандарт № 4
Жедел коронарлы синдромда( ST сегментінің жоғарылауы жоқ )
жедел жәрдем көрсету алгоритмі
Жеделділік санаты – 1 (ҚР ДСМ №225 бұйрығына сәйкес )
3Н жүйесі бойынша іріктелуі – қызыл деңгей
ЖМК бригадасының келу уақыты – 10 минутқа дейін
Мақсаты: ауырсыну синдромын басу, миокардтың оттегіге қажеттілігін төмендету. Ресурстар: тонометр, фонендоскоп, оттегі инголяторы, бір реттік оттегі маскасы, электрокардиограф, вазофикс катетрлері, бір рет қолданылатын шприцтер, көк тамырға дәрілерді енгізетін системалар, мақта шариктері, лейкопластырь, дәрілік заттар: нитроглицерин (нитроминт, изокет аэорозоль), ацетилсалицил қышқылы - 500 мг., натрий хлориді - 0,9 % 400,0 мл., морфин гидрохлориді 1%, 1,0 мл., 0,9% натрий хлориді - 20,0 мл., клопидогрел (таблетка, 75 мг), гепарин (гепасан) 5000 Б., ҚЖАК.
Достарыңызбен бөлісу: |